Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін

Үндестік заңы алтай тілдерінің, оның ішінде түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі басты заңдылық болып табылады. Ол алтай тобын құрайтын тілдердің қай-қайсысының да дыбыстық және буын жүйелерінің ерекшелігін айқындайды. Үндестік заңы бойынша сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке, не еріндік, не езулік болып келеді. Сөздің жуан немесе жіңішке болуы дауыстылардың жуан, жіңішке табиғатына байланысты болатын болса, ерін үндестігі алғашқы буындағы еріндіктің әсерінен кейінгі буындағы дауыстының еріндікке айналуына (лабиалдық үндестік), ал езу үндестігі тіл үстінің қатты таңдайға көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылардың бірыңғайласуына қатысты болып келеді.

Түркі, моңғол, тұңғыс, корей тілдеріндегі үндестік заңына арнайы тоқтала отырып, Н.Поппе түркі тілдерінде дауыстылар үндестігінің бірнеше түрі кездесетінін айтады. Мәселен, татар тілінде бір сөзде тек жуан немесе тек жіңішке дауыстылар ғана болатын болса (at-lar ‘аттар’, әt-lär ‘иттер’, өttï ‘алды, ие болды’, üttә ‘өтті’, немесе, жуан дауыстылары бар түбірлерге көптік жалғауының –lar, жіңішке дауыстылы түбірлерге –lär қосымшасы, жуан дауыстылы түбірге етістіктің өткен шақтағы үшінші жақ -tï, жіңішке дауыстылы түбірлерге -tә қосымшасы ғана жалғанады), басқа түркі тілдерінде еріндік және езулік дауыстылармен қатар, жуан және жіңішке дыбыстардың қарама-қарсылығы орын алады. Мәселен, татар тілінде дауысты дыбыстар жуан және жіңішке деп бөлінсе, башқұрт қазақ тілінде дауыстылар жуан және жіңішке, еріндік және езулік дауыстылар болып жіктеледі. Мысалы: татар: kәttә ‘кетті’; ӫttә ‘ән салды’; čïqtï ‘шықты’;

Сөздердің, грамматикалық тұлғалардың тарихи дамуында із қалдырған құбылыстардың бірі – метатеза. Метатеза – сөздің өз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмастыруы, сөйтіп соңғы қалпында қалыптасып, орнығуы. Метатезалық құбылысты айқындау үшін туыстас тілдер мен көне жазбалар тілінің фактілерін бүгінгі біздің тіліміздегі сондай фактілермен салыстыру қажет. Сонда ғана дыбыстардың орын ауысуын анықтауға болады, сол арқылы олардың қандай сөздермен түбірлестігін, құрамын айқындауға мүмкіндік туады. М.Қашқари «Диуани луғат-ит түркі» (1074) еңбегінде сол заманғы түркі тайпалары тілдерінде қ мен ч, ғ мен д, ш мен н, ғ мен м, ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішінде метатезалық өзгерістерге түсетінін көрсетеді. Қашқаридің айтуынша, қарлығаш, қоңсы, жаңбыр сөздерінің бастапқы тура түрі қарғылач, қошны, йағмур. Егер бұрынғы сипатын еске алсақ, этимологиялық жақтан қарлығаш сөзі қар (қол, иық мәнінде) сөзінен шыққанын, ал қоңсы сөзінің қос, қосақталу сөздерімен түбірлестігін, жаңбыр сөзінің арғы түбірі йағ («жауу» етістігі) екенін байқаймыз.

Эпентеза немесе сөз ішінде қатар айтылуға тиіс екі дауыссыз дыбыстың арасындағы дауыстының түсіп айтылуы да қазіргі әдеби тіл құрамындағы кездесіп отыратын құбылыс. Эпентезалық дыбыстар, әсіресе, араб-парсы тілдерінен енген сөздер құрамынан көптеп кездеседі: пікір, уақыт, өмір, ресім. Орыс тілінен енген кереует, бөрене, тұрба тәрізді сөздер де эпентеза құбылысы орын алады.

Түркі тілдері тарихында екпіннің сөздің соңына қарай жылжуы сөз құрамында белгілі бір өзгерістердің болуына жетелейді. Екпін түспеген буындар сөз құрамында әлсіреп, көмескіленіп отырады. Мысалы: қазақ тілінде жап(ы(рақ, топ(ы)рақ, көк(і)рек т.б.

Э.В.Тенишев арғыалтай тілінде екпіннің екі түрі болғанын айтады: 1) бірінші буында әуезді және динамикалық екпін; 2) бірінші буында динамикалық, ал екінші немесе үшінші буындарда әуезді екпін. Н.Поппе түркі тілдерінде бірінші буынға түсетін екпіннің динамикалық шұғыл түрі, ал екі, үш, одан да көп буынды сөздерде соңғы буынға түсетін әуезді екпін, музыкалық сарын болатынын айтады: түрік, өзбек, шор, сагай, якут, т.б. динамикалық екпін бірінші буынға, әуезді екпін соңғы буынға түседі: түрік áyàq ‘аяқ’, áyaγïm ‘аяғым’.

Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түсетіні белгілі. Бұл ежелгі құбылыс емес. Түркі сөздері, негізінен, бір буынды болып, қарқынмен айтылатын қатаң дыбыстардан басталуы, сондай-ақ поэзиядағы аллитерация құбылысы, қап-қара тәрізді интенсив формаларының қалыптасуы о баста бір буынды сөздің күшті, қарқынды айтылғандығын дәлелдейді. Бұл жай тек қана түркі тілі материалдарымен емес, монғол, тіпті батыста жатқан венгер тілі фактілермен де дәлелденіп отыр. Осыған орай қазіргі қазақ тілінің мына фактісі айрықша назар аударады: бұйрық рай тұлғасы қарқынмен айтылса, соңғы буындағы екпін бір буын кейін сөздің басына ығысады.

Түркі тілдерінің аса ежелгі дәуірлерінде сөз (түбір сөз) бір буынды болған. Мұндай бір буынды сөздерде екпін буын құрамындағы дыбыстарды біртұтас фонетикалық комплекске біріктіріп, тұтастыратын, сөйтіп сөз (түбір) тұтастығын белгілейтін тәсіл есебінде болды. Тілдің полисинтетикалық немесе аморфтық құрылымы агглютинацияға ауысуымен бірге екпін бір буынды бірнеше түбірді бір грамматикалық топқа ұйымдастырудың тәсіліне айналды. Ондай топтың құрамындағы түбірлердің біреуі (бірінші орындағы) ғана лексикалық мағына иесі болды да, қалғандары (екінші, үшінші орындағылар) грамматикалық көрсеткіштер қызметін атқарды. Даму барысында соңғылар қосымшаларға айналды. Тілдің грамматикалық құрылымы механизмінің дамуын осылай деп шамаласақ, екпіннің кейінге қарай жылжуы сөз құрамының күрделенуімен бірге болған процесс болып табылады. Екінші, үшінші орында тұрған түбірлер қосымшаға айналып, түбірге жалғанады. Алғашқы түбір құрамына түскен екпін біртұтастықты белгілеу үшін кейінгі буынға жылжиды. Тіл дамуының бұл ерекшелігі сингармонизм заңдылығының да шығу, қалыптасу жолын байқатады. Түркі тілдері тарихын зерттеушілер сингармонизмнің шығуын сөздің мағыналық тұтастығын белгілеуден туған деп қарайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]