- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
Х-ХҮ ғасырлар аралығын қамтитын түркі тілдері дамуындағы орта ғасыр дәуірі түркі халықтарының жеке-жеке халық ретінде қалыптаса бастауымен, олардың тілдерінің жалпы түркілік тілден бөлініп шығып, өзіндік ерекшеліктері бар дербес тілдер ретінде саралана бастауымен сипатталады1.
Жеке этностың немесе оның тілінің қалыптасуы бір ғана дәуірде жүзеге аспайтыны да белгілі, белгілі бір халықтың, оның тілінің толық қалыптасып бітуі мыңдаған жылдарды қамтиды. Өз бастауын бізге беймәлім, хронологиялық жағынан анықталмаған ежелгі замандардағы баба тілден алып, хун дәуірінде іштей ыдыраудың алғашқы нышандары аңғарыла бастаған жалпытүркілік тіл көне түркі дәуірінде одан әрі саралана бастаса, орта түркі дәуірінде дербес тілдердің белгілері айқын көріне бастады. Осы белгілер арқылы қазіргі түркі тілдерінің негізі жасалды. Батыста бұлғар мен хазар тілдерінің бірігуінен чуваш тілі пайда болды, қыпшақ-бұлғар тайпасы тілдері, қыпшақ-половец, қыпшақ-ноғай, оғыз-бұлғар, қарлұқ ұйғыр тіл топтары құрылды. Шығыста көне оғыз тілінен тува, қарағас, якут тілдері, көне қырғыз тілдері жасалды2.
Орта түркі дәуірі іштей екі кезеңге бөлінеді: Қараханидтер дәуірі (Х-ХІІ ғғ.) және Монғолдар дәуірі (ХІІІ-ХҮ ғғ.).
Х ғасырдың ортасына қарай Жетісу мен Қашғардың бір бөлігінде құрылған Қарахан мемлекетінің бастапқы кезеңі туралы нақты деректер сақталмаған, сондықтан алғашқы Қарахан мемлекетінің этникалық атрибуциясы толық айқындалмай келеді3. Дегенмен Қарахан мемлекетінің құрылымы Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты екендігі, яғни Қарахан мемлекетінің алғашқы тарихында Қарлұқ конфедерациясы тайпалары ерекше орын алғандығы тарихи әдебиеттерде айтылып жүр. В.Д.Горяеваның көрсетуі бойынша Қарлұқ қағанатының құрамына қарлұқтармен бірге шігілдер, яғмалар да кірген4. М.Қашқари яғма тілін ең таза тілдер қатарына қосады5.Үлкен аумақты алып жатқан Қарлұқтар мемлекетінің екі орталығы – Баласағұн және Қашғар болған және түркі тілдерінің әртүрлі диалектілерінде сөйлеген, сол диалектілер ішінде й тілі де, д тілі де болғаны анық6.Қарахан әулеті түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштерге Жүсіп Баласағұнидың «Құдатғубілігі»(1069),МахмұдҚашқаридың«Диуани луғат-ит түркі» (1074), Ахмед Иүгнекидің «Хибату-л-хақайқ» (ХІІ ғ.) шығармасы, сондай-ақ құран сүрелерінің мәнін түсіндіруге арналған (Тафсирлер сериясына кіретін) бірнеше түсініктемелер кіреді.
Жалпы орта ғасырдағы араб жазулы көне түркі мұралары Қарахан әулеті түріктерінің (ХІ-ХІІ ғғ.), Орта Азия түріктерінің (ХІ-ХІҮ ғғ.), ескі қыпшақ (ХІІ-ХҮ ғғ.) және Шағатай (ХҮ-ХҮІІ ғғ.) тілінде жазылған8 деп бөлінеді (Басқа да бірнеше топтастырулар бар).
Орта Азия түріктерінің тілінде жазылған мұралардың жазылу кезеңі Қарахан мемлекетінің соңғы дәуірінен басталып, монғол шапқыншылығынан кейінгі Алтын Орда дәуірімен жалғасады. Олардың қатарына – Қожа Ахмед Йассауидің «Диуани Хикметі» (ХІ ғ), ибн Муханнаның «Тарджуман фарси уа түрки уа мағали» (ХІІІ ғ.) шығармасы, Ә.Замахшаридың «Мұқаддимат-әл-адабы», Мухаммад бин Алидің «Наһдж-ул-фарадисі» (ХІҮ ғ.), Әбілғасының «Оғызнамасы» (ХІҮ ғ.) т.б. шығармалар жатады.
Алтын Орда дәуірінің мұраларына Хорезмидің «Мухаббатнама», Сайф Сараидың «Гүлстан бит-түрки», Құтыбтың «Хұсрау уа шырын», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиқа» дестандары, Рабғұзидың «Қисса-сул-анбиясы» т.б. шығармалар жатады.
Мемлекет құрамында қыпшақтар мен оғыздар көп болғандықтан бұл шығармаларда қыпшақ, оғыз диалектілері басым болды.
Қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштердің негізгілері – Сади Ахмедтің «Ташұқнамасы», авторлары белгісіз «Қорқыт ата кітабы», «Сираж-әл - кулуб», А.Самарқандидың «Китаб мұқаддимасы», Хорезмидің «Тардждма шаһнамасы», «Китабу ад-дағуа» т.б. шығармалар. Ескі қыпшақ тілінде жазылып қалған шығармалар ескі готикалық, ескі араб, ескі армян, ескі орыс жазуларымен хатталып қалған.
ХІ-ХІҮ ғасырларда Орта Азия мен қазіргі Қазақстан аумағын мекен еткен түркі тайпаларының қалдырған жазба мұралары негізінен аралас тілде – оғыз, қыпшақ, қарлұқ элементтері аралас ортақ тілде жазылғаны белгілі Ислам дінінің үстемдік алуын, түркілердің жазба дәстүрі де араб әліпбиінің өтуіне байланысты араб-парсы элементтері де кеңінен қолданыла бастаған. С.Е. Малов осы кезеңде d тілдері j тілдеріне ауыса бастаған, халық j тілінде сөйлесе, жазба тіл d тілінде болғандығын айта отырып, ХІ-ХІҮ ғасырдағы Орта Азия түркілерінің жазба тілін өтпелі кезең тілі деп атайды39. Сондықтан қыпшақ тілінің белгілерін сақтаған жазба ескерткіштер негізінен аралас тілде жазылған. Ә. Құрышжанов ескі қыпшақтардың жазба мұралары ретінде 30 ескерткішті көрсетеді және бұл ескерткіштерді екі топқа бөліп қарастырады: 1. Жалпы түркі жазушыларына ортақ әдеби тілде жазылған; 2. Қарапайым халықтың ауызекі сөйлеу тілінде жазылған40. Сондай-ақ қыпшақ тілінің деректері орыс жылнамаларындағы половецтер туралы мәліметтерді, батыс ғалымдарының кумандар туралы зерттеулерінде, араб жазушылары мен зерттеушілерінің мәмлүктер жайлы еңбектерінде, армян қыпшақтарының ресми құжаттарында, сөздіктері мен грамматикаларында т.б. сақталған.
Ал қыпшақ тілінде жазылғандарының ғылымға белгілілері “Кодекс куманикус”, “Мәмлүк қыпшақтары жазба ескерткіштері” және “Армян колониясы жазба ескерткіштері”. Қыпшақ тілінің белгілері толық сақталған бұл ескерткіштерде де оғыз элементтері, кездесетінін зерттеушілер жоққа шығармайды. Ескі қыпшақ тіліндегі оғыздық белгілер қазіргі қыпшақ тобындағы тілдерден де байқалуы олардың этностық құрамына, кезінде оғыздар мен қыпшақтардың тығыз қарым-қатынаста болып, оғыздардың бір бөлігі қыпшақтарға сіңіп кетуіне байланысты.
ХІ-ХҮІІ ғасырлар аралығында әртүрлі өңірде (Қырым, Подолия, Польша, Венгрия, Египетте) түрлі жазу жүйелерімен хатқа түскен қыпшақ және печенег тілдеріндегі ескерткіштердің қазіргі түркі тілдері арасында алатын орны, олардың даму тарихын көрсетудегі деңгейі жайлы тоқтала отырып, Э.Р. Тенишев бұл ескерткіштердің қазақ, қарақалпақ тілдеріне өте жақын екендігін, қазақ тілі тарихының ерте дәуірін зерттеуде аса маңызды дерек, қайнар көз болып табылатынын атап айтады41.
ХІІІ ғасырдың соңында жазылған, діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын “Кодекс Куманикустың” мәтіні ескі қыпшақ тілінің фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік ерекшеліктерін толық анықтауға мүмкіндік беріп қана қойған жоқ, қазіргі қыпшақ тобындағы тілдердің даму жолы мен өзіндік сипатының қалыптасуын зерттеуге де жол ашты. С.Е. Малов ““Кодекс Куманикус” ескерткіші қазақ тілінің тарихы үшін өте бағалы. Ол оңстүтік Ресей даласында жазылғанымен … қазіргі Қазақстанның солтүстігіндегі көшпелі шығыс половецтердің тіліне өте жақын, сондай-ақ осы Оңтүстік Ресей далалықтарының тілі қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас” десе42, Ә. Құрышжанов “Кодекс Куманикус” – қазіргі қыпшақ тілдерінің қалыптасу лабораториясы. Оның сөздік қоры мен грамматикалық құрылысы қазақ тілі тарихының қайнар көзі” деп көрсетеді43. Ескерткіш тіліндегі негізгі фонетикалық заңдылықтар (š≈č сәйкестігінің š вариантын, ž≈jсәйкестігінің ж вариантын, d ~ t сәйкестігінің tвариантын, q/k≈ γ/g сәйкестіктерінің q/k вариантын т.б. қолдануы) мен грамматикалық, лексикалық ерекшеліктердің қазіргі қазақ тілінде қолданылуы қазақ тілі ескі қыпшақ тілінің тікелей мұрагерлерінің бірі екенін көрсетеді.
Қазіргі қазақ тілінің тарихи даму жолын анықтауда аса маңызды армян жазулы қыпшақ ескерткіштері, өкінішке орай тым аз зерттелген. Тіпті Ереван қаласындағы Матенадаран кітапханасында сақталған сегіз қолжазбаның 70%-на әлі түсініктеме де жазылмаған екен44. Бұл қолжазбалардың ішінде аса құнды “Армян-қыпшақ грамматикасы” және “Армян-қыпшақ тілдерінің тарихы” атты еңбектер де бар. Белгілі армян зерттеушісі О.С. Егапянның айтуы айтуы бойынша, “Армян-қыпшақ грамматикасында” жеті септік түрі көрсетіліп, оларға 184 мысал келтірілген, сондай-ақ 500-дей зат есімдер мен сын есімдер берілген45. “Дана Хикар сөзінің” тілін зерттеуші С. Құдасов ескерткіштің фонетикалық жүйесіне, морфологиялық құрылымы мен лексикалық құрамына толық сипаттама бере отырып, аталмыш мұраның тілінен ескі қыпшақ тілінің үлгісі және қазақ тілімен сабақтастығы анық байқалатынын көрсетеді46. Мәмлүк қыпшақтарының тілінде жазылған 10 шақты грамматикалық, лексикалық, лексико-грамматикалық еңбектер сақталған. Олардың негізгілері ретінде “Терджуман турки уа араби”, “Китабат-тухфат аз-закия”, “Китаб ал-идра Ли-лисан ал-атрак”, т.б. атауға болады. Мәмлүк қыпшақтарының ескерткіштері басым көпшілігі қыпшақ тілінің негізінде жазылып, кейбіреулері оғыз тілінің әсеріне ұшыраған, енді бір тобы қарлұқ тобындағы тілдермен астарлас47. Мәмлүк қыпшақтарының жазба ескерткіштері мен Алтын Орда аумағында жазылған қыпшақ-оғыз ескерткіштерінің тілі жайлы Э.Н. Наджин оғыз тобына жататын қыпшақ тілінің диалектілердің ықпалына ұшырауына байланысты ХІҮ ғасырда Алтын Орда мен Мысырда й тобындағы қыпшақ-оғыз тілі қалыптасқандығын айтады48.Мәмлүк қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер қазақ тілінің даму жолы мен қалыптасу ерекшеліктерін анықтауда ерекше орын алады.
Қазақ жазба тілінің мәдени деңгейін көрсететін көне мұралардың бірі – ХҮІ ғасырдың соңы мен ХҮІІ ғасырдың басында жазылған Қадырғали Қасымұлы Жалайридың “Жәми-ат тауарих” атты еңбегі. Кезінде татар халқының ұлттық мұрасы ретінде танылып келген (А. Рахимов, К. Усманов, З.Хисамиева т.б.) Қадырғали Жалайри бабамыздың еңбегі қазақ ғалымдарының тиянақты зерттеулерінің нәтижесінде өз мұрагерін тапты. Белгілі ғалым Р.Сыздықова “Язык “Жами-ат тауарих” Жалайри” атты монографиясында шежіре тілі мен қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің қолданысын, образдық-танымдық болмысын салыстыра отырып, шежіре тілінің авторы мен қазақ халқының ұлттық дүниетанымындағы ортақтықтарды көрсетеді49.
Шағатай тілі – Қараханидтер дәуіріндегі және одан кейінгі Орта Азия түріктерінің тілдерімен дәстүрлі жалғастықты сақтай отырып, өзіндік ерекшеліктерімен қалыптасқан барлық түркілерге ортақ әдеби тіл. Шағатай тіліндегі ескерткіштер қатарында «Тезкерей әулие», «Бақтиярнама», «Миражнама» шығармаларын, Лутфи, Атаи, Сакаи, Гадайи тәрізді ақындар шығармаларын атауға болады. Ең шарықтау дәуірі Әлішер Науаидың шығармашылығымен байланысты қарастырылады. Шағатай тілі де й – тілдер тобына жатқызылады.
Түркі халықтары тарихындағы орта ғасыр өркендеу дәуірі болды: бірнеше жазу жүйесін меңгерген ортағасырлық түркілер сол кездегі түркі тілдерінің жай-күйін танытатын мол мұра қалдырды. Өзге түркі тілдері сияқты, қазақ тілі тарихында да, оның орта ғасыр дәуіріндегі дамуының алатын орны ерекше. Қазақ тілі орта ғасырда бытыраңқы этникалық топтардың жалпы «қыпшақ тілі туыстығы» аясында бірігіп, байырғы географиялық кеңістікте бірте-бірте жалпыхалықтық тілге айналды. Қазақ тілінің орта ғасырдағы кейінгі дамуы ауызекі және жазба тіл ретінде бірбүтін және ажырамас тұтастыққа айналуымен аяқталады. Тілдің мұндай тұтастыққа жетуі тек қана бытыраңқы ру-тайпалық топтардың бірігуі арқылы ғана емес, Орта Азия және Қазақстан аймақтарында қалыптасқан қыпшақ тіл тектестігі аясындағы өзара іштей бірігуі мен жақындасудың нәтижесі.
5) Жаңа түркі дәуірі (ХV-ХХ ғ. аралығы).
Бұл дәуірде түркі халықтары монғол шабуылынан кейін даму қарқыны төмендеп, әбден әлсіреп, бөлшектену жағдайына жетті. Түркілердің ортақ одақтары ыдырап, қазіргі түркі халықтары, олардың тілдері бір-бірінен жекеленіп бөлек-бөлек халықтар, тілдер болып қалыптасты.
ХV-ХVІ ғасырларда біртұтас қазақ тілі жайында айтуға мүмкіндік туды. Бұл заманда қазақтың бай ауыз әдебиеті туды (жыраулар поэзиясы), жазба әдебиет пайда болды. Қазақ тілінің негізгі құрамдық белгілері де осы заманда қалыптасты. Жаңа дәуірде қазақтың біртұтас тілі жүйелене бастады.
ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар қазақтың халық тілінің даму дәуірі болды.Бұл кезеңде белгілі бір рудың тілі дейтіндей, белгілі бір рулар одағын ерекшелейтіндей айрықша саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайлар болған жоқ. Руларымыз жүздерге бөлінгенімен, белгілі бір жүздің немесе рудың тілі ерекшеленетіндей тарихи жағдай болған жоқ. Сондықтан жалпыхалықтық тілқазақ халқының құрамына енген негізгі рулар мен тайпалар тілдерінің жинақталған, сараланған түрі ретінде қалыптасты. Қазақ тілі құрамында сақталған тайпалық, кейін регионалдық тілдер қалдықтары диалектілерден көрінеді.
ХІХ ғ. ІІ жартысында қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі қалыптасты. Қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салған Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин өздерінің атақты шығармаларын жазды. Сонымен бірге бұл дәуірде қазақ баспасөзі қалыптасты.
