- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
Жамбас қуысында орналасқан іріңді аппендицитке тән клиникалық белгілер:
Қабынудың шектелуіне байланысты кейбір аппендицит симптомдары айқын болмайды, жалпы жағдайы аса өзгере қоймайды, науқас мазасыданбайды, сирек құсады.
Пальпация кезінде іштің төменгі бөлігі аурады.
Іш бұлшықетінің қатаюы болмайды.
Коупт симптомы оң – шалқасынан жатқан науқастың оң аяғын тізе, жамбас буындарынан бүгіп, медиалды және латералды бағытта айналдырғанда, кіші жамбас қуысында ауырсынудың пайда болуы.
Қабыну тік ішекті, қуықты қамтуына байланысты науқасты үнемі үлкен дәретке отырғысы келетіндей сезім мазалайды, кіші дәретке аздан және жиі барады, зәр анализінде эритроциттер пайда болады.
Тік ішекті саусақпен зерттегенде, алдыңғы қабырғасының қатты ауырсынуы, аппендикулярлы инфильтрат түзілгенде, ішектің алдыңғы беті ішіне қарай ығысады.
Жамбас қуысындағы аппендицитті жедел аднекситтен ажыратуда келесі жағдайларды ескерген жөн: 1. Анамнездері басқаша; 2. Аднекситте ауырсыну сезімі толғақ тәріздес төменнен басталады, сегізкөзге, шап, тік ішекке таралады. Аппендицитте ауырсыну тұрақты, жан жаққа таралмайды, жоғарыдан басталып барып төмен түседі; 3. Коупт симптомы аднекситте теріс, жамбас қуысындағы аппендицитте оң; 4. Құсу, жүрек айну аппендициттің белгісі; 5. ЭТЖ аппендицитте өзгермейді, аднекситте өседі. (Е.Г. Дехтярь); 6. Қынапты саусақпен зерттегенде жамбас қуысында орналасқан аппендицитте жатырдың артында, оң жағында ауыратын түзіліс анықталады, жатырмен байланысы жоқ. Промтов симптомы теріс-қынап арқылы жатырды қозғалтқанда ауырсыну сезімі болмайды. Жатыр мойнының, қынаптың шырышты қабатының гиперемиясы және іріңді бөліністер анықталмайды (Е. Г. Дегтярь).
Медиалды орналасқан аппендицит 16 – 17% кездеседі, ағымы өте ауыр клиникалық көріністерінің ерекшеліктері: а) ауырсыну сезімі оң жақ мықын аймағынан кіндікке қарай жақын ығысады; б) аппендициттің барлық белгілері айқын анықталады; в) соқыр ішек өсіндісі ащы ішек ілмектерінің арасында орналасқандықтан қабыну ошағы толық шектелмейді, перитонит жиі дамиды.
Ретроцекалды аппендицит жиі кездеседі (20 – 30%), ауыр түрде өтеді, диагноз қою қиын. Клиникалық ерекшеліктері:
Ауырсыну сезімі белдің оң жағында орналасады, терең пальпация кезінде оң жақ мықын тұсында ауырсыну анықталуы мүмкін.
Іштің бұлшықетінің қатаюы баяу не мүлде анықталмайды.
Щеткин – Блюмберг симптомы жоқтың алды, құсу жүрек айну сирек кездеседі.
Ретроцекалды аппендицитте науқас оң аяғын бүгіп, ішіне қарай тартқанда ауырсыну бәсеңдейді, аяғын жазғанда іші, белі ауыра бастайды, себебі қабыну аппендициттен m. ileopsoasқа тарайды. Образцов симптомы оң болады – дәрігер алақанымен науқастың оң жақ мықынын абайлап басып тұрып, науқас оң аяғын көтергенде іші ауырады. Коупт симптомы оң болады.
Ретроцекалды аппендицитте қабыну процесі айналасындағы тіндерге (ішпердесіне, оның сыртындағы майға, m. ileopsoasқа) таралғандықтан, Пастернацкий симптомы оң болады. Және осы қабынудың әсерінен белдің оң жағы біраз ісінеді, оң жақтық сколиоз байқалады.
Ретроцекалды аппендициттің басталуы баяу, ішпердесінің тітіркенуі болмағандықтан, науқасты ауырсыну аса мазаламайды.
Ретроперитонеалды орналасқан аппендициттің клиникалық көріністері белдің оң жағының қатты ауырсынуынан басталады, дене қызуы 39°С жоғары көтеріледі. Клиникалық көріністері іш пердесінің сыртында орналасқан терең флегмонаға ұқсас келеді.
Бауыр астында орналасқан аппендициттің ерекшеліктері: а) асқазан, ұлтабарға жақын жатқандықтан анамнезінде іштің өтуі, жүрегі айнып құсуы; б) жергілікті ауырсыну, бұлшықеттің қатаюы оң жақта, бауыр астында орналасады; в) Ровзинг симптомы оң; г) аппендициттің атипиялық ораласуына байланысты диагностикалық қателіктер жиі кездеседі. Көбінесе жедел холецистит, асқынған асқазан, ұлтабар ойық жарасы диагноздары қойылады.
Сол жақ мықын аймағында орналасқан аппендициттің анамнезі, клиникасы, симптомдары қалыпты жерде орналасқан аппендициттен айырмашылығы жоқ, тек-қана белгілердің бәрі сол жақта анықталады Қателіктер жібермес үшін аппендициттің атипиялық түрлері кездесетінін еске сақтаған жөн.
Диагноз. Жедел іріңді аппендициттің орналасуында ауытқулар болмаса диагноз қою қиынға соқпайды. Аурудың клиникалық көріністері, анамнезі толық болмаса және асқынған түрлерінде диагнозды анықтау қиындай түседі. Диагностикалық қателіктер жиі кездеседі, В. И. Стручков, В. К. Гостищев, Ю. В. Стручков мәліметтері бойынша 3149 ауруға аппендэктомия операциясы жасалып, солардың тек қана 1821 операция алдында жедел аппендицит диагнозы қойылған (57,8%). Іріңді аппендицитің асқынған түрлерінде дер кезінде дұрыс диагноз қою үшін көптеген клиникасы ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын жүргізу өте маңызды. Айта кетсек, ол аурулар асқазан және ұлтабардың тесілген ойық жаралары, жедел холецистит, жедел ішек өтімсіздігі, жедел панкреатит, бүйрек тас аурулары, өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы, миокард инфарктісі, іштің инфекциялы аурулары. Жас балаларда кездесетін инвагинациялық ішек өтімсіздігі, пневмококты перитонит, жедел туберкулезді перитонит және ішектің шажырқай бездерінің туберкулезі. Жүрек ауруы және қан қысымы жоғары науқастарда шажырқай тамырларының тромбозы, әйелдердің жедел гинекологиялық аурулары. Жедел іріңді аппендицитті жоғарыда аталған аурулармен ажырату диагнозын жүргізуде науқастардың шағымына, анамнезіне, клиникалық көріністеріне, зерттеу тәсілдерінің нәтижесіне мұқият көңіл бөліп айырмашылықтарын анықтай білу керек. Казіргі кезде іштің жедел хирургиялық ауруларында диагноз қою қиынға соққан жағдайларда лапароскопия тәсілін қолданады.
Жедел іріңді аппендициттің емі дер кезінде аппендэктомия жасау.
