Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.

(Қабыну ошағының көрінісі көбелек суретіне ұқсас келгендіктен,

«көбелек» симптомы деп аталады).

Инфекция лимфа тамырлары арқылы таралса, лимфангиит, лимфаденит пен асқынады. Бара-бара эпидермис астында қабыну экссудаты түзіліп, көпіршіктер пайда болып, тілменің буллезды формасы дамиды. 22-суретте аяқ тілмесінің буллезды түрі. Қабынудың флегмонозды түрінде процесс жайылып тереңдей түсіп, тері астында серозды - іріңді экссудат түзіледі. Әлсіреген қарт адамдарда қабыну ошағында қан айналымы бұзылады, тері өліеттеніп, тілменің некрозды түрі жиі дамиды. Тілме ауруы орта есеппен 1-2 аптаға созылады, көбінесе бетте, аяқта кездеседі. 20-25% ауруларда тілме ауруы қайталанады, лимфа тамырлары бітеліп, істен шығып, лимфа айналымының бұзылуы лимфостазға әкеледі. Ауырған аяқ қатты ісініп, піл аяқтық дамиды. Тілменің тағы да бір ерекшелігі қабынудың бір жерден басқа жерге көшуі - көшпелі тілме деп аталады. Тілме бетте орналасса, суреті көбелекке ұқсас келгендіктен, көбелек симптомы деп аталады. Эритематозды, буллезды түрлерінің ағымы жеңіл, флегмонозды, некрозды түрлерінде ауырлай түседі, Тілмені флегмона, эритема, эризипелоидтан ажырату үшін, оның өзіне тән белгілеріне сүйену қажет: айқын қызыл гиперемия, шекарасы анық, процестің теріде орналасуы, ауырсыну сезімі периферияға қарай күшейе түсуі. Науқасты міндетті түрде инфекция ауруханасына, хирургиялық инфекция стационарына жеке палатаға жатқызып, комплексті ем жүргізіледі: төсектік режим, қабынған жердің қимылын шектеу; антибиотиктерден - пенициллин, бицилин, стрептомицин; сульфаниламидтерден – стрептоцид, сульфацил, этазол; тілменің ж еңіл түрлерінде қабыну ошағын ультракүлгін сәулесінің эритемді,

Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.

субэритемді дозаларымен қыздыру. Қол аяққа 4-5, бетке 3 биодоза тағайындалады. Дер кезінде басталған ем тез арада нәтиже беріп, қабыну қайтады. Сырқаттың флегмонозды, некрозды түрлерінде ультракүлгін сәулесін қолданбаған жөн, себебі қабынған жер ісініп, терінің ұсақ тамырларында тромбтар түзіледі. Қабынған жерді спирт, повидон – йод ерітінділерімен сүртіп, синтомицин эмульсиясы, стрептоцид суспензиясы, тетрациклин майымен таңғыш салынады. Іріңдіктер болса, оларды тіліп ашып, өліеттерден тазартады; қажеттілігіне қарай дезинтоксикациялық терапия тағайындалады. Науқастарды емдеуде медициналық қызметкерлер дезинфекциялық тәртіпті, асептика, антисептика заңдылықтарын мұқият сақтаулары қажет. Тілмемен ауырған науқастар үнемі жеке басының гигиенасына көңіл аударып, денесіндегі пайда болған бөртпелер, микрожараларды, сырылған жерлерін спирт, бриллиант жасылымен сүртіп отырса, ауру қайталанбайды.

Эризипелоид, басқаша шошқа тілмесі деп аталады, қоздырғышы шошқа тілмесінің таяқшасы, адам ағзасына әртүрлі жаралар арқылы түсіп, тері қабаттарының қабынуын тудырады. 23-суретте қол с аусақтарының эризипеллоид ауруының көрінісі.

Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.

Ауру көбінесе инфекцияға ұшыраған мал еті, шикі балық пен жұмыс істейтін адамдардың қол, аяқ саусақтарында кездеседі. Саусақтар ісініп, тері ішінде серозды қабыну жүреді. Лимфангиит белгілері пайда болады. Инкубациялық кезең 3-7 күнге созылады. Ауру сирек кездесетіндіктен, көбінесе диагноз қате қойылып (тілме, панариций, дерматит, лимфангиит), тиісті ем жүргізілмейді. Қабыну көбінесе саусақтың сыртынан басталады, ол арада шекарасы айқын, ауырсынатын, қышитын, біраз ісінген қызыл дақ пайда болады. Ауру 2-3 апта арасында жазылады: қабыну белгілері қайтады. Асқынған жағдайларда басқа саусақтарға, алақан сыртына, саусақ буындарына тарап артрит, лимфангиит, лимфаденит орын алады. Науқастың жалпы жағдайы аса ауырламайды. Емі – саусақтың қимылын шектеу, бұлшықетке антибиотиктер енгізу, ультракүлгін сәулесімен қыздыру, саусаққа футлярлы пенициллин - новокаин блокадасын жасау. Ем дұрыс жүргізілмесе, сырқат созылмалы, қайталамалы түріне ауысады. Жалпы бұл аурудың алдын алу үшін мал етін, балық өндіретін мекемелерде санитарлы гигиеналық жағдайларды жақсарту, қол жарақаттарынан сақтану қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]