Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.

1 – радиалды тілік; 2 – Барденгейер тілігі; 3 – параареолярлы тілік.

Әсіресе бірінші рет босанатын әйелдерге баланы емізу, омырауды күту, денешынықтыру ережелерімен таныстыру өте маңызды. Жаңа туған нәрестелерді, олардың аналарын іріңді хирургиялық инфекциядан сақтауда, перзентханада санитарлы – эпидемиологиялық тәртіптің қағидалары мұқият сақталуы керек. Медперсонал арасында жасырын эндогенді іріңді хирургиялық инфекциялармен ауыратындарын анықтап, санациялау, күнделікті палаталарды жуу, дезинфекциялау, желдету, бактерицидты лампаларды пайдалану, т. б.

Лимфангиит дегеніміз лимфа тамырларының қабынуы. Фурункул, карбункул, абсцесс, флегмона, панариций, іріңді жаралар және т.б. аурулардың жайылған асқынған түрлерінде кездеседі, сондықтан екіншілік болып есептеледі. Этиологиясы. Көбінесе стафилококтар әсерінен беткейлі, терең орналасқан лимфа тамырларының қабырғалары, айналасындағы тіндер ісініп, ол арада лимфоциттер түзіліп қабыну дамиды.

Клиникалық көріністері. Лимфангиитпен асқынған іріңді процестерде науқастардың жағдайы төмендейді, дене қызуы 39 – 40°С дейін көтеріліп, қалтырау, тер басу, әлсіздік, лейкоцитоз орын алады. Лимфангииттің тор тәріздес (сетчатый) түрінде тері қызарып, тілмеге ұқсас келеді, айырмашылығы тілмедегідей шекарасы анық болмайды. (41-сурет).

С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит

Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиитте (42-сурет) ошағына таяу ораласқан лимфа бездеріне бағытталған қызыл жолақтар (гиперемия) көзге көрінеді, пальпациялауда қабынған лимфа тамырларының ауырсынуы, шнур тәріздес қатаюы анықталады. Терең орналасқан лимфа тамырлары қабынса, теріде қ ызару болмайды. Қол- аяқ ауырып, ісінеді, шап, қолтық асты бездері шошынады.

Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит

Емі-лимфангиитке әкелген негізгі ірің ошақтарын кеңінен тіліп ашу, дренаждау, белсенді антибактериалды терапия жүргізу, ауырған мүшені жоғары ұстап, қимылын шектеу.

Лимфангииттің алдын алу-біріншілік іріңді ошақтарды асқындырмай дұрыс емдеу.

Лимфаденит-лимфа түйіндерінің қабынуы, әртүрлі іріңді жаралар, фурункул, карбункул, панариций, тілме, остеомиелит, тромбофлебит, т.б. және арнайы хирургиялық инфекциялар – туберкулез, оба, актиномикоз сияқты аурулардың асқынған түрлерінде дамиды. Инфекция лимфа, қан тамырлары немесе жанасу арқылы лимфа бездеріне еніп, серозды, іріңді лимфаденитке әкеледі. Қабыну бездің айналасындағы тіндерге жайылса аденофлегмона дамиды. 43-суретте жақасты лимфа безінің серозды-инфильтративті қабынуы, 44-суретте аденофлегмонасы.

Сурет 43. Жақасты лимфа безінің серозды-инфильтративті қабынуы.

Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.

Клиникалық көріністері, диагнозы – қабынған регионарлы лимфа бездері үлкейіп, ісініп ауырады, науқастардың жалпы жағдайы төмендейді: басы аурып, әлсізденіп, дене қызуы көтеріледі.

Серозды лимфаденитте қабынудың жергілікті, жалпы белгілері шамалы болса, іріңдегенде қатты ауырсыну, бездің үлкеюі, қатаюы, терінің қызаруы, айналасындағы тіндердің инфильтрациялануы, қабыну ошағының ортасы жұмсарып, флюктуация симптомы анықталады. Жалпы интоксикация белгілері: дене қызуы көтеріліп, қалтырау, тахикардия, әлсіздік, бастың ауруы орын алады. Егер шірікті инфекция дамыса, іріңді ошақта газ түзіліп, крепитация пайда болады. Іріңді лимфаденитте іріңді процесс ішастарының сыртындағы және көкірекаралық майлы клетчаткаларға таралып, флегмона, сепсиске әкеледі.

Емі. Серозды түрінде консервативті (ауырған мүшенің қимылын шектеу, физиотерапия, біріншілік іріңді ошақтарды санациялау, антибиотиктер тағайындау). Іріңді лимфадениттерді оперативті жолмен тіліп ашу, дренаждау.

V тарау. Флебит – көктамырлар қабырғаларының қабынуы (45-сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]