- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
ХХ ғасырдың басында түркі тілдерін зерттеумен айналысушылардың біразы өздерінің ғылыми ізденістерін ХІХ ғасырдың соңында бастаған ғалымдар. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында түркі тілдері саласында жемісті еңбек еткен ғалымдардың ғылыми бағыт-бағдарын анықтап тәрбиелеуде В.В.Радлов еңбегі ерекше болды. В.В,Радловтың шәкірттерінің бірі – хакас ұлтының өкілі И.Ф.Катанов 1862-1922). Петербург университетінде магистрлік дәрежеге іздену барысында тува, тофалар, хакас, қазақ тіліндері бойынша мол тілдік дерек жинап, құнды тұжырымдар мен пайымдар жасаған ғалым ғылыми дәрежені алған соң, Қазан универсиетінің түрік-татар тілі кафедрасында эксординаторлы профессор болып қызмет етеді. Кейіннен урянхай тілі бойынша докторлық диссертация қорғайды
Ғалымның түркология тарихындағы құнды еңбектері – «Опыт исследования урянхайского языка с указателем главнейших родственных отношений его к другим языкам тюркского корня» (1903), «Замечания о богатырских поэмах минусинских тюрков» (1885), «О погребальных обрядах у тюркских племен с древнейших времен до наших дней» (1894) «Восточные заметки» (1896)2.
В.В.Радловтың шәкірті – П.М.Мелиоранский (1868-1906) қазақ тілінің алғашқы грамматикасын жазушылардың бірі (Краткая грамматика казах-киргизского языка) (1894). Ғалымның негізгі ғылыми бағытының бір қыры түркілердің көне мұраларын зерттеу болды. Ол 1989 жылы «Күлтегін» ескерткіші тақырыбында магистрлік, 1901 жылы «Араб филолог о турецком языке» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған3. Диссертация мазмұндары жеке-жеке кітап болып жарық көрді: Араб филолог о турецком языке. СПб., 1900; Памятник в честь Кюль-Тегина. СПб., 1900. Сондай-ақ П.М.Мелиоранский орыс тіліндегі түркизмдерді жүйелі түрде ең алғаш зерттеген ғалым. Ғалымның осы тақырыпқа арналған «Турецкие элементы в языке "Слова о полку Игорове"», «Заимствованные восточные слова в памтяниках в русской письменности домонгольского времени» деген еңбектері бар.
Ғылыми ізденістерін 1902 жылдан бастаған А.Н.Самойлович те (1880-1938) соңынан мол мұра қалдырған әрі болашақ түркітанушы мамандар даярлауға зор үлес қосқан ғалым.
ХХ ғасырдың басында маңызды түркологиялық еңбектер қалдырған ғалымдар қатарында Ф.Е.Корш (1843-1915), А.Е.Крымский (1871-1942), В.Д.Миллер (1848-1913), В.Ф.Пекарский (1853-1934), В.В.Бартольд (1869-1930), Н.И.Ашмарин (1870-1933) т.б. зерттеушілер бар. Осы кезеңде қазақ тілі жөнінде М.Бекимовтың «Руководство к изучению киргизского языка» (Ташкент, 1909); А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912-25 жылдар аралығында бірнеше рет басылған), 3 бөлімнен тұратын «Тіл құрал» (Фонетика, 1915, Морфология, 1914, Синтаксис, 1916) атты еңбектері жарыққа шығып, «Айқап» журналы мен «Дала уалаяты» газетінде А.Құрманбаев, М.Малдыбаев, Сұлтанғазиндердің мақалалары жарияланды, бірнеше шағын орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктер (И.Букин, Н.А.Воскресенский, А.В.Старчевский, Т.Бокин т.б. құрастырған) құрастырылды4. Аталған еңбектердің ішінде ерекшесі – А.Байтұрсынұлының «Тіл – құралы» болды. Қазақ тілінің табиғатын, ерекшеліктерін терең танытатын грамматика 1930 жылдарға дейін оқу үрдісінде қолданылды.
Түркі халықтарының негізгі бөлігі Кеңес үкіметінің құрамында болуына орай ХХ ғасырың 20-25 жылдарынан бастап ерекше қарқынмен дамыған түркітану (тіл білімі) үлкен ғылым саласына айналды, Кеңес үкіметі әлемдік түркітанудың ошағы (орталығы) қызметін атқарды. Әрбір түркі тілдері жан-жақты зерттеліп, басты-басты тілдер бойынша ұлттық кадрлар шоғыры қалыптасты. 1970 жылы КСРО ҒА-ның тіл, әдебиет бөлімшесі жанынан кеңестік Түркітану комитеті құрылып, «Советская түркология» (Баку қаласында) журналы шығарылып тұрды. Бұл журнал 1991 жылдан бастап «Түркология» деген атпен шығарылып келеді.
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан республикаларында басқа да түркі халықтары шоғырланған ірі қалаларда жоғары, орта оқу орындары ашылып, тіл – әдебиет мамандықтары бойынша ұлттық кадрлар дайындалды. Түркі халықтары тұратын басқа да аймақтарды, облыстарда ұлт тілдерін зерттеуге арналған ресми мекемелер (ғылыми-зерттеу институттары, кафедралар, секторлар) ұйымдастырылды. Әрбір тіл бойынша грамматикалар, оқу құралдары, монографиялар көптен шығарыла бастады. Түркітану ғылымының өркендеген тұсы осы кезең болды.
Осындай нақты іс-әрекеттер нәтижесінде қазақ тіл білімі, өзбек тіл білімі қырғыз тіл білімі, якут тіл білімі т.б. тәрізді ғылым салалары қалыптасып5, түркология ғылымының жандануына ықпал етті.
Кеңес дәуірінде түркітану ғылымының дамуына үлес қосып, түркі тілдерін зерттеуде жемісті еңбек еткен ғалымдар: С.Е.Малов, В.А.Богородицкий, Е.Д.Поливанов, Н.К.Дмитриев, Э.Н.Наджип, М.Насилов, Э.В.Севортян, К.К.Юдахин, Н.А.Баскаков, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова, И.А.Батманов, В.В.Решетов, А.М.Щербак, Э.Р.Тенишев, Б.А.Серебрянников, К.М.Мусаев, т.б.
Түркітану (тіл білімі) ғылымы кең мағынасында бүкіл түркі тілдері туралы ғылым (диахронды, синхронды) болғанымен қазіргі таңда түркітану ғылымының нысаны ретінде негізінен түркі тілдерінің тарихи даму жолы, көне ескерткіштер тілі алынып жүр. Бұл сала бойынша Ә.Т.Қайдар, М.Томанов, Ғ.Айдаров, Т.Құрышжанов, М.Ибатов, Б.Сағындық, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымұлы, Ә.Керімов, А.Аманжолов, Е.Қажыбеков, Ж.Манкеева т.б. ғалымдардың еңбектері ерекше.
ХХ ғасырдағы түркология ғылымының үшінші кезеңінің басты ерекшелігі - әрбір түркі респубикасы өз тілдерін, оның тарихи даму жолын зертеудің бағыт-бағдарын өздері айқындауға, түркі халықтарының тарихын, мәдени мұраларын зерттеуде кеткен олқлықтардың (саяси идеологияға қатысты) орнын толтыруға мүмкіндік алып отыр. Қазақ тіл білімінде тек қазақ тілінің даму жолына қатысты мәселелер ғана емес жалпы түркологияның өзекті мәселелері – түркі тілдері зерттеу (әр деңгейде), олардың туыстық ортақтықтары мен айырмашылықтарын саралау, Орхон, Енисей, Талас жазба ескерткіштері мәтінін түпнұсқадан қайта оқу, олардың тілі мен қазақ тілінің сабақтастығын көрсету, орта түркі ескерткіштерінің мәтіндерімен жұмыс жүргізіп, тілін зерттеу, қазақ тілімен салыстыра қарастыру, т.б. мәселелер зерттеу нысаны болуда.
Түркі тілдерін зерттеу басқа алыс шетелдерде де жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, Венгрияда – Д.Немет, Г.Хазай, Ж.Какук, Л.Лигети, А.Рона-Таш, И.Қ.Мандоки т.б.; Болгарияда – Г.Глыбов, Б.Недков, Н.Тодоров, Б.Цветкова т.б.; Польшада – А.Зайончковский, Э.Трыярский, А.Дубинский т.б.; Румынияда – М.Губоглу, В.Дримба; Югославияда – Г.Елехович, Х.Заджибегич, Б.Джурдже т.б.; Америка Құрама Штаттарында – К.Г.Менгес, А.Тице, Д.Синор, И.Циртаутас; ФРГ-да – А.фон Габен, Б.Шпулер, Г.Дерфер т.б.; Англияда – Д.Клаусон; Финляндияда – М.Рясянен; Жапонияда – Широхаттори, Нобуа Ямада т.б.; ғалымдар3 құнды түркологиялық еңбектерімен белгілі.
Түркияда түркологиялық зерттеулерге арналған «Тurk dili», «Тurk dunyasы» басылымдары шығарылады. Түркиядағы танымал түркітанушы ғалымдар қатарында З. Қорұқмас, А.Джафароғлу, Т.Текин т.б. зерттеушілерді атауымызға болады.
