- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Перитониттің тұрақты симптомдары:
Іштің ауруы;
Пальпация кезінде ауырсынудың күшейе түсуі;
Щеткин – Блюмберг симптомының оң болуы;
Іштің алдыңғы бет бұлшықеттерінің қатаюы;
Тахикардия;
Қан қысымының төмендеуі;
Іштің тыныс алу актісіне қатыспауы;
Тіл құрғап, аузына симай, бетінде қоңыр, сұр түсті жабындылар пайда болуы;
Жүрек айну, құсу, шөлдеу;
Ішектердің салдануынан іштің кебуі, үлкен дәреттің жүрмеуі;
Тік ішекті саусақпен тексергенде ауырсынуы;
Қан анализінде лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы;
Анемия, ЭТЖ жоғарылауы;
Зәр анализдерінде белок, цилиндрлер, индикан пайда болуы;
Перитониттің соңғы кезеңдерінде науқаста Гиппократ беті(үшкірлену, сұрлану, көздің ішіне кіруі) орын алады.
Сирек орын алатын белгілер:
1. Қалтырау;
2. Ықылық тию;
3. Экссудаттың іш қуысында анықталмауы;
4. Іштің өтуі;
5. Дизурия;
6. Іш қуысына газ түзілу (шіріткіш инфекцияда).
Перитониттің емі: Іріңді перитонит диагнозы қойылғаннан бастап науқасты жедел түрде операцияға дайындаған жөн. Операцияның нәтижесі көбінесе науқасты операцияға дайындауға байланысты. Операция алдында дұрыс ем алған науқас операцияны жақсы көтеріп, операциядан кейінгі кезеңнің ағымы жеңіл болады. Бұл пікірді көптеген атақты Ресей және шет елдің хирургтары құптайды (В.Л Шлапоберский, П.Л.Сельцовский 1963 ж. Ю. Е. Березов 1970ж, Vernon 1969 ж, Descheyer, Bolman 1969 ж.). Операция алды кезеңінің негізгі мақсаты инфузиялы терапия жүргізу арқылы гемодинамиканы, зат, газ алмасу процесстерін реттеу (су-электролит, белок алмасуы, сілті-қышқылдар тепе теңдігі). Операцияға мұқият дайындықты, әсіресе егде тартқан адамдар және қариялар, балалар қажет етеді. Операция алдында 2-4 сағат, кейбір жағдайларда 6 сағат науқастың көктамырына, құрамында калий, натрий, кальций бар күрделі тұз ерітінділері-Рингер, 5% глюкоза ерітінділерін құю қажет. Жасушалар ішілік ацидозды азайту мақсатында 5% 200 – 400 мл. натрий бикарбонаты, 250 мл. плазма құйған жөн. Аса ауыр перитонитте қан препараттарын альбумин, протеин және геможель, полиглюкин, реомакродекс, перистон сияқты коллоид ерітінділерін қолданған жөн. Қан қысымы 90 мм. с. б. б. төмен болса көктамырға 30 - 60 мг. преднизолон енгізу жақсы нәтиже береді. Қан қысымын көтеру үшін адреналин, норадреналин мезатон қолданбаған дұрыс. Терапевт пен анестезиолог өз ара келісіп, жүрегі әлсіз қарияларға 0,5 мл 006% коргликон қолданады. Операция алдында кең спектрлі антибиотиктерді көктамырға, бұлшықетке енгізу арқылы бактериемияның алдын алуға болады. Операцияға баратын барлық ауруларға ылғалданған оттегімен ингаляция жүргізген абзал және асқазан декомпрессиясы, премедикация міндетті түрде жасалады. Операция алдында осы аталған емдік шаралар міндетті түрде орындалуы керек. (В.Д. Федоров). Перитониттің хирургиялық емінің негізгі мақсаты қабынуға әкелген себептің көзін жою, іш қуысын іріңнен тазартып санациялау. Операциядан кейінгі түзілетін экссудатты сыртқа шығару үшін және антибиотиктер ерітінділерін енгізу мақсатында, іш қуысын дұрыс дренаждау. Жайылған перитонитте ортаңғы ақ сызық бойымен лапаротомия жасалып, мүшелерге тексеру жүргізіп перитонит көзін анықтап, қатты қабынған, некроздалған мүшелер алып тасталынады – аппендэктомия, холецистэктомия, ішек резекциясы, жатырдың түтікшелеріне эктомия жасау, тесілген мүшелерді-асқазан, ұлтабар ойық жараларын тігу. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, қалғанын марля салфеткалармен құрғату қажет (98-сурет, 147-бет).
Жайылған перитонитте асқазан, ішек салданып парезге ұшырайды , ішкен ас қортылмайды, ішекте улы заттар түзіледі. Ішектің салдануымен күресудің бірнеше жолдары болады: 1-танау арқылы асқазанға, ащы ішекке арнайы зондтар енгізу (асқазан зонды, Шальковтың ішек зонды). Осы зондтар арқылы асқазан, ұлтабар, ащы ішектің сөлін үнемі сорып отырып ас қорыту жүйесіне декомпрессия жүргізіледі. 2-ащы ішек және тоқ ішектерге уақытша стомалар салу. Жіңішке ішекке декомпрессия жасалғаннан кейін оның шажырқайына 0.25% 150 мл. новокаин енгізеді.
