- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Сурет 45. Флебит
Қ
абынған
көктамырда тромб түзілсе тромбофлебит
дамиды
(46-сурет).
Сурет 46. Тромбофлебит.
Сау венада тромбтардың пайда болуы флеботромбоз деп аталады.
Тромбофлебиттің этиологиясы, патогенезі. Көктамырға инфекция тікелей гематогенді немесе айналасындағы қабыну ошақтарынан (абсцесс, флегмона, остеомиелитте) жанасу арқылы және лимфогенді жолдармен түседі. Венаның асептикалық қабынуы тамырішілік катетерлерді ұзақ мерзім қолдануда кездеседі. Тромбофлебиттің дамуына көптеген факторлар әсер етеді: 1 – венада қан ағымының баяулауы; 2 – қан құрамының өзгерістері; 3 - тамырдың зақымдануы; 4 – адам ағзасындағы нейротрофикалық және эндокринді өзгерістер, аллергиялық реакциялар; 5 – инфекция. Көктамырлардың варикозды кеңеюі, геморрой, ісіктер, іш қуысына жасалатын көлемді операциялар, көктамырларды ұзақ мерзімді катетерлеу және көк тамырларға жоғары концентрациялы дәрілер енгізу жиі тромбофлебитпен асқынады. Қабыну кезінде көктамырдың ішкі қабатының (эндотелийдің) зақымдануы, қан ұю процестерінің белсенденуімен шектелмейді. Фибринолиз ингибиторларының, гепарин, фибринолиз белсендіргіштерінің синтезі төмендеп, гиперкоагуляция орын алады. Венада қабыну процесі ішінен басталса, эндофлебит, сыртынан басталса, перифлебит, барлық қабаттарын қамтыса, панфлебит дамиды. Эндофлебитте эндотелиалды қабат полиморфты – ядролық лейкоциттермен инфильтрацияланады, осы араға тромбтар түзіледі, тамырдың сыртқы қабатында өзгеріс болмайды. Перифлебитте венаның сыртқы қабаты қабынады және vasa vasorum (венаның тамырлары) тромбозданады. Панфлебит – тамырдың барлық қабатының қабынуы. Егер де іріңді тромбофлебитте – тромбтар мен венаның қабаттарында микробтар колониясы анықталса, инфекцияның жан жаққа таралып, сепсиспен асқыну қауіптілігі жоғарылайды. Тромбофлебит тамыр, оның ішіндегі тромб, тамыр мен нервтерді қоршайтын дәнекер тіндердің склероздануымен аяқталады. Тамыр қабырғасын жартылай қамтыған тромбофлебитте көк тамырдың өзегі емдеу нәтижесінде толық қалпына келсе, тамырды толық бітейтін тромбофлебиттер венаның облитерациясы немесе өзегінің жартылай ашылуымен аяқталады. Тромбофлебит ағымына байланысты: 1. жедел, созылмалы; 2. локализациясы бойынша: беткейлі, терең; 3. қабыну түріне келсек: іріңді, іріңді емес деп бөлінеді. Тромбофлебит көбінесе 90%-дан жоғары аяқ, жамбас қуысы, тік ішек веналарында жиі дамиды. Қол, ми, ішек веналарында, қақпалы венада сирек кездеседі. Әйел адамдар ерлерге қарағанда жиі ауырады.
Клиникалық көріністері. Терең веналардың жедел қабынуларында, алғашқы күндерде науқастың аяғы қатты ауырады, ісінеді, аяқтың терісі кернеліп бозарады, кейде цианозданады, дене қызуы 39-40ºС дейін көтеріліп, науқасты қатты мазалайды. Ауырған аяқ сау аяққа қарағанда суық болып келеді. Іріңді тромбофлебитте қабынған тамырдың бойында пайда болған абсцестер аяқ флегмонасына әкелуі мүмкін. Кейбір ауруларда жедел тромбофлебит созылмалы түріне ауысып, қабыну 10 күннен 3 айға дейін жалғасады. Беткейлі орналасқан аяқ тромбофлебитінде қабынған веналардың бойында аздап ауырсыну, дене қызуы 37,5 – 38°С көтеріліп, бара-бара төмендеп, қалпына келеді. Ауырған аяқ біраз ісінеді, қабынған, тромб түзілген веналар бойында тері қызарады, кейінірек абайлап пальпациялағанда осы тұстарда қатаю, инфильтрация анықталады. Беткейлі тромбофлебит көбінесе үлкен тері асты венасында дамиды. Аяқтың терең және беткейлі созылмалы тромбофлебиттері бірнеше айдан 1 жылға дейін созылып, қайталанып жиі рецидив береді. Созылмалы тромбофлебиттердің түріне көшпелі (миграциялы) тромбофлебитті жатқызуға болады. Көбінесе қол аяқтың беткейлі веналарында дамиды. Кенеттен қол-аяқтардың веналарында ауыратын түйіндер пайда болып, сол жердің терісі қызарып, ісінеді, тез арада қабыну кері қайтып, басқа тамырларда дамиды. Дене қызуы субфебрилді. Ауру жылдар бойы созылып, қайталанып отырады, көбінесе ер адамдарда кездеседі, бұл сырқаттың тағы бір ерекшелігі веналармен коса артерияларды да қамтиды, сондықтан тромбофлебиттің бұл түрін облитерациялық тромбоангииттер тобына жатқызады.
Флеботромбоздар - көбінесе үлкен операциялардан кейін, қимылсыз жатқан науқастардың аяқ веналарында тромбтың түзілуі. Флеботромбоз тромбоэмболиямен жиі асқынады. Тромбоэмболияның алдын алу үшін күрделі, ауыр операциялардан кейін науқастарға міндетті түрде антикоагулянттар тағайындалып, оларды ерте қимылдатып, мүмкіндік болса ерте тұрғызған жөн. Аяқтарында варикозы бар аурулардың аяғын операциядан кейін эластикалық бинтпен орап, Беллер шинасында көтеріп ұстаса, ауырсыну азайып, ісік тез қайтады.
Емі – консервативті және оперативті. Консервативті ем тромбофлебиттің жедел түрінде – аяқты көтеріп ұстап, қимылын шектеу, дене қызуы көтеріліп, аяқ қатты ауырғанда антибиотиктер, ацетилсалицил қышқылы, бутадион, реопирин тағайындалады. Қан ұюын төмендету, жаңадан тромбтар түзілмес үшін антикоагулянттар – венорутон, троксевазин, гирудин, натрий цитраты, гепарин, фенилин, пелентан қолданады. Гепарин, венорутон, троксевазин майлы таңғыштарын жергілікті қолдануға да болады. Гепарин мен новокаин блокадалары жасалады. Антикоагулянттармен емдегенде коагулограмманы бақылау қажет: Протромбиннің индексі қалыпты жағдайда 75-100% болса, тромбофлебитте 117-127% - дейін көтеріледі. Антикоагулянттармен емдегенде бұл көрсеткіш 30%-дан төмен түссе, танаудан, жатырдан, зәр шығару жолдарынан қан кету орын алады. Антикоагулянттарды туберкулездің ашық түрінде, бүйрек, бауыр ауруларында, геморрагиялық диатездерде қолдануға тыйым салынады. Физиопроцедуралық ем – ультракүлгін сәулесі, солюкс лампасы, инфрақызыл сәулелік лампа, УЖЖ, дәрілермен электрофорез тромбофлебиттің созылмалы түрінде, қабыну қайта бастағанда жүргізіледі. Тікелей тромбтарды ерітетін препараттар ретінде, аурудың бастапқы кезеңінде фибринолизин, стрептокиназа, урокиназа, трипсин, химотрипсин қолданады. Іріңді тромбофлебитте көктамырды тіліп ашып, санациялағаннан кейін тампондап, іріңді жаралар сияқты емдейді. Операция дер кезінде жасалмаса, іріңді тромбофлебит сепсиспен асқынуы мүмкін. Жоғары өрлемелі іріңді тромбофлебитте көктамыр тромбтан жоғары, қабыну жоқ жерінен байланады. Беткейлі үлкен тері асты венасының терең сан венасына құйылатын жеріне жақын орналасқан тромбтардың тромбоэмболиямен асқынуы өте жоғары. Варикозды кеңейген, тромбофлебитпен асқынған аяқ веналарына венэктомия операциялары жасалынады.
