- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
Тілдің морфологиялық құрылысының даму ерекшелігі туралы айтқанда бір ескеретін жай — түбірлердің синкретизмі мәселесі. Бір кезде П.М.Мелиоранский Күлтегін еекерткішіне байланысты бірсыпыра қосымшалардың есім түбірге де, етістік түбірге де жалғануының себебі сірә түбір атаулының омонимдес болуынан шығар деген ой айтқан еді. Кейінгі уақытта да түркі тілдеріндегі есім, етістік түбірлердің омонимдігі проблемалық мәселе ретінде жиі сөз болып жүр. Түбірлердің бұл ерекшелігі көбіне контекст құрамында айқындалады. Э.В.Севортян келтірген материалдар негізінде қазақ тіліндегі мынадай ұқсас түбірлерді керсетуге болады: аң түбірінен қазақ тілінде аңсыз (байқамсыз) сын есімі, сол түбірден аңда (кейде аңлау), аңса, аңду етістіктері жасалған. Бұлармен түбірлес аңсар сөзі аңсарым ауды тұрақты тіркесінде ғана сақталған. Қат — етістік, қат — зат есім (қат-қат жинау, қат-қат зат), осы түбірден: қатай, қатыр, қатқыл, қатаң, қатқақ — әрі етістік, әрі есім жасалған. Қат — етістік (тамаққа май қат), осы түбірден: қатық — зат есім (тамақтың қатығы жоқ). Егер осы келтірілген мысалдарды байырғы түбірлер деп қарасақ, есімдер мен етістіктердегі түбір сәйкестігін – бір ғана түбірден (немесе фонетикалық құрамы бірдей түбірлерден) әрі есім, әрі етістік жасалғанын көреміз. Есім мен етістік негіздерінің синкретизмі туралы айтқанда, олардың арасындағы мағыналық байланысты ұмытуға болмайды.
Г.Рамстедт алтай тілдеріндегі қосымшаларды екі топқа бөледі:
суффикстер (о бастан-ақ тек қана қосымша болып келе жатқандар)
аффикстер (дербес сөздің өзгерісі нәтижесінде қалыптасқан қосымшалар)
Сонымен қатар Г.Рамстедт тілдің дамуы барысында аффикстердің суффикске (жұрнаққа) айналуы болып отыратынын ескертеді. Ежелгі қосымшалардың түбір құрамына еніп, бұрынғы мәнін, қолданылу активтігін жоғалтып, аморфтық күйге ауысуы болып отырады. Мұндай жағдайда ескірген қосымша үстіне жаңа қосымша жалғанады, кейде бұрынғы «өлі» қосымша мен «жаңа» қосымша бірігіп, күрделі қосымшаға айналады. А.Н.Кононов әуел бастан-ақ қосымша болған деп түркі тілдерінде ұшырасатын мына тәрізді кішірейткіш мәнді қосымшаларды атайды: -л: көгал, -с//ш: көгіс, -қ, -к: жолақ, сопақ, бұршақ т.б. Осы дара қосымшалардың сөз құрамында өзара бірігуінен күрделі қосымшалар қалыптасқан (-алақ//-елек, ымтыл//-імтіл, -ғылтым//-гілтім). Демек, түркі тілдеріндегі қосымшалардың жеке, дербес сөздердің түрлі өзгерістерге түсуі арқылы қалыптасқанын мойындай отырып, бірсыпырасының о баста-ақ қосымша болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Түбірлердің синкретті болуы сияқты қосымшалардың өздері де алғашқы қолданылу кезеңінде синкретикалық болуы ықтимал. 54. Сын есім және сын-сапалық көрсеткіштер жүйесі
Заттың, құбылыстың, кейде іс-қимылдың қалыпты жағдайдағы сан алуан сын-сипаттық қасиетін білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы сын есім сөз табын құрайды. О баста заттық-сапалық біртұтас мағыналы атау сөздің бертін келе заттардың, құбылыстардың типтік белгілеріне қарай зат атауларына, өзіне тән қасиетіне байланысты сындық белгілердің атауына ажырауының нәтижесінде зат есім мен сын есім жеке-жеке сөз табы ретінде қалыптасқанын лингвист-мамандардың көбі мойындайды. Заттық-сапалық атаулардың біртіндеп заттық мағыналарын жоғалту құбылысының сілемдері қазіргі түркі тілдерінде сын есімдердің семантика-функционалдық қолданыс аясынан айқын байқалады. Мәселен, тув. sooq 'суық, аяз', ažïg sooq 'қатты аяз', sooq qïš 'суық қыс', sooq suï 'суық су', bögün sooq- tur 'бүгін суық'; алт. boš: kolïm boš dök ' қолым бос', kiligi boš 'жігерсіз'; әз., алт., гаг., башқ., қаз., ноғ., тув., түркім. т.б. dar/tar 'тар, қысыңқы, сыйымдылығы аз': алт. tar d`er 'тар жер', mïnda tar 'мұнда тар', түрік. darda olmak 'қиын жағдайда қалу', әз. dara düšmek қиындыққа тап болу, таршылыққа ұшырау'55 Морфологиялық құрылымы жағынан сын есімдер жалаң, туынды және күрделі болып келеді. Сын есімдердің қайсы біреулері жалпытүркілік бір буынды түбірлерден өрбиді: көне-түрк. sariγ, түркм. sāri, түрік., қаз. sari 'сары', чув. sară 'сары' т.б. Түркі тілдерінде сапаның, сынның әдеттегі қалыптан аздап жоғары немесе төмен екенін білдіретін қосымшалардың арасынан ең жиі кездесетіні – -(j)raq/-(j)räk, -arïq/-araq, -raq/-räk/-rek. Қазіргі түркі тілдерінде салыстырмалы шырай аффиксі саналатын бұл жұрнақтардың көне формасы ретінде түркітанушылар *-(j)raq тұлғасын көрсетеді және оны хакас, шор, тува тілдеріндегі ‘азаздап’ деген мағынадағы araχ/āraq шылауымен байланыстырады: хак. аraχ, тув., шор. āraq: χïzïl аraχ 'қызылырақ, қызғылтым', kök аraχ 'көкшіл', sarïγ аraχ 'сарғыш, сарғылтым', kičig аraχ 'кішірек', uzun аraχ 'ұзынырақ'; тув. saryg āraq'сарғыш, сарғылтым', kök āraq 'көкшіл', čoltaq āraq 'қысқалау'; шор тілінде āraq шылауы және оның жұрнақтық -araq тұлғасы қатар қолданылады: qïzïl а:raq ~ qïzïlаraq ~ qïzïlаrïq 'қызылырақ', qïsqa а:raq ~ qïsqaаraq ~ qïsqaаrïq 'қысқарақ,қысқалау'; алт. -arïq/-erik/-örik: agarïq 'ақшыл', sargarïq 'сарғыш, сарғылтым', qïzarïq 'қызылырақ', kögörik 'көкшіл'; басқа түркі тілдерінде -raq/-räk/-rek: әз. кödäräk 'қысқалау', башқ. tarïraq 'тарырақ, тарлау', гаг. kürürak 'кішірек', қараим. jaχšïraq/jaqsïraq 'жақсырақ', ққалп. alaraq 'аздаған аласы бар', қырғ. qatïraq 'қаттырақ', ноғ. qïzïlïraq 'қызылырақ, қызғылтым', құм. teηrek 'тегістеу, жалпақтау', қаз. alasaraq 'аласарақ', қбалқ. agïraq 'ақшыл', тат. maturraq 'сұлуырақ, әдеміше', түркім. ovnugraq 'ұсақтау', чув ǎžǎraχ 'жылырақ'. Түркі тілдерінде сындық белгінің анық, айқын еместігін білдіруге -(j)raq/-(j)räk жұрнағынан басқа да -(ï)mtïl, -šïl, -ïl, -ïlt, -ïltïm, -ïldïm т.б. көрсеткіштер қатысады. Ал бояудың, өңнің, түстің қанықтығын, сапалық, сипаттық белгінің айқындылығын негіздің толығымен қосарлануы (башқ.: harï-harï 'сары-сары', jäšel-jäšel 'жасыл-жасыл'; қаз. uzïn-uzïn, bjik-bjik) немесе негізгі сын есімнің алдынан түбірнегіздің алғашқы буынына –p дауыссызы жалғанған тұлғаның қосарлануы (әз.: gapgara, gïpgïrmïzï, sapsarï, gupguru; қаз.: qap-qara, qïp-qïzïl, sap-sarï, qup-qurγaq) білдіреді. 55. Ондық сан есімдер
Түркі тілдеріндегі сан есімдердің қалыптасуы В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Г.И.Рамстедт, С.Е.Малов, А.Н.Самойлович, Н.З.Гаджиева, Б.Серебренников,А.Щербак тәрізді шетелдік зерттеушілердің, сондай-ақ, С.Аманжолов, М.Томанов, Ә.Құрышжанов, С.Исаев, Ғ.Айдаров т.б.отандық ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылды.
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тілінде құрылымына қарай жіктелетін - дара және күрделі сан есімдер, мағынасына қарай ажыратылатын - есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік сан есімдер қолданылады.
Ескерткіштер тіліндегі дара сандар атаулары аздаған фонетикалық өзгерістерімен қазақ тілінде толық сақталған. Мысалы:
Ондық сан есімдер |
||
№ |
VI-Ixғасыр ескерткіштері тілінде |
Қазақ тілінде |
10 |
Оn |
Оn |
20 |
jіgіrmі / jеgіrmі jіgіrmе / jіgіrmä |
Žïjirma
|
30 |
Оtuz |
оtïz |
40 |
Qïрq |
Qïрq |
50 |
еlіg / іlіg |
Еlüw |
60 |
аltmïš /аltmïs |
Аlpïs |
70 |
jеtmіš / jеtmіs jіtmіš / jіtmіs |
Žеtmіs
|
80 |
sеkіz оn |
Sеksen |
90 |
tоquz оn |
Tоqsan |
