Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.

С аусақ фалангасының теріасты панарицийін доғалдап немесе саусақ бойымен тіліп ашып, іріңін шығарып, өліеттерден тазартады, дренаждайды. Ортанғы және проксималды фаланганың теріасты панарицийін Клапп тәсілімен, фаланганың алдыңғы бүйірінен ұзынынан паралелді тіліктермен тіліп ашады, дренаждайды (52-сурет).

Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.

а-дренаждың жалпы көрінісі; б-жара арқылы дренажды өткізу;

в-жараны дренаж арқылы жуу; г-дренажды алу тәсілі.

Ақырғы жылдарда іріңдіктерді тіліп ашып, мұқият некрэктомия жасалғаннан кейін, жараны антисептиктермен жуып, жара қуысына, айналасындағы тіндерге антибиотиктер енгізіп, тігіс салу қолданылуда. Операциядан кейін жара аймағына антибиотиктер ерітінділері 2 -3 күн қатарынан инъекцияланады. 3-4 күннен бастап жергілікті физиотерапия қолданады (ультракүлгін, лазер сәулелері, ультрадыбыс, т.б.). 7-9 күндері жараның жіптері алынады. Науқастың дене қызуы көтерілсе, қосымша бұлшықетке антибиотиктер салынады. Теріасты панарицийін осы тәсілмен емдеуде 80-90% науқастардың жаралары жақсы жазылады.

С үйек панарицийі, саусақ фалангасының остеомиелиті, екі түрін ажыратады: біріншілік панариций тікелей сүйек, сүйек қабы жараланып немесе гематогенді жолмен инфекция түссе дамиды. 90-95% науқастарда екіншілік түрі кездеседі, теріасты панарицийінің асқынуы болып табылады (53-сурет).

Сурет 53. Сүйек панарицийі

Біріншілік сүйек панарицийінде өте қатты ауырсыну саусақ фалангаларының ішінен басталады, науқас қолын қоярға жер таба алмай, үнемі көтеріп ұстауға мәжбүр болады, саусақ тіндері кернеліп қатаяды, дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болады. Саусақ терісінің ісінуі, қызаруы кейіннен айқындалады. Саусақтың жұмсақ тіндерінің панарицийлеріне операция жасалғаннан кейін, жағдайы жақсарып келе жатқан науқастың қолы қайта солқылдатып ауырып, ісініп, қызарса, жарадан ірің толық шықпаса, дене қызуы 39-40º көтерілсе, қабыну асқынып, сүйекке тарап, екіншілік сүйек панарицийі дамиды. Сүйек панарицийлерінің клиникалық көріністері тері асты панарицийіне ұқсас келеді, тек қана ауырсыну сезімі белсендірек. Тырнақ фалангасы колба тәріздес ісінеді. Домалақ ұшты зондпен зерттегенде қабынған саусақ фалангасы тұтас ауырады. Рентгендік зерттеуде фалангалардың деструкциясы сырқаттың 10-14 - күндерінде айқындалады. Сүйек панарицийінің диагнозы операция кезінде анықталады. Сүйек панарицийлерінің бастапқы кезеңінде емі, тері асты панарицийінің емінен айырмашылығы жоқ. Саусақ сүйектері өліеттенсе (секвестрлену), ірі секвестрлерде секвестрэктомия операциясы жасалса, ұсақ секвестрлер іріңдеп өздері шығады. Сүйек панарицийі асқынып, саусақ буындарына, сіңір қынаптарына таралуы мүмкін.

Буын панарицийі, буындық күбіртке - бұл бунақаралық және алақан сүйек-бунақ буындарының іріңді қабынуы (54-сурет).

Сурет 54. Буын панарицийі.

Көбінесе буындық күбіртке, саусақ буындарының ашық жараларында инфекция тікелей түскенде дамиды. Инфекция қол ұшының буындарына айналасындағы қабынған тіндерден, панарицийдің басқа асқынған түрлерінде таралуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі: қабынған буында саусақ бүгіліп, ұршық тәріздес ісініп, буын қатпарлары тегістеледі. Саусақ қатты солқылдап ауырады, терісі қызарып, қимылы шектеледі. Іріңді процесс буынның капсуласын, байламдарын, шеміршегін ыдыратқан жағдайда, буында паталогиялық қимыл пайда болады, крепитация естілуі мүмкін. Буын панарицийінің қабынуы үш кезеңмен өтеді: 1-серозды; 2- іріңді; 3-остеоартрозды. Диагнозы клиникалық көріністеріне сүйене отырып, рентгендік зерттеу, пункция жасау арқылы қойылады.

Емі. Процестің серозды кезеңінде буынның қимылын шектеп, антибиотиктер, физиоем тағайындалады, буынға пункция жасайды. Серозды сұйықтық алынса, буын қуысына антибиотиктерді енгізеді. Аталған шаралар нәтижесіз болса, буынға қайталап пункция жасалады, іріңді экссудат анықталса, буынды тіліп ашып, антисептиктермен жуып, тексеру жүргізгенде сүйек беттері деструкцияға ұшырамаса, буын қуысы дренаждалады, деструкция болса, буынға резекция жасалады.

Тендовагинит (сіңір қынаптарының қабынуы). Іріңді қабынудың ең ауыр түрлерінің бірі, науқастың жалпы жағдайы нашарлап, қабынған саусақ жартылай бүгілген, қимылы шектелген, тұтас ісінеді, солқылдатып, қатты шыдатпай ауырады. Ісік алақан сыртына тарайды. Саусақтың активті, пассивті қимылдарында, әсіресе, оны жазу әрекетінде ауырсыну күшейе түседі. Домалақ ұшты зондпен тексеру кезінді қабынған сіңірдің проекциясында қатты ауырсыну анықталады. 2-4 - саусақтардың тендовагиниттерінің бастапқы кезеңінде сіңір қынаптарына пункция жасап, экссудатты сорып алып, 500000 бірлік пенициллиннің 1 мл. новокаин ерітіндісін енгізеді. Нәтижесіз жағдайларда, саусақ фалангасының алдыңғы бүйірінен, Клапп әдісімен екі параллелді тілік жасалып, іріңдік ашылып, дренажды сіңірдің бетінен өткізіп жараны дренаждайды. (55-суретте Клапп бойынша және т.б.тәсілдермен тендовагинитті тіліп ашу орындары көрсетілген).

Қолды және саусақты гипсты лангетамен иммобилизациялайды. 1-және 5- саусақтардың тендовагиниттері білезік буын, шынтақ буын тендобурситтерімен асқынуы мүмкін. 1- саусақтың тендовагинитінде іріңдік тенар бұлшықеттеріне, Пирогов кеңістігіне, шынтақ синовиалды сумкасына тараcа, U-тәрізді флегмона дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]