- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
Түркітанушығалымдартүркітілдерініңдамуыналтыкезеңгебөліпқарастырады:
Алтай дәуірі
Хундәуірі (б.з. Ү ғасырынадейін)
Көнетүркідәуірі (Ү-Х ғғ.)
Орта түркідәуірі (Х-ХҮ ғғ.)
Жаңатүркідәуірі (ХҮ-ХХ ғғ.)
Еңжаңадәуір (1917 жылданкейінгікезең)2.
Алтай дәуірі – мерзіміжағынананықталмаған, түркітілдерініңдамуыныңеңалғашқыкезеңі. Түркі-монғол, тұңғыс-маньчжур, корей-жапон, угро-фин, самоди тілдеріндегі дауысты дыбыстар үндесуі, дауыстылардың ассимиляциясы, түбірдегі үнді дыбыстардың ұқсастығы, мәселелердегі ұқсастықтарды негізге ала отырып, бір топ ғалымдар Орал-алтай тіл бірлестігі теориясын ұсынады (Х.Винклер, С.М.Широкогоров, Б.Коллиндер, М.Рясянен т.б.). Бұл ғалымдардың пікірінше өте ерте кездерде (хронологиялық мерзімі анықталмаған дәуірде), орал және алтай тілдері бір негізден өрбіген. Орал тілдері кейіннен екі тармаққа: угро-фин және самоди тілдеріне бөлініп кеткен. Ал алтай тілдері үш тармаққа: түркі-монғол, тұңғыс-маньчжур, корей-жапон тілдеріне ыдыраған.
ХІХ ғ. соңы - ХХғ. басында алтай тілдерінің генеалогиялық классификациясын жасауда негізге алынған «алтай гипотезасы» бүгінгі таңда «ғылыми болжамдық» деңгейден алтаистика немесе салыстырмалы-тарихи алтай тіл білімі деп аталатын дербес ғылым саласы. «Алтайлық» тілдік материалдарды жинақтап, сұрыптау мәселелеріне арналған Г.И.Рамстедт, Дж. Клоусон, Н.Н.Поппе, М.Рясянен, Г.Дерфер, А.М.Щербак, Д.М.Насилов, А.М.Позднеев, Т.М.Розин, О.П.Суник, В.А.Аврорин, Д.Шинор, Н.А.Баскаков, В.Дыбо т.б. белгілі ғалымдардың іргелі еңбектері сан алуан амал-тәсілдерімен толықтырылды. Алтайлық тектілдің ыдырау процесінің қазіргі алтай тілдеріндегі реликт белгілері қатарында – дауысты uдыбысынан кейін келетін тұңғыс тіліндегі t,маньчжур тіліндегі sдауыссыздарының түркі-монғол тілдеріндегі č≈š дауыссыздарына сәйкес келуі; якут тілінде, хакас тілінің сағай және белтир диалектілерінде, башқұрт тілінде тұңғыс-маньчжур тілдеріндегі s≈tсәйкестігінің sтұлғалы вариантының сақталуы: тұңғыс тіліндеgutijn, хакас тіліндеküs, якут тіліндеküüs, башқұрт тіліндеkös“күш” лексемаларымен сәйкес келуі; т.б. Осы дәуірдің соңғы кезеңдерінде жалпытүркі-моңғол тек тілі іштей түркі тілдері және монғол тілдері болып екіге ажырады. Бұл жіктеліс қазіргі тілдердегі мынадай тілдік құбылыстар арқылы дәлелденеді: монғол тілдеріндегі р, л дыбыстары түркі тілдерінде з, ш//с дыбыстарына сәйкес келеді (р–з, л–ш//с). Түркі тілдері ішінде көне бұлғар тілі мен қазіргі чуваш тілі ғана монғолдық ротацизм (р) мен ламбдаизмді (л) сақтап қалған. Мысалы қазақ тілінде: qïz «қыз» лексемасының rтұлғалы нұсқасы qïz-qïrqïn«қыз-қырқын» қос сөзінің құрамында сақталса, kör≈köz, semir≈semizсинкретті жұптарында есім, етістік мәндерінде жұмсалады. Зерттеушілер түркі-монғол тілдерінің ыдырау процесінің түбегейлі аяқталуын да r, l дыбыстары мен z, s, š дыбыстарының сәйкестіктерімен байланыстырады.
40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
Тілдердің туыс тілдер деп саналуы үшін, ең алдымен, олардың лексикалық қорында семантикалық жағынан да, тұлғалық жағынан да бірдей немесе ұқсас сөздердің басым болуы шарт. Осы ортақ лексика негізінде олардың фонетикалық жүйесіндегі, грамматикалық құрылымындағы ортақтықтар мен ерекшеліктер айқындалады. Түркі тілдерін зерттеу мен оларға классификация жасауға И. Н. Березин (1848), Н. И. Ильминский (1860), В. В. Радлов (1882), Н. Ф. Катанов (1894), Н. А. Аристов (1896), Ф. Е. Корш (1910) тәрізді орыс ғалымдары ерекше үлес қосты. 1922 жылы жасалған А.Н.Самойловичтің классификациясында түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері кеңірек қамтылады. А.Н.Самойловичтің классификациясы бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің Тау-тобы немесе қыпшақ, солтүстік-батыс тобы жатады,монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасқан тілдердің бірі саналады. А.Н.Самойловичтүркі тілдерін алты топқа жіктеудің негізгі шарты ретінде аяқ, бол, қалған, сары, тау, тоғыз сөздерінің фонетикалық және морфологиялық өзгерістеріне сүйенеді:
1. Р-тобы немесе бұлғар, чуваш тобы (көне бұлғар тілі, чуваш тілі): ура, рул, тау / ту, қалан, сарм, тохар;
2. Д-ұйғыр немесе солтүстік- шығыс тілдері: тоқуз, пол, тағ, сариғ, қылған. Аяқ сөзінің тұлғалық өзгерістеріне қатысты іштей үш топшаға бөледі: Д-топшасы (Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі, көне ұйғыр тілі, тува, тофалар, салар тілдері): адақ «аяқ»; Т-топшасы (якут тілі): атақ «аяқ»;
З-топшасы (сары ұйғыр, шор, хакас тілдері) азақ «аяқ»;
3. Тау-тобы немесе қыпшақ, солтүстік-батыс тобы: тоғуз, айақ, бул/бол, тау, сары, қалған. Монғол шапқыншылығына дейін қалыптасқан тілдер (алтай, қырғыз, телеуіт, құмық, қарашай-балқар, татар, башқұрт), монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасқан тілдер (қазақ, ноғай) деп іштей екі топшаға бөледі;
4. Тағлық тобы. Шағатай немесе оңтүстік-шығыс тобы (шығыс Түркістанда тұратын түркілердің тілі): тоқуз, айақ, тағ, қалған, сарық, бол;
5. Тағлы-тобы. Қыпшақ-түрікмен немесе орта топ (Хорезм өзбектерінің тілі): аяқ, доқуз, бол, қалған, сары, тағ;
6. Ол-тобы. Түрікмен немесе оңтүстік батыс тобы (әзірбайжан, түрікмен, түрік, гагауз тілдері): айақ, доқуз, ол, дағ, сары, қалан. Түркі тілдерін топтастыруда өзіндік із қалдырған ғалымдар қатарына В.А.Богородицкий де жатады (1933 ж.). В.А.Богородицкий фонетикалық ерекшеліктермен қатар географиялық-аумақтық белгілерді де негізге ала отырып, түркі тілдерін жеті топқа бөледі: солтүстік батыс топ (якут, тува, қарағас тілдері); хакас тобы (хакас тілі); алтай тобы (алтай тілі); Батыс Сібір тобы (чұлым, Барабин, Тобыл, Түмен татарларының тілдері); Волга және Орал бойындағы татар, башқұрттардың тілдері; Орта Азия тобы (қазақ, қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек тілдері); Оңтүстік батыс тобы (әзірбайжан, түрік, түрікмен тілдері)2. Қазақ тілі В.А.Богородицкий классификациясы бойынша Орта Азия тобына енеді.
Г. Рамстед класс. Түркі тілдерін 5 топқа бөледі. 1- топ. Чуваш тілдері жатады 2- топ. Якут тілдері жатады 3 -топ. Солтүстік топ. Оған түрік тілі мен диалектісі, алтай және ақын аудандар
4-топ. Батыс тобы. Оған қырғыз, қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық, 12 тіл жатады
5-топ. Шығыс топ. Жаңа ұйғыр тілі, өзбек тілі 6-топ. Оңтүстік топ. Түркімен, Әзірбайжан, түрік, гагауз тілдері
41)
Сілтеу есімдіктеріне
тән сөздердің негізгі лексикалық
мағыналары аралық қатынастарды көрсету
болып табылатындықтан олар әрқашан
сөйлеушіге не сөйлемдегі субъектіге
субстанциялар мен құбылыстардың әр
алуан жақын немесе алыстық тәрізді
аралық қатынастырын білдіріп отырады.
Ескерткіштер тіліндегі негізгі сілтеу
есімдіктерінің саны аз, олар септік
тұлғаларын қабылдауы арқылы мағыналық
аясын кеңейтіп отырады. Көнетүркілік
сілтеу есімдіктері септік формаларының
-tа,
-čа
қосымшалары арқылы жасалады:
Сілтеу есімдіктері |
|
1 |
2 |
VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде |
Қазақ тілінде
|
аnta |
Sоndа |
anča |
Sоnšа |
bunta |
mundа/bunda |
bunča |
bunšа/ munšа |
bu |
bul(ауызекі тілде: bu) |
оl |
оl, sоl |
Бұлесімдігінің алғашқы түбірі бұ (бу) болған. Қазақ тілінде бұ жақ, бұ кез, бұ кісі деп, -л-сіз айту нормаға айналған. Басқа да түркі тілдерінде, мысалы: қырғыз: бұл, башқұрт: был, өзбек, түрікмен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, әзірбайжан, якут, алтай тілдерінде: бу, тува: бо, хакас: пу, шор: по түрінде айтылады. Көне түркі ескерткіштерінде де бу түрінде ұшырасады. Мұндай фактілер байырғы түбір құрамында –л элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі. Бұл сөзі бу және ол сөздерінің бірігуінің нәтижесі болса керек. Өйткені көне жазбалар тілінде бу және ол есімдіктері қабаттас келіп, бір қызметте әрі қазіргі бұл есімдігінің мағынасында қолданылғаны байқалады. Мысалы: Бу ол бір сөзум (Бұл бір сөзім). Сондай-ақ бұл есімдігінің қызметінде ол сөзінің қолданылуы да ұшырасады: Ол сабығ ешітіп қағанғару ол сабығ ыттым (Бұл сөзді естіп, қағанға айттым).
Мына, мынауесімдіктерін М.Томанов бұл есімдігімен түбірлес деп қарайды. Қазіргі түркі тілдеріндегі мына, мынау, бынау сөздерін және олардан туындаған мынадай, мұндай, бұндай, мұнда, бұнда сөздерін салыстырсақ, барлығына ортақ түбір мын, мұн, бұн екенін көреміз. Бұлар бір ғана түбірдің фонетикалық варианттары: м~б, ы~ұ. Мұнда түбірдегі –н бұл есімдігіндегі –л-дің варианты.
Мына, мынау есімдіктерінің алғашқы түбірі мын- болса, соңғы –а, -ау қосымшаларының арғы төркіні жайлы нақты пікір жоқ. Дегенмен Г.И.Рамстедт –а элементін ол сілтеу есімдігінің өзгерген түрі деп есептейді. В.Котвич мұны барыс септік қосымшасы дейді. Ал Ә.Ибатов оны ескі қолданыстан қалған сілтеу есімдігі деген жорамал айтады. Мынау сөзіндегі –у элементін В.М.Насилов ұйғыр тіліндегі –ву сілтеу есімдігінің қысқарған варианты деп түсіндіреді.
Ана, анауесімдіктері ол есімдігімен түбірлес. Мұндағы ан шығу тегі жағынан ол есімдігінің фонетикалық варианты. Алайда М.Томанов ан құрамындағы –н сен жіктеу есімдігіндегі –н-мен тектес дегенді айтады.
Сол сілтеу есімдігі осы тұлғада қазақ тілінен басқа қарақалпақ, ноғай тілдерінде кездеседі. Басқа түркі тілдерінде шул (башқұрт, татар), ошол, ошо (қырғыз), шол, со (құмық), шу (түрік, түрікмен), сити (якут).Сол есімдігінің қалыптасуы бір кездерде есімдіктерге қабаттаса айтылған ош (уш) күшейтпелі сөзі мен ол есімдігінің бірігуімен түсіндіріледі. Келе-келе фонетикалық өзгеріске түсудің салдарынан сол есімдігі қалыптасса керек. Сонда: ош-ол → ос-ол → шол//сол
Осыесімдігі ош және о есімдіктерінің бірігуінен қалыптасқан. Башқұрт тілінде ошо түрінде, қырғыз тілінде ушул, ушу, түрінде айтылса, осындағы ушул тұлғасын ең ескі деп қарауға болады. Есімдіктер құрамындағы –л дыбысының (ол) тұрақсыз екені белгілі. Сонда қазақ тіліндегі осы есімдігінің қалыптасу жолын былайша қарауға болады: ош-ол → ос-ол → ошо//осо → осы. Сөз соңындағы еріндік дауыстының езулікке айналуы тарихи тұрғыдан қазақ тіліне жат құбылыс емес.
