Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.

Іріңді паротит – құлақ маңы сілекей безінің (шықшыт безі) іріңді қабынуы. Қоздырғыштары – көбінесе стафилококтар немесе микробтар ассоцияциясы. Инфекция кұлақ маңы безіне ауыз қуысынан сілекей өзегі (стенонов проток) арқылы түседі. Үлкен операциялардан кейінгі кезеңде немесе инфекциялы аурулар кезінде науқастың организмі сусызданып, сілекей қоюланып, безде іркіліп қалуы, қабынуға ықпалын тигізеді. Басында серозды қабыну орын алады, без ісінеді, қан тамырлары тромбозға ұшырайды, некрозды ошақтар іріңдейді Егер де, іріңді процесс бездің сыртқы қабатын ыдыратып жіберсе, қабыну мойын, самай, құлаққа жайылуы ықтимал. Клиникалық көріністеріне келсек, шықшыт безі ісінеді, қатаяды, ауырады, бетіндегі тері қызарып, дене қызуы 39 - 40°С көтеріледі. Науқастар, тамақты шайнап, жұта алмағандықтан, тез арада әлсіреп, жағдайы төмендей түседі. 3 - 4 күн аралығында қабынған без жұмсарып, іріңді сұйықтық түзіледі, пальпациялауда флюктуация симптомы анықталады. Шықшыт безінің ішінен өтетін n. facialis қысылса науқастың бетінің ауырған жағы жансызданып, салданады.

Емі. Консервативті ем неғұрлым ерте басталса, соншалықты нәтижелі болып келеді, қабыну ұйыма кезеңінде тоқтап, іріңдеу орын алмайды. Науқастарға антибиотиктер тағайындалып, жоғары калориялы сұйық тағамдар беріліп, инфузиялық терапия жүргізіледі. Іріңді паротит дамыса, іріңдік тілініп, ашылады, дренаждалады. Операция беттің, шықшыт безінің анатомия, топографиясын мұқият ескере отырып жасалады. Операциядан кейін консервативті ем жалғастырылады. 36(а,б)-суреттерде абсцесті тіліп ашып, дренаждау көрсетілген.

Сурет 36 (а). Абсцесті шықшыт безінің Сурет 36 (б). Екі тілікпен ашып,

төменгі полюсынан бір тілікпен ашу. түтікшемен дренаждау.

37-суретте бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тілік орындары пунктирмен көрсетілген.

Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.

1 – жақ сүйек аймағының флегмонасын; 2 – ұрт майының флегмонасын; 3 – m. masseterасты флегмонасын; 4 – көзасты флегмонасын; 5 – іріңді паротитті; 6 – жақ арты шұңқырының флегмонасын; 7 – жақ астының флегмонасын; 8 – көз айналасының флегмонасын; 9 – самай шұңқырының флегмонасын; 10 – бастың апоневрозы асты флегмонасын.

Мастит – сүт безінің қабынуы, жаңа босанған әйелдердің 1,5 -6%, алғашқы 1 - 2 – аптада жиі кездеседі, себебі, олардың сүт безінің өзекшелері, емізікшелері толық жетілмегендіктен, лактостаз орын алады. Жүктілік кезінде, омырауда баласы жоқ әйелдерде, жаңа туған нәрестелерде мастит өте сирек дамиды. Қабыну көбінесе бір жақ безде кездеседі.

Этиология және патогенезі. Стафилоктар немесе олардың ішек таяқшалары, стрептококтармен біріккен ассоциациясы аурудың негізгі қоздырғыштары болып табылады, кейбір жағдайларда маститті протей, көкірің таяқшалары, анаэробты флора, саңырауқұлақтар шақыруы мүмкін. Сүт безінің туберкулезі, мерез ауруы да (сифилис) кездеседі. Инфекция, науқастың айналасындағы клиникалық көріністері жоқ, іріңді қабынулары бар адамдардан жұғады. Безге микробтар көбінесе емізікшенің майда жарақаттары арқылы енеді. Сирек жағдайларда инфекция лимфогенді, гематогенді жолдармен эндогенді ошақтардан түседі. Қосалқы аурулар, жүктілік кезіндегі сырқаттану, босану кезіндегі асқынулар (жарақаттану, қансырау) науқастың иммунитетін төмендетіп, қабынудың дамуына қолайлы жағдайлар тудырады. Маститтің дамуында лактостаз негізгі фактор болып табылады, кеңейген сүт өзектеріне түскен инфекция қабыну тудырады, өзек қабырғалары ісініп, тарылып, сүттің сыртқа шығуын одан арман қиындата түседі. Жедел маститте қабыну көбінесе шектелмей жайыла береді. Қабыну тек сүт өзекшесін қамтыса, галактофорит дамиды, омыраудан шыққан сүт ірің аралас болып келеді. Емізікше айналасындағы пигментті шеңбердің бездері қабынса, ореолит деп аталады. Процесс шектелмеген жағдайда маститтің серозды, іріңді, деструктивті қабынулары дамиды. Серозды қабынуда без серозды сұйықтықпен инфильтрацияланып, тамырлар бойында лейкоциттер түзіле бастайды. Іріңді қабыну тіндердің іріңді инфильтрациясы, ыдырауы, абсцестердің пайда болуымен ерекшеленеді. Абсцестер бір-бірімен қосылып, теріасты немесе бездің артқы майлы клетчаткалы кеңістіктеріне жарып шығады. Іріңдіктер көбінесе бездің ішінде (интрамаммарлы) және ореола астында (субареолярлы) орналасады. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы 38-суретте көрсетілген.

Сирек жағдайларда қан тамырлары қабынып тромбозданса, бездің тіндері өліеттеніп, гангренозды мастит туындайды. Егер де жедел іріңді мастит дұрыс емделмесе, ұсақ іріңдіктер қалыптасады, айналасындағы тіндер қатайып, дәнекер тіндер өсіп, созылмалы іріңді маститке әкеледі.

Қабынудың ағымына байланысты жедел маститтің жіктелуі:

1 – Жедел серозды мастит.

2 – Жедел инфильтративті мастит.

3 – Флегмонозды мастит

4 – Абсцесті мастит.

5 – Гангренозды мастит.

6 – Созылмалы іріңді және іріңді емес мастит.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]