Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

III тарау. Дәнекер тін аралығындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынулары.

Мойын тіндері аралығындағы терең флегмоналардың пайда болуы, таралуы мойынның анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты: Мойындағы өте жақсы дамыған лимфа тамырлары және мойынның фасциялары аралығында майлы клетчаткалар, көптеген лимфа түйіндері іріңді процестердің дамуына, таралуына қолайлы орта болып табылады. Мойынға іріңді процестер көбінесе бас, құлақ, бет, ерін, ауыз, мұрын қуысы, тамақтағы қабыну ошақтарынан тарайды, немесе тікелей өңеш, трахея жарақаттарында, септикопиемияда пайда болады. Көбінесе іріңдіктер мойынның алдыңғы бетімен, оң және сол жақтарында орналасады.

Мойынның терең орналасқан абсцестері 24-суретте көрсетілген. Этиологиясы. Стафилококк, стрептококк, энтерококк, спорасыз дамитын анаэробтар.

Сурет 24. Мойын іріңдіктерінің жиі кездесетін локализациясы.

1 - жұтқыншақтың артындағы абсцесс; 2 - жұлынның қатты қабатының сыртындағы абсцесс; 3 - мойын омыртқасының остеомиелитінен туындаған абсцесс; 4 - өңеш пен трахея аралығындағы абсцесс; 5 - төс алды абсцесі; 6 - төс үстіндегі апоневроз аралығы абсцесі; 7 - трахеяның висцералды қабатының алдыңғы абсцесі; 8 - өңеш артында орналасқан абсцесс.

Клиникалық көріністері: Іріңдіктер беткейлі орналасса қабыну белгілері (ісіну, қызару, қатты ауырсыну) көбінесе лимфа бездері шоғырланған жақ, иек астында және m. Sternocleidomastoideus бұлшықеттердің бойында айқын болады. Жақ астында терең орналасқан қабынуларда, науқастардың жалпы жағдайы ауырлап, дене қызуы көтеріліп, тамақ шайнағанда, жұтынғанда қатты ауырады, аузы сілекейге толып, жақ бұлшықеттері қарысып, тынысы тарылады. Мойын тамырларының бойындағы іріңдіктерде науқастар бастарын бұра алмайды және бастарын аурған жаққа қисайтып ұстайды (спастикалық қисық мойын), бұл іріңдіктер бұғана, қолтық астына таралуы мүмкін.

Емі - хирургиялық іріңді процестерді емдеу ережелеріне сәйкес, анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі. 25-суретте іріңдіктердің орналасуына байланысты оларды тіліп ашу орындары көрсетілген.

Сурет 25. Мойын іріңдіктерін тіліп, ашу орындары.

1-иек асты флегмонасын тіліп ашу; 2-жақ асты флегмонаны; 3-жұтқыншақ маңындағы флегмонаны; 4,5-тамырлар бойының флегмонасын; 6-Кюнтер әдісімен тілу; 7-де Кервен бойынша тілу; 8-мойынның бүйірлік үшбұрышының флегмонасы; 9- трахеяалды флегмонасы және ірңді струмитті; 10-төс үстілік, апоневроз аралық флегмонаны тіліп ашу.

2 6-суретте ашылған іріңдіктерді дренаждау көрсетілген.

Сурет 26. Операциядан кейін жараларды дренаждау.

1-Жақасты флегмонасын; 2-мойын тамырлары фасцияалды қынаптарының флегмонасын; 3-трахея алды флегмонаны; 4- алдыңғы медиастенитті; 5-Бецольд флегмонасын; 6-мойынның бүйірлік үшбұрышының флегмонасын.

Іріңді медиастенит – көкірекаралық майлы клетчаткалардың іріңді қабынуы. Этиологиясы көбінесе стафилококктар, энтеробактериялар, кейбір жағдайларда стрептококк, пневмококк, аралас іріңді – шірікті микрофлора, өте сирек анаэробты микробтар. Медиастенит – тікелей көкірекаралық жарақаттанудан басқа жағдайларда, көбінесе ауыз қуысының, тамақтың, мойын флегмонасының, пневмонияның, өңеш, трахея перфорацияларының асқынулары болып табылады. Инфекция лимфогенді, гематогенді жолдар арқылы түседі.

Клиникалық көріністеріне келсек, ауру аяқ астынан басталады, дене қызуы күрт көтеріледі, көкірекаралығындағы ауырсыну жауырын ортасына, мойынға, эпигастрий аймағына тарайды. Медиастенит алдыңғы бөлікте орналасса, төске перкуссия жасауда, басты шалқайтқанда ауырсыну күшейе түседі және мойын, кеуде ісіне бастайды. Артқы бөліктегі медиастенитке кеуденің паравертебралды тұсының ісінуі тән. Анаэробты инфекция дамыс, мойында эмфизема пайда болады, рентгендік зерттеуде көкірекаралығында газ анықталады. Науқастардың жағдайы күрт төмендеп, тамыр соғысы 120- ға дейін жиілейді, артериалды қан қысымы төмендеп, венозды қысым жоғарлап, бас, мойын, қолдың көк тамырлары қанға толып, көзге көрініп тұрады, науқастың тынысы тарылып, бозарып, басы ауырады, құлағы шыңылдайды. Бара - бара плевра, перикардта сұйықтық түзіледі. Емі: медиастениттің серозды кезеңінде жартылай синтетикалық пенициллиндер, цефалоспориндер, аминогликозидтер қабынуды тоқтатып, жоюы мүмкін. Іріңдеуде жедел операция - медиастинотомияны қажет етеді. Көбінесе мойын мен төстің қосылған жерінен көлденең тіліп, іріңдікті ашып, дренаж қойылады немесе төс арқылы енуге болады. Көкірекаралық кеңістіктің артқы бөлігінде орналасқан қабынуда, артқы экстраплевралды енуді қолданған ыңғайлы.Төменгі артқы медиастенитте іш қуысы арқылы диафрагманың өңештік тесігінің артқы тұсынан диафрагмотомия жасалып, іріңдік дренаждалады. Қосымша диафрагма тігілген жеріне де дренаж қойылады. 27(а), 27(б)-суреттерде алдыңғы көкірекаралық іріңдіктерде мойын тұсынан медиастинотомия жасалып, саусақпен зерттеу және іріңді қуысты дренаждау көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]