Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы

Түркі тілдеріндегі айрықша грамматикалық топ ретінде танылатын есімдіктердің негізгі ерекшеліктері:1) қай сөз табы болмасын, оның өзіне тән (немесе жартылай тән) сөз жасау жүйесі болады. Осындай жүйе есімдіктерде жоқ. Жалпы бүгінгі тіл заңдылықтары тұрғысынан есімдіктер басқа сөздерден жасалмайды; 2) есімдіктер тек грамматикалық өзгерістерге ғана ұшырайды, септік, көптік, тәуелдік жалғаулары арқылы түрленеді. 3) тек есімдіктерге ғана тән грамматикалық, категориялар жүйесі жоқ. Бұл ерекшеліктер ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тіліне де, қазіргі түркі тілдеріне де ортақ.

Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің тарихи даму барысы Г.Рамстедт, Н.Поппе, В.Котвич, А.Габен, Ж.Дени, К.Н.Менгес, О.Прицак, В.Банг, Й.Бензин, Б.А.Серебренников, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев т.б. белгілі алтаист – түркітанушылардың зерттеулерінде арнайы қарастырылып, олардың арғыалтайлық және арғытүркілік тұлғаларын жаңғыртуға айрықша назар аударылды. Жіктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер тобы. Сол себепті жіктеу есімдіктері үнемі адаммен, яғни сөлеуші, тыңдаушы және бейтарап бөгде кісіге қатысты қолданылады. Арғыалтай тілінде *min ‘мен’, *sin‘сен’, *in ‘ол’ тұлғасында жаңғыртылатын жекеше түрдегі жіктеу есімдіктері түркі тілдерінде men/ben ‘мен’, sen‘сен’, моңғол тілдерінде bi ‘мен’, či(<*ti) ‘сен’, тұңғыс тілдерінде si ‘сен’, маньчжур тілінде i ‘ол’ түрлерінде қолданылады63. Г.Рамстедт пікірі бойынша: түрк., моңғ., тұңғ. *min ‘мен’, моңғ. *tin және түрк., тұңғ. *sin ‘сен’ архитұлғалары түркі тілдерінде екпін күшінің салдарынан немесе деиктикалық күшейту жолымен män, sän болып өзгерген, ал негіз соңындағы -n атау септігінде өте ерте кездерде-ақ жойылып кеткен. Жіктеу есімдігінің III жағы (атау сеп. i, негіз – in-) тек маньчжур тілінде ғана септелетін жеке сөз ретінде сақталып қалған, ал корей тілінде i энклиттік қолданыста атау септігінің детерминденген тұлғасын жасауға негіз болады (čip‘үй’, čibi ‘(нақ осы) үй’), ал түркі тілдерінде -i, -in- тәуелдіктің III жағының қосымшаларына айналған64. Түркітанушылардың көбі bä-n /mä-n ‘мен’ және sä-n ‘сен’ жіктеу есімдіктері соңындағы -n тұлғасын жекелікті білдіретін, я болмаса негізгі түбірге жалғанатын ‘посессивтік көрсеткіш’, *bi-z және *si-z соңындағы –z тұлғасын көптіктің көрсеткіші деп санайды. Түркітануда біршама орныққан ой-пікірлер қатарына септелетін bän-/män- және sän- негіздерінің жалпыланып, атауыштық мәндегі *bi және *si тұлғаларын алмастырғаны жайлы, яғни түркі тілдерінің көбінде о бастағы bä/ bi және sä/ si тұлғаларының орнына атау септігінде bän (>män) және sän, biz және siz қолданыла бастағаны туралы пікір де жатады. Тарихи даму барысында өзінің жеке сөз ретіндегі дербестігінен айырылған жіктеу есімдігінің III жақ арғытүркілік *i (*n) ‘ол, сол’ тұлғасының із-сілемдері септіктерде (көне түрк. inärü~ïnaru ‘арырақ, ана жаққа қарай’, якут. innä ‘анда, ана жақта’), тәуелдіктің III жағының қосымшаларында (-ï/-i, -sï/-sï: чув.-i/-e,-ěšě/-ěš; якут. -ä/-a, -tä/-ta), сілтеу есімдіктерінде (түркім. ine ‘мынау’, балқ. in-ol ‘анау, ана біреу’, inanda ‘анау жақта’), қыстырма сөздерде (көне түрк. inčip~ïncïp‘сонымен’, хал. ïnaγda, ïna‘γča ‘былайша айтқанда’) т.б. сақталып қалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]