- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекцияларды арнайы қоздырғыштар тудырады. Инфекциялардың бұл түрлеріне а) хирургиялық туберкулез, б) актиномикоз, в) сифилис, г) лепра жатады. Аталған аурулардың ағымы басталғаннан баяу, созылмалы, тіндерде әр аурудың өзіне тән морфологиялық өзгерістер дамиды. Науқастардың денсаулықтарын төмендетіп, көбінесе мүгедектікке әкеледі. Нақтылы диагноз жыланкөздерден бөлінген сұйықтықтарды, тіндердің биопсияға алынған материалдарын микроскопиялық зерттеу кезінде ерекше әрбір ауруға тән, тіндердің өзгерістері- гранулемалар анықталады.
Хирургиялық туберкулезге сүйек-буын туберкулезі, лимфа бездері, серозды қуыстардың ( іш пердесі, плевра, ми қабаттары), асқазан, ішек, бүйрек, қуық, аталық пен аналық без, жатыр, көз туберкулезі және өкпе туберкулезінің кейбір түрлері жатады. Туберкулез микобактериялары адам организміне тыныс алу, ас қорыту жолдары немесе тері және шырышты қабаттардың зақымдалуы кезінде енеді. Тіндерде спецификалық созылмалы қабыну реакциясы даму салдарынан туберкулезді бөртпелер (гранулемалар) түзіледі (123,124-суреттер).
Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
Бұл гранулемалар туберкулезді микобактерияларын айналдыра қоршаған эпителиоидты және алып клеткалардан тұрады. Гранулемалар перифериясында лимфоидты клеткалар орналасады. Туберкулезді гранулемалар бір-бірімен қосылып, ақшыл сұр түсті, үлкендігі тарыдай түйіндерге айналады. Туберкулез токсиндерінің әсерінен және жергілікті қан айналымының бұзылыстарынан түйіндер өліеттеніп ірімшік тәрізді некрозға ұшырайды (124-сурет). Некроздану процесі айналасындағы тіндерге таралуы мүмкін. Егер де, науқастың иммунитеті жақсы болса, туберкулезді түйіндерде дәнекер тіндер өсіп, кальций тұзы түзіліп, туберкулезді түйіндер кальцинаттанған дәнекер түйінге айналып жазылады. Туберкулез ошағында экссудация, некроз, пролиферация процестері қатар жүреді. Аталған процестердің қайсысы басым болса, соған байланысты қабыну түрлері экссудативті, некрозды, пролиферативті деп бөлінеді. Туберкулез ауруында қабыну реакциясы науқастың иммунитетіне және туберкулез таяқшаларының вируленттілігіне сәйкес дамиды. Туберкулезді процесте науқастардың дене қызуы көтеріліп , сүйек, бұлшықет пен теріасты майының атрофиясы, бұлшықеттің гипотония және гипотрофиясы, сүйектердің остеопорозы сияқты дистрофиялық өзгерістер орын алады. Регенерация процестері төмендейді.
Сүйек – буын туберкулезі екіншілік (салдарлық) инфекция болып келеді, туберкулез ауруы жиі өкпеде, одан кейін лимфа түйіндерімен, серозды қуыстарда кездеседі. Сүйек-буын туберкулезі жалпы туберкулез ауруы локализациясының 10% құрайды. Ленинград хирургия туберкулезі институтының мәліметтері бойынша омыртқа туберкулезі (спондилит), жамбас буын туберкулезі (коксит), тізе буын туберкулезі (гонит) барлық сүйек буын туберкулезіне шалдыққан аурулардың 75,9%-кездеседі. Сүйек туберкулезі жіліктердің эпифизарлы бөліктерін, қол-аяқ саусақтарының фалангаларын зақымдайды. Сүйек-буын туберкулезіне шалдыққан аурулардың арасында 10 жасқа дейіңгі балалар 60%, 15 жасқа дейін 72% құрайды. Балалардың жиі ауратын себебі олардың организмінің ерекшеліктеріне байланысты: сүйектері кемікке бай, қан айналымы жақсы.
Патолого-анатомиалық өзгерістер туберкулезді остеомиелиттен басталады, қабыну ошағында туберкулезді гранулемалар түзіліп, некрозданып, сүйекте деструкция, ұсақ секвестрлер, каверна (қуыс) орын алады. Сүйек метафизінен басталған қабыну буынға тарап туберкулезді артритке әкеледі. П. Г. Корнев сүйек – буын туберкулезінің дамуын 3 кезеңге бөледі: 1) буынға дейінгі кезең немесе біріншілік остит кезеңі; 2) артриттік кезең немесе екіншілік артрит кезеңі; 3) артриттен кейінгі кезең немесе артрит салдарының кезеңі.
Буындар туберкулезі. Көбінесе ірі буындарда дамиды. Қабыну түрлеріне байланысты буын туберкулезі синовиалды – экссудативті, фунгозды, сүйектік деп бөлінеді.
Синовиалды – экссудативті түрінде буынның синовиалды қабаты қабынып қызарады, ісінеді, фибринге бай экссудат түзіледі, буын шеміршегі ісінеді. Дұрыс ем жүргізілсе, қабыну толық басылады, буынның функциясы бұзылмайды. Қабыну өршіген жағдайда, буындағы экссудат іріңдеп, буын шеміршегі және сүйегі деструкцияға ұшырайды.
Фунгозды қабынуда продуктивті, пролиферативті процестер экссудативті процестерден басым болады. Қабынған буында грануляция белсенді дамиды, туберкулезді грануламалар казеозды некрозға ұшырайды, тіндер тыртықтанады, буын грануляцияға толып, буын шеміршегі, сүйектері деструкцияланады Кейбір жағдайларда грануляциялар буын капсуласына және айналасындағы тіндерге тарап қан, лимфа айналымын бұзады, буын ісінеді, көлемі үлкейіп, буынның терісі бозарады. Буындағы ісікті сондықтан ақ ісік деп атайды.
Буын туберкулезінің сүйектік формасында гематогенді жолмен сүйекке түскен туберкулез таяқшалары сүйекте біріншілік туберкулезді қабыну ошағын тудырады. Ошақта казеозды некроздану салдарынан ұсақ секвестрлер түзіледі. Қабыну шектеліп, буынға тарамаса, оның айналасында капсула қалыптасады. Түзіліс шектелмесе, буында екіншілік туберкулезді артрит дамиды, буын істен шығады. Науқастың өміріне де қауіп төнеді. 125-суретте (194-бет) туберкулезді гониттің өршу кезеңі көрсетілген. Буынның капсуласы қалыңдаған, буын сүйектерінің шеміршектері жұқарған.
Клиникалық көрінісі. Буын туберкулезінің локализациясына, түріне, даму кезеңіне, науқастың иммунитетіне байланысты. Аурудың жергілікті белгілері: буынның ісініп ауруы, деформациясы, функциясының бұзылуы, ауырған аяқтың атрофияға ұшырауы. Ауырсыну сезімі-нерв талшықтарының қабыну ошақтарындағы инфильтратта қысылуына және туберкулез токсиндерінен тітіркенуіне байланысты. Кейбір жағдайда аурсыну қабыну ошағынан басқа жерде сезінеді. Мысалы жамбас буын туберкулезінде осы араға жақын жатқан n. femoralis және n. obturatorius инфильтратта қысылып, токсиндерден тітіркенгенде науқастың тізесі ауырады, осы жағдайлар диагноз қоюда қиындықтар тудырады. Науқас аяқтың ауырғанын жеңілдету үшін, аяғын жартылай бүгіп ұстайды. Ұзақ уақыт бүгілген аяқта тұрақты контратура (қимыдың шектелуі) дамиды. Ауырған аяққа ұзақ мерзім салмақ түсірмегендіктен және тіндер жасушаларына туберкулез токсиндерінің әсерінен бұлшықет атрофияға ұшырайды.
