- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
Үндестік заңы алтай тілдерінің, оның ішінде түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі басты заңдылық болып табылады. Ол алтай тобын құрайтын тілдердің қай-қайсысының да дыбыстық және буын жүйелерінің ерекшелігін айқындайды. Үндестік заңы бойынша сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке, не еріндік, не езулік болып келеді. Сөздің жуан немесе жіңішке болуы дауыстылардың жуан, жіңішке табиғатына байланысты болатын болса, ерін үндестігі алғашқы буындағы еріндіктің әсерінен кейінгі буындағы дауыстының еріндікке айналуына (лабиалдық үндестік), ал езу үндестігі тіл үстінің қатты таңдайға көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылардың бірыңғайласуына қатысты болып келеді.
Бір сөзде тек жіңішке (палатал) немесе жуан (велар) дауыстылар ғана кездесуі палаталдық үндестікке, алдыңғы буындағы езулік немесе еріндік дауыстылардың ортаңғы (немесе жоғарғы) дауыстыларға қатысы лабиалдық үндестікке барып саяды. Якут тіліндегі алдыңғы буындағы езулік немесе еріндік дауыстылардың төмен (кең) дауыстыларға қатысы лабиалды тартылыс деп аталады. Мысалы: aγalar ‘әкелер’ / oγolor ‘балалар’. Кейбір түркі тілдерінде тек палаталдық үндестік орын алады. Мәселен, түрікмен, қазақ, ноғай, татар тілдерінде қосымшалар ä/a немесе ә/ï дауыстыларымен ғана кездеседі (-lar көптік қосымшасы тек -lär/-lar формасында кездеседі; үшінші жақтағы қосымша -ә немесе -ï болып келеді, ü немесе –u кездеспейді). Түрік, әзірбайжан, тува, кұмық сияқты түркі тілдерінде палаталдық үндестікпен қатар лабиалдық үндестік бірге жүреді. Мысалы; көптік қосымшада ä/a дыбысы кездессе, үшінші жақтағы қосымша -i/-ï/-ü/-u болып келеді.
Терең веляр немесе постпалаталдық дауыссыздардың дауыстылардың жуан, жіңішкелігіне қатысы дауыссыздар үндестігі деп аталады. Мәселен, түркі тілдерінде k және g жіңішке дауыстылы сөздерде, q және g (немесе γ) жуан дауыстылы сөздерде ғана кездеседі. k немесе g дауыссыздары бар қосымшалар –kä, -gä, -qa, -γa түрінде болады, көне түркі sü-g ‘әскер’, at-ï-γ ‘ат’; il-gärü ‘ілгері’, qurï-γaru ‘артқа, батысқа қарай’; ödkä ‘уақытына қарай’, taluyqa ‘теңізге қарай’.
Н.Поппе түркі тілдерінде дауыссыздар ассимиляциясының екі түрі кездесетінін айтады. Мысалы қазақ тілінде екінші дауыссыз дыбыс алдыңғы дауыссыздың себебінен ассимиляцияға ұшырайды: қаз. attar<at + -lar. Бірінші дауыссыздың екінші дауыссыз дыбыстың әсерінен ассимиляцияға ұшырауы якут тілінде кездеседі: akka ‘атқа’ < at + -ka), ekke ‘етке’ < et + -ke(-ke бағытты білдіретін қосымша); ïččït ‘итші’ < ït ‘ит’ + -čït (-čït мамандықты білдіретін зат есім қосымшасы); appït ‘атымыз’ < at + -bït (тәуелдіктің қосымшасы). Тіптес дауыссыздардың үндесуінен пайда болатын дауыссыздар ассимиляциясы әсіресе, екі морфема қосылғанда, айталық, түбір соңындағы және қосымшаның басында келетін дауыссыздардың бір біріне әсерінен айрықша көрініс береді. Мысалы, көптеген түркі тілдерінде -lar көптік қосымшасы түбірге жалғанғанда l дыбысы өзгеріссіз қалады: түрік. oda-lar ‘бөлмелер’, ay-lar ‘айлар’, at-lar ‘аттар’, gün-ler ‘күндер’. Ал қазақ тілінде l дауыссызы бар қосымшалар тек r, ṷ, y дыбыстарынан кейін және түбір дауысты дыбысқа аяқталғанда жалғанады: qala-lar ‘қалалар’, kiši-ler ‘кісілер’, žer-ler ‘жерлер’, taṷ-lar ‘таулар’, qoy-lar ‘қойлар’. L, m, n, ŋ дауыссыздарынан кейін d, басқа дауыссыздардан кейін t келеді: aṷïl-dar ‘ауылдар’, köl-der ‘көлдер’, kün-der ‘күндер’, esik-ter ‘есіктер’, at-tar ‘аттар’60.
