- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Бауыр абсцессі.
Бауыр
абсцесі амебалық дизентерия және іріңді
инфекциялардан (пилефлебит, іріңді
холангит) кейін дамиды. Ыстық климатта
орналасқан елдерде амебалық дизентерия
жиі кездесетініне байланысты бауырлық
абсцесс жиі дамиды, барлық хирургиялық
аурулардың 5% құрайды. Бауыр абсцессінің
себебі ретінде екінші орында жедел
аппендицит. Өте сирек 0,03 – 0,05% жағдайларда
іріңді – гангренозды аппендицитте
өсіндінің шажырқайында тромбофлебит
(пилефлебит) дамиды, ары қарай инфекция
қақпалы венамен (V. Portae) бауыр абсцестеріне
әкеледі. Бауырда іріңді метастаздар
септикалық эндокардит, остеомиелит,
фурункул, сепсис сияқты іріңді процестерде
кездесуі ықтимал. Бауырдың ашық және
жабық жарақаттары, ішек жолдарының
паразитарлы ауруларында бауыр а
бсцесі
сирек болса да кездеседі. 88-суретте
бауыр абсцессінің сыртқы көрінісі.
Сурет 88. Бауыр абсцесі.
Патологиялық анатомия. Бауырда үлкенді - кішілі, бір немесе көптеген абсцестер түзіледі. Амебалық абсцесс көбінесе біреу, аппендикулярлы пилефлебитте көптеген абсцестер дамиды. Амебалық абсцесте ірің шоколад түсті, қою, иіссіз, стерильды болады, микроскопия кезінде бауырдың өлі тіндері анықталады. Пилефлебиттен кейінгі абсцестердің ағымы тез, сепсис тәріздес болғандықтан, іріңдіктердің сыртында капсула түзіліп үлгермейді. Көбінесе абсцестер бауырдың оң бөлігінде орналасады.
Клиникалық көріністері. Пиогенді абсцестерде, амебалыққа қарағанда, науқастарды кеудеге және ішке тарайтын оң жақ қабырға астының тұрақты, өте қатты ауырсынуы мазалайды. Амебалық абсцесте науқастың жалпы жағдайында айтарлықтай өзгерістер бола қоймайды. Пиогенді бауыр абсцестерінде интоксикацияға байланысты (жоғарғы температура 39 – 40°С, қалтырау, пульстің жиілеуі 120 – 140 мин., тәбетінің төмендеуі, нейтрофилды лейкоцитоз 30000 - 40000) науқастың жағдайы өте ауыр. Науқас тез арада әлсірейді, көзі, терісі сарғаяды. Пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну, бұлшықеттің қатаюы байқалады. Алақанның қырымен оң жақ қабырға доғасынан абайлап соққылағанда ауырсыну күшейе түседі (Ортнер симптомы оң ).
Амебалық абсцессте науқастың жалпы жағдайы орташа, дене қызуы субфебрильді, лейкоцитоз 12000 – 15000 - нан жоғары болмайды. Екіншілік инфицирлену болса клиникасы пиогенді бауыр абсцесіне ұқсас келеді. Рентгендік зерттеуде диафрагманың қимылы шектеліп, оң жақ күмбезі жоғары орналасады. Ультрадыбыстық зерттеуде, компьютерлік томографияда бауырда абсцесс түзілуіне байланысты оның эхоструктурасы өзгереді.
Диагноз. Диагноз қоюда науқастың шағымын, аурудың даму тарихын, бұрын немен ауырғанын, клиникалық белгілерін тұжырымдай келе, бауыр абсцесіне ұқсас аурулармен (диафрагма асты абсцесс, оң жақтық іріңді плеврит, іріңдеген бауыр эхинококкозы, холангит, т.б.) ажырату диагностикасын жүргізу қажет. Аталған аурулардың өздеріне тән шағымдары, анамнезі, клиникалық көріністері болады. Зерттеу тәсілдері (Рентген, ультрадыбыс, компьютерлік томография, магнитті резонансты компьютерлік томография, иммунологиялық реакциялар, лабараториялық, биохимиялық анализдер, бауыр пункциясы, лапароскопия) дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Емі. Амебалық бауыр абсцесінің көлемі кішкентай, жаңа басталған кезінде консервативті ем - эмитин гидрохлорид 1мл. 2% ерітіндісін тәулігіне 3 – 4 рет тері астына енгізу жақсы нәтиже береді, ал үлкен абсцестерде операция жасалады.
Пиогенді абсцесстердің емі оперативті. Операциялық ену жолдары абссстердің көлемі, бауырда орналасуына байланысты әртүрлі болып келеді: лапаротомия (абсцесс бауырдың алдыңғы бөлігінде орналасқанда), трансплевралды, трансдиафрагмалды, кеуденің оң бөлігінің төменгі бүйірінен іш қуысына кірмей – іш пердесінің сыртынан (іріңдік бауырдың артында орналасқанда қолданады). 89-суретте кеуденің төменгі бөлігінен тіліп, екі қабырғаны резекциялап ену жолы көрсетілген.
Сурет 89. Кеуденің төменгі бөлігінен тіліп, екі қабырғаны резекциялап ену жолы.
90, 91-суреттерде (133-бет) плевра синусын саусақпен жоғары ығыстырып, диафрагманы абайлап тілу, диафрагманың жоғарғы шетін қабырғааралық бұлшықеттерге тігу көрсетілген.
Сурет 90. Плевра синусын саусақпен жоғары ығыстыру.
Сурет 91. Диафрагманы абайлап тілу, диафрагманың жоғарғы шетін
қабырғааралық бұлшықеттерге тігу
Сонан соң іріңдікті ашу, дренаждау көрсетілген. Осы аталған ену жолдары арқылы бауыр абсцестерін тіліп ашып, қуысын санациялап, мұқият гемостаздан кейін дәке дренажы, силикон түтікше, резина перчаткамен дренаждайды. Операциядан кейінгі кезеңде науқасқа антибактериалды, дезинтоксикациялық, иммундық терапия, витаминдер, гепатопротекторлар және симптоматикалық ем міндетті түрде жалғастырылады.
