Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Сурет 11. Сібір карбункулы.

Бактериологиялық зерттеуде геморрагиялық көпіршіктер құрамынан сібір ойық жарасының таяқшалары анықталады. Шиқанның емі: Ауырған дене мүшесінің қимылын шектеу, бетте орналасса төсектік режим, сұйық тағамдар, қабынған ошақты 70% спирт ерітіндісімен сүртіп, асептикалық таңу салынады. УЖЖ, антибиотиктер, сульфаниламидтер тағайындалады. Қант диабеті бар науқастарға тиісті емін жүргізеді. Консервативті ем нәтижесіз болған жағдайларда наркоз беріліп, операция жасалады (12-сурет).

Сурет 12. Крест тәрізді тілік жасау, некроэктомия жүргізу схемасы.

Фасцияға дейін крест тәрізді тілік жасалып, іріңдіктерді ашу және некрэктомия операциясы орындалып, жара антисептиктер ерітінділерімен мұқият жуылып, 10% натрий хлор, протеолиттік фермент ерітінділеріне малынған тампондармен дренаждалады (13-сурет).

Беттегі карбункулдар іріңдегенде, тіндердің жергілікті анатомиясына байланысты, n. facialis тармақтарының проекциясына паралелді тіліктер жасалады.

Сурет 13. Карбункулға крест тәрізді тілік жасалып, некрэктомия операциясынан кейінгі көрініс

(жара өліеттен толық тазарған, айналасындағы

тіндердің қабынуы азаюда).

Гидраденит – апокринді тер бездерінің қабынуы, қоздырғышы көбінесе алтын түсті стафилококтар. Жеке басының гигиенасын сақтамаған, тершең адамдардың қолтық астында, шап, перианалды аймақтарында жиі дамиды. Ауру беткейлі орналасқан, конус тәрізді, қабыну инфильтратынан басталады, айналасы ісініп, қызарады. 1-2 күннен соң, инфильтрат солқылдатып ауырып, іріңдеп жарылады. Кейде бірнеше инфильтрат түзіліп, өзара қосылып, интоксикация беріп, науқастың жағдайын ауырлата түседі. Емдеуді қабынған жердегі шашты абайлап алып, антисептиктер ерітіндісімен сүртіп, инфильтрат айналасына пенициллин - новокаин ерітіндісін енгізіп, антибиотиктер, сульфаниламидтер, физиотерапия, рентгентерапия тағайындалады. Ауырған дене мүшесі иммобилизацияланады. Іріңдік пайда болғанда, тіліп ашып, дренаждалады. Фурункулдан айырмашылығы инфильтрат ортасында іріңді пустула және өліеттенген шаш фолликулы болмайды. 14,15-суреттерде асқынған қолтықасты гидрадениті және іріңдікті тіліп ашу операциясы көрсетілген.

Сурет 14. Асқынған қолтықасты гидраденит.

Сурет 15. Гидраденитті тіліп ашу операциясы.

Абсцесс – кез келген тіндердің, мүшелердің шектелген іріңді қабынуы. 16,17-суретте көз үстінде орналасқан абсцесс және абсцестің ішкі көрінісі. Абсцестің бетінде тері жабындысы, астында теріасты майы көрсетілген.

Сурет 16. Көз үстінде орналасқан абсцесс.

Сурет 17. Абсцестің түзілу схемасы

(ортасында іріңді сұйықтық, сыртына қарай пиогенді капсула,

грануляциялық тін, теріасты майы).

Пайда болу себептері - қанталаумен асқынған кездейсоқ жарақаттар немесе хирургиялық инфекцияның ағзадағы іріңді ошақтардан лимфогенді, гематогенді жолмен таралуы. Абсцестердің тағы бір себебі - тіндерге концентрациясы жоғары дәрілерді (10% кальций хлор, 25% магний сульфат, 24% кордиамин, 50% аналгин ерітінділері) жұмсақ тіндерге абайсызда қателесіп енгізу. Абсцесті жиі тудыратын қоздырғыштар - стафилококк, стрептококк, көкірің және ішек таяқшалары. Қабыну ошағында тіндер іріңдеп, ыдырайды, айналасында дәнекер тіндермен шектеліп, пиогенді капсула түзіледі. Беткейлі орналасқан абсцестер өз бетімен жарылып, сыртқа шығады. Ішкі органдардың іріңдіктері (өкпе абсцесі, ішекаралық абсцесс) плевра мен іш қуыстарына жарылса, плеврит және перитонитпен асқынады.

Клиникалық көріністеріне келсек, теріге жақын орналасқан абсцесте қабынудың жергілікті белгілері (терінің қызаруы, ісінуі, жергілікті температураның көтерілуі, солқылдатып ауруы, ауырған мүшенің функциясының бұзылуы) айқын көрінеді, кейде тері жұқарып флюктуация (бүлкілдеу) симптомы пайда болады. Абсцесс қуысындағы іріңнің түріне, консистенциясына, иісіне қарап қоздырғыштардың түрлерін анықтауға болады: сасық, сұр түсті ірің шірікті қабыну тудыратын микрофлораға тән болса, сарғыш - жасыл ірің стафилококқа, иісі тәтті, көкшіл - жасыл түсті іріңдікті көкірің таяқшасы тудырады. Көлемді абсцесте іріңді интоксикация (іріңді – резорбциялық қалтырау синдромы) салдарынан науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы көтеріліп, әлсізденеді, тәбеті төмендеп, басы ауырады. Қан анализдерінде: лейкоцитоз, нейтрофилез, лейкоциттік формула солға жылжып, ЭТЖ өседі. Абсцесті гематома, киста, ыдыраған қатерлі ісіктерден ажырата білу керек. Диагнозды анықтауда науқастың шағымдары, анамнезі, сырқаттың жергілікті және жалпы көріністеріне сүйене отырып, арнайы тәсілдерді қолданады. Ең нәтижелі тәсіл - абсцесті пункциялап, алынған сұйықтықты бактериологиялық зерттеуге жіберу. Ішкі мүшелер мен тіндерде терең орналасқан абсцестерді анықтап, пункциялау үшін ультрадыбыс, рентгендік зерттеулерді жиі қолданады.

Абсцестің емі: асептика заңын сақтай отырып, пункция жасау, іріңді эвакуациялау, қуыста тұрған иненің бойымен іріңдікті тіліп ашу, қуысын антисептик ерітінділерімен жуып, силикон түтікшелері, марля томпондарымен дренаждау. Жалпы ем хирургиялық іріңді инфекцияларды емдеу принциптеріне сәйкес жүргізіледі (қан, плазма құю, антибиотиктер тағайындау, иммундық терапия жүргізу). 18-суретте іріңдікті тіліп, ашу. Іріңді эвакуациялау көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]