- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
Қазақ тілінің жаңа дәуірі (ХХ ғ. басынан бастап бүгінге дейін) ауызекі және жазба тілдің, сондай-ақ жазба әдеби тілдің демократиялық даму мазмұнымен және оның құрылымдық бөліктерінің жетілдірілуімен, жазу ережелерінің, лексика-грамматикалық нормаларының тұрақтануымен, функционалды стилдерінің дамып келе жатқан көп жанрлы көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік және қоғамдық-ағартушылық әдебиет негізінде саралануымен сипатталады. Бұл дәуірде түркологияның жеке бір саласы ретінде қазақ тіл білімі қалыптасты.
45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
Есімдік сөздер сөйлемнен тыс жеке-дара тұрғанда да, сөйлем ішінде қолданылғанда да мағыналары нақтылы емес жалпылама қалыпта болып отырады.
Түркі тілдеріндегі айрықша грамматикалық топ ретінде танылатын есімдіктердің негізгі ерекшеліктері:1) қай сөз табы болмасын, оның өзіне тән (немесе жартылай тән) сөз жасау жүйесі болады. Осындай жүйе есімдіктерде жоқ. Жалпы бүгінгі тіл заңдылықтары тұрғысынан есімдіктер басқа сөздерден жасалмайды; 2) есімдіктер тек грамматикалық өзгерістерге ғана ұшырайды, септік, көптік, тәуелдік жалғаулары арқылы түрленеді. 3) тек есімдіктерге ғана тән грамматикалық, категориялар жүйесі жоқ. Бұл ерекшеліктер ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тіліне де, қазіргі түркі тілдеріне де ортақ.
Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің тарихи даму барысы Г.Рамстедт, Н.Поппе, В.Котвич, А.Габен, Ж.Дени, К.Н.Менгес, О.Прицак, В.Банг, Й.Бензин, Б.А.Серебренников, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев т.б. белгілі алтаист – түркітанушылардың зерттеулерінде арнайы қарастырылып, олардың арғыалтайлық және арғытүркілік тұлғаларын жаңғыртуға айрықша назар аударылды.
Жіктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер тобы. Сол себепті жіктеу есімдіктері үнемі адаммен, яғни сөлеуші, тыңдаушы және бейтарап бөгде кісіге қатысты қолданылады.
Арғыалтай тілінде *min ‘мен’, *sin‘сен’, *in ‘ол’ тұлғасында жаңғыртылатын жекеше түрдегі жіктеу есімдіктері түркі тілдерінде men/ben ‘мен’, sen‘сен’, моңғол тілдерінде bi ‘мен’, či(<*ti) ‘сен’, тұңғыс тілдерінде si ‘сен’, маньчжур тілінде i ‘ол’ түрлерінде қолданылады50. Г.Рамстедт пікірі бойынша: түрк., моңғ., тұңғ. *min ‘мен’, моңғ. *tin және түрк., тұңғ. *sin ‘сен’ архитұлғалары түркі тілдерінде екпін күшінің салдарынан немесе деиктикалық күшейту жолымен män, sän болып өзгерген, ал негіз соңындағы -n атау септігінде өте ерте кездерде-ақ жойылып кеткен. Жіктеу есімдігінің III жағы (атау сеп. i, негіз – in-) тек маньчжур тілінде ғана септелетін жеке сөз ретінде сақталып қалған, ал корей тілінде i энклиттік қолданыста атау септігінің детерминденген тұлғасын жасауға негіз болады (čip‘үй’, čibi ‘(нақ осы) үй’), ал түркі тілдерінде -i, -in- тәуелдіктің III жағының қосымшаларына айналған51.
Түркітанушылардың көбі bä-n /mä-n ‘мен’ және sä-n ‘сен’ жіктеу есімдіктері соңындағы -n тұлғасын жекелікті білдіретін, я болмаса негізгі түбірге жалғанатын ‘посессивтік көрсеткіш’, *bi-z және*si-z соңындағы –z тұлғасын көптіктің көрсеткіші деп санайды. Түркітануда біршама орныққан ой-пікірлер қатарына септелетін bän-/män- және sän- негіздерінің жалпыланып, атауыштық мәндегі *bi және*si тұлғаларын алмастырғаны жайлы, яғни түркі тілдерінің көбінде о бастағы bä/ bi және sä/ si тұлғаларының орнына атау септігінде bän (>män) және sän, biz және siz қолданылабастағаны туралы пікір де жатады.
Тарихи даму барысында өзінің жеке сөз ретіндегі дербестігінен айырылған жіктеу есімдігінің III жақ арғытүркілік *i (*n) ‘ол, сол’ тұлғасының із-сілемдері септіктерде (көне түрк. inärü~ïnaru ‘арырақ, ана жаққа қарай’, якут. innä ‘анда, ана жақта’), тәуелдіктің III жағының қосымшаларында (-ï/-i, -sï/-sï: чув.-i/-e,-ěšě/-ěš; якут. -ä/-a, -tä/-ta), сілтеу есімдіктерінде (түркім. ine ‘мынау’, балқ. in-ol ‘анау, ана біреу’, inanda ‘анау жақта’), қыстырма сөздерде (көне түрк. inčip~ïncïp‘сонымен’, хал. ïnaγda, ïna‘γča ‘былайша айтқанда’) т.б. сақталып қалған52.
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштер тілінде есімдіктердің бірнеше топтары кездеседі
Ескерткіштер тілінде үшінші жақты білдіретін жіктеу есімдігінің жекеше және көпше түрлерінің арнайы формасы жоқ, контекске байланысты ажыратылады. Оl лексемасы сілтеу есімдігінің қызметінде де жиі қолданылады.
Жіктеуесімдіктері |
|
VI-IX ғасырескерткіштерітілінде |
Қазақтілінде
|
Ж е к е ш е |
|
bеn/mеn |
Mеn |
sіn/sеn |
sеn/siz |
Оl |
Оl |
К ө п ш е |
|
Bіz |
Bіz |
Sіz |
sіzdеr/sender |
Оl |
Оlаr |
Жіктеу есімдіктерінің жекеше және көпше тұлғаларының, бірінші және екінші жағының, жіктік жалғауларының бірінші және екінші жағының өзара байланыстары жайлы бірнеше көзқарастар мен болжамдар бар: жіктеу есімдіктерінің көптік тұлғасы мен жекеше тұлғаларының өзаракірігуінен -mіn, -sіn, -bіz, -sіn, -seн, -sіz морфемаларын құрайтын жіктік жалғаулары қалыптасқан (О.Бетлингт.б.); жіктеу есімдіктерінің көпше түрінің құрамындағы -z көптікті (екі, үш немесе одан көп) білдіретін қосымша, бірінші компоненттерін құрайтын mі, sі – жекеше түрлері, есімдіктердің жекеше түрлері архиформа болып табылады, олардың даму бағыты: І.mе(n), bі(n), mі(n), se(n), sі(n), *е(n), *і(n). ІІ.bа(n), mа(n), sа(n), *а(n); ІІІ.bi(z), si(z), *і(z). Жіктеу есімдіктері морфологиялық ыдыраудың негізінде қазіргі түркі тілдерінде әртүрлі фонетикалық варианттармен қалыптасқан (В.Л.Котвич, Г.И.Рамстедт т.б); жіктеу есімдіктерінің архитұлғасы pän, sän, ïn, аn, pis, sis лексемаларынан тұрады, кейіннен қатаң дыбыс фразалық екпін нәтижесінде ұяңға өзгеріп, b, m дыбыстарына айналған: (пän) -bän (män) -mеn. І жақ тұлғасының дауысты äдыбысымен айтылатын варианты бірінші, e (mеn), і (-иІ-min), ij(І-mijn) дыбыстарымен айтылатындары кейін қалыптасуы мүмкін (Н.А.Баскаков); түркі тілдеріндегі жіктеу есімдіктерінің архиформаларын pän, sän, ïn, аn, pis, sis,аnlа тұлғалары құрайды (А.М.Щербак).
Сілтеу есімдіктер әрқашан сөйлеушіге не сөйлемдегі субъектіге субстанциялар мен құбылыстардың әр алуан жақын немесе алыстық тәрізді аралық қатынастырын білдіріп отырады. Ескерткіштер тіліндегі негізгі сілтеу есімдіктерінің саны аз, олар септік тұлғаларын қабылдауы арқылы мағыналық аясын кеңейтіп отырады. Көнетүркілік сілтеу есімдіктері септік формаларының -tа, -čа қосымшалары арқылы жасалады:
Сілтеуесімдіктері |
|
1 |
2 |
VI-IX ғасырескерткіштері тілінде |
Қазақтілінде
|
Аnta |
Sоndа |
Anča |
Sоnšа |
Bunta |
mundа/bunda |
Bunča |
bunšа/munšа |
Bu |
bul(ауызекітілде: bu) |
Оl |
оl, sоl |
Бұл есімдігінің алғашқы түбірі бұ (бу) болған. Қазақ тілінде бұ жақ, бұ кез, бұ кісі деп, -л-сіз айту нормаға айналған. Басқа да түркі тілдерінде, мысалы: қырғыз: бұл, башқұрт: был, өзбек, түрікмен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, әзірбайжан, якут, алтай тілдерінде: бу, тува: бо, хакас: пу, шор: по түрінде айтылады. Көне түркі ескерткіштерінде де бу түрінде ұшырасады. Мұндай фактілер байырғы түбір құрамында –л элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі. Бұл сөзі бу және ол сөздерінің бірігуінің нәтижесі болса керек.
Мына, мынауесімдіктерін М.Томанов бұл есімдігімен түбірлес деп қарайды. Қазіргі түркі тілдеріндегі мына, мынау, бынау сөздерін және олардан туындаған мынадай, мұндай, бұндай, мұнда, бұнда сөздерін салыстырсақ, барлығына ортақ түбір мын, мұн, бұн екенін көреміз. Бұлар бір ғана түбірдің фонетикалық варианттары: м~б, ы~ұ. Мұнда түбірдегі –н бұл есімдігіндегі –л-дің варианты.
Ана, анауесімдіктері ол есімдігімен түбірлес. Мұндағы ан шығу тегі жағынан ол есімдігінің фонетикалық варианты. Алайда М.Томанов ан құрамындағы –н сен жіктеу есімдігіндегі –н-мен тектес дегенді айтады.
Сол сілтеу есімдігі осы тұлғада қазақ тілінен басқа қарақалпақ, ноғай тілдерінде кездеседі. Басқа түркі тілдерінде шул (башқұрт, татар), ошол, ошо (қырғыз), шол, со (құмық), шу (түрік, түрікмен), сити (якут).Сол есімдігінің қалыптасуы бір кездерде есімдіктерге қабаттаса айтылған ош (уш) күшейтпелі сөзі мен ол есімдігінің бірігуімен түсіндіріледі. Келе-келе фонетикалық өзгеріске түсудің салдарынан сол есімдігі қалыптасса керек. Сонда: ош-ол → ос-ол → шол//сол
Осыесімдігі ош және о есімдіктерінің бірігуінен қалыптасқан. Башқұрт тілінде ошо түрінде, қырғыз тілінде ушул, ушу, түрінде айтылса, осындағы ушул тұлғасын ең ескі деп қарауға болады. Есімдіктер құрамындағы –л дыбысының (ол) тұрақсыз екені белгілі. Сонда қазақ тіліндегі осы есімдігінің қалыптасу жолын былайша қарауға болады: ош-ол → ос-ол → ошо//осо → осы. Сөз соңындағы еріндік дауыстының езулікке айналуы тарихи тұрғыдан қазақ тіліне жат құбылыс емес.
Сұрау есімдіктері – заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін т.б. білу мақсатында қолданылатын сұрау мәнді сөздер тобы. Сұрау есімдіктерінің субстантивтік (кім? не?) және атрибутивтік (қай? қайсы?) болып бөлінуі заттың атын білу үшін қойылатын сұрақтарға және заттың белгісін білу мақсатында қойылатын сұрақтарға қатысты. Ескерткіштер тіліндегі сұрау есімдіктері қазіргі қазақ тілінде негізінен сақталған. Көнетүркілік сұрау есімдіктері септік формаларының -kе/-gе, -tаn, -nï,-ni, -tеg қосымшалары арқылы жасалады. Көне жазбалар тіліндегі қаны, қайда, қанта, қантан түрінде қолданылатын сұрау есімдіктерінің түбірінде н~й сәйкестігі байқалады.
Сұрауесімдіктері |
|
VI-IX ғасырескерткіштері тілінде |
Қазақтілінде
|
kim /kem |
Kіm |
Kimke |
Kimge |
Nе |
Nе |
nеkе/nеgе |
Nеgе |
Kаč |
Qаnšа |
Qanї |
qanї/känі,qаjdа |
qаntаn |
Qаjdаn |
Аntеg |
Qаndаj |
Сұрау есімдіктерінің қазіргі тұлғалары тарихи тұрғыдан құранды саналады.алтайлық тектілдік деңгейінде *ka/*ke ‘қайда’ және -*ja/-je тәрізді екі сұрау есімдігі жаңғыртылып, олардыңтүркі тілдерінде qa- (qana/qany/qaju ‘қайда’) / ke- (kam, kim)түріндегі тұлғалануы көрсетіледі.53 Қазіргі түркі тілдеріндегі сұрау есімдіктері үш түбірдің айналасына топтасады. Олар: кім, не, қай (қан). Қай түбірі қазіргі қазақ тіліндегі қайда, қайдан, қанша, қашан, қандай, қаны (кәні), қалай тәрізді сұрау есімдіктеріне негіз болған. Барлығына ортақ түбір – қай (қан).
Қашанесімдігінің қалыптасуын Ф.Г.Исхаков қан-шағ-ын деп, қан және шағ сөзінің көне түркілік құралдық септік (-ын) тұлғасымен бірігуінен, сөйтіп қысқаруынан жасалған деп түсіндіреді. М.Томанов қазақ тілінде қай және шақ сөздерінің тіркесі мезгіл, уақытты білдірудің тәсілі екенін, осы тұрғыдан келгенде, бұл пікірдің шындыққа саятынын жазды.
Не сөзі немене, неге, неше сөздерінің жасалуына негіз болған. Немене сөзіндегі неме түбірі алғашқыда заттық ұғымды білдірген, сұраулық мән туғызу үшін не сөзі қосылған. Неше сөзінің құрамындағы –ше үстеулер құрамындағы қосымша болуы мүмкін. Не есімдігінің және оның әр түрлі тұлғаларының басқа сұрау есімдіктері орнына қолданылуы көне түркілік жазбаларда жиі ұшырасады. Мысалы: Не қағанқа ісіг-күчіг берүрмен (Қай қағанға ісім мен күшімді жұмсармын). Не йерде (Қай жерде). Негү өтүнелім (Қалай өтінейік).
Өздік есімдігі – сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан ажыратып, даралап көрсетуші сөздер. Көне түркілік ескерткіштердегі бір ғана өз сөзінің тәуелдік жалғаусыз қолданылуы ұшырасады. Мысалы: Il jeme il boltï Budun jeme budun boltï özüm qarï boltïm neŋ jerdeki qaγanlïγ budunqa Тон.56 «Ел тағы да ел болды. Халық та қайта халық болды. Өзім қартайдым, үлкен болдым Қайдағы қағандық халық болса да» Айд.ІІ,114.
Ғ.Айдаров көне түркі ескерткіштерінде кентү тұлғасындағы өздік есімдігін көрсетеді. Еdgü еlіŋе kentü jаŋïltïγ БҚ.19 «Игі Елің өзі жаңылды».
Түркі тілдерінде öz түбірінен жасалатын өздік есімдіктер септік, жіктік, тәуелдік және көптік жалғауларымен түрленеді:
Өздікесімдігі |
|
VІ-IXғасырескерткіштері тілінде |
Қазақтілінде
|
Öz |
Öz |
Özim |
Özim |
Öziŋ |
Öziŋ |
Özi |
Özi |
Kentü |
Ø |
Kentüm |
Ø |
Kentüsi |
Ø |
Жалпылау есімдіктері белгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына, толдықтай қамтылуына қатысты айтылатын жалпылау, жинақтау мәнді сөздерден тұрады. Орхон, Енисей ескерткіштері тілінде жалпылау, жинақтау мәні бар qamuγї «бәрі», ükül «бүкіл», üküš «барлық»сөздері қолданылады. Мысалы: Qamuγї bеš оtuzsülеdіmіz БҚ.15 «Барлығы жиырма бес рет соғыстық»; ükül «бүкіл», üküš «барлық»: Bilig bilmez kisi ol sabїγ alur, jaγur barїγ, üküš kisi ӧltig. КТк.7 «Білімсіз кісілер сол сөзге сеніп маңына барып, барлық (көп) кісі өлді».
Болымсыздық есімдігі жалпы есімдіктердің болымды мағынасына қарама-қарсы болымсыздық мәнінде қолданылатын сөздер. Қазіргі қазақ тілінде еš, еškіm, еštеŋе, еšnäрsе, еšbіr, еšqаšаn, еšqанdаj, еšqаjsï т.б. болымсыз есімдіктер қолданыста. Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде болымсыздық, белгісіздік мәнді neŋ «еш» есімдігі тіркелген: Ötüken jir olurїp,arqїš-tirkiš їsar, neŋ bunuγ joq, ... КТк.8 «Өтүкен жерінде отырып /қазынаға/ керуен жіберсең, еш мұңың жоқ. ... Айд.ІІІ, 55.; Neŋ jїlsїγ budunqa olurmadїm. Ičire ašsїz, tašra tonsїz, jabїz, jablaq budunta üze olurtїm. КТү.26 «Ең болмаса, бай халыққа отырмадым. Іші ассыз, сырты тонсыз, әлсіз нашар халыққа отырдым (билік еттім). Айд. ІІІ,63.
