- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
Салыстырмалы-тарихи әдіс туыс, туыстас тілдер дамуының тарихи заңдылықтарын анықтау үшін қолданылатын зерттеудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Бұл әдіс түркі тілдеріне Еуропа және орыс ғалымдарының еңбектері арқылы ене бастады (т.б.) дегенімізбен, түркі топырағында салыстырмалы-тарихи әдіс ХІ ғасырда-ақ қолданылған М.Қашқари өзінің «Диуани лұғат-ит түрк» шығармасында бірнеше түркі тілдерінің деректерін салыстыра отырып отызға жуық тұлғалық өзгерістерді көрсетеді25.
Салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудың басты шарты салыстырылатын туыстас тілдердің әр деңгейдегі (фонема, морфема, лексема т.б.) сәйкестіктері анықталуы қажет. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеу негізінен екі түрлі: ретроспективті (қазіргі күйінен көнеге қарай) және проспективті (көнеден жаңаға қарай) бағытта жүргізіледі.
37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
Түркі тілдері жайлы жазылған тұңғыш түркологиялық еңбек Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігі. ХІ ғасырда грамматикалық сипатта жазылған «Диуани лұғат-ит-түрк» тарихи- салыстырмалы әдісті негізге алған, түркі тілдері мен диалектілерінің негізгілерінен (оғыз, арғу, ненужек, қыпшақ, түрк, бұлғар, қарлұқ, шігіл, яғма, ябақу, тоғсы, жомул т.б.) мысалдар келтірілген тұңғыш еңбек. Мұнда М.Қашқари 29 түрлі этнонимді атап, олардың географиялық мекенін, тіліндегі фонетикалық ерекшеліктерін көрсетеді. Түркі тілдері жайлы орта ғасырда жазылған еңбектер қатарында Махмұд Замахшаридың «Мұхаддимат-ул адаб» еңбегін (ХІІ ғ.), Жалалиддин Әбу Мұхаммад Абдуллах түркидің «Китабу бүлғат ал-муштак фи луғат-ит-түрк уа-л кифчак» (ХІҮ-ХҮ ғғ.) тәрізді құнды мұраларды айтуымызға болады. Сондай-ақ араб тіл білімі үлгісінде жазылған шығармаларда да түркі тілдері зерттеу нысаны ретінде алынған. Мысалы, Джамал ад-дин ибн Муханнаның «Хилат ул инсон уа хашбат ул-лисан» еңбегі. Араб тілінде мәмлүк қыпшақтарының тілі жөнінде жазылған Асиф ал-Дин Абу Хайыан Мухаммед ибн Али ибн Юсуф ал-Гарнатидің (Андалусий) «Китаб ал-идрак ли-сисан ал-атрак» («Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап») (ХІІІ-ХІҮ ғғ.) шығармасының да орны ерекше. Бұл еңбек мәмлүк қыпшақтарының тілі туралы грамматикалық оқу құралы. Белгілі ғалым Ә.Құрышжанов мәмлүк қыпшақтарының грамматикасында 32 дыбыс көрсетіліп, оларға айтылуы жөнінде талдаулар жасалғанын, сөз тұлғасындағы өзгерістер (айақ~азақ, арт~ард, ары~арығ, біт~бітік, буд~бут, бузағу~бузави, тіл~діл т.б.) ажыратылғанын және «Сөздік» бөлімінде 2400-дей сөз беріліп, олардың шыққан тегі мен өзгеру өрісі барынша дәл көрсетілгендігін айтады3. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің бірі – «Кодекс Куманикус» (ХІІІ ғ.) латын әліпбиімен қыпшақтар (куман) тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктер жинағы164 беттен тұрады. Шығармада құман тілінің қысқаша грамматикасы, қыпшақ сөздерінің жіктелу кестесі, септелу үлгісі берілген. Соынмен бірге, Ж. Баласағұнның «Құтты білік», А. Йассауидің «Диуани хикмет» еңбектері де осы кезеңге тән. Аталған орта ғасырлық түркі тілдері жайлы жазылған шығармалар қазіргі түркі тілдерінің даму жолын анықтауда ерекше маңызға ие тарихи қайнар көздер болып табылады.
