Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы

Сұрау есімдктері– заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін т.б. білу мақсатында қолданылатын сұрау мәнді сөздер тобы. Сұрау есімдіктерінің субстантивтік (кім? не?) және атрибутивтік (қай? қайсы?) болып бөлінуі заттың атын білу үшін қойылатын сұрақтарға және заттың белгісін білу мақсатында қойылатын сұрақтарға қатысты. Ескерткіштер тіліндегі сұрау есімдіктері қазіргі қазақ тілінде негізінен сақталған. Көнетүркілік сұрау есімдіктері септік формаларының -kе/-gе, -tаn, -nï,-ni, -tеg қосымшалары арқылы жасалады. Көне жазбалар тіліндегі қаны, қайда, қанта, қантан түрінде қолданылатын сұрау есімдіктерінің түбірінде н~й сәйкестігі байқалады.

Сұрауесімдіктері

VI-IX ғасырескерткіштері тілінде

Қазақтілінде

kim /kem

Kіm

Kimke

Kimge

Nе

Nе

nеkе/nеgе

Nеgе

Kаč

Qаnšа

Qanї

qanї/känі,qаjdа

qаntаn

Qаjdаn

Аntеg

Qаndаj

Сұрау есімдіктерінің қазіргі тұлғалары тарихи тұрғыдан құранды саналады.алтайлық тектілдік деңгейінде *ka/*ke ‘қайда’ және -*ja/-je тәрізді екі сұрау есімдігі жаңғыртылып, олардыңтүркі тілдерінде qa- (qana/qany/qaju ‘қайда’) / ke- (kam, kim)түріндегі тұлғалануы көрсетіледі.54 Қазіргі түркі тілдеріндегі сұрау есімдіктері үш түбірдің айналасына топтасады. Олар: кім, не, қай (қан). Қай түбірі қазіргі қазақ тіліндегі қайда, қайдан, қанша, қашан, қандай, қаны (кәні), қалай тәрізді сұрау есімдіктеріне негіз болған. Барлығына ортақ түбір – қай (қан). Мұндағы қа-лай сөзінің бастапқы түбірі қа- деп те ойлауға болар еді. Алайда қазақ тілінде оған синонимдес қай-тіп дейтін сұраулық сөз бар. Оның үстіне қазіргі түркі тілдерінде қалай сұрау есімдігі хай-да (хакас), хайдах (якут), кайда (шор), қанайып, қандайып (алтай). Осы фактілермен салыстырғанда, ортақ түбір қа- емес, қай- болып шығады.

Қашанесімдігінің қалыптасуын Ф.Г.Исхаков қан-шағ-ын деп, қан және шағ сөзінің көне түркілік құралдық септік (-ын) тұлғасымен бірігуінен, сөйтіп қысқаруынан жасалған деп түсіндіреді. М.Томанов қазақ тілінде қай және шақ сөздерінің тіркесі мезгіл, уақытты білдірудің тәсілі екенін, осы тұрғыдан келгенде, бұл пікірдің шындыққа саятынын жазды.

Не сөзі немене, неге, неше сөздерінің жасалуына негіз болған. Немене сөзіндегі неме түбірі алғашқыда заттық ұғымды білдірген, сұраулық мән туғызу үшін не сөзі қосылған. Неше сөзінің құрамындағы –ше үстеулер құрамындағы қосымша болуы мүмкін. Не есімдігінің және оның әр түрлі тұлғаларының басқа сұрау есімдіктері орнына қолданылуы көне түркілік жазбаларда жиі ұшырасады. Мысалы: Не қағанқа ісіг-күчіг берүрмен (Қай қағанға ісім мен күшімді жұмсармын). Не йерде (Қай жерде). Негү өтүнелім (Қалай өтінейік).

49-сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері – қазіргі түркі әдеби жазба тілінің бастау арнасы ретінде

Орхон-Енисей жазбалары қазіргі және орта түркі тілдері мен түркілік тектіл арасын жалғастырушы бірден-бір лингвистикалық дерек болып табылады.

Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі дауыстылар жүйесі қазіргі қыпшақ тобындағы дауыстылар жүйесінің құрамынан ерекше ажыратылмайды. Басты ерекшелік – қазіргі тілдерде ä дыбысының дербес фонема ретінде қолданылуында ғана. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде қолданылатын ä дауыстысы Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде де қолданыста болғанын, көне түркi әлiпбиi дауыстылар жүйесi 9 фонемадан тұратынын көрсететін еңбектер бар. Қазақ ғалымы Ғ.Айдаров өз еңбектерінде тек е дауыстысын ғана қолданса, И.Л.Кызласов, Л.С.Левитская тәрізді белгілі түркітанушылар ä, е дыбыстары бір фонеманың варианттары ретінде қатар қолданыста болған деген пікірде.

Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар жүйесiнде дауысты фоно-корреляттардың толық құрамы мынадай сәйкестiктердi қамтиды:

1. a ≈ ä сәйкестiгi: *at ≈ ät → atï ≈ ätij «жасы үлкен туыс», «әке, ата»;

2. a ≈ e сәйкестiгi: *an ≈ en → ančula ≈ enšile «еншiлеу, атау, иемдену»;

3. a ≈ ï сәйкестiгi: taš ≈ tïs «сырты, тысы»;

4. a ≈ o сәйкестiгi: anï ≈ onï «оны», ol «ол»;

5. a ≈ u сәйкестiгi: anï ≈ unï «оны», ol «ол»;

6. e ≈ i сәйкестiгi: jir ≈ žer «жер»;

7. e ≈ э сәйкестiгi: еr ≈ эr «ер адам, ер, батыр»;

8. e ≈ ä сәйкестiгi: *je ≈ *žä → jeme ≈ žäne «және»;

9. ï ≈ a сәйкестiгi: *ïγ ≈ *aγ → ïγač ≈ aγaš «ағаш»;

10. ï ≈ u сәйкестiгi: *jïm ≈ *žum → jïmčaq ≈ žumsaq «жұмсақ»;

11. ï ≈ o сәйкестiгi: *jïm ≈ *jom → jïmčaq ≈ jomšaq;

12. ï ≈ i сәйкестiгi: tïl ≈ til «тiл», «хабар»;

13. ï ≈ ij сәйкестiгi: til ≈ tijl «тiл»;

14. ï ≈ e сәйкестiгi: til ≈ tel «тiл»;

15. i ≈ э сәйкестiгi: is ≈ эš «iс», «жұмыс»;

16. i ≈ e сәйкестiгi: it ≈ et «ет, iсте»;

17. i ≈ ij сәйкестiгi: *il ≈ *ijl → ilki ≈ ijlki «iлкi, алғашқы»;

18. i ≈ ï сәйкестiгi: *sil ≈ *sïl → silik ≈ sïlïq «ару, пәк»;

19. i ≈ u сәйкестiгi: *sil ≈ *sul → silik ≈ suluw «ару, сұлу»;

20. u ≈ o сәйкестiгi: ur ≈ or «белгiлi бiр iс-әрекеттi iстей бiлу»;

21. ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;

22. ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;

23. ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;

24. ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;

25. o ≈ ö сәйкестiгi: qop ≈ köp «көп».

Ескерткіштер тіліндегі дауысты дыбыстардың қазақ тіліндегі өзгерістері төмендегідей дыбыс сәйкестіктері кешенін құрайды.

a ≈ e сәйкестiгi: *an ≈ en → ančula ≈ enšile «еншiлеу, атау, иемдену»;

a ≈ ï сәйкестiгi: taš ≈ tïs «сырты, тысы»;

a ≈ o сәйкестiгi: anï ≈onï «оны», ol «ол»;

e ≈ i сәйкестiгi: jir ≈ žer «жер»;

e ≈ ä сәйкестiгi: *je ≈ *žä → jeme ≈ žäne «және»;

ï ≈ a сәйкестiгi: *ïγ ≈ *aγ → ïγač ≈ aγaš «ағаш»;

ï ≈ u сәйкестiгi: *jïm ≈*žum → jïmčaq ≈ žumsaq «жұмсақ»;

ï ≈ i сәйкестiгi: tïl ≈ til «тiл», «хабар»;

i ≈ e сәйкестiгi: it ≈ et «ет, iсте»;

i ≈ ï сәйкестiгi: *sil ≈*sïl → silik ≈ sïlïq «ару, пәк»;

i ≈ u сәйкестiгi: *sil ≈*sul → silik ≈ suluw «ару, сұлу»;

ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;

ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈oj «ой»;

о≈ ö сәйкестiгi: qop ≈ köp «көп».

Орхон-Енисей жазбаларының тілінде қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптарының бәрі бірдей кездеспейді. Бар болған күнде де, осы күнгі тіліміздегідей дамыған, сараланған дәрежеде емес. М.Томанов ол тілде бір-бірінен айқын сараланған сөз таптары зат есімдер мен етістіктер екендігін жазады.

Орхон-Енисей жазба мұраларында атақ-дәрежені, лауазым-шенді білдіретін сөздер құрамында ғана кездесетін -t қосымшасы орта түркі және қазіргі түркі тілдерінде өнімсіз қосымша болып саналады.

Орхон-Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі –ған аффиксінің қызметін атқарған. Бұл формант, сонымен қатар, қимыл есімінің қызметінде де кездеседі. Бұл мәнде ол қазіргі біздің тіліміздегі тұйық рай тұлғасы –у-ға сай: бітміш (жазу, жазба), берміш (беру, бересі).

-ма, -ме қосымшасы көне қосымшалардың бірі болып табылады. Ол Орхан-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап, соңғы дәуірге дейін жазылған ескерткіштер тілінде кезедеседі. Мысалы: Түрк будун учун удымадым, кунтуз олурмадым.

50-сұрақ. Қыпшақ тобы түркі тілдерінің зерттелу тарихы

Баскаков түркі тілдерін үлкен екі бұтаққа бөледі: Батыс хун тілдері және Шығыс хун тілдері. Батыс хун тілдерін төрт топқа бөліп қарастырады. Бұлғар тобы, Оғыз тобы, Қыпшақ тобы, Қарлұқ тобы.

Қыпшақ тобы үшке бөлінеді: 1. Қыпшақ-половец топшасы (көне половецтер, қарайым, қарашай-балқар, құмық, қырым татарларының тілдері); 2. Қыпшақ-бұлғар топшасы (батыс Алтын Орда әдеби тілі, татар, башқұрт тілдері); 3. Қыпшақ-ноғай топшасы (қазақ, ноғай, қарақалпақ тілдері, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі). Қыпшақ тобының негізгі фонетикалық белгілері: сегіз не тоғыз дауысты дыбыстың болуы; қосымшаларда еріндік дауыстылардың қолданылмауы; ерін үндестігінің әлсіздігі; созылыңқы дауыстылардың болмауы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында өзгерістерге түсуі (й, у, в); сөз басындағы й ~ ш ~ дж дыбыстарының алмасып келуі.

Г.Ахатов түркі тілдерін:

І. Қыпшақ тобы: 1) қыпшақ-бұлғар субтобы (татар, Сібір татар тілі, башқұрт);

2)Алан-скиф субтобы (қарачай, балқар, қырым татарларының солтүстік диалектісі);

3) Арал-Каспий субтобы (қазақ, қырғыз, қарақалпақ, ноғай);

С.Е.Малов Ғылым «Қай тілде көне элемент көбірек сақталса, сол тіл көне тіл болып есептеледі» деген қағиданы негізге ала отырып, көне белгі ретінде рт, лт, нт тіркестерінің түбір мен қосымша морфема жігінде қолданылуын (алты «алды», келті «келді», барты «барды», апта «онда» т.б.), ежелгі түркі жазбаларында кеңінен қолданылатын ғ/г дауыссыздарының сақталуы (тағ «тау», сарығ «сары» т.б.) көрсетеді.

Аталған белгілердің сақталу деңгейіне байланысты түркі тілдерін төрт топқа бөледі:

1. Ең көне түркі тілдер (бұлғар, сары ұйғыр, чуваш, якут тілдері);

2. Көне түркі тілдері: (оғыз (көне түркі руникалық жазба ескерткіштерінің тілі), тофалар, тува, көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі, хакас, шор тілдері);

3. Жаңа түркі тілдері (әзірбайжан, гагауз, құманды, қыпшақ, печенек, половец, салар, түрік, түрікмен, Шығыс Тұркістандағы ұйғырлар тілдері);

4. Ең жаңа түркі тілдері (башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, құмық, ойрат, ноғай, татар, чуваш, якут тілдері).

Бұл классификация бойынша қыпшақ тобындағы тілдер, оның ішінде қазақ тілі де ХІҮ, ХҮ ғасырларда ғана қалыптасқан ең жас тілдер қатарына жатқызылады.

51-сұрақ. Алғашқы түбір және қазіргі тілдердегі «өлі түбірлер» туралы

Г.Рамстедт алтай тілдеріндегі қосымшаларды екі топқа бөледі:

суффикстер (о бастан-ақ тек қана қосымша болып келе жатқандар)

аффикстер (дербес сөздің өзгерісі нәтижесінде қалыптасқан қосымшалар)

Сонымен қатар Г.Рамстедт тілдің дамуы барысында аффикстердің суффикске (жұрнаққа) айналуы болып отыратынын ескертеді. Ежелгі қосымшалардың түбір құрамына еніп, бұрынғы мәнін, қолданылу активтігін жоғалтып, аморфтық күйге ауысуы болып отырады. Мұндай жағдайда ескірген қосымша үстіне жаңа қосымша жалғанады, кейде бұрынғы «өлі» қосымша мен «жаңа» қосымша бірігіп, күрделі қосымшаға айналады. А.Н.Кононов әуел бастан-ақ қосымша болған деп түркі тілдерінде ұшырасатын мына тәрізді кішірейткіш мәнді қосымшаларды атайды: -л: көгал, -с//ш: көгіс, -қ, -к: жолақ, сопақ, бұршақ т.б. Осы дара қосымшалардың сөз құрамында өзара бірігуінен күрделі қосымшалар қалыптасқан (-алақ//-елек, ымтыл//-імтіл, -ғылтым//-гілтім). Демек, түркі тілдеріндегі қосымшалардың жеке, дербес сөздердің түрлі өзгерістерге түсуі арқылы қалыптасқанын мойындай отырып, бірсыпырасының о баста-ақ қосымша болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Түбірлердің синкретті болуы сияқты қосымшалардың өздері де алғашқы қолданылу кезеңінде синкретикалық болуы ықтимал.

Қазіргі тіл құрамындағы күрделі түбірлерді талдау арқылы қосымшалардың бір кездегі синкретикалық жалғануының ізін байқауға болады. Ұқсас түбірлерден ұқсас қосымшалар арқылы бірде есім, бірде етістік қалыптасқан. Қосымшалардың синкретизмі кейде олардың әдеттен тыс жалғануынан да байқалады. Мысалы, құданда сөзінің құрамындағы н әдетте есім түбірге қосылмайтын болса, бұл арада ол заңдылық сақталмаған.–іс/-ыс/-ес қосымшасыныңқатысуымен жасалған егес, барыс, жатыс, жүріс тәрізді сөздер құрамындағы қолданылуы заңды: бәрі де етістік түбірлер. Синкретикалық қосымшалар қатарына қазақ тіліндегі әрі есім, әрі етістік жасайтын –л жұрнағын (жарқыл, сартыл, қатал, жоғал, оңал) жатқызуға болады. Демек, синкретизм термині тілдің тарихи даму барысына қатысты қолданылады да, қазіргі тілдің құрамындағы синкретикалық ұқсас сөздер омонимдер деп аталады. Сонда синкретизм тарихи омоним болып шығады.

52-сұрақ. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны

Орта түркі дәуірі (Х-ХV ғ. аралығы)

Х-ХҮ ғасырлар аралығын қамтитын түркі тілдері дамуындағы орта ғасыр дәуірі түркі халықтарының жеке-жеке халық ретінде қалыптаса бастауымен, олардың тілдерінің жалпы түркілік тілден бөлініп шығып, өзіндік ерекшеліктері бар дербес тілдер ретінде саралана бастауымен сипатталады.

Орта түркі дәуірі іштей екі кезеңге бөлінеді: Қараханидтер дәуірі (Х-ХІІ ғғ.) және Монғолдар дәуірі (ХІІІ-ХҮ ғғ.).

Үлкен аумақты алып жатқан Қарлұқтар мемлекетінің екі орталығы – Баласағұн және Қашғар болған және түркі тілдерінің әртүрлі диалектілерінде сөйлеген, сол диалектілер ішінде й тілі де, д тілі де болғаны анық.

Қарахан әулеті түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштерге Жүсіп Баласағұнидың «Құдатғу білігі» (1069), Махмұд Қашқаридың «Диуани луғат-ит түркі» (1074), Ахмед Иүгнекидің «Хибату-л-хақайқ» (ХІІ ғ.) шығармасы, сондай-ақ құран сүрелерінің мәнін түсіндіруге арналған бірнеше түсініктемелер кіреді.

Жалпы орта ғасырдағы араб жазулы көне түркі мұралары Қарахан әулеті түріктерінің (ХІ-ХІІ ғғ.), Орта Азия түріктерінің (ХІ-ХІҮ ғғ.), ескі қыпшақ (ХІІ-ХҮ ғғ.) және Шағатай (ХҮ-ХҮІІ ғғ.) тілінде жазылған деп бөлінеді.

Орта Азия түріктерінің тілінде жазылған мұралардың жазылу кезеңі Қарахан мемлекетінің соңғы дәуірінен басталып, монғол шапқыншылығынан кейінгі Алтын Орда дәуірімен жалғасады. Олардың қатарына – Қожа Ахмед Йассауидің «Диуани Хикметі» (ХІ ғ), ибн Муханнаның «Тарджуман фарси уа түрки уа мағали» (ХІІІ ғ.) шығармасы, Ә.Замахшаридың «Мұқаддимат-әл-адабы», Мухаммад бин Алидің «Наһдж-ул-фарадисі» (ХІҮ ғ.), Әбілғасының «Оғызнамасы» (ХІҮ ғ.) т.б. шығармалар жатады.

Алтын Орда дәуірінің мұраларына Хорезмидің «Мухаббатнама», Сайф Сараидың «Гүлстан бит-түрки», Құтыбтың «Хұсрау уа шырын», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиқа» дестандары, Рабғұзидың «Қисса-сул-анбиясы» т.б. шығармалар жатады.

Мемлекет құрамында қыпшақтар мен оғыздар көп болғандықтан бұл шығармаларда қыпшақ, оғыз диалектілері басым болды.

Қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштердің негізгілері – Сади Ахмедтің «Ташұқнамасы», авторлары белгісіз «Қорқыт ата кітабы», «Сираж-әл - кулуб», А.Самарқандидың «Китаб мұқаддимасы», Хорезмидің «Тардждма шаһнамасы», «Китабу ад-дағуа» т.б. шығармалар. Ескі қыпшақ тілінде жазылып қалған шығармалар ескі готикалық, ескі араб, ескі армян, ескі орыс жазуларымен хатталып қалған.

Қыпшақ тілінде жазылғандарының ғылымға белгілілері “Кодекс куманикус”, “Мәмлүк қыпшақтары жазба ескерткіштері” және “Армян колониясы жазба ескерткіштері”. Қыпшақ тілінің белгілері толық сақталған бұл ескерткіштерде де оғыз элементтері, кездесетінін зерттеушілер жоққа шығармайды. Ескі қыпшақ тіліндегі оғыздық белгілер қазіргі қыпшақ тобындағы тілдерден де байқалуы олардың этностық құрамына, кезінде оғыздар мен қыпшақтардың тығыз қарым-қатынаста болып, оғыздардың бір бөлігі қыпшақтарға сіңіп кетуіне байланысты. Ә. Құрышжанов “Кодекс Куманикус” – қазіргі қыпшақ тілдерінің қалыптасу лабораториясы. Оның сөздік қоры мен грамматикалық құрылысы қазақ тілі тарихының қайнар көзі” деп көрсетеді. Ескерткіш тіліндегі негізгі фонетикалық заңдылықтар (š≈č сәйкестігінің š вариантын, ž≈jсәйкестігінің ж вариантын, d ~ t сәйкестігінің tвариантын, q/k≈ γ/g сәйкестіктерінің q/k вариантын т.б. қолдануы) мен грамматикалық, лексикалық ерекшеліктердің қазіргі қазақ тілінде қолданылуы қазақ тілі ескі қыпшақ тілінің тікелей мұрагерлерінің бірі екенін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]