Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.

Флегмона – шелмайы және шелмайының кеңістіктерінің шектелмеген, жайылған іріңді қабынуы. 19-суретте бет флегмонасы көрсетілген. Орналасуына байланысты тері асты, бұлшықет аралық, іш астары сыртындағы майлы клетчатканың флегмонасы деп бөлінеді. Арнайы аталатын флегмоналар: іріңді медиастенит, парапроктит, паранефрит, периартрит.

Этиология, патогенезі: стафилококк, стрептококк, протей, ішек таяқшалары майлы клетчаткаларға тікелей ашық жарақаттар арқылы немесе гематогенді жолмен енеді. Қабыну клетчаткалардың серозды инфильтрациясынан басталады, қан айналымы бұзылып іріңді экссудат түзіледі, майлы тіндер өліеттеніп, бір-бірімен қосылып қабыну жайыла береді.

С урет 19. Бет флегмонасы.

Клиникалық көріністеріне келсек, процесс шұғыл басталып, тез арада іріңді қабынудың жергілікті және жалпы белгілері пайда болады: беткейлі орналасқан флегмона ошағында ауырсыну, ісіну, қызару, жергілікті температураның көтерілуі, тіндердің инфильтрациясы туындайды. Инфильтрат іріңдегенде қабынған тіндер жұмсарып, флюктуация симптомы анықталады. Жалпы симптоматикасы - дене қызуының 40°С дейін көтерілуі, әлсіздік, қалтырау, бастың ауруы, т.б. интоксикация белгілерімен сипатталады. Терең орналасқан флегмоналарды анықтау әрқашанда қиынға соғады, себебі жергілікті қабыну белгілері көзге көрінбейді, ал жалпы интоксикация көріністері көптеген инфекцияларда кездесе береді. Диагнозды анықтауда науқастың шағымдары, сырқаттың даму тарихы, қабынуға қатысты мүшелердің функциясының бұзылу белгілері, физикалды, лабораториялық, ультрадыбысты, рентген, эндоскопиялық, компьютерлі томография сияқты зерттеулер көмектеседі.

Емі: бастапқы серозды инфильтрация сатысында консервативті емнен бастаған жөн – иммобилизация, антибиотиктер, УЖЖ, химотрипсинмен электрофорез, процесті шектеу үшін пенициллинді 0,25% новокаинға қосып, қабыну ошағының айналасына енгізу, витаминдер, гормондар, ферменттер, иммунды, инфузионды дезинтоксикациялық терапия. Іріңді экссудат түзілгенде, іріңдікті кеңінен тіліп, мұқият санациялап, дренаждау. Ары қарай консервативті емді жалғастырады. 20-суреттегі көрініс-бет, бас ф легмонасын тіліп ашу, дренаждау.

Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.

Тілме. Адамның тері жабындылары мен шырышты қабаттарының жұқпалы үдемелі қабынуы. Қоздырғыштары пиогенді стрептококтар. Әртүрлі жаралардан немесе лимфогенді, гематогенді жолмен инфекция теріге еніп, серозды, іріңді, экссудативті қабыну тудырады. Инкубациялық кезеңнен кейін (4-6 күнге созылады) науқастың жағдайы күрт төмендейді, дене қызуы көтеріліп, тоңып қалтырайды, басы ауырып, жүрегі қағады, әлсізденіп, ұйқысы қашып, сандырақтайды, жүрегі айнып құсуы мүмкін. Келесі күні қабынудың жергілікті белгілері айқындала бастайды.

Тілменің 4 түрі кездеседі: эритематозды, буллезды, флегмонозды, некрозды. Эритематозды түрінде теріде айқын

қызыл, географиялық карта сияқты шекарасы анық гиперемия, домбығу, ауырсыну, жергілікті температураның көтерілуі пайда болады. 21-суретте бет тілмесінің эритематозды түрі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]