- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Диафрагмаастылық абсцесс
Диафрагмаастылық абсцесте іріңдік жоғары жағынан диафрагма, төменде бауыр, бүйрек, көкбауыр, асқазан, ішектер, үлкен шарбы майымен шектеледі. 92-суретте асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы диафрагмаастылық абсцеспен асқынған көрінісі схема түрінде көрсетілген.
Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
1-бауыр; 2-аорта; 3-12 елі ішек; 4-5-аш ішек; 6-асқазан; 7-абсцесс қуысы;
8-диафрагма; 9-ұйқы безі.
Біріншілік диафрагмаастылық абсцесс өте сирек кездеседі. Екіншілік түрі көптеген жедел іріңді хирургиялық аурулардың асқынуы ретінде кездеседі (холецистит, тесілген асқазан, ұлтабар ойық жаралары, панкреатит, іш қуысының операциялары). Қоздырғыштары көбінесе стрептококтар және ішек таяқшалары. Іріңдік іш қуысында жиі дамиды: 1. оң жақ дифрагмаастылық; 2. сол жақ дифрагмаастылық. Іш қуысының сыртында орналасуы сирек кездеседі (іш пердесінің сыртындағы майлы клетчаткада). Диафрагма астына инфекция тікелей жанасу арқылы немесе лимфогенді, гематогенді жолдармен қабыну ошақтарынан түседі.
Клиникалық көріністері. Науқас оң жақ қабырға астының мойынға, жауырынға, арқаға тарайтын тұрақты, қатты ауырсынуына, құрғақ жөтелге, дене қызуының көтерілуіне, ентігу, кекіру, әлсіздікке шағымданады. Дене қызуы 41°С дейін көтеріледі, жалпы жағдайы өте ауыр, тыныс алуы беткейлі және жиі, науқас терең, толық дем ала алмайды, кеуденің ауырған бөлігі тыныс алу актісіне толық қатыспайды. Пальпация кезінде іріңдік түзілген жағында іштің эпигастрий, қабырғаасты қатты ауырып, бұлшықеті қатаяды. Кеуденің реактивті плеврит дамыған бөлігі ауырады. Аускультацияда өкпенің төменгі бөлігінде тыныс алу әлсіреп, дауыс дірілі күшейе түседі. Плеврит дамыған жағдайда плевраның үйкеліс шуы естіледі. Ренгендік зерттеуде дифрагма жоғары көтеріліп, қимылы шектеліп, плевра қуысында экссудат түзіледі. Егер де іріңдікте газ түзілсе ол горизонталды сұйықтықтың бетінде орналасады. Ультрадыбыстық зерттеуде диафрагма астында тығыз капсуламен шектелген, ішінде біркелкі емес түзіліс жиналған қуысты байқауға болады. Қанның анализінде лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға жылжып, ЭТЖ жылдамдайды.
Емі.
Консервативті ем – антибактериалды,
дезинтоксикациялық, инфузиялы терапияны
сырқаттың бастапқы кезеңінде қолданады.
Рентген, ультрадыбыстық бақылауы арқылы
пункция жасап, абсцесс маңына антибиотиктер
енгізеді. Капсула түзіліп қалыптасқан
абсцессте операция жасалып, іріңдікті
тіліп, санациялап, дренаждау қажет.
Операция жасау үшін ең маңыздысы
іріңдікке енудің тиімді тәсілін қолдану.
Диафрагмаасты абсцесті орналасуына
байланысты операцияны іш немесе плевра
қуыстары арқылы жасауға болады, бірақта
бұл ену тәсілдерінде іш, плевра қуыстарының
инфицирлену қауіптілігі тым жоғары.
Қалыптасқан абсцессте операция жасалып,
іріңдкті тіліп, санациялап, дренаждау
қажет. Операция жасау үшін ең маңыздысы
іріңдікке енудің тиімді тәсілін қолдану.
Диафрагмаасты абсцессті орналасуына
байланысты операцияны іш немесе плевра
қуыстары арқылы жасауға болады, бірақ
та бұл ену тәсілдерінде іш, плевра
қуыстарының инфицирлену қауіптілігі
тым жоғары. Ең тиімді операциялық ену
тәсілі ол іш және плевра қуыстарынан
тыс жасалатын ену жолы (93-сурет): алдыңғы
жағынан 8-9, артқы жақтан 11-12 - қабырғалар
бойымен, оларды резекциялап, диафрагманы
а
шып,
плевраны жоғары ығыстырады.
Сурет 93. а Диафрагмаасты абсцесіне тиімді операциялық ену тәсілі.
а-11-12 - қабырғалар бойымен, оларды резекциялау; б-диафрагманы ашу,плевраны жоғары ығыстыру; в-ішастарын төмен қарай сылу; г-іріңдікті ашып санациялау.
Диафрагманы тіліп ашқаннан кейін іш пердесін төмен қарай сылып барып іріңдікті ашып, санациялап дренаждайды. Операциядан кейінгі ем басқа іріңдіктерде, іріңді интоксикацияларда жүргізілетін емнен айырмашылығы жоқ.
