- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
Іріңді қуысты саусақпен зерттеу.
Сурет 28. (а) Лапаротомия, диафрагматомия. (б) Іріңді электросорғышпен
төменгі артқы медиастенитті тіліп ашу, эвакуациялау.
а-диафрагматомия; б-іріңді электросорғышпен эвакуациялау; 1 - диафрагма, 2-бауыр, 3-өңеш, 4-асқазанның түбі, 5- элетросорғыштың ұшы;
28(а), 28(б), суреттерде лапаротомия, диафрагмотомия арқылы төменгі артқы медиастенитті тіліп ашу, дренаждау көрсетілген; 28(в)-артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау көрсетілген.
Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
Терең орналасқан қол-аяқтың флегмоналары фасция астылық және фасция аралық деп бөлінеді. Іріңдік бұлшықет аралығы және тамырлар айналасындағы майлы клетчаткалар бойымен таралады. Этиологиясы стрептококк, стафилококк, ішек таяқшалары, көкірің таяқшасы, шірікті, анаэробты микроорганизмдер. Қабыну тіндердің серозды ісінуінен басталып, бара-бара іріңге айналып, тіндерді өліеттенуге әкеледі (бұлшықеттер, фасция, майлы клетчаткаларды). Іріңдіктердің орналасуы, таралуы, қол - аяқтың анатомиялық ерекшеліктерінің схемасы 29(а,б,в,г) суреттерде көрсетілген.
Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
а – иық: 1 – m. biceps brachii, 2 – m. brachialis, 3 – m. triceps brachii, 4 – иықтың негізгі тамырларымен нервтерінің айналасындағы флегмона, 5 – иықтың терең тамырларымен n. radialis айналасындағы флегмона, 6 – үш басты бұлшықеттің ішінде орналасқан флегмона;
б – қолдың шынтақтан төмен бөлігі: 1 – m. flexor carpi radialis, 2 – m. flexor digitorum sublimis, 3 - m. flexor carpi ulnaris, 4 - m. flexor digitorum profundus, 5 – m. adductor policis et m.extensor policis longus, 6 - m.extensor carpi radialis brevis, 7 - m.extensor digitorum communis, 8 - m.extensor carpi ulnaris, 9 – vasa radialia айналасындағы флегмона, 10 – vasa interossea маңының флегмонасы 11 – vasa ulnaria айналасындағы флегмона;
в – сан: 1 – m. rectus; 2 – m.vastus medialis, 3 – m. sartorius, 4 – m. gracilis, 5 – semimembranosus, 6 – m. semitendinosus, 7 – caput longum m. biceps femori, 8 – m.vastus lateralis, 9 – m. adductor magnus et longus, 10 - m.vastus lateralis ішіндегі флегмона, 11 - m. rectus femori ішіндегі флегмона, 12 – санның негізгі тамырларының айналасындағы флегмона, 13 – шонданай нервісінің айналасындағы флегмона;
г – балтыр: 1 – fibula, 2 – tibia, 3 – m. tibialis anterior, 4 – m.extensor digitorum longus, 5 – mm. peraneus longus et brevis, 6 m. soleus, 7 – vasa tibialis pasteriora айналасындағы флегмона, 8 - vasa tibialis anteriora маңының флегмонасы.
Клиникалық көріністері, емі. Қол аяқтың қатты ауырсынуы, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, сандырақтау. Жергілікті белгілер: көк тамырлардың қысылуына байланысты қол, аяқтың ісінуі, лимфа бездерінің шошынуы. Егер де, іріңдік беткейлі орналасса, тері қызарып, флюктуация пайда болады. Терең орналасқан іріңдіктерде терінің қызаруы, флюктуация симптомы анықталмайды. Диагноз қоюда ультрадыбыстық зерттеу, пункция жасаудың маңызы зор. Еміне келсек, инфильтративті кезеңінде консервативті ем жүргізіледі – физиоем (УЖЖ, Бернар тоқтары), антибиотиктер, витаминдер, иммундық терапия, инфузиялық ем, иммобилизация. Іріңдеуде операциялық жолмен іріңдікті тіліп ашу, ірің, өліеттерден тазарту, дренаждау, жараны күнделікті сутегі асқын тотығымен, антисептиктермен жуу. Егер де іріңді қуыс көлемді болса, негізгі тілікке параллелді, қарама-қарсы қосымша тілік (контрапертура) жасалып, жараны дренаждайды. Іріңдіктің қоздырғыштарын, олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін, міндетті түрде операция кезінде жарадан бактериологиялық зерттеуге жағынды алынады. Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты қол- аяқтың флегмонасын тіліп ашу орындары 30(а,б) суреттерде көрсетілген.
С
урет
30. (а)Қол іріңдіктерін тіліп,
(б)
Аяқ іріңдіктерін тіліп,
ашу орындары. ашу орындары.
30(а) – қолға операция жасаудағы тілік орындары: 1 – тоқпан жіліктің диафизіне операция жасаудағы алдыңғы – латералды тілік жасап ену, 2 – білектің алдыңғы бетінде, фасция ішіндегі флегмонаны ашуға арналған тіліктер, 3 – қолдың шынтақтан төмен алақан бетінің бұлшықет аралық және сүйек аралық іріңдіктерді тіліп ашу проекциясы, 4 – Пирогов кеңістігінің флегмонасын тіліп ашу проекциялары, 5 - қолдың шынтақтан төмен алақан бетінің бұлшықет аралық және сүйек аралық іріңдіктерді Войно – Ясенецкий тәсілімен тіліп ашу проекциялары, 6 – латералды фасцияішілік флегмонаны ашуға арналған тіліктер, 7 – медиалды (шынтақтық) флегмонаны ашуға арналған тіліктер, 8 – иық тамырларының проекциясы, 9 – a. radialis проекциясы, 10 – a. ulnaris проекциясы;
30(б) - аяққа операция жасаудағы тілік орындары: 1 – ортан жілікке алдыңғы – латералды ену проекциясы, 2 – санның алдыңғы – медиалды флегмонасын тіліп ашу проекциясы, 3 – санның негізгі тамырлар қынабының проекциясы, 4 - санның алдыңғы бұлшықет аралық флегмонасын тіліп ашу проекциясы, 5 – тізеден төмен, алдыңғы фасция ішілік флегмонаны тіліп ашу проекциясы, 6 – санның негізгі тамырларының проекциясы, 7 – a. tibialis проекциясы.
Іш пердесінің сыртында орналасқан флегмоналарға бүйрек майының қабынуы (паранефрит), тоқ ішек сыртында орналасқан майлы клетчаткалардың қабынуы - параколит және мықын сыртының абсцесі, флегмоналары жатады. Бұл іріңдіктер көбінесе екіншілік болып келеді, инфекция лимфогенді жолмен аппендицит, жамбас сүйек, омыртқалардың остеомиелиті, бүйректің іріңді қабынуларында және осы мүшелердің зақымдануларында түседі, аденофлегмона дамиды. Іріңді ошақтар бұлшықеттердің және қан тамырлары бойымен жоғары плевра қуысына, төмен санға дейін, тік ішек айналасына таралуы мүмкін.
Клиникалық көріністері бастапқыда айқын болмайды, жалпы қабынудың белгілері орын алады: науқастардың дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, қалтырау, бас ауруы мазалайды. Жергілікті қабыну белгілері кеш пайда болады. Диагноз қоюда ауырсыну сезімінің локализациясы, таралуы (иррадиация), дене мүшелерінің қандай қимылдарында ауырсыну қай жерде күшейетіні өте маңызды. Іш пердесінің сыртында ораласқан іріңдіктерде науқастарда белдің оң немесе сол жақтары ауырып, тұрарда, жүргенде күшейеді. Науқас жүргенде алдыға еңкейіп, ауырған жаққа қисаюға мәжбүр болады. Ауырған аяқты бүгу, жазу, ішке, сыртқа бұру қиынға соғады. Бел бұлшықеттерін, бел омыртқаларды, жамбас сүйекті пальпациялау және алақан қырымен белді абайлап перкуссиялау ауырсыну сезімін тудырады. Ауырған жақтағы аяқта санның контрактурасы анықталады. Аяқ- жамбас буынынан бүгіліп, ішіне қарай бұралып, сау аяққа жақындай түсетін мәжбүрлік жағдайда болады. Осы жағдайда ауырсыну біраз бәсеңдейді. Аяқтың мәжбүрлік жағдайы іріңдіктің бел, мықын бұлшықеттеріне қысым келтіріп, олардың рефлекторлы жиырылумен байланысты. Бұл симптомды псоас – симптомы деп атайды. Үлкен көлемді ретроперитонеалды (іш пердесінің сыртындағы) іріңдіктерді іштің алдыңғы қабаты арқылы пальпациялауға болады, қолға инфильтрат анықталады. Іріңді ошақтарды нақтылау үшін ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі.
Еміне келсек, кең спектрлі антибиотиктер тағайындалып, дезинтоксикациялық шаралар жүргізіледі. Қабыну ошақтарында іріңді сұйықтық түзілсе, іріңдіктер үстінен, іш пердесінен тыс тілініп, ірің шығарылып, іріңді қуыс антисептиктермен жуылып, дренаждалады. Іріңді қуыстарға оперативті ену тіліктері – люмботомия Пирогов және Шевкуненко тәсілдерімен жасалады, 31(а), 31(б), суреттерде көрсетілгендей:
Сурет 31(а). Параколитті тіліп, ашу: Сурет 31(б). Мықын бұлшықет
1- операциялық тілік сызықтары, бетіндегі іріңдіктерді тіліп ашу:
2 – іріңдікті тіліп, ашу; 1 – тілік сызықтары, 2 – іріңдікті тіліп
