Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары

Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары салысытрылатын туыстас тилдердин ар денгейдеги (фонема лексема морфема тб) сайкестиктери аныкталуы кажет. Тилдердин даму жолын тарихи тургыдан зерттеунегизинен еки турлы: ретроспективти(казирги куйнен конеге карай) жане проспективти (конеден жанага карай) багытта жургизиледы.

81-сұрақ. Салт – сабақтылық мән және етіс категориясы

Біздің тілімізде әрі салт, әрі сабақты қызметте қолданылатын оқы (кітаптан оқы, кітапты оқы), жаз (қағазды жаз, қағазға жаз), қара (малды қара, малға қара), ұрыс (баланы ұрыс, балаға ұрыс), ойна (рөлді ойна, баламен ойна) т.б. сияқты етістіктер бар. Мұндай етістіктердің салт түрінен сабақтыға немесе сабақтыдан салтқа ауысуы етіс қосымшалары арқылы іске асады және бұл көне құбылыс. Бір ғана етістіктің екі түрлі грамматикалық мағынада қолданылуын көнедегі салт және сабақты мәндердің айқын жіктеліп, сараланбаған кезінің қалдығы деп есептеуге болады: табыс жалғаулы сөздер Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштері тілінде тек қана тура объектілік мәнде жұмсалмайды, сонымен қатар мекен, мезгіл, мөлшер мәндерін де береді. Мұндай мәндердің болуы табыс жалғаулы сөздердің сабақтылық мән бермейтін етістіктермен тіркесе жұмсалуынан келіп туады. Мысалы: Алтун йысығ аса келтіміз (Алтай тауын аса келдік). Ертіс үгүзүг кече келтіміз (Ертіс өзенін кеше келді).

Көне түркі тілінде йоры (жорыту), йерле (орналасу) тәрізді етістіктер табыс септігімен бір тіркесте қолданылған.

Салт және сабақты етістіктердің қалыптасу, жіктелу жолын былай жобалауға болар еді: ең әуелі бейтарап түбірлердің контекстік ыңғайында салт немесе сабақты ретінде қолданылуы, содан кейін етіс аффикстерінің қалыптасуы, солар арқылы етістіктердің сабақтыға немесе салтқа айналуы.

Салт, сабақтылық мән етіс категорияларында даму барысында жіктеліп жүйеленген. Етіс категориясының арнаулы аффикстермен берілуі түркі тілдері тарихында жаңа құбылыс емес. Қазіргі тіл құрамындағы етіс қосымшаларының барлығы дерлік Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштерінен бастап қолданылады.

Етіс категориясының арнаулы аффикстермен берілуі түркі тілдері тарихында жаңа құбылыс емес. Қазіргі тіл құрамындағы етіс қосымшаларының барлығы дерлік Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштерінен бастап қолданылады.

Өздік етіс қосымшасы ескерткіштер тілінде -н, -ын, -ін, -ун, -үн түрінде қолданылып, іс-әрекет иесі сөйлеушінің өзі екендігін білдірген. Мысалы: өзім сақынтым (өзім қайғыландым), анча сақынтым (қатты уайымдадым). Орта ғасыр жазбаларынан: Ол евге барынды (ол үйге барды). Ол асы татынды (ол астан татты). Ол тарығ тарынды (Ол тары екті).

82-сұрақ. Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы

Бір негізден өрбіген 40 шақты түркі тілдері ұзақ жылдар бойы дамып, жетіліп, өзара және өзге жүйедегі тілдермен ұдайы қарым-қатынаста бола отырып, өзіндік ерекшеліктерімен қалыптасты. Әрбір тілдің даму, қалыптасу жолы да, өзара туыстық деңгейі де әр түрлі.

Туыс тілдердің фонетикалық жүйесіндегі, морфологиялық құрылымы мен лексикалық құрамындағы, синтаксистік конструкциясындағы ортақтықтар мен ерекшеліктерді анықтау қазіргі түркі тілдерінің тарихи даму жолын көрсетіп, әрбір тілдің өзіндік табиғатын айқындауда, олардың түркі тілдері жүйесіндегі орнын белгілеп, өзара туыстық қатысын ажыратуда айрықша орын алады. Түркі тілдерін генеалогиялық тұрғыдан топтап, классификация жасаудың қажеттілігі де осы мәселеден туындайды.

Тілдердің туыс тілдер деп саналуы үшін, ең алдымен, олардың лексикалық қорында семантикалық жағынан да, тұлғалық жағынан да бірдей немесе ұқсас сөздердің басым болуы шарт. Осы ортақ лексика негізінде олардың фонетикалық жүйесіндегі, грамматикалық құрылымындағы ортақтықтар мен ерекшеліктер айқындалады.

Туыс тілдерге генеалогиялық классфикация жасауда өзара жақын барлық тілдердің жеткілікті дәреже зерттелмеуі, олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан тілдік элементтердің тілден-тілге ауысуы тәрізді мәселелер қиындық тудырады. Түркі тілдерін генеалогиялық тұрғыдан топтастыруда басты қиындықтардың бірі көне дәуірлерде өмір сүрген, өзіндік тілдік ерекшеліктері бар түркі тектес ру-тайпалардың қазіргі түркі халықтарының құрамына шашырай таралуы, яғни түркі тайпалары жеке-жеке халық болып қалыптасу барысында тек қандық-туыстық негізде ғана емес территориялық-аймақтық негізде де шоғырлануынан туындайды. Сондықтан түркі тілдеріне генеалогиялық классификация жасауда тек олардың тілдік ерекшеліктері ғана ескерілмей, әрбір халықтың этностық құрамын да негізге алу басты ұстанымдардың бірі болып табылады.

Түркі тілдеріне ең алғаш классификация жасаған ХІ ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым Махмұд Қашқари. М.Қашқари түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып екі топқа бөледі: Қашқардан жоғарғы Шыңға дейінгі аумақты мекендеуші тайпалар тілі және Румға дейінгі жерлерді мекендеуші тайпалар тілі1.

ХІХ ғасырда Еуропада азды-көпті лингвистикалық және этнографиялық материалдарға сүйене отырып, А. Бальби (1848), А. Ремюза, А. Пальмблада, Г. Вамбери (1885) түркі тілдерін генеалогиялық тұрғыдан жіктеуге талпыныс жасалды. Мәселен, А.Ремюза (1820 ж.) түркі тілдерін: якут тобы, ұйғыр тобы, ноғай тобы, қырғыз тобы, түрік тобы деп бес топқа бөліп қарастырады, мұнда ол якут, ұйғыр, шағатай, түрікмен, татар тілдеріндегі ортақ лексиканың тұлғалық өзгерістерін басшылыққа алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]