Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы

1 – тері астында; 2 – интрамаммарлы; 3 – ретромаммарлы; 4 – галактофорит.

Клиникалық көріністері, диагноз қою. Маститтің бастапқы кезеңінде дұрыс диагноз қойылып, тиісті ем жүргізілсе, қабыну тоқтап, кері қайтуы әбден мүмкін. Жедел маститті лактостаздан ажырата білу өте маңызды. Лактостазда екі омырау бірдей сүтке толып, керіп ауырады, пальпация ауырсынусыз, сүт жеңіл сауылады, омырау сүттен босағаннан кейін керіп ауырғаны басылады. Қанның анализдерінде өзгерістер байқалмайды.

Жедел серозды маститте науқас аяқ астынан қалтырап тоңады, дене қызуы күрт жоғарлап, терлейді, әлсірейді, қабынған омырау қатты ауырады, ісінеді, пальпациялағанда ауырсыну күшейе түседі, шектелмеген инфильтрат анықталады. Сүтті сауғаннан кейін де жағдайы жеңілдемейді. Қанның анализінде лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығы өседі.

Жедел инфильтративті маститте қабынудың клиникалық көріністері ауырлай түседі, дене қызуы 38 – 39°С дейін жоғарылайды, пальпациялағанда шекарасы айқын инфильтрат анықталады. Микроскопиялық зерттеуде сүт құрамында көптеген лейкоциттер кездеседі, қандағы сілтілі фосфатазаның белсенденуіне байланысты сүттің қышқылдығы жоғарылайды.

Ф легмонозды, абсцесті маститтерде қабынудың жалпы және жергілікті белгілері күшейе түседі. Дене қызуы үнемі жоғары немесе тәулігіне бірнеше рет жоғарылап, күрт төмендеп (гектикалық температура), науқасты қатты әлсіретеді. Бездің инфильтрациясы, гиперемиясы үлкейіп, инфильтраттың ортасы жұмсарады, флюктуация (бүлкілдеу) симптомы анықталады. 39-суретте флегмонозды маститтің көрінісі.

Сурет 39. Флегмонозды мастит.

Гангренозды маститте науқастың жағдайы өте төмен, дене қызуы 40-41°С, тахикардия 120-130, тыныс алуы 22-25 рет/минутына, сүт безі үлкейеді, терісінде геморрагиялық көпіршіктер, некроздар пайда болады. Бездің айналасындағы тіндер ісінеді, қанның анализдерінде лейкоцитоз, лейкоциттік формула солға жылжиды, зәрде белок анықталады.

Маститтің іріңді, гангренозды түрлері лимфангиит, лимфаденит, жыланкөзбен (свищ) жиі асқынады, кейбір жағдайда сепсиспен асқынады.

Емі. Серозды, инфильтративті түрлерінде кең спектрлі антибиотиктермен (пенициллин, аминогликозидтер, цефалоспорин, макролидтер) бірге сульфаниламидтер тағайындалады, инфузиялы терапия ретінде қан алмастырушы сұйықтықтар, гемодез, белок препараттары, тұз ерітінділері құйылады. Иммундық жүйені реттеуде гамма – глобулин т.б. иммунопрепараттар қолданады. Міндетті түрде баланы уақытымен емізіп, қалған сүтті сауып отыру өте маңызды. Қабынуды тоқтату, кері қайтару мақсатында 70-80 мл. 0,5% новокаин ерітіндісіне 500мг. канамицин, 10 мг. трипсин қосып, ретромаммарлы майлы клетчаткаға блокада жасалады және физиотерапия жүргізіледі (УЖЖ, ультрадыбыс, ультракүлгін сәулесі). Кейбір ауыр жағдайларда эстроген, андрогендер гормодарын бірге тағайындап, омыраудың сүт қорытуын тежеуге тура келеді. Іріңді, деструктивті маститтерде наркоз беріліп іріңдіктерді кеңінен тіліп ашып, іріңін толық шығарып, өліеттерден мұқият тазартады. Интрамаммарлы орналасқан іріңдіктерді радиалды тілікпен, ретромаммарлы және терең интрамаммарлы орналасқан маститтерде омыраудың астынан жарты ай тәріздес Барденгейер бойынша тілікпен, субареолярлы іріңдікті ареола шеңберіне паралелді, доға тәріздес тілік жасалып, іріңдіктерді ашады, іріңді қуысты тазартып, антисептиктермен жуып, дренаждайды (40-сурет).

Операциядан кейінгі жараларды емдеу, жарадағы қабыну процесінің ағымына, кезеңдеріне сәйкес жүргізіледі. Жаралар тазарғаннан кейін ерте екіншілік тігіс салынса, емдеу мерзімі қысқарып, операцияның косметикалық нәтижесі арта түседі. Маститтің алдын алу ерте жүктілік кезінен басталғаны абзал. Болашақ аналардың денсаулығын мұқият тексеріп, эндогенді инфекция ошақтарына санация жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]