Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.

Созылмалы гематогенді остеомиелит. Жедел остеомиелиттің емі кеш басталып, іріңдік толық дренаждалмай, рационалды антибиотикотерапия жүргізілмегенде дамиды. Клиникалық көрінісі рецидив және ремиссия кезеңдерінен тұрады. Әртүрлі себептерден (суық тию, жарақаттану) науқастың ағзасы әлсірегенде патогенді микробтар дамып, қабыну қозып қайталанады, емдеу нәтижесінде немесе өздігінен қабыну қайтады. Аурудың негізгі белгілері: қайталану, секвестрлену, жыланкөздің пайда болуы. Ремиссия кезеңінде науқасты еш нәрсе мазаламайды. Қайталану кезеңі қабынудың жалпы және жергілікті белгілерімен сипатталады. Диагноз қою қиынға соқпайды, анамнезінде гематогенді остеомиелитпен ауырғаны анықталады. Сүйектегі өзгерістер: қабыну ошағындағы секвестрлер, секвестрлі қуыстар, периостит рентген арқылы нақтыланады. 68-суретте екі проекциялық рентгенограммада тоқпан жіліктің созылмалы гематогенді остеомиелиті(105-бет). Секвестр және секвестрдің қорапшасы айқын көрінеді.

С урет 68. Екі проекциялық рентгенограммада тоқпан жіліктің

Созылмалы гематогенді остеомиелиті.

Ж ыланкөз өзектерінің қуыстармен байланыстарын фистулография арқылы анықтайды. 69-суретте аяқтың ортан жілігінің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.

Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.

Радиоизотопты сцинтиграфия тәсілімен кез келген сүйектің қабыну процестерін анықтауға және остеомиелитті сүйектің қатерлі ісігінен ажыратуға болады. Радиофармпрепарат ретінде технеций немесе галлий пирофосфатын пайдаланады. Бұл тәсілдің ұтымды жағы сүйек қабынуын алғашқы күндерінен бастап көрсететіні. 70-суретте (сцинтиграмма) радиофармпрепараттың оң жақ ортан жіліктің қабыну ошағында түзілгені көрінеді.

С урет 70. Ортан жіліктердің сцинтиграммасы. Радиофармпрепарат оң жақ ортан жіліктің қабыну ошағында жиналған.

Сүйектердің ұсақ секвестрлерін, қабыну ошақтарын, айналасындаға тіндердің өзгерістерін анықтауда компьютерлік томографияның маңызы өте зор. Созылмалы остеомиелитпен ауырған науқастардың арнайы және арнайы емес иммундық статусын анықтап, жарадағы патогенді микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығы тексеріледі. Антибиотикограммада көбінесе стафилококтар және грам теріс микрофлораның монокультурасы немесе олардың көптеген антибиотиктерге төзімді ассоциациясы анықталады. Созылмалы остеомиелитте науқастардың стафилококк анатоксинінің титрі, арнайы емес иммунобиологиялық реактивтілігінің көрсеткіштері - комплемент титрі, фагоцитарлық белсенділігі т. б. төмендейді. Созылмалы гематогенді остеомиелиттің комплексті емінің ең негізгісі радикалды операция – некрэктомия (секвестрэктомия). Операцияның мақсаты сүйекті, айналасындағы жұмсақ тіндерді өліеттерден, іріңнен толық тазарту, іріңді жыланкөздерді сылып алып тастау. Санацияланған сүйек куыстарын науқастың өз бұлшықеті, сүйегі, шеміршегі, терісі немесе консервіленген сүйек, шеміршекпен тығындап, пластика жасау. 71-суретте созылмалы гематогенді остеомиелитте сүйек қуысын бұлшықетпен пластикалау көрсетілген.

Сурет 71. Созылмалы гематогенді остеомиелитте сүйек қуысын бұлшықетпен пластикалау. а - сүйек қуысын санациялап, пластикаға дайындау; б - пластикаға бұлшықетті мобилизациялау; в - бұлшықет сүйек қуысына салынып тігілуі; г - пластикаланған бұлшықеттің бетін сүйек қабымен, бұлшықеттермен жабу.

7 2-суретте сүйек қуыстарын санациялау тәсілдері көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]