Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі

Реконструкция тәсілі ─ салыстырмалы-тарихи әдістің құрамдас бөлігі.

Реконструкция (лат. re- жаңғырту мәніндегі қосымша, constructio – құру) - тілдік құбылыстар мен формалардың тіл дамуының бұрынғы кезеңдері мен тектілдік күйіне тән түр-тұрпатын, әртүрлі деңгейдегі жүйелік қатынастарын қайта жаңғырту үшін жеке тілдердің өз ішінде, тілдер тобы мен семьяларының арасында қолданылатын тәсілдер жиынтығы. ‘Реконструкцияда көзделетін түпкі мақсат, негізгі мүдде ─ тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістерді ашып көрсете отырып, олардың бастапқы негіз тілге-тектілге қатысын айқындау; тіл деңгейлерін (диахрондық фонология, морфология, лексикология, синтаксис) тарихи сипаттау; тілдің эволюциялық дамуының жалпы теориясын жасау сияқты жалпы лингвистикалық проблемалардың шешімін табу болып табылады’15.

‘Реконструкция үшін зерттеудің бастапқы сатысында көне тілдер мен ескі (архаикалық), яғни жорамал ретіндегі тектілдің қасиеттері, ерекшеліктері біршама сақталған деп саналатын тілдердің материалдары лингвистикалық талдаудың арқауына алынатын болса, кейіннен басқа да тілдердің фактологиялық материалдары талдауға түседі. Қажет жағдайда тілдік семьяның жекелеген бұтақтарының тектілдерін жаңғыртуға тура келеді. Зерттеу барысында тілдік құбылыстардың, тілдік формалардың ең көне тұрпаты туралы бұрынғы түсінік өзгеріп, соның салдарынан тектілдің моделін басқаша етіп, қайтадан құрастыру қажеттігі туындап отырады’- дейді алтайтанушы-түрколог В. А Дыбо16.

Салыстырмалы-тарихи әдістің құрамдас бөлігі саналатын реконструкциялау тәсілі:

фактологиялық тілдік материалдардың жеке тілдің өз ішінде ішкі және сыртқы реконструкция, алыс және жақын реконструкция, сондай-ақ тіл деңгейлеріне қарай филологиялық реконструкция, морфологиялық реконструкция, семантикалық реконструкция, синтаксистік реконструкция болып бөлінеді.

Тіл дамуының ара лық этаптарын (промежуточный период) анықтау ішкі реконструкцияның көмегімен жүзеге асырылады. Өйткені тіл-тілдегі ‘көненің көзін’, ‘қалдық’ тұлғаларды, шағын парадигмалар мен ерекше құбылыстарды анықтап, оларды ерте кездердегі тілдік құбылыстармен байланыстыратын, сөйтіп жойылып, жоғалып кеткен тіл белгілерін жаңғыртуға мүмкіндік беретін ішкі реконструкция жеке, дербес тілдің тарихын қалпына келтірудің негізгі тәсілі болып табылады.

‘Түркі тілдері ғана емес, сол сияқты кез келген тілдік топтың салыстырмалы-тарихи грамматикасын жасауда шешуші рөл атқаратын сыртқы реконструкция жақын туыс немесе туыстас, төркіндес тілдердегі гомогенді тіл бірліктерін өзара салыстыруға негізделеді. Мұндағы көзделетін мақсат ─ шартты түрде алғандағы ең көне форманы ─ архетипті анықтау және соның негізінде тектілді, немесе негіз тілді жаңғырту. Бұл өте көне заманаларға барып саятын тектілдің бірліктерін ‘тірілту’ деген сөз емес, мұндағы мәселе онтологиялық категорияларды көрсететін модельдер туралы болмақ. Фонетикалық және грамматикалық жүйелердің қайсы бір бөліктерінің даму барысының біркелкі емес сипатына, сонымен қатар тілдік өзгерістердің қайталанып келетін тұрақты заңдылықтарына сүйенетін сыртқы реконструкция тәсілі тектілдің фонемдік және морфемдік құрамын гипотезалық тұрғыдан қайтадан қалпына келтіруге және оның қазіргі тілдердегі эволюциясын бағамдауға мүмкіндік береді’ дейді Э.Р. Тенишев17.

Қазіргі компаративистиканың практикасында талданатын материалдардың сипатына қарай бір-бірімен сабақтастықта, бірін-бірі толықтыра отырып, кешенді қолданылатын лингвистикалық реконструкцияның сыртқы реконструкция, ішкі реконструкция және филологиялық әдіс сияқты үш тәсілінің базалық негіздері мен өзара айырмашылықтары туралы Г.А Климов былай дейді: ‘Сыртқы реконструкция генетикалық туыстық байланыстағы бірнеше тілдер немесе диалектілер жүйелерінің фактологиялық мәліметтеріне сүйенетін болса, ішкі реконструкция біртұтас тілдік немесе диалектілік жүйеге негізделеді, ал филологиялық әдіс қандайда бір тілдің немесе диалектінің жазба ескерткіштерінің мәліметтерін арқау етеді.

Көне жазба дәстүрі бар тілдерді зерттеу үшін тиімді саналатын филологиялық әдіс – ішкі реконструкция әдістемесінің бір түрі. Ол көбінесе тарихи жазба ескерткіштердің хронологиялық шектеулігіне байланысты тіл тарихын зерттеуде қолданылады. Әйтседе, әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын көне жазба мұралары бар тілдер үшін архетиптердің хронологиясы мен кеңістіктегі таралу шегін біршама нақты анықтау үшін филологиялық әдіске салыстырмалы-генетикалық зерттеулер де жүгінеді. Мысалы, үндіеуропа тілдерінің әртүрлі топтары үшін санскрит, көне парсы және авест тілдерінде жазылған мәтіндерді талдаудың маңызы зор’18.

Э.Р.Тенишев тектілдік форманы жаңғыртудың түркі тілдерінің тарихы үшін айрықша маңызын: ‘Тектілдік сұлбаны (схема) реконструкциялаудың танымдық ғана емес, ғылыми-әдіснамалық маңызы зор. Ол жекелеген түркі тілдерінің тарихын зерттеуде бастапқы нүкте қызметін атқаруы керек. Тілдегі кез келген дыбыстың немесе тілдік форманың жалпы сипатын, дыбыстық немесе тұрпаттық өзгерістердің бағытын айқындау үшін олардың о бастағы көне қалып-күйін білу керек. Онсыз түркі тілдері тобына енетін қандай да бір тілдің тарихын зерттеу мүмкін емес’ деп атап көрсетеді19.

Морфологиялық реконструкция әдісі ─ тектілдің морфологиялық жүйесін жаңғырту мақсатында қолданылады. Сөздің, сөзтұлғаның ішкі морфемдік құрылымын оның дыбыстық құрылымымен байланыста қарастыратындықтан, морфологиялық реконструкция фонологиялық реконструкциямен тығыз байланысып жатады. Тектілдің морфологиялық жүйесін реконструкциялау оның әр элементінің белгілі бір грамматикалық семантика арқалауына байланысты, сондай-ақ ‘грамматикалық аналогия’ деген жалпы атпен белгілі көптеген факторлардың морфологиялық жүйедегі өзара қарым-қатынасына қатысты біршама күрделі болып келеді. Тектілдің морфологиялық жүйесін жаңғырту барысында жекелеген морфемдерді реконструкциялауға ғана емес, сөзтүрлендіру мен сөзжасам парадигмасын да қайта келтіруге де айрықша назар аударылады.

Осы кезге дейін салыстырмалы-тарихи синтаксистің ең басты екі проблемасы – тектілдік синтаксистік жүйе және тектілдегі сөзтіркестері мен сөйлемдер жиынтығы, оларды реконструкциялау мәселесінде қалыптасқан ортақ бір пікір жоқ деуге болады. Сондықтан реконструкция мәселесі синтаксис саласында біршама қиындықтар тудырады. Ол туралы Н.З.Гаджиева, Б.А.Серебренниковтар былай дейді: ‘Бұл салада нақты да айқын әдіс жоқ. Әсіресе синтаксистік архетипті жаңғырту мәселесі қиындау. Бір қарағанда генетикалық туыс тілдер тобына тән сөздер мен дыбыстық сәйкестіктерді білудің негізінде синтаксистік архетиптерді реконструкциялауға болатын сияқты көрінгенімен, сөзтіркестері мен сөйлем моделдерінде тұрақты лексикалық құрамның болмайтыны, ол құрамның үнемі өзгеріп ауысып отыратыны синтаксистік реконструкция жасауда біршама қиыншылықтар тудырады’.

Лексика-семантикалық реконструкция әдісі – лексикалық өрістің құрылым-құрылысын және тілдің жазба тарихы барысында онда жүретін өзгерістерді айқындау үшін қолданылатын амал-тәсілдер жиынтығы. Ең бастыларына лексикалық бірліктерді дистрибуттық және компоненттік талдау, лексеманың әртүрлі кезеңдердегі қалып-күйін салыстыру амалдары жатады20.

Компаративистердің басым көпшілігі салыстырмалы-тарихи фонетиканың, салыстырмалы-тарихи морфологияның, сондай–ақ тарихи семасиологияның қол жеткізген жетістіктеріне сүйеніп, сонымен қатар тілдің тарихи дамуының эксралингвистикалық және лингвистикалық факторларын ескере отырып, салыстырмалы-тарихи әдістің сан алуан амал-тәсілдерін (ішкі және сыртқы реконструкция, филологиялық әдіс, фонологиялық реконструкция, морфологиялық реконструкция, синтаксистік реконструкция, лексикасемантикалық реконструкция т.б.) типологиялық және ареалдық әдістермен тоғыстыру арқылы жасалған терең этимологиялар негізінде жалпытектілдік лексикалық қорды қалпына келтіруге болады деп санайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]