Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.

Остеомиелит - сүйектің қабы, компактты (қатты) бөлігі, кемігі және майының полиэтиологиялық іріңді қабынуы. Аурудың қоздырғыштары көбінесе, стафилококтар болып табылады. Басқа микрофлора (стрептококк, пневмококк, энтеробактериялар немесе олардың ассоциациясы) сирек кездеседі. Сүйек остеомиелитін арнайы микробтар да тудыруы мүмкін (туберкулез таяқшасы, бозғылт спирохета, актиномицеттер т. б.) Ағзадағы әртүрлі іріңді ошақтардан (фурункул, карбункул, флегмона, абсцесс, тілме, т. б.) микроорганизмдер қан арқылы сүйекке түсіп, өздеріне қолайлы жағдайда қабыну тудырады.

Жедел гематогенді остеомиелит көбінесе ұл балалардың жілік сүйектерінде дамиды (сан, балтыр, иық ). Остеомиелиттің дамуына төменде аталған факторлар әсер етеді:

1-Балалардың жілік сүйектерінің диафиздерінде (сүйек денесі) қан тамырлары магистралды түрде қалыптасса, метафиз бен, эпифизінде капиллярлар иректеліп келеді, оларда микробтар колониясы түзіліп, қабыну тудыруы мүмкін (Бобров – Лексердің эмболиялық теориясы бойынша).

2-Балалардың иммундық жүйесінің толық дамып жетілмеуі және ағзасының сенсибилизацияға, аллергияға бейімділігі (С.М. Дерижановтың аллергиялық теориясы).

3-Жас өспірімдердің жиі жарақаттануы, әртүрлі инфекцияға төзімсіздігі.

Остеомиелиттің гематогенді емес түрлерінде сүйекке инфекция сыртқы ортадан ашық сынықтарда түсіп, қабыну тудырады. Тамырларда қан ағымы баяулап, тромбтар түзілісі орын алып, сүйекті некрозға ұшыратады. Гематогенді остеомиелиттен айырмашылығы қабыну сүйектің кез келген қабатынан бастала береді. Біріншілік секвестрлер (өліеттенген сүйек бөліктері) сүйектің тікелей фрагменттеніп, үгітіліп сынуында, екіншілік секвестрлер остеомиелит процесінде пайда болады.

Гематогенді остеомиелит сүйек майы, кемігінің серозды қабынуынан басталып (ісіну, қызару, серозды экссудат түзілу), ары қарай іріңді инфильтрация түзіліп, флегмона дамиды. Осы кезеңде қабынған сүйек (остит) тамырларында тромбтар түзілсе, сүйектің некроздануы және оның ыдырап, бөлшектенуі (секвестрленуі) мүмкін. Секвестрлер кортикалды, тоталды және орталықты болып келеді.1,5- 3 апта мерзімінде остеондар (Гаверс каналдары) арқылы іріңді процесс сыртқа қарай өтіп, оның жұмсақ қабатын қамтиды. Периостит дамып, сүйек қабының астында абсцесс түзіледі, тек осы мерзімде рентген зерттеуінде жедел остеомиелиттің периосталды белгілері анықтала бастайды. Сүйек қабы шірісе, ірің айналасындағы жұмсақ тіндерге жайылады. Қабыну параоссалді және тері асты флегмонасына жалғасып, теріні тесіп шықса, іріңді жыланкөзге әкеліп соғады (fistula). Сүйекте қабыну процестері мен қатар пролиферация қоса жүргендіктен, қабыну шеттерінде грануляция түзіліп, секвестрлер сыртында 1-2 ай аралығында секвестралды қорапша қалыптасады. Секвестралды қапшықпен жыланкөздің пайда болуы (1-2 ай аралығында) қабынудың созылмалы түріне ауысуының белгісі болып табылады.

Остеомиелиттік ошақтың қалыптасу схемасы 65-суретте көрсетілген.

Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).

а-инфекцияның гематогенді ену жолы; б-біріншілік ошақтың түзілуі; в-сүйек қабы асты абсцесі; г-бұлшықет аралық флегмона; д-теріасты абсцесі; е-жыланкөзбен асқынған остемиелиттік кеңістік; ж-ашық сынықтан пайда болған абсцесс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]