- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
а-куысты жуу; б-вакуумды дренаждау.
Некрэктомиядан кейін сүйек қуысын әртүрлі биополимерден жасалған заттармен толтыруға болады: антибиотик қосылған коллагенді губка, күрделі композициялы желімдер, антисептиктер қосылған биополимерлі пломбалар. Бұл заттардың құрамына сүйек регенерациясын белсендіретін препараттар қосылады. Некрэктомия оперциясынан кейінгі негізгі мақсат сүйек куысындағы микрофлораның қалдықтарын жою: а) 7-15 күндей дренаж арқылы антибиотиктер, диоксидин, фурациллин, фурагин, риванол ерітінділерімен жуу; б) антибиотикотерапия; в) иммундық терапия; в) физиотерапияны жергілікті қолдану – ультрадыбыс, дерілермен электрофорез.
Гематогенді остеомиелиттің сирек кездесетін түрлеріне біріншілік созылмалы остеомиелиттер жатады. Ешқандай белгі бермей басталып, созылмалы кезеңдерінде бірақ анықталады, олар Броди абсцесі, склерозды Гарре остеомиелиті және альбуминозды Оллье остеомиелиті.
Сүйекішілік
Броди абсцесі – қоздырғышы
көбінесе стафилококк болып табылады,
жілік метафизінде капсуламен шектелген
некрозды ошақ дамиды (73-сурет).
Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
Қабынған жерде іріңді, серозды немесе қан аралас сүйықтық түзіледі. Процесс реактивтілігі баяу науқастарда, қоздырғыштың төмен вируленттілігінде дамиды. Клиникалық көріністері – қабыну ошағында ауыр жұмыстан кейін және сүйекке пальпация жасағанда болар болмас ауырсыну болады. Дене қызуының көтерілуі, жергілікті қабыну белгілері сирек кездеседі. Қабыну бірде өршіп, бірде басылып жылдар бойы созылады. Рентгенограмада жілік метафизінің кемігінде диаметрі 2-2,5 см., шектелген қабыну ошағы анықталады.
Броди абсцессінің емі - сүйекке трепанация жасап, іріңді ошақты санациялап, тігіс салынып жабылады. Сүйектегі қуыс үлкен болған жағдайда оны бұлшықетпен тығындап пластика жасалады.
С
клерозды
Гарре остеомиелиті
- біріншілік созылмалы остеомиелит,
ағымы баяу, қабынған сүйек түн кезінде
қақсап ауырады, дене қызуы көтеріліп,
қан анализінде лейкоцитоз, ЭТЖ өседі.
Рентгенограммада қабынған жілік
склерозданады, жіліктің қуысы тарылып,
біржолата склероздануы мүмкін, сүйектің
диафизі ұршық тәріздес қалыңдайды
(74-сурет).
Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
Негізгі емі антибиотиктер тағайындау (линкомицин, фузидин, пенициллиндер тобы), трипсинмен электрофорез жүргізу, физиотерапиялық ем-УЖЖ. Көптеген ұсақ остеомиелиттік ошақтар болса операциялық жолмен санацияланады.
Альбуминозды Оллье остеомиелиті – қоздырғыштары стафилококк, стрептококк. Қабынудың клиникалық көріністері айқын емес, қабыну ошағында жұмсақ тіндердің аздаған инфильтрациясы, терісінде болар болмас гиперемия болуы мүмкін. Гематогенді созылмалы остеомиелиттің бұл түрінің ерекшелігі қабыну ошағында ақуызға немесе муцинға бай серозды сұйықтық түзіледі, ірің болмайды. Сырқаттың патогенезі толық дәлелденбеген, аурудың туындауын қоздырғыштардың төмен вируленттілігімен, науқастың иммундық қабілетінің жоғары болуымен түсіндіріледі, қабыну процесі серозды кезеңнен ары қарай дамымайды. Кейбір жағдайларда қабыну сүйек деструкциясы (секвестрация) және іріңдеумен асқынады. Емі – операция жасап қабыну ошағын жою.
Созылмалы остеомиелиттердің біріншілік түрлерінен басқа атипиялық остеомиелиттер кездеседі. Остеомиелит дамымай тұрып ұзақ уақыт антибиотиктерді қабылдаған науқастарда атипиялық, антибиотикалық остеомиелит дамиды. Сүйекте ұсақ остеомиелиттік ошақтармен қатар остеопороз, остеосклероз пайда болады. Ағымы баяу, ауырсыну, қызару болмайды, аздап лейкоцитоз, ЭТЖ өседі. Грипп, скарлатина, сүзек, паратиф ауруларынан кейін созылмалы гематогенді остеомиелит дамуы мүмкін, атипиялық остеомиелиттің бұл түрлерін тиффозды инфекциялардан кейінгі остеомиелит деп атайды. Аурудың қоздырғыштары қарапайым іріңдіктерді тудыратын микрофлора. Емі – созылмалы гематогенді остеомиелиттің еміне сәйкес. Остеомиелиттің фиброзды түрі – қабынудан кейін сүйек майы склерозданып, бара - бара сүйекке айналады. Ісік тәріздес, біріншілік созылмалы остеомиелит – сирек кездеседі. Сүйек айналасындағы жұмсақ тіндер ісік сияқты қатайып, сүйекпен жабысып, науқасты түн мерзімінде ауырып мазалайды. Қатайған жерде қабыну белгілері, секвестрлер, жыланкөздер болмайды. Рентгендік көрінісі остеогенді саркомаға ұқсас келеді. Нақтылы диагноз биопсия, микробиологиялық зерттеулер, динамикалық бақылау (3 – 4 ай) арқылы қойылады.
Гематогенді
емес остеомиелиттердің бірнеше
түрлері кездеседі: 1) сүйекке инфекция
айналасындағы қабынған тіндерден
таралғанда; 2) ашық сынықтарда; 3) оқ тиген
жараларда. Бұл остеомиелиттер көбінесе
теріге жақын жатқан сүйектерде жиі
кездеседі. Мысалы аяқтың тізеден төмен
бөлігінде тілменің флегмонозды қабынуында
балтырдың үлкен жілігінде остеомиелит
дамуы мұмкін. Саусақтардың сүйек
панарицийі (остеомиелиті) теріасты
панарицийінің, ал бас сүйегінің
остеомиелиті бас терісінің іріңді
қабынуларының асқынуы болып келеді.
Ашық сынықтардың инфицирленген жараларына
дер кезінде дұрыс біріншілік хирургиялық
тазарту жүргізілмесе жарақаттық
остеомиелит
дамиды. Рентгенограммада сол аяқтың
ортан жілігінің остемиелиті к
өрсетілген
(75-сурет).
