- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Тесттердің жауап эталондары
Хирургиялық инфекция |
|||||
1 |
2 |
15 |
1,2 |
29 |
1,2,3 |
2 |
1 |
16 |
1,2 |
30 |
2,3,4,5 |
3 |
3 |
17 |
1,2,3,4 |
31 |
1,2 |
4 |
2 |
18 |
1,3 |
32 |
1 |
5 |
1 |
19 |
1,2,3 |
33 |
1 |
6 |
2,3,4 |
20 |
2,3,4,5 |
34 |
1,2,3 |
7 |
1,2,3 |
21 |
1,2,3,4 |
35 |
1 |
8 |
1,2,3,4 |
22 |
2 |
36 |
1 |
9 |
1,2,3,4 |
23 |
1 |
37 |
1,2,3,4 |
10 |
1,2,3,4 |
24 |
1,2,3 |
38 |
1,2,3 |
11 |
1,2,3,4 |
25 |
1,2,3,4 |
39 |
2 |
12 |
1,2 |
26 |
1,2,4,5 |
40 |
1 |
13 |
1,3,4 |
27 |
1 |
|
|
14 |
1 |
28 |
1,2,4,5 |
|
|
Абсцесс |
|||||
1 |
2 |
4 |
1,2,3,4 |
7 |
1,2,3,4 |
2 |
2,3,4 |
5 |
3 |
8 |
1,2,3,4 |
3 |
2 |
6 |
1,2 |
9 |
1,2,3 |
Флегмона |
|||||
1 |
2 |
5 |
1,2,3 |
9 |
2 |
2 |
1,2,3 |
6 |
3 |
10 |
1,2,3 |
3 |
1,2,3 |
7 |
2 |
|
|
4 |
1,2,3 |
8 |
1,2,3,4 |
|
|
Жұмсақ тіндердің флегмонасы |
|||||
1 |
1,2,3,5 |
15 |
1,3,4,5 |
29 |
1,2 |
2 |
1,4,5 |
16 |
4 |
30 |
1 |
3 |
2,3,4,5 |
17 |
2 |
31 |
1,2,3,4 |
4 |
3,4 |
18 |
4 |
32 |
1,2,5 |
5 |
2,3 |
19 |
1,2,3 |
33 |
4,5 |
6 |
3 |
20 |
2 |
34 |
3,4 |
7 |
1,3,4,5 |
21 |
2 |
35 |
1,3 |
8 |
4 |
22 |
2,3,4,5 |
36 |
3,4,5 |
9 |
2 |
23 |
3 |
37 |
1,2,3,4 |
10 |
1,2,3,5 |
24 |
1,2,3,4 |
38 |
1 |
11 |
1,3 |
25 |
1 |
39 |
1,2,3,4 |
12 |
3 |
26 |
2 |
40 |
1,2,3 |
13 |
3 |
27 |
1,2,3 |
41 |
1,2,3,4 |
14 |
2 |
28 |
1,2,3,4 |
42 |
1 |
Мастит |
|||||
1 |
1 |
10 |
1,2,3 |
19 |
2,3,4 |
2 |
3 |
11 |
1,3,4,5 |
20 |
1,2,4,5 |
3 |
1,2,3 |
12 |
1,2,3,4 |
21 |
2 |
4 |
3,4,5 |
13 |
1,2,3 |
22 |
1,2,3,4 |
5 |
2 |
14 |
1,2,4,5 |
23 |
1 |
6 |
1,2,3 |
15 |
1,2,3,5 |
24 |
1,2 |
7 |
1 |
16 |
1,2,4,5 |
25 |
2 |
8 |
3,4 |
17 |
1,2,3,4 |
|
|
9 |
2 |
18 |
1,2,4,5 |
|
|
Панариций |
|||||
1 |
1 |
12 |
1,2,3,5 |
23 |
1,2,3 |
2 |
2 |
13 |
1,2,4 |
24 |
2,3 |
3 |
3 |
14 |
1,5 |
25 |
2 |
4 |
5 |
15 |
2 |
26 |
4 |
5 |
5 |
16 |
2 |
27 |
1,2,3 |
6 |
2,3,4,5 |
17 |
1 |
28 |
1 |
7 |
1,2,3,5 |
18 |
4 |
29 |
1 |
8 |
1,2 |
19 |
1,2,3 |
30 |
1 |
9 |
3 |
20 |
1,2 |
31 |
1 |
10 |
3 |
21 |
1 |
|
|
11 |
1,2,3,4 |
22 |
1 |
|
|
Остеомиелит |
|||||
1 |
1,2,3,5 |
10 |
1,2,4,5 |
19 |
1,3 |
2 |
1,2,3,4 |
11 |
2 |
20 |
1,2,3,4 |
3 |
1,2,5 |
12 |
1 |
21 |
2 |
4 |
1,5 |
13 |
1,2,3,4 |
22 |
4 |
5 |
1,2,3,4,5 |
14 |
2 |
23 |
2 |
6 |
1,2,3 |
15 |
1,2,3,4 |
24 |
1,2,3 |
7 |
1,3 |
16 |
1,2,3,4 |
25 |
1 |
8 |
1,2,3,4,5 |
17 |
1,3,5 |
|
|
9 |
1,2,3,4 |
18 |
3 |
|
|
Перитонит |
|||||
1 |
1,2,3,4,5 |
5 |
1,2,3,4,5 |
9 |
3 |
2 |
1,2,4,5 |
6 |
1,2,3,4,5,6 |
10 |
3 |
3 |
2,4,6 |
7 |
2,3 |
11 |
5 |
4 |
2,3,4 |
8 |
1,2,3,4,5 |
12 |
2 |
Плеврит |
|||||
1 |
1,2,3,4 |
4 |
1,2,3,4,5 |
7 |
4 |
2 |
1 |
5 |
4 |
8 |
2,3,5 |
3 |
1,2,3,4 |
6 |
3 |
|
|
Сепсис |
|||||
1 |
1 |
5 |
1,2,4,5 |
9 |
4 |
2 |
1,2,3,5 |
6 |
1 |
10 |
2 |
3 |
1,3,4,5 |
7 |
4 |
11 |
2,4,5 |
4 |
1,2,3 |
8 |
3 |
|
|
Анаэробты инфекция |
|||||
1 |
2,3,4 |
19 |
3 |
37 |
1,3,4 |
2 |
2 |
20 |
1,2,3,5 |
38 |
1 |
3 |
1,2,3,4,5 |
21 |
3 |
39 |
2 |
4 |
1,2,3,4 |
22 |
1,2,3,4 |
40 |
1,2,3,5 |
5 |
1,2 |
23 |
2,3,4,5 |
41 |
4 |
6 |
1,2,3 |
24 |
4 |
42 |
1,4 |
7 |
1,2,4 |
25 |
3 |
43 |
2 |
8 |
1,3 |
26 |
2 |
44 |
1,2,3 |
9 |
2 |
27 |
1,2,3,4 |
45 |
1,2 |
10 |
4 |
28 |
2 |
46 |
1 |
11 |
1,2,3,4 |
29 |
2,3,4 |
47 |
1,2 |
12 |
1 |
30 |
2 |
48 |
1,2 |
13 |
1 |
31 |
2,3,4,5 |
49 |
1 |
14 |
1,4,5 |
32 |
3 |
50 |
1,2,5 |
15 |
1,3,4 |
33 |
1,2,4 |
51 |
1 |
16 |
3 |
34 |
1 |
52 |
1 |
17 |
1,2 |
35 |
2 |
|
|
18 |
1,2,3 |
36 |
3 |
|
|
Сүйек – буын туберкулезі |
|||||
1 |
1 |
9 |
2,3 |
17 |
3 |
2 |
1,2,3,4 |
10 |
1,2,3,4 |
18 |
1 |
3 |
2,3,4 |
11 |
1,4,5 |
19 |
1,3,5 |
4 |
1,2 |
12 |
2 |
20 |
1 |
5 |
1,2,3,4 |
13 |
1,2 |
21 |
2 |
6 |
2,3,5 |
14 |
1,3,4 |
22 |
2 |
7 |
3 |
15 |
3 |
23 |
4 |
8 |
2 |
16 |
1,2,3 |
|
|
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ЖАУАПТАРЫ:
Жедел хирургиялық инфекция.
№1. Жоғарғы еріннің фурункулы бет веналарының үдемелі тромбофлебитіне әкелуі мүмкін. Қабыну, көздің бұрышты венасы арқылы, көз веналарына, ары қарай бастың кавернозды синусына тарайды. Кавернозды синустың іріңді тромбозы, міндетті түрде базальды менингит, оптохиазматикалық арахноидитке әкеледі. Бұл асқынулардың ағымы өте ауыр, көбінесе өліммен аяқталады. Сондықтан ауруды стационарға жатқызып, төсектік режим, массивті антибиотикотерапия, антикоагулянттар, антистафилококты гамма-глобулин, плазма тағайындайды. Фурункул айналасындағы теріні 70% спирт, 2% салицил спиртімен сүртіп, антисептикалық май салынады. Фурункул өзі жарылғанда, абайлап ішіндегі некрозды пинцетпен алу керек. Қысуға болмайды (сепсиске әкелумен қауіпті).
№2. Карбункулды крест немесе Н-тәрізді тілік жасап, ішіндегі өліеттерден тазартады. Антисептиктермен жуып, 10% гипертоникалық тұз ерітіндісімен дренаж қойылады.
№3. Оң қолтық астының гидрадениті, инфильтративті кезең. Емі: спирт, иодонатпен сүртіп, түкті (шаш) қырады. Қайталап спирт, йодонатпен өңдеп, левомиколь майымен таңу салынады. Ауру басталғанда антибиотиктермен новокаин блокадасы, УЖЖ (УВЧ) жақсы көмектеседі. Инфильтрат іріңдегенде, тіліп іріңін шығарып, дренаждайды.
№4. II, III саусақаралық қол флегмонасы. Емі-іріңдікті алақан жағынан тіліп, антисептиктермен жуып, дренаждау. Алақан сыртынан, гипс лангетамен қол ұшын иммобилизациялау.
№5. Сол жақ жамбасының постинъекциялы абсцесі. Жуан инемен пункция жасап, ірің болса (бак.анализ), іріңдікті кеңінен тіліп ашу. Саусақпен қуысты зерттеп, антисептиктермен жуып, гипертоникалық ерітіндімен дренаж қойылады. Асептикалық таңу, антибиотик тағайындау.
№6. Науқаста операциядан кейінгі паротит болуы мүмкін. Бұл асқынудың алдын алу:1. операция алдында ауыз қуысының ауруларын санациялау (пародонтоз, кариес, созылмалы тонзилит және т.б.); 2. операциядан кейінгі алғашқы сағаттарда, науқастың ауызын антисептиктермен шаю, ары қарай тісін тазалау; 3. саливацияны белсендіру үшін апельсин, лимон, алма бөліктерін сорғызып, қышқыл морс ішкізу керек.
№7. Қолтықасты лимфаденитімен асқынған оң жақ омыраудың интрамаммарлы маститі. Диагнозды нақтылау үшін, жуан инемен пункция жасап, іріңді бактериологиялық зерттеуге жіберу. Қоздырғыштардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды. Дереу, венаішілік наркоз беріп, іріңдікті Барденгейер тәсілімен (омыраудың астыңғы қатпарынан доға тәріздес) тіліп ашып, іріңді шығарып, жараны дренаждайды. Екі омырауынан сүтті сауып, пастеризациялап немесе қайнатып баланы тамақтандыру. Операциядан кейінгі кезеңде антибиотиктер беру.
№8. Науқаста оң аяқ балтырының тілме ауруы, буллезды формасы. Әйелді хирургиялық инфекция бөліміне жатқызады, оңашалаудың қажеті жоқ. Емі: төсектің режим, антибиотиктер (пенициллин, ампициллин, оксациллин, метициллин, ампиокс), сульфаниламидтер (сульфацил, сульфапиридазин, этазол және т.б.). Қабынған жерге құрғақ асептикалық таңу, субэритемді дозалы ультрадыбыс сәулесімен қыздыру. Тілме ауруында жараға ылғалды таңу салынбайды.
№9. Науқаста, сол жақ қол ұшы, III саусағының эризипелоиды, терілік формасы. Ауруды тудыратын грам оң шошқа тілмесінің таяқшасы (Erysipelothryx rhusiopathiae). Балықшы, қасапшы, аңшылар жиі ауырады. Эризипелоидты саусақ панарицийі, тілмесі, экссудативті эритема, трофоневротикалық артриттер және ревматоидты инфекциялардан ажырата білу керек. Емі: антибиотиктер, сулфаниламидтер беріліп, ултракүлгін сәулесімен қыздыру. Саусақты иммобилизациялау. Егерде, науқастың жұмысы тамақ дайындаумен байланысты болса, уақытша жұмыстан босату парағы беріледі. Немесе әкімшілік науқасты тамақ әзірлеуге қатысы жоқ жұмысқа ауыстыруы қажет.
№10. Оң жақ табанүсті лимфангит және шаптың серозды лимфаденитімен асқынған, оң аяқтың, II, III саусақтарының инфицирленген, қажалған жарасы. Науқасты ауруханаға жатқызып, жарасын антисептиктермен жуып, таңу салынады. Аяқтың қимылын шектейді. Антибиотиктер, сулфаниламидтер тағайындалады.
№11. Науқаста сол жақ қолы, теріасты венасының жедел флебиті. Бұл венаға инфузия жасауды тоқтатып, қабыну ошағына жартылай спирттік компресс салынып, қолды иммобилизациялайды. Нитрофуран, сулфаниламидтер, антибиотиктер беріледі.
№12. Науқаста сол жақ аяқ, терасты венасының көшпелі, жедел тромбофлебиті. Көшпелі, спонтанды (аяқ астынан) тромофлебит Бюргер ауруында, ішкі мүшелердің қатерлі ісіктерінде, полиартритте кездеседі. Сондықтан науқасты қосымша зерттеу қажет. Қабынуды тоқтату мақсатында, үлкен теріасты венаны терең венаға құйылатын жерінен байлау немесе флебэктомия операциясы жасалады.
№13. Науқаста оң жақ шынтақ буын синовиалды сумкасының жедел іріңді қабынуы. Пункцияда синовиалды сумкадан ірің алғандықтан, іріңдікті тіліп ашып, антисептиктермен жуып, резина дренаж қою керек. Егерде, қабыну синовиалды сумканың айналасына онша тарамаса, тоталды бурсэктомия жасауға болады. Ол үшін 0,5% новокаин ерітіндісімен жансыздандырып, шынтақ өсіндісінен жоғары, таға тәріздес, ұзындығы 6-7 см. тілік жасалады. Теріні синовиалды сумкадан сылып төмен түсіреді. Абайлап, шынтақ буынын ашып алмай, бурсэктомия жасалады. Жараға тігіс салынады, тігіс арасынан 1-2 күнге жараға резина дренаж койылады. Асептикалық таңу салынып, қолды гипс лонгетамен иммобилизациялайды. Тігіс 9-10-тәулікте алынады.
№14. Оң иық буынның жедел іріңді артритіне күдік диагнозымен, науқасты хирургиялық стационарға жатқызу керек. Қосымша қан, зәр анализдерін, екі иық буындарына рентгенография және ауырған буынға диагностикалық, емдік пункция жасау. Буыннан ірің алынған жағдайда бактериологиялық зерттеуге жіберу, іріңді қуысты антисептиктермен, антибиотик ерітінділерімен жуу. Науқасқа жалпы антибиотикотерапия тағайындалады. Қолға гипс лонгета салады. Нәтижесіз жағдайда буынға артротомия жасалып, дренажды түтікше арқылы, буын қуысы үздіксіз, антисептик ерітінділерімен жуылады (лаваж). Қабыну тоқтамаса, остеоартрит дамыса буынға резекция жасауға тура келеді.
№15. Операциядан кейінгі кезең іріңді плевритпен асқынған (плевра қуысының эмпиемасы). Науқасқа күнделікті пункция жасап, плевра қуысына антибиотиктер, протеолиттік ферменттер ерітінділерін енгізу керек. Белсенді тазарту үшін плевра қуысына силикон түтікше дренаж қойып, сыртқы ұшын сорғыш аппаратына қосуға болады.
№16. Науқаста оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің абсцесі болуы мүмкін. Іріңдіктің бронх арқылы жарылып, сыртқа дренаждауы. Қақырықты шыны ыдысқа жинап тұндырса, ыдыстың түбінде қою ірің, ортасында су тәріздес сұйықтық, бетінде іріңді-шырышты көбік аралас масса анықталады. Диагнозды нақтылау үшін өкпеге рентгеноскопия, рентгенография, қажет болса компьютерлік томография, бронхоскопия жасалады. Қақырық жеңіл түсу үшін, науқасты сау жақ қырына жатқызады (постуралды дренаж). Науқасқа антибиотик, сульфаниламидтер, иммундық, дезинтоксикациялық терапия тағайындалады. Абсцесс қуысындағы іріңді бронхоскоп арқылы сорып, трахеяға антибиотиктер, протеолиттік ферменттер енгізіледі. 6-8 аптада консервативті ем нәтиже бермесе, пневмотомия, лоб- немесе пневмонэктомия операциялары жасалады.
№17. Операциядан кейін науқаста, қуық-тік ішекаралық абсцестің түзілгеніне қауіптілік бар. Қосымша науқастың тік ішегін саусақпен тексеру. Қажет болса, жамбас қуысына ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография жасау. Саусақпен тік ішекті тексергенде, ішектің алдыңғы қабырғасын ішіне қарай ығыстырған, қатты ауыратын, ортасы жұмсарған инфильтрат аныталса, қуық-тік ішекаралық абсцестің нақтылы болғаны. Абсцесті тік ішек арқылы пункциялағанда ірің алынса, іріңдікті иненің бойымен тіліп ашып, санациялайды. Абсцесс қуысы жуан силикон түтікшемен дренаждалады. Науқастың бас жағын биіктеу орналастырады.
№18. Науқстың диагнозы: іштің жабық жарақаты, қуысты мүшелердің зақымдалуы, перитонитпен асқынған. Науқасты дереу ауруханаға жеткізіп, жедел операция жасалуы керек.
№19. Іш қуысын іріңнен толық тазартқаннан кейін, тоқ ішектің ректосигмоидты бөлігіне ісікпен бірге, резекция жасалады. Тоқ ішектің төменгі бөлігі 2-3 қатар тігіс салынып жабылады. Жоғарғы бөлігін сол жақ мықын тұсынан сыртқа шығарып, бір ұшты колостома салынады (anus praethеrnaturalis). Іріңді перитонитте, ішек резекциясынан кейін анастамоз салынбайды. Перитониттің себебін жойғаннан кейін, іш қуысын 5-6 литр антисептиктер (фурацилин, хлоргексидиннің биглюконаты, диоксидин) ерітіндісімен жуады. Жіңішке ішектер салданса, назогастроинтестиналды зонд қойып, декомпрессия жүргізіледі. Операция соңында іш қуысын дренаждайды.
№20. Науқаста аппендициттен кейін дамыған перитонит болуы мүмкін. Ауруға қысқа мерзімде инфузиялық терапия жүргізіп, асқазанын тазалап, жалпы наркоз беріп, жедел операцияға алу керек. Операцияның мақсаты: перитонит себебін жою, іш қуысын санациялау, дренаждау, ішекке декомпрессия жүргізу.
№21. Іріңдеген аппендикулярлы инфильтрат іш қуысына жарылып, жайылған перитонит дамыған. Науқасқа жедел, орта-орталық лапаротомия жасап, іш қуысын мұқият санациялау. Абсцесс қуысына, егер де аппендикс жеңіл алынса тампон және антибиотиктер енгізу үшін микроирригатор қойылады. Іш қуысында перитонит қарқынды болса, екі жақ қабырға астынан, мықын тұстарынан силикон түтікше дренаждар қойылады. Операциядан кейін іш қуысы антисептиктермен үздіксіз жуылады (лаваж). Дәке тампон қолданудың көрсеткіштері:
1. Перитонит көзі толық жойылмаса, перитонитті шектеу мақсатында.
2. Жергілікті шектелген іріңді перитонитте, тампонды силикон түтікше дренаждармен бірге қолданады.
3. Капиллярлы қанауда, гемостатикалық губкамен қолданады.
Панариций
№22. Диагноз: Оң қолдың, II саусағының теріасты іріңді панрицийі. Саусақты, асептика заңдылығын сақтай отырып, Лукашевич-Оберст тәсілімен жансыздандырып, іріңдікті тіліп ашу.
№23. Саусақтың теріасты панарицийі сүйек панарицийімен асқынуы мүмкін. Оның себептері әртүрлі: операциялық тіліктің кішкентай болуы; толық некрэктомия жасалмаса; дұрыс дренаждалмаса.
№24. Пандактилит, емі оперативті.
№25. Паронихия. Емі операция.
№26. Балада оң аяқ ортан жілігінің гематогенді остеомиелиті болуы мүмкін. Температурасын түсіретін, ауырсынуды басатын дәрілер салып, оң аяғын иммобилизациялап, ауруханаға жеткізген дұрыс.
№27. Жедел остеомиелит. Оң аяқтың балтыр сүйектеріне 2 проекцияда рентгендік зерттеу жасалады. Флегмонаны тіліп ашу.
№28. Фистулография, компьютерлік томография, жыланкөзден шығатын сұықтықты бактериологиялық зерттеу. Емі жыланкөзді сылып алып, сүйекке некрэктомия, санация жүргізіп, сүйек қуысын дренаждау қажет.
№29. Санацияланған сүйек қуысын ұйыған қанмен, құрғақ антибиотиктер қосылған аутогенді сүйек, шеміршек бөліктерімен немесе бұлшықеттермен толтырған (пломбировка) жөн.
№30. Нәрестеде кіндік жарасынан дамыған сепсис, жедел реанимация бөліміне жатқызу. Емдеу барысында, хирургтың бақылауы керек, себебі кіндіктік сепсис жиі перитонитпен қатар жүреді.
№31. Эндометрит, аборттан кейінгі сепсис болуы мүмкін. Науқасты дереу гинекология бөліміне зембілге салып тасымалдау.
№32. Науқастың жарасында газды гангрена дамуы мүмкін. Бұл инфекцияға жараның тез арада ісінуі тән. Ол белгіні анықтау үшін, жарадан жоғары және төмен аяққа лигатура салып тексереді. Ісіну күшейе түссе, аяқтағы жіптер теріге кіре бастайды. Келесі белгісі, жараның айналасын пальпациялағанда крепитация анықталуы мүмкін. Жарадағы жіптерді шешіп, жараны тексергенде, ішінде кір-сұр түсті жабындылар байқалады. Бұлшықеттер түсін жоғалтып, пинцетпен ұстағанда ыдырап, өліеттенгені анықталады. Жарадан өте аз мөлшерде қоңыр сұйықтық бөлінеді. Жара шетінен басқанда газ көпішіктері шығады.
№33. Аяққа сау жерінен ампутация және аяқтың тұқылы (культя) бойымен, ұзынынан тіліктер жасау қажет. Емдік мақсатпен науқасқа, бактериологиялық диагноз анықталғанға дейін, газды гангренаның қоздырғыштарына қарсы 150.000 антитоксикалық бірлік поливалентті антигангренозды сарысуды (антиперфрингенс, антиэдематиенс және антисептикум әрқайсысы 50000 Х.Б. доза) дәрігердің өзі немесе мейірбике дәрігердің бақылауымен науқастың көктамырына баяу тамшылатып енгізеді. Әрбір 100мл. сарысуды 100 – 400 мл. дене температурасына дейін жылытқан натрий хлордың 0,9 % ерітіндісімен араластырып қолданады. Бактериологиялық диагноз анықталғаннан кейін инфекцияны тудырған қоздырғышқа қарсы сарысумен ем жүргізеді. Оксигенотерапия барокамера арқылы, клиникалық ситуацияға байланысты, операция алдында және міндетті түрде операциядан кейін жүргізеді.
№34. Науқастың жарасы сіреспемен асқынған. Жараға жедел түрде екіншлік хирургиялық тазарту жасап, антисептиктермен жуып дренаждау. Реанимация бөліміне жатқызып, сіреспеге қарсы кешенді ем жүргізу: жалпы наркоз беріліп, 2 күн қатарынан, көктамырға 200000 Х.Б. (халықаралық бірлік) сіреспеге қарсы сарысуды, 250мл. изотоникалық натрий хлор ерітіндісіне араластырып енгізу. Сарысудың бұл дозасы кан айналымындағы сіреспе токсиндерін толық жояды. 3- күні сарысудың 1/3 дозасын қайталайды. Аурудың қозу кезеңінде науқасқа 3 мәрте, адсорбирленген сіреспе анатоксинін 1мл.-ден енгізеді. Бұлшықеттер тырысуын болдырмау үшін, аминазинді (седативті), ұйықтататын, десенсибилизациялайтын дәрілер, аналгетиктер, антибиотиктер тағайындайды. Өте ауыр түрлерінде миорелаксанттар енгізіп, жасанды өкпе вентиляциясы жүргізіледі. Науқасты уақытша есінен айыру үшін азоттың шала тотығы, нейролептиктер, седативті препараттар қолданады.
№35. Сіреспенің алдын алу үшін, анаға және балаға сіреспеге қарсы сарысу міндетті түрде жасалады. Себебі жүкті әйел үйінде босанған.
№36. Науқаста гангренозды аппендицит. Кез-келген тіндердің, мүшелердің гангренасы, некрозында жедел түрде науқасқа, сіреспеге қарсы сарысу егуді тағайындайды.
№37. Өкпе туберкулезі, туберкулезді спондилит, 8-9 кеуде омытрқаларының патологиялық сынығы.
№38. Хирургтың қателігі тексерусіз пункция жасағаны. Өкпесіне, жамбас буынына рентгендік зерттеу жүргізу. Өкпе, оң жақ жамбас буынының туберкулезі анықталған жағдайда науқасты туберкулезді диспансерге жатқызып емдеген дұрыс.
№39. Бұл жағдайда, ағымды сан абсцесімен асқынған, төменгі кеуде, бел омыртқаларының туберкулезі болуы мүмкін. Диагнозды нақтылауда кеуде-бел омыртқаларына рентгенография жасаған жөн.
