Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы

Етіс категориясының арнаулы аффикстермен берілуі түркі тілдері тарихында жаңа құбылыс емес. Қазіргі тіл құрамындағы етіс қосымшаларының барлығы дерлік Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштерінен бастап қолданылады.

Өздік етіс қосымшасы ескерткіштер тілінде -н, -ын, -ін, -ун, -үн түрінде қолданылып, іс-әрекет иесі сөйлеушінің өзі екендігін білдірген. Мысалы: өзім сақынтым (өзім қайғыландым), анча сақынтым (қатты уайымдадым). Орта ғасыр жазбаларынан: Ол евге барынды (ол үйге барды). Ол асы татынды (ол астан татты). Ол тарығ тарынды (Ол тары екті).

18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін

Үндестік заңы алтай тілдерінің, оның ішінде түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі басты заңдылық болып табылады. Ол алтай тобын құрайтын тілдердің қай-қайсысының да дыбыстық және буын жүйелерінің ерекшелігін айқындайды. Үндестік заңы бойынша сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке, не еріндік, не езулік болып келеді. Сөздің жуан немесе жіңішке болуы дауыстылардың жуан, жіңішке табиғатына байланысты болатын болса, ерін үндестігі алғашқы буындағы еріндіктің әсерінен кейінгі буындағы дауыстының еріндікке айналуына (лабиалдық үндестік), ал езу үндестігі тіл үстінің қатты таңдайға көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылардың бірыңғайласуына қатысты болып келеді.

Бір сөзде тек жіңішке (палатал) немесе жуан (велар) дауыстылар ғана кездесуі палаталдық үндестікке, алдыңғы буындағы езулік немесе еріндік дауыстылардың ортаңғы (немесе жоғарғы) дауыстыларға қатысы лабиалдық үндестікке барып саяды. Якут тіліндегі алдыңғы буындағы езулік немесе еріндік дауыстылардың төмен (кең) дауыстыларға қатысы лабиалды тартылыс деп аталады. Мысалы: aγalar ‘әкелер’ / oγolor ‘балалар’. Кейбір түркі тілдерінде тек палаталдық үндестік орын алады. Мәселен, түрікмен, қазақ, ноғай, татар тілдерінде қосымшалар ä/a немесе ә/ï дауыстыларымен ғана кездеседі (-lar көптік қосымшасы тек -lär/-lar формасында кездеседі; үшінші жақтағы қосымша -ә немесе -ï болып келеді, ü немесе –u кездеспейді). Түрік, әзірбайжан, тува, кұмық сияқты түркі тілдерінде палаталдық үндестікпен қатар лабиалдық үндестік бірге жүреді. Мысалы; көптік қосымшада ä/a дыбысы кездессе, үшінші жақтағы қосымша -i/-ï/-ü/-u болып келеді.

Терең веляр немесе постпалаталдық дауыссыздардың дауыстылардың жуан, жіңішкелігіне қатысы дауыссыздар үндестігі деп аталады. Мәселен, түркі тілдерінде k және g жіңішке дауыстылы сөздерде, q және g (немесе γ) жуан дауыстылы сөздерде ғана кездеседі. k немесе g дауыссыздары бар қосымшалар –kä, -gä, -qa, -γa түрінде болады, көне түркі sü-g ‘әскер’, at-ï-γ ‘ат’; il-gärü ‘ілгері’, qurï-γaru ‘артқа, батысқа қарай’; ödkä ‘уақытына қарай’, taluyqa ‘теңізге қарай’.

Н.Поппе түркі тілдерінде дауыссыздар ассимиляциясының екі түрі кездесетінін айтады. Мысалы қазақ тілінде екінші дауыссыз дыбыс алдыңғы дауыссыздың себебінен ассимиляцияға ұшырайды: қаз. attar<at + -lar. Бірінші дауыссыздың екінші дауыссыз дыбыстың әсерінен ассимиляцияға ұшырауы якут тілінде кездеседі: akka ‘атқа’ < at + -ka), ekke ‘етке’ < et + -ke(-ke бағытты білдіретін қосымша); ïččït ‘итші’ < ït ‘ит’ + -čït (-čït мамандықты білдіретін зат есім қосымшасы); appït ‘атымыз’ < at + -bït (тәуелдіктің қосымшасы). Тіптес дауыссыздардың үндесуінен пайда болатын дауыссыздар ассимиляциясы әсіресе, екі морфема қосылғанда, айталық, түбір соңындағы және қосымшаның басында келетін дауыссыздардың бір біріне әсерінен айрықша көрініс береді. Мысалы, көптеген түркі тілдерінде -lar көптік қосымшасы түбірге жалғанғанда l дыбысы өзгеріссіз қалады: түрік. oda-lar ‘бөлмелер’, ay-lar ‘айлар’, at-lar ‘аттар’, gün-ler ‘күндер’. Ал қазақ тілінде l дауыссызы бар қосымшалар тек r, ṷ, y дыбыстарынан кейін және түбір дауысты дыбысқа аяқталғанда жалғанады: qala-lar ‘қалалар’, kiši-ler ‘кісілер’, žer-ler ‘жерлер’, taṷ-lar ‘таулар’, qoy-lar ‘қойлар’. L, m, n, ŋ дауыссыздарынан кейін d, басқа дауыссыздардан кейін t келеді: aṷïl-dar ‘ауылдар’, köl-der ‘көлдер’, kün-der ‘күндер’, esik-ter ‘есіктер’, at-tar ‘аттар’12.

Түркі тілдері тарихында екпіннің сөздің соңына қарай жылжуы сөз құрамында белгілі бір өзгерістердің болуына жетелейді. Екпін түспеген буындар сөз құрамында әлсіреп, көмескіленіп отырады. Мысалы: қазақ тілінде жап(ы(рақ, топ(ы)рақ, көк(і)рек т.б.

Э.В.Тенишев арғы алтай тілінде екпіннің екі түрі болғанын айтады: 1) бірінші буында әуезді және динамикалық екпін; 2) бірінші буында динамикалық, ал екінші немесе үшінші буындарда әуезді екпін13. Н.Поппе түркі тілдерінде бірінші буынға түсетін екпіннің динамикалық шұғыл түрі, ал екі, үш, одан да көп буынды сөздерде соңғы буынға түсетін әуезді екпін, музыкалық сарын болатынын айтады14: түрік, өзбек, шор, сагай, якут, т.б. динамикалық екпін бірінші буынға, әуезді екпін соңғы буынға түседі: түрік áyàq ‘аяқ’, áyaγïm ‘аяғым’.

Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түсетіні белгілі. Бұл ежелгі құбылыс емес. Түркі сөздері, негізінен, бір буынды болып, қарқынмен айтылатын қатаң дыбыстардан басталуы, сондай-ақ поэзиядағы аллитерация құбылысы, қап-қара тәрізді интенсив формаларының қалыптасуы о баста бір буынды сөздің күшті, қарқынды айтылғандығын дәлелдейді. Бұл жай тек қана түркі тілі материалдарымен емес, монғол, тіпті батыста жатқан венгер тілі фактілермен де дәлелденіп отыр. Осыған орай қазіргі қазақ тілінің мына фактісі айрықша назар аударады: бұйрық рай тұлғасы қарқынмен айтылса, соңғы буындағы екпін бір буын кейін сөздің басына ығысады.

Екпіннің соңғы буыннан алға қарай жылжуы сын есімнің интенсив формаларынан да айқын байқалады: қап-қара, сап-сары, шіп-шикі, қып-қызыл, аппақ, т.б. сөздер құрамында екпін алдыңғы күшейтпелі буынға түседі. Қазақ тілінде екпіннің алдыңғы буынға қарай жылжуы, әсіресе, лепті сөйлемдер құрамында байқалады.

Түркі тілдерінің аса ежелгі дәуірлерінде сөз (түбір сөз) бір буынды болған. Мұндай бір буынды сөздерде екпін буын құрамындағы дыбыстарды біртұтас фонетикалық комплекске біріктіріп, тұтастыратын, сөйтіп сөз (түбір) тұтастығын белгілейтін тәсіл есебінде болды. Тілдің полисинтетикалық немесе аморфтық құрылымы агглютинацияға ауысуымен бірге екпін бір буынды бірнеше түбірді бір грамматикалық топқа ұйымдастырудың тәсіліне айналды. Ондай топтың құрамындағы түбірлердің біреуі (бірінші орындағы) ғана лексикалық мағына иесі болды да, қалғандары (екінші, үшінші орындағылар) грамматикалық көрсеткіштер қызметін атқарды. Даму барысында соңғылар қосымшаларға айналды. Тілдің грамматикалық құрылымы механизмінің дамуын осылай деп шамаласақ, екпіннің кейінге қарай жылжуы сөз құрамының күрделенуімен бірге болған процесс болып табылады. Екінші, үшінші орында тұрған түбірлер қосымшаға айналып, түбірге жалғанады. Алғашқы түбір құрамына түскен екпін біртұтастықты белгілеу үшін кейінгі буынға жылжиды. Тіл дамуының бұл ерекшелігі сингармонизм заңдылығының да шығу, қалыптасу жолын байқатады. Түркі тілдері тарихын зерттеушілер сингармонизмнің шығуын сөздің мағыналық тұтастығын белгілеуден туған деп қарайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]