- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
1.антибиотиктермен емдеуде максималды дозасын қолдану. Мысалы жартылай синтетикалық пенициллиндердің (ампициллин, оксациллин, метициллин, диклооксациллин) тәуліктік дозасы 3-8 гр., карбенициллин 12-18гр., цефалоспориндер (пепорин, кефзол) 8-12 гр., аминогликозидтер (гентамицин, сигмамицин) 0,12-0,24 гр. 2. әртүрлі спектрлі екі антибиотикті немесе антибиотикті химиялық антисептиктердің біреуімен қосып тағайындаған орынды.
3.жарадағы микрофлораға бактерицидтік әсері бар антибиотиктерді қолдану.
4.іріңді ошақтың орналасуына байланысты антибиотиктерді жергілікті (плевра қуысына, трахея ішіне, сүйек каналына) және бұлшықет, көктамыр, артерия ішілік енгізу.
5. антибиотикпен емдеу курсы науқастың жағдайына байланысты. Сепсистің клиникалық белгілері жойылғаннан соң және ақырғы екі бактериологиялық зерттеу нәтижесі теріс болғаннан кейін антибиотиктік емді тағы да екі апта жалғастырады.
Дезинтоксикациялық терапия ретінде гемодез, тұз ерітінділерін қолдану, әсіресе диурезді белсендіру (интракорпоралды детоксикация) жақсы нәтиже береді. Науқасқа тәулігіне 50 – 60 мл/кг сұйықтықтар құйып (полиионды ерітінділерді, 5% глюкоза ерітіндісін, полиглюкинді), лазикс, маннитол диуретиктерін қолданып диурезді тәулігіне 3 литрге дейін белсендіру. Қажетті жағдайда детоксикацияның экстракорпоралды тәсілдерін де қолданады (гемосорбция, лимфосорбция, плазмоферез).
Инфузиялық терапия сепсисті кешенді емдеудегі маңызды компонент болып табылады. Емнің бұл түрінде қан, қанның компоненттері, қан алмастырушы сұйықтықтарды қолданады. Инфузиялық, трансфузиялық терапия, ағзадағы нақтылы орын алған зат алмасу бұзылыстарын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Толық құрамды қанды, эритроциттік массаны, анемия орын алғанда және айналымдағы қан көлемі азайғанда қолданады. Құйылатын қан, оның компоненттерінің әсері нәтижелі болу үшін, олардың дайындалу мерзімі үш тәуліктен аспағаны жөн. Сепсистің ауыр түрлерінде лейкоцитозға қарамастан, лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі төмендеп, 30-50 %-ды құрайды (қалыпты жағдайда 60-75%). Лейкоцитарлық формулада лимфоциттер, моноциттердің төмендеуі лейкоциттік массаны құюды қажет етеді: 150 мл күн ара 4-5 күн қатарынан. Қан құрамындағы гипо-, диспротеинемияны қалыптастыру мақсатында науқастарға құрғақ және нативті плазма, альбумин құюдан бастап, амин қышқылдары, белок алмастырушы сұйықтықтармен жалғастырады. Су-элетролиттер алмасуын, қышқыл-сілтілік тепе - теңдікті реттеу өте маңызды. Ол үшін әртүрлі элетролиттерді (5% натрий гидрокарбонаты ерітінділерін ацидоз кезінде, 1% калий хлорид алкалозда) және белоктық препараттарды (амин қышқылы ерітінділерін -аминон, аминозол, альвезин, протеин, альбумин, құрғақ және нативті қан плазмасы) қолданады. Науқасты белок, витаминдер, көмірсулар, микроэлементтер, т.б. қоректі заттарға бай және жоғары каллориялы (4000 – 5000 ккал/тәулік) тағамдармен тамақтандыру қажет.
Иммундық терапия. Ағзаның жалпы іріңді инфекциямен күресуінде, қан плазмасындағы арнайы және арнайы емес иммундық қорғаныс факторлары маңызды орын алады. Бұл факторларды ретикулоэндотелий, плазмалық жасушалар қорытып шығарады. Иммуноглобулиндер микробтарды, токсиндерді желімдеп, сүзеді, макрофагтар оларды жояды (фагоцитоз). Иммунотерапия ағзадағы иммундық өзгерістерге сай жүргізілуі қажет. Организмнің инфекциялармен күресу қабілеті фагоцитоз процессінің белсенділігіне байланысты. Қалыпты жағдайда фагоцитоз көрсеткіші – фагоцитарлық сан (индекс) 2,5-4,0-ке тең болса, фагоцитоз белсенділігі 72,8 ± 1,5% құрайды. Қан сарысуының антибактериалды белсенділігі 80-100% аралығында болады. Бұл көрсеткішті антибиотиктермен емдеуге дейін анықтайды. Фагоцитоз қабілеті жоғары болса, иммунитет жақсы деген сөз. Иммундық жүйенің қабілетін Т- және В- лимфоциттер, иммуноглобулиндер көрсетеді. 1 мл. қандағы лимфоциттердің қалыпты саны 106 құрайды. Т- лимфоциттердің қалыпты көрсеткіші 50-80% немесе 1 мкл қанда 700-1920 клеткалар, В- лимфоциттер 13-30%, 1 мкл қанда 210-810 клеткаларды құрайды. Лимфоциттердің бласттрансформациясы 1000 клеткалар мөлшерінде болады. G – иммуноглобулиннің мөлшері 14 ± 3,4 г/л, А - иммуноглобулин – 2,25 ± 0,5 г/л, М - иммуноглобулин -1,2 ± 0,4 г/л құрайды. Бұл көрсеткіштердің төмен болуы иммунитеттің әлсіздігінің белгісі. Ем нәтижелі болса, аталған көрсеткіштер деңгейі өсе түседі. Қан айналымында иммунды комплекстердің пайда болуы, иммунитеттің бұзылуының белгісі болып табылады. Тактивин және тималин иммундық жүйенің Т-системасының жетіспеушілігінде қолданылады, олар Т-киллерлердің функциясын реттеп иммунитетті қалыптастырады. Тактивинді 1-2 мкг/кг дозада, күніне бір рет 5-14 күн тері астына, тималинді бұлшықетке 10-20 милиграмнан 4-6 күн қатарынан қолданады. Емнің нәтижесі 10-15 күннен кейін біліне бастайды. Иммунокоррекция мақсатында 150-200 мл. лейкоциттық массаны 3-4 күнде бір 4-6 күн құюға болады. Продигиозан, левамизол (дикарис), интерферон сияқты препараттар, қан құю, гемосорбция - науқастардың иммундық реакцияларын күшейте түседі. Иммунотерапия сепсис аурының ағымына, кезеңдеріне және науқастың иммундық реакциясына сәйкес жүргізілуі керек. Қабынудың қарқынды кезеңінде пассивті иммунтерапия жүргізілсе (антистафилококті, антиколибациллярлы плазма, антистафилококты гамма-глобулин), ремиссия кезеңінде активті иммунотерапия (стафилококтік анатоксин, аутовакцина) тиімді. Нақтылы қандай иммунды препараттар тағайындау үшін Т-, В- лимфоциттер саны анықталады. Т- лимфоциттер азайса, науқасқа сау адамның немесе реконвалесценттердің лейкоциттық массасын, тимолин, тимоген, левамизол, интерферон препараттарын қолданған жөн. Иммунитеттің гуморалды факторлары, В-лимфоциттер жетіспеушілігінде гипериммунды плазма, сарысу, спецификалық иммуноглобулиндер қолданады. Иммундық жүйе бұзылып, аллергия орын алса, циркуляциядағы қанда иммундық комплекстердің деңгейі өскен жағдайда стероидты гормондар тағайындалып, гемосорбция жүргізілген жөн. Сепсис ауруы бактериалды – токсикалық шокпен асқынған жағдайда науқасқа преднизолонды бірінші тәулікте 500 – 800 мг, қалған 2 – 3 күнде 150 – 50мг енгізіледі. Сепсисте қандағы кининогендердің деңгейі өсіп, микроциркуляция бұзылыстарына әкелуіне байланысты, кешенді емге протеолиз ингибиторларын қосқан абзал (годокс тәулігіне 200000 -300000 бірлік немесе контрикал тәулігіне 40000 – 60000 бірлік). Сепсистің қарқынды этиопатогенезді, симптоматикалық (жүрек – тамыр препараттары, анальгетиктер, антикоагулянттар, ангиопротекторлар) кешенді емі, науқастың жағдайы толық қалпына келгенше, гомеостаз толық реттелгенге дейін жүргізіледі.
