Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.

126-суретте жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы көрсетілген.

Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.

Сурет 127. Александров симптомын анықтау.

127-суретте көрсетілгендей, теріасты майы туберкулезді интоксикация салдарынан склерозданып қалыңдайды, сондықтан ауырған аяқта сау аяққа қарағанда, тері және теріасты майының қатпары қалың болады (Александров симптомы).

Буын, буын айналасындағы тіндердің зақымдалуы және буында экссудаттың түзілуі буын деформациясына әкеледі. Бұл кеш пайда болатын белгі. 128-суретте көрсетілгендей, буында экссудат барын флюктуация симптомы арқылы анықтайды.

Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.

Буынға пункция жасап, экссудатты лабораториялық зерттеуден өткізу арқылы диагноз нақтыланады. Буын туберкулезінің пролиферативті түрінде буын деформациясы, буынның грануляциямен толуына байланысты. Буындағы грануляциялар некрозданып іріңдейді, іріңдік жарылып, сыртқа шыққанда, жыланкөз қалыптасады. Жыланкөзден ақшыл сұр түсті, түйіршікті сұйық ірің шығады (казеозды некроз). Кейде жыланкөзден еріген қант тәріздес, шіріген ұсақ сүйек бөліктері шығады (секвестрлер). Егер де ірің буыннан бұлшықет арасына тараса, суық абсцестер қалыптасады (129-сурет). Бұлшықет аралығымен осы абсцестер негізгі туберкулезді ошақтан алыс тіндерде түзілсе, оны ағымды абсцесс деп атайды.

Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.

Мысалы жамбас буын туберкулезінде ағымды абсцесс санда немесе тізе буынының тұсында анықталады. Бел омыртқалар, төменгі кеуде омыртқалар туберкулезінде абсцестер мықын аймағына дейін таралуы мүмкін. Буын туберкулезінің жалпы симптомдары бастапқыда айқын болмайды. Науқастардың тәбеті төмендейді, тез шаршайды, жүдейді, дене қызуы көтеріледі, осы белгілердің бәрі жалпы туберкулезді интоксикацияға байланысты.

Сүйек – буын туберкулезінде диагноз қою үшін науқасқа кешенді зерттеулер жүргізілу қажет: шағымына, ауру тарихына, туған туыстар арасында туберкулезге шалдыққандар болуын, олармен қарым – қатынасын анықтау, науқасты мұқият қарап деформация, атрофия, Александров сиптомын, буынның қимылының шектелуін анықтау. Лабораториялық зерттеуде перифериялық қанда лимфоцитоз, туберкулин сынамаларының оң болуы, қоректік ортаға іріңді сепкенде, туберкулез таяқшаларының анықталуы. Диагнозды нақтылауда екі проекцияда жасалған рентгендік зерттеудің маңызы өте зор.Туберкулезді ошақта дамитын грануляциялық тін сүйекті деструкциялайды, рентген суретінде деструкцияланған жерде сүйектің құрылымы жоғалып, дефект (ақау) пайда болады. Қабыну ошағының ортасында қарайған секвестр байқалады. 130-суретте рентгенограмма: ортан жіліктің мойын тұсында туберкулезді ошақта секвестр анықталады.

Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).

Сүйектегі біріншілік туберкулезді остит көбінесе, жалғыз ошақ түрінде сүйектің метаэпифизінде орналасады, ошақтың айналасында склерозды зона болмай, сүйек жұқарады (остеопороз) және сүйектің жұмсақ қабығы қалыңдап, периост дамымайды. Сүйектен туберкулезді қабыну буынға тарап, сұйықтық түзілсе, рентгенде буын саңылауы кеңейіп, буын шеміршегінің желінуін байқауға болады. Динамикалық рентгендік зерттеу арқылы қабынудың ағымын бақылауға болады.

Сүйек – буын туберкулезінің болжамы: дер кезінде дұрыс диагноз қойылып, тиісті ем жүргізілсе, науқастардың 90%-көбі толық жазылады. Асқынған жағдайларда буын сүйектерінің орнынан таюы, патологиялық сынықтар, секвестрлер орын алуы мүмкін. Буынның деструкциясында оның қимылы шектеледі (контрактура) немесе буын қимылы толық жоғалады (анкилоз). Адам өлімі туберкулез ауруының сепсис, амилоидоз, милиарлы туберкулез сияқты асқынуларынан 1 – 3% науқастарда кездеседі.

Емі. Сүйек - буын туберкулезімен ауырған науқастар ұзақ уақыт, арнайы туберкулезге қарсы ем жүргізілетін диспансер және санаторийларда емделеді. Бұл диспансерлер, санаторийлар қаланың шетінде, қарағай ішінде орналасады. Ауруларға кешенді ем тағайындалады - консервативті және оперативті.

Консервативті емдеуде туберкулез микобактерияларына қарсы арнайы антибиотиктер (рифампицин, циклосерин, канамицин, стрептомицин, изониазид, ПАСК, салюзид, тубазид т.б.) тағайындалады. Аурудың жалпы жағдайын, иммунитетін күшейту үшін жоғары калориялы, ақуызға, витаминдерге, микроэлементтерге бай ет, сүт, көкөніс, жеміс – жидек тағамдары беріледі. Емделу барысында науқастарға таза ауа, күн шуағы өте пайдалы. Жалпы еммен қоса науқастарға жергілікті ем жүргізіледі: аурудың қозу кезеңінде зақымдалған дене мүшесінің қимылын шектеу үшін шиналар, корсет, тутор, гипс таңғыштар, гипс төсектерді қолданады. Аурудың қарқыны қайтқанда науқастарды абайлап аяғына тұрғызады.

Оперативті ем ретінде іріңдіктерді пункциялау, оларды тіліп ашу, буынға резекция, ортопедиялық операциялар, ампутациялар жасалады. Пункцияны диагностика және емдеу үшін қолданады. Диагностикалық пункцияда сорылып алынған экссудат зерттеледі. Емдік пункцияда іріңді эвакуациялап, буынға, абсцесс қуысына 500000-1000000 бірлік стрептомицинді 3-5 мл. 0,5% новокаин ерітіндісімен немесе 10-15мл. 10% ПАСК ертіндісін енгізеді. Пункциядан кейін жыланкөз қалыптаспас үшін пункцияны абсцестің үстінен вертикалды емес, бүйірінен қиғаш жасау керек, сонда инені алғаннан кейін канал, жиырылған тіндермен жабылып қалады (131-сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]