- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
Перитонитте лапаротомия операциясы іш қуысын дренаждаумен аяқталады. Диаметрі 0,2-0,8 см. силикон түтікше дренаждар бөлек тесіктерден (контрапертура) іш қуысына енгізіледі. 99-суретте (148-бет) перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысының дренаждалуы.
Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
Жайылған перитониттерде дренаждар екі жақ қабырға асты және мықын тұстарынан қойылып, солар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуылып санацияланады (100-сурет).
Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
Жайылған іріңді перитониттің ауыр түрлерінде қайта релапаротомия операциясын жасауға тура келсе, лапаростомия тәсілін қолданған жөн. Ол үшін бірінші операцияның жарасына сирек тігіс салып, жіптерін жеңіл шешілетіндей бантиктеп байлайды немесе жара шеттеріне ашылып жабылатын «молния» (замок) тігіледі. Релапаротомия қажет болғанда жіптерін шешіп, молния салынса оны ағытып іш қуысын санациялайды (101-сурет).
Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
Операциядан кейінгі кезеңде перитониттің антибактериалды, инфузиялы дезинтоксикациялық, иммундық терапия жалғастырылады. Зат, газ алмасу процесстерінің кері өзгерістерін - су-элекролиттер, белоктар, оттегі, қышқыл-сілтілі тепе-теңдігін, ішектердің моторлы-эвакуаторлы функцияларын реттеу ем шаралары жүргізіледі. Қоздырғыштардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтағанға дейін, кең спектрлі антибиотиктерді тағайындаған жөн. Қоздырғыштар ассоциациялы болып келсе, бірнеше антибиотиктерді қосып қолданады. Ол үшін тағайындалатын антибиотиктердің өзара үйлесілімділігін (синергизм) ескеру қажет. Антибиотиктерді химиотерапиялық препараттармен бірге қолдану тиімді: сульфаниламидтер, нитрофурандар, хиноксалин туындылары сияқты. Химиялық антибактериалды препараттар іріңді хирургиялық инфекцияларды емдеуде кеңінен қолданылады. Олардың ішінде сульфаниламидтер ең нәтижелі - грам оң, грам теріс микрофлораға бактериостатикалық, бактериоцидты әсер етеді. Сульфаниламидтердің ішінде ұзақ мерзімді әсер ететін түрлерін (сульфапиридазин, сульфадиметоксин) қолданған тиімді болып келеді. Сульфаниламидтерді антибиотиктермен бірге тағайындайды. Бірінші тәулікте 1,0-1,5 гр., ары қарай 0,5-1,0 грамнан, емдеу мерзімі 5-7 күн. Сульфаниламидтердің диаминопиридин туындылары мен комбинирленген бактрим, бисептолдың антибактериалды қасиеттері өте жоғары.
Нитрофуран препараттары: Фурациллин 1:5000 қатынастағы ерітіндісі іріңді жараларды, қуыстарды жууға қолданса, фурагин калий тұзының 0,1% ерітіндісін көктамырға тәулігіне 300-500мл. (0,3-0,5гр.), емдеу мерзімі 3-7 күн. Хиноксалин тобынан кең спектрлі препарат диоксидин жиі қолданады. Диоксидиннің антибактериалды әсері грам теріс, грам оң аэробты және анаэробты микробтарға өте жоғары. Іріңді перитонитте әсіресе көкірің таяқшасы, ішек таяқшасы, протей қоздырғыштарында диоксидиннің 1% ерітіндісімен іш қуысын жуады. Бір мәрте қолданатын дозасы 10-50мл., тәулігіне 70 мл.-ге дейін, емдеу мерзімі үш апта. Химиялық антисептиктерден іріңді перитонитте хлоргексидиннің биглюконаты 1:400, 1:1000 қатынастағы су ерітіндісімен түтікше дренаждар арқылы іш қуысын жуу, хлоргексидинге малынған дәкемен (марля) іш қуысының шектелген іріңді ошақтарын дренаждау өте нәтижелі, сондықтан жиі қолданған жөн.
Протеолиттік ферменттер (протеиназалар) антибиотиктердің қандағы концентрациясын жоғарлата түсіп, антибактериалды әсерлерін күшейтеді, сондықтан антибиотикотерапияны энзимотерапия мен қатар жүргізген жөн.
Инфузиялық терапия іріңді перитониттің кешенді емінің маңызды компоненті. Емнің бұл түрінде қан, қанның компоненттері, қан алмастырушы сұйықтықтар қолданады. Инфузиялық, трансфузиялық терапия, ағзадағы нақтылы орын алған зат алмасу бұзылыстарын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Толық құрамды қанды, эритроциттік массаны анемия орын алғанда және айналымдағы қан көлемі азайғанда қолданады. Құйылатын қан, оның компоненттерінің әсері нәтижелі болуы үшін, олардың дайындалу мерзімі үш тәуліктен аспағаны жөн. Перитониттің ауыр түрлерінде лейкоцитозға қарамастан, лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі төмендеп, 30-50% құрайды, қалыпты жағдайда 60-75%. Лейкоцитарлық формулада лимфоциттер, моноциттердің төмендеуі, лейкоциттік массаны құюды қажет етеді: 150 мл күн ара 4-5рет. Қан құрамындағы гипо, диспротеинемияны қалыптастыру мақсатында науқастарға құрғақ және нативті плазма, альбумин құюдан бастап, амин қышқылдары, белок алмастырушы сұйықтықтармен жалғастырады. Су-электролиттер алмасуын, қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті реттеу өте маңызды. Ол үшін әртүрлі элетролиттер, натрий гидрокарбонаты ерітінділерін құю қажет, және де науқасты дұрыс тамақтандыру керек: белок, витаминдер, көміртегі, микроэлементтер, т.б. қоректі заттарға бай тағамдармен. Операциядан кейінгі кезеңде асқазан, ішектердің функциясы қалпына келгенше, науқастарды толық параэнтералды жолмен қоректендіреді.
Дезинтоксикациялық терапияның мақсаты науқастың ағзасында түзілген токсиндерден тазарту. Қандағы улы заттарды тазартуда екі тәсіл қолданады: Интракорпоралды, экстракорпоралды детоксикация. Қалыпты жағдайда ағзадағы улы заттар бауыр арқылы өтіп залалсызданып, қалдықтары зәр, нәжіс, тыныс жолдары, тер арқылы сыртқа шығады. Осы аталған жүйелердің жұмысын белсендіре алсақ, интракорпоралды детоксикация жақсы нәтиже береді. Бұл мақсатта тиісті мөлшерде, қажетті полиионды электролиттер, глюкоза ерітіндісі, реополиглюкин, гемодез, полидез препараттары қолданады. Зәр шығаруды белсендіру (форсированный диурез) интракорпоралды детоксикацияның маңызды тәсілі. Науқасқа алдымен көк тамыр арқылы 1000 мл. Рингер – Локк ерітіндісін, 500мл. 3% натрий бикарбонатын және 400 мл. реополиглюкин құйылады, осыдан кейін көктамырға диуретиктер енгізіледі 1-1,5 г/кг маннитол немесе 40-80 мг. Лазикс. 5% глюкоза ерітіндісін құюды жалғастырамыз6 барлығы 1000-1500 мл.; белоктар, белок препараттары (қанның плазмасы, альбумин, белок гидролизаттары) 1000-1500 мл. Жалпы науқас 4000-5000 мл. сұйықтық қабылдап, 3000-4000 мл. зәр шығару қажет, сағатына орта есеппен 300-400 мл. Белсенді диурез жүргізу кезінде науқастың ағзасында электролиттер, белоктар мөлшерін, қышқыл-сілті тепе-теңдігін, азот қалдықтарының, орталық көктамыр қысымының көрсеткіштеріне мұқият бақылау жүргізіледі. Құйылатын сұйықтықтар құрамына міндетті түрде 40-60 мл. 10% калий хлор, 50мл. 10% натрий хлор, 30 мл. 10% кальций хлор ерітінділері кіреді. Қажеттілігіне қарай белсенді диурезді бірнеше күн қатарынан жасауға болады. Науқастың ағзасындағы некроздық денелер, полипептидтер, протеолиттік ферменттер, иммунды комплекстер сияқты улы заттарды плазмоферез арқылы тазартуға болады.
Плазмаферез - науқастың қанын центрифуга арқылы өткізіп, улы заттарға бай плазманы бөліп алып, формалық элементтерін науқастың көктамырына қайта құядыды. Бір процедура өткізгенде 800 мл. плазманы шығаруға болады, оның орнын донордың плазмасын, альбумин құю арқылы толтырады.
Экстракорпоралды детоксикация тәсілінде науқастың қанын немесе плазмасын арнайы сорбенттер, филтрлер арқылы өткізіп, улы заттардан тазартады. Ақырғы жылдары, асқынған хирургиялық іріңді инфекцияларда (перитонит, абдоминалды сепсис, остеомиелит, т.б.) экстракорпоралды детоксикация мақсатында, науқастың қанын шошқаның донорлық көкбауыры арқылы өткізіп, сүзуді жиі қолдануда. Донорлық көкбауыр науқастың қанындағы микробтарды, токсиндерді сорып қана қоймай, иммундық жүйені, нейтрофилды фагоцитозды белсендіре түседі және қанның формалық элементтерін, белоктарын зақымдамайды.
Гемосорбция жасауда көмір сорбенттері, роликті насос қолданады. Бір сеанста науқастың 10 л. қанын сорбент арқылы өткізіп токсиндерден (креатинин, билирубин, мочевина) тазартады. Бұл тәсілдің кемшілігі: орта молекулярлы токсиндер онша азаймайды, белоктар көлемі азайып, формалық элементтер зақымдалады.
Лимфосорбция тұрақты детоксикациялық нәтиже бергенімен, организм лимфоциттерді көп жоғалтады және гипопротеинемия орын алып, иммундық реакция төмендей түседі. Сорбцияға- лимфаны кеуде лимфа тамырын дренаждау арқылы алады.
Иммундық терапия. Ағзаның іріңді инфекциямен күресуінде, қан плазмасындағы арнайы және арнайы емес иммундық қорғаныс факторлары маңызды орын алады. Бұл иммундық факторларды ретикулоэндотелий, плазмалық жасушалар қорытып шығарады. Иммуноглобулиндер микробтарды, токсиндерді желімдеп, сүзеді, макрофагтар оларды жояды (фагоцитоз). Иммунотерапия ағзадағы иммундық өзгерістерге сай жүргізілуі қажет. Ағзаның антиинфекциялық қабілеті фагоцитоз процесінінің белсенділігіне байланысты. Қалыпты жағдайда фагоцитоз көрсеткіші-фагоцитарлық сан (индекс) 2,5-4,0 тең болса, фагоцитоз белсенділігі 72,8±1,5% құрайды. Қан сарысуының антибактериалды белсенділігі 80-100% аралығында болады. Бұл көрсеткішті антибиотиктермен емдеуге дейін анықтайды. Фагоцитоз қабілеті жоғары болса, иммунитет жақсы деген сөз. Иммундық жүйенің қабілетін Т- және В- лимфоциттер, иммуноглобулиндер көрсетеді. 1 мл. қандағы лимфоциттердің қалыпты саны 106 құрайды. Т- лимфоциттердің қалыпты көрсеткіші 50-80% немесе 1 мкл қанда 700-1920 клеткалар, В- лимфоциттер 13-30%, 1 мкл қанда 210-810 клеткаларды құрайды. Лимфоциттердің бласттрансформациясы 1000 клеткалар мөлшерінде болады. G-иммуноглобулиннің мөлшері 14±3,4 г/л, А-иммуноглобулин-2,25±0,5 г/л, М-иммуноглобулин -1,2±0,4 г/л құрайды. Бұл көрсеткіштер төмен болса иммунитеттің әлсіздігінің белгісі. Ем нәтижелі болса аталған көрсеткіштердің деңгейі өсе түседі. Қан айналымында иммунды комплекстердің пайда болуы иммунитеттің бұзылуының белгісі болып табылады. Тактивин және тималин иммундық жүйенің Т-системасының жетіспеушілігінде қолданады, олар Т-киллерлердің функциясын реттеп иммунитетті қалыптастырады. Тактивинді. 1-2 мкг/кг дозада, күніне бір рет 5-14 күн тері астына, тималинді бұлшық етке 10-20 милиграмнан 4-6 рет қатарынан қолданады. Емнің нәтижесі 10-15 күннен кейін біліне бастайды. Иммунокоррекция мақсатында 150-200 мл. лейкоциттық массаны 3-4 күнде бір, 4-6 күн құюға болады. Иммунотерапия пассивті және активті түрлерге бөлінеді. Пассивті иммундық препараттарға гипериммундық антистафилококк, антипротей, т.б. плазмалары және стафилококка, сіреспеге қарсы қолданатын арнайы гаммаглобулиндер және малдың қан сарысуынан алынған гипериммундық газды гангренаға, сіреспеге қарсы қолданылатын сарысулар жатады. Бұл дәрілердің құрамында қоздырғыштарды, олардың токсиндерін жоятын антиденелер, антитоксиндер бар. Активті иммундық препараттарға анатоксиндер, вакциналар жатады. Бұлардың құрамындағы вируленттілігі жойылған микробтар (вакциналар), улы әсері жоқ микробтардың токсиндері (анатоксиндер) әсерінен, науқастың ағзасында антиденелер түзіліп, иммунитетін белсендіреді. Продигиозан, левамизол (дикарис), интерферон сияқты препараттар, қан құю, гемосорбция - науқастардың иммундық реакцияларын күшейте түседі. Иммунотерапия іріңді перитониттің ағымына, кезеңдеріне және науқастың иммундық реакциясына сәйкес жүргізілуі керек. Қабынудың қарқынды кезеңінде пассивті иммунотерапия жүргізілсе, ремиссия кезеңінде активті иммунотерапия жүргізген жөн. Нақтылы қандай иммунды препараттар тағайындау үшін Т-, В-лимфоциттер саны анықталады. Т-лимфоциттер азайса науқасқа сау адамның, немесе реконвалесценттердің лейкоциттық массасын, тимолин, тимоген, левамизол, интерферон препараттарын қолданған жөн. Иммунитеттің гуморалды факторларының, В-лимфоциттердің жетіспеушілігінде гипериммунды плазма, сарысу, спецификалық иммуноглобулиндер қолданады. Иммундық жүйе бұзылып, аллергия орын алса, циркуляциядағы қанда иммундық комплекстердің деңгейі өскен жағдайда стероидты гормондар тағайындалып, гемосорбция жүргізілген жөн.
Іріңді перитониттің алдын алу үшін:
1. Адамдар арасында медико- санитарлық ағарту жұмыстарын жиі өткізіп, оларды жедел хирургиялық ауруларының бастапқы белгілері мен алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерімен таныстырып және дер кезінде дәрігерге қаралудың маңыздылығын түсіндіру.
2. Іш қуысының жедел хирургиялық ауруларын диагностикалау бойынша емханалар, жедел медициналық жәрдем көрсету мекемелерінің дәрігер, фельдшер, мейірбикелерінің білімдерін жетілдіру.
3. Ауруханалардың хирургия бөлімдерінде санитарлы- эпидемиологиялық режимді мұқият сақтау.
4. Науқастарды жедел операцияға дайындауда иммундық препараттарды, антибиотиктерді қолдану-іріңді асқынулардың алдын үшін маңызы зор.
5. Операция жасау кезінде асептика, антисептика заңдылықтарын мұқият орындай отырып, тіндерді зақымдамай , абай болу.
