- •Мазмұны
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы
- •XI тарау. Анаэробты спецификалық хирургиялық
- •XIII тарау. Хирургиялық инфекция тақырыптарынан
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Хирургиялық инфекция
- •Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
- •Этиологиясы
- •Емдеу принциптері.
- •Іріңді хирургиялық инфекциясы бар науқастарда трансфузиялық сұйықтықтарды таңдау
- •II тарау. Тері және теріасты майының іріңді қабынулары
- •Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.
- •С урет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.
- •Сурет 6. Фурункулдың іріңдеу сатысы.
- •Сурет 7. Іріңдік жарылып, қабыну азайған.
- •Сурет 8. Іріңдікті тіліп ашқаннан кейін тазарған жара.
- •Сурет 9. Жараның тыртықтанып бітуі.
- •Сурет 10. Карбункулдың локализациясы
- •Сурет 11. Сібір карбункулы.
- •Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.
- •Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс
- •Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау.
- •С урет 19. Бет флегмонасы.
- •Сурет 20. Бет және бас флегмонасын дренаждаумен аяқтау.
- •Сурет 21. Бет тілмесінің эритематозды түрі.
- •Сурет 22. Аяқ тілмесінің буллезді түрі.
- •Сурет 23. Оң қол ұшының шошқа тілмесі.
- •III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.
- •Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.
- •Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.
- •Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.
- •Сурет 27. (а) Медиастинотомия отасы. (б). Іріңді қуысты дренаждау.
- •Сурет 28(в). Артқы төменгі медиастенитті трансхиаталды дренаждау.
- •Сурет 29(а), 29(б), 29(в), 29(г). Қол-аяқтың терең орналасқан флегмоналары.
- •Сурет 32. Тілу орындары.
- •Сурет 33(а,б). Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы
- •IV тарау. Безді мүшелердің іріңді қабынулары.
- •Сурет 37. Бас, бет іріңдіктерінің локализациясына байланысты жасалатын тіліктер.
- •Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы
- •Сурет 39. Флегмонозды мастит.
- •Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.
- •С урет 41. Тор тәріздес лимфангиит
- •Сурет 42. Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиит
- •Сурет 44. Жақасты лимфа безінің аденофлегмонасы.
- •Сурет 45. Флебит
- •Сурет 46. Тромбофлебит.
- •VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.
- •Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.
- •Сурет 48. Алақан және саусақтардың сіңір қынаптарының анатомиясы.
- •Сурет 49. Саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар
- •Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, операциядан кейінгі көрініс.
- •Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.
- •Сурет 52. Қабырғалары жырылған дренаж.
- •Сурет 53. Сүйек панарицийі
- •Сурет 54. Буын панарицийі.
- •Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
- •С урет 57. Паронихия. Сурет 58. Іріңді паронихияны тіліп ашу тәсілдері.
- •Сурет 59. Зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар.
- •Сурет 60. Пандактилит.
- •VII тарау. Қол ұшының флегмонасы.
- •Сурет 62. Тенар және гипотенар флегмоналарында қолданылатын тіліктер (а) және дренаждау (б).
- •Сурет 63. Флегмона кезіндегі алақандағы сызықтық, бүйірлік тіліктер.
- •VIII тарау. Сүйек, буын, буын қалталарының іріңді қабынулары.
- •Сурет 65. Остеомиелиттік ошақтың қалыптасуы (схема).
- •Остеомиелиттің жіктелуі.
- •Сурет 67. Қабынған сүйекті бұрғылау, дренаждау.
- •Созылмалы гематогенді остеомиелиті.
- •Сурет 69. Ортан жіліктің жыланкөзбен асқынған созылмалы остеомиелитінің фистулограммасы.
- •Сурет 72. Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті кезінде операциядан кейінгі сүйек қуысын дренаждау.
- •Сурет 73. Балтырдың үлкен жілік сүйегінің Броди абсцесі. Ренгенограмма.
- •Сурет 74. Гарре остеомиелиті.
- •Сурет 75. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Сол жақ ортан жіліктің ренгенограммасы.
- •Сурет 76. Остеотомия, Илизаров аппаратымен сүйек бөлігін орнынан жылжыту.
- •Сурет 77. Іріңді артрит.
- •Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.
- •Сурет 80. Іріңді артрит кезіндегі пункция.
- •Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
- •Сурет 82. Бурсит.
- •IX тарау. Серозды қуыстар және олардың ішінде
- •Іріңді аппендицит.
- •Сурет 83. Аппендицинт.
- •Сурет 84. Соқыр ішек өсіндісінің орналасу варианттары.
- •Іріңді аппендициттің атипиялық түрлері.
- •Жедел іріңді холецистит
- •Сурет 85. Гангренозды холецистит.
- •Бауыр абсцессі.
- •Сурет 88. Бауыр абсцесі.
- •Диафрагмаастылық абсцесс
- •Сурет 92. Диафрагмаастылық абсцеспен асқынған асқазанның алдыңғы бетінің тесілген ойық жарасы.
- •Ішекаралық абсцесс
- •Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
- •Сурет 97. Ішек тесілуінен дамыған іріңді перитонит.
- •Перитониттің тұрақты симптомдары:
- •Сурет 98. Іш қуысындағы іріңді экссудатты электр сорғышпен сорып алып, санациялау.
- •Сурет 99. Перитонитпен асқынған деструктивті аппендициттен кейін іш қуысын силикон түтікшелермен дренаждау.
- •Сурет 100. Жайылған перитониттерде дренаждар арқылы іш қуысы антисептиктер ерітінділерімен жуып санациялау.
- •Сурет 101. Лапаростомия операциясы. А- жара шетіне « молния» тігілген замок (жабық) б- замок ашылып, релапаротомия, іш қуысын қайталап санциялау.
- •Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.
- •Өкпе абсцесі.
- •Сурет 103. Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы.
- •Сурет 107. Торакостомия.
- •Сурет108. Перикард қуысын пункциялау.
- •X тарау. Сепсис.
- •Сурет 109. Іріңді метастазды сепсис, жаңа іріңдіктерді тіліп санациялау.
- •Сурет 110. Сепсис кезіндегі терінің қанталауы.
- •Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:
- •XI тадау. Анаэробты спецификалық хирургиялық инфекция (газды гангрена).
- •Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.
- •Сурет 113. Газды гангренаның эмфизематозды түрі.
- •Сурет 114. Микрофотограммада бұлшықет арасында түзілген газ көпіршіктері көрінеді.
- •Сурет 115. Рентгенограммада тінаралығында түзілген газ анықталады.
- •Сурет 116. Токсикалық ісіну.
- •Жедел спецификалық хирургиялық инфекция.
- •Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық күлкі» симптомы.
- •Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұлшықеттерінің тырысуы.
- •Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.
- •Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)
- •Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).
- •Жара дифтериясы
- •Сурет 121. Жара дифтериясы.
- •Шірікті инфекциялар
- •Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.
- •XII тарау. Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекция
- •Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).
- •Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
- •Сурет 125. Туберкулезді гониттің өршу кезеңі.
- •Сурет 126. Жамбас буынының туберкулезінде сол жақ аяқтың бұлшықет атрофиясы.
- •Сурет 127. Александров симптомын анықтау.
- •Сурет 128. Тізе буынында флюктуация симптомын анықтау.
- •Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
- •Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).
- •Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі.
- •Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген.
- •Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
- •Сурет 134. Саусақ фалангаларының туберкулезі. Туберкулезді лимфаденит.
- •Сурет 135. Рентгенограмма. Туберкулезді бронхаденит.
- •Сурет 136. Жақасты, мойын лимфа бездерінің жыланкөздермен асқынған казеозды түрі.
- •Қорытынды
- •Тестер және есептер
- •Тесттердің жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Абылхаиров Қадылбек Тұрысбекұлы Редактор (бар болса) Корректор
Ішекаралық абсцесс
Жедел іріңді аппендицит, асқазан, ішек перфорациясы, жайылған перитониттің асқынуларында, ішек аралықтарында, негізгі қабыну ошағының маңайында шектелген іріңдіктер түзіледі.
Клиникалық көріністері. Негізгі ауруынан сауығып келе жатқан науқастың іші ауырып, дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып құсады, іші кебеді, дәреті жүрмейді. Қанның анализінде лейкоцитоз пайда болады. Пальпация кезінде іші ауырады, инфильтрат анықталуы мүмкін. Диагнозды нақтылауда рентген, ультрадыбыстық зерттеулерді қолданады.
Емі.
Ішекаралық абсцесті бастапқыда
консервативті емнен бастайды:
антибиотикотерапия, төсектік режим,
диета, дезинтоксикациялық терапия.
Іріңдік шектеліп шекарасы іштің алдыңғы
қабатына жақындап айқындалғаннан кейін,
абайлап іріңдікті тіліп ашады. Дұрыс
емделмеген жағдайда ішекаралық абсцесс
перитонит, ішек жыланкөздерімен асқынуы
мүмкін. 94-суретте л
апароскиялық
операция кезінде анықталған ішекаралық
абсцесс.
Сурет 94. Лапароскиялық операция кезінде анықталған ішекаралық абсцесс.
9
5-суретте
іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін
локализациялары көрсетілген.
Сурет 95. Іш қуысында іріңдіктердің жиі түзілетін локализациялары. Дуглас кеңістігінің абсцесі
Дуглас кеңістігінің абсцесі жамбас қуысында орналасқан мүшелердің іріңді қабынуында немесе жедел іріңді аппендицитте, асқазанның тесілген ойық жарасында инфицирленген экссудат төмен ағып жамбас қуысына түзілгенде дамиды. Аталған аурулар ішінде аппендициттен кейін жиі орын алады. Бұл жағдайды әрбір хирург үнемі еске сақтап, міндетті түрде іш қуысының жедел хирургиялық ауруларында тік ішекті, әйелдерді қосымша қынап арқылы зерттеп, жамбас қуысында түзілістердің бар жоқтығын анықтауы қажет.
Диагноз қою. Бұл асқынуда іштің төменгі бөлігі қатты ауырады, дене қызуы көтеріліп, лейкоцитоз орын алады. Саусақпен ректалды, вагиналды зерттеуде кіші жамбас қуысында қатты ауыратын инфильтрат анықталады.
Емі.
Инфильтрат толық шектеліп тік ішекке,
қынап күмбезіне жақындап жұмсарғанша,
антибактериалды, дезинтоксикациялық,
иммундық терапия және тік ішекке емдік
шөптермен (ромашка) ыстықтау клизма,
қынап қуысын осы шөптермен жиі жуу
сияқты комплексті консервативті ем
жүргізіледі. Іріңдік толық қалыптасқан
уақытта тік ішек не қынап арқылы жұмсарған
жерінен пункция жасалады (96 (1,2)-суреттер,
ірің анықталса сол иненің бойымен
абсцесс тілініп ашылып, қуысын санациялап,
3 – 4 күнге силикон түтікше дренажы
қойылады. Біртіндеп іріңді қуыс, тік
ішектің ж
арасы
жабылады.
Сурет 96. Жамбас астауының іріңдіктерін пункциялау. 1- Ерлерде қуық тікішек аралығындағы абсцесске тікішек арқылы пункция жасау; 2- әйелдерде жатыр тікішек аралығындағы абсцесске тікішек немесе жатыр қынабы арқылы пункция жасау.
ПЕРИТОНИТ
Перитонит – құрсақ қуысы ішастарының (серозды қабаттары) жедел немесе созылмалы қабынуы. Перитонит терминін 1906ж. Шпренгель енгізген.
Этиологиясы, инфекция түсу көздері: қоздырғыштарының 85 – 90% іріңдіктер тудыратын микроорганизмдер болып табылады. В.Д. Федоров, Б.Д. Савчук мәліметтері бойынша перитонит кезінде іш қуысындағы экссудатты бактериологиялық зеттеуде ішек таяқшасы 65,2%, стафилококк 19,1%, протей 8,2%, спорасыз дамитын анаэробтар 2,7, осы микробтар ассоциациясы 27% анықталған. Көп жағдайларда қурсақ қуысындағы мүшелердің іріңді қабынуы (жедел аппендицит, жедел холецистит, ішек өтімсіздігі, қысылған жарықтар, асқазан, ұлтабардың тесілген ойық жаралары, жедел панкреатит, жедел гинекологиялық аурулар) немесе аталған қуысты мүшелердің зақымдалуы перитонитпен асқынады. Себебі анықталмаған перитониттер криптогенді деп аталады. Құрсақ қуысына операциялар жасалғанның өзі жарақат болып есептеледі. Ауыр операциялар ұзаққа созылғандықтан, құрсақ қуысындағы мүшелердің кебуі, құрғауы, температурасының төмендеуі, қолданылатын химиялық антисептиктердің іш пердесін тітіркендіруі асептикалық қабыну тудырып, ас қорыту жүйесіне кері әсерін тигізеді – іштің ауырсынуы, кебуі, жүрек айнып құсуы болады. Перитонит ағымында қоздырғыштарына байланысты ерекшеліктер байқалады: Стрептококты перитонит көбінесе шектелмейді, жайылмалы болып келеді, іріңі сұйық, құрамында фибрин аз болады. Ішек таяқшаларынан туындайтын қабынуда түзілетін іріңде фибрин мол болғандықтан перитонит көбінесе шектелген, ошақталған болып келеді. Осы себепке байланысты стрептококті перитониттен кейін науқастардың өлімі, ішек таяқшасымен шақырылған перитонитпен салыстырғанда екі есе жоғары. Құрсақ қуысының жедел хирургиялық ауруларының ішінде жедел аппендицит перитонитпен жиі асқынады, орташа есеппен перитониттің жартысынан көбі (50 – 72%) жедел аппендициттің асқынған түрлерінен кейін дамиды. Іріңді деструктивті қабынулар асқазан, ішектің қабырғаларының қан айналымын бұзады - қан тамырларының тромбозы ішек некрозына әкеледі, ішек қабырғалары ыдырап жұқарады, өтімділігі жоғарылап немесе тесіліп (перфорация) перитонит дамиды (97-сурет, 141-бет).
