Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі

Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері олардың аглютинативтік қасиетінен туындайды. ‘Аглютинацияның мәні мынада, - деп жазады, мәселен, көрнекті моңғолтанушы Г.Д.Санжеев, - қандай-да бір сөз оның негізіне белгілі бір суффикстің жапсырылуы, яғни жалғануы арқылы өзгеріске түседі. Ал негіз ешқашан өзгеріске түспейді, бастапқы қалпын сақтайды’. Мұндай пікірді түркітанушы Л.Н.Харитонов та айтады: ‘Тілдегі сөздер және формалар түбірге аффикстердің бірізділікті сақтай отырып, біріне-бірі үстемелене жалғануы арқылы жасалады. Мұнда түбір өзінің бастапқы түрін өзгертпейді және жеке тұрып, дербес сөз бола алады’.

Аглютинативтік тілдерде әр бір сөз морфологиялық тұрғыдан сөздің түбірі, лексика-грамматикалық сөзжасамдық қосымшалар (аффикстер), функционалдық-грамматикалық сөзжасамдық қосымшалар, сөз түрлендіруші қосымшалар сияқты құрылымдық элементтерден тұрады.

Диахрондық тұрғыдан алғанда, агглютинативтік тілдердегі жеке морфемалардың (аффикстердің) арғы тегі сөз болуы мүмкін. Алайда бүгінгі тілдердегі кез келген морфеманы жеке сөзбен салыстыруға ешбір негіз жоқ. Синхрондық тіл білімі сөз бен морфеманы (аффиксті) грамматикалық жағынан да, семантикалық жағынан да принципті айырмасы бар элементтер деп есептейді. Түркі тілдерінде сөз морфологиялық құрылымы жағынан түбір мен қосымшаның қарапайым қосындысынан емес, лексикалық және грамматикалық мағына арқалаған морфемалардың күрделі тіркесінен тұрады. Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады, ал грамматикалық мағынаны білдіретін морфема аффикстік морфема немесе көмекші морфема деп аталады. Түбір морфема сөздің түпкі бөлшегі ретінде құрылысы, мағынасы жағынан әрі қарай бөлшектеуге келмесе, көмекші морфемалар өз алдына жеке тұрып, ешбір мағына білдірмейді, тек түбір морфемаларға қосылып, оған әртүрлі қосымша грамматикалық мағына үстейді.

Аглютинативтік тілдерде сөздің одан әрі бөлшектенбейтін және өзгермейтін бөлігі, нақты заттық мағынаға ие түбір біріншілік, туынды емес, өлі болуы мүмкін, яғни тек түбірлік ядродан тұруы, мысалы: түрк. kel- 'келу'/ (С+Г+С), je- (<jej-) 'жеу' /С+Г+(+С)/, ol-(<bol-) 'болу, істелу,жасалу, құрылу' / (С)+Г+С, e- (<jer-/-jir-) 'болу' / (С+)Г(+С) немесе екіншілік, туынды болуы, яғни түбірлік ядродан және өлі сөзжасам аффикстерінен құралуы мүмкін, мысалы: qyz-yl, jur-(g)ek т.б..

ГСС: ört «өрт» (Лев. 173) Тон. 40: Örtče qïzïp kelti «Өртше қызып келдi» (Айд. II, 111) ~ қаз., ққалп., ноғ. ört; тат., башқ. ürt;

64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы

Морфологиялық категориялардың ең көлемдісі және басқа категорияларға ұйтқы, негіз болатыны – сөз табы категориясы, яғни сөздердің лексика-грамматикалық тобы. Сөз табы – жалпыграмматикалық (категориалдық) мағынасы мен жекелеген грамматикалық, атап айтқанда, морфологиялық және синтаксистік белгілерінің сипаты бойынша біріктіріліп, жинақталған сөздер тобы. Мұнда морфологиялық белгі сөздердің жасалуы және өзгеруіне байланысты болатын болса, синтаксистік белгі сөздердің тіркесімділік қасиетіне қатысты болады.

Сөздерді тапқа (топқа) бөлу тіл білімінің өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуынан көп бұрын, б.з.д. ІҮ-Ү ғасырлардан Платон, Аристотель еңбектеріне барып саяды.

Түркі тілдеріндегі сөздерді тапқа бөлу Гиганов, Қазамбек, Бетлинг зерттеулерінен, ал қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлу түрколог Н.И.Ильминский еңбектерінен басталады. Ол 1860-1861 жылдарда Қазақ университетінің ғылыми жазбаларында жарияланған «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегінде сөздерді тоғыз түрлі тапқа бөледі.

Сөздерді таптастыруға қатысты елеулі пікірлер 30-жылдардың орта тұсынан бастап көріне бастады. 1936 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында (№5-6, 38-б) жарияланған С.Жиенбаевтың «Грамматикалық категориялар туралы» мақаласында сөздерді тапқа бөлуде орныққан үш принцип (семантикалық, синтаксистік, морфологиялық) бар екенін жазады..

Сөздерді тапқа бөлуде профессор Қ.Жұбанов оларды түбір тап, шылау тап, одағай тап деп үшке бөліп, басқаларын осы үшеуінен таратады. Мұндағы өзгешелік терминдік жағында. Автор есім дегеннің орнына түбір тап деген термин қолданған. Бірақ автордың қолданған темині ғылымда орнықпады. Сөздерді тапқа бөлу С.Аманжолов еңбектерінде де қарастырылған. Ол қазақ тіліндегі сөздерді тұлғасы мен лексикалық-грамматикалық белгілеріне қарай екі салаға бөліп қарайды. Терминдік, классификациялық ала-құлалықтарға қарамастан, отызыншы жылдары қазақ тіліндегі сөз таптарының негізгі түрлері, әрқайсысына тән лексикалық-грамматикалық белгілер практикалық грамматика дәрежесінде айқындалып ашылды. Сол негізге сүйеніп, кейінгі кезеңдерде тіліміздің морфологиялық жүйесі терең де жан-жақты зерттелді.

Түркі тілдерінің өте көне дәуірінде осы күнгідей сан салалы, жіктелген сөз таптары айқын көрінбеген. Орхон-Енисей жазбаларының тілінде қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптарының бәрі бірдей кездеспейді. Бар болған күнде де, осы күнгі тіліміздегідей дамыған, сараланған дәрежеде емес. М.Томанов ол тілде бір-бірінен айқын сараланған сөз таптары зат есімдер мен етістіктер екендігін жазады. Есімдер тобында басқалардан айқын жігін ашқаны – сан есімдер. Ал сын есімдер мен үстеулер, шылаулар қалыптасқан, сараланған сөздер есебінде көрінбейді. Олай болса, бүгіндегі сын есімдер мен шылаулардың салаланған топтары кейінгі дәуірде қалыптасқан болып шығады. Мұны олардың морфологиялық құрылымдары да дәлелдейді. Айталық, шығу тегі тұрғысынан қарағанда шейін (шек+ін), сияқты (сиық+ты), арқылы (арт+қа+лы), бойы (бой+ы), жөнінде (жөн+ін+де), шамалы (шама+лы) тәрізді септеулік шылаулардың есімдермен тектестігін, дейін (де+й+ін), қарай (қара+й), гөрі (көр+е) шылаулары бойынан олардың етістіктермен тектес екендігін байқауға болады. Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп жасалатындығы үстеулердің сөз табы ретінде жасалып қалыптасуынан да анық көрінеді. Мысалы: бірге, бірден, кешке т.б.

Сөз таптарының бірден емес, біртіндеп қалыптасқанын, олардың жігінің ажырап, әр басқа сөз таптарының тілдің тарихи даму барысында жасалғандығын көк, жас деген сөздердің әрі зат есім, әрі сын есім болуы да көрсете алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]