Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 - готовая на проверку.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

VI тарау. Қол саусақтары, алақанның іріңді қабынулары.

Саусақ тіндерінің қабынулары панариций деп аталады. Емхана хирургтарының қабылдауында болатын аурулардың 15-30% және уақытша жұмысқа жарамсыз амбулаториялық хирургиялық аурулардың 8 – 10% - ын панариций және қол абсцесі, флегмонасы құрайды. Науқастардың денсаулығына зиян келтіруімен қатар, бұл ауруларды емдеу көптеген материалдық қаржыны талап етеді.

Этиология, патогенезі. Қабынуды қөбінесе стафилококтар тудырады. Инфекция қолдың микрожарақаттары арқылы түсіп, қабынуға әкеледі. Жараға түскен бөгде заттар қабынуға ықпал етеді. Инфекция түскен жерде тіндер қабынып, инфильтрацияланады, түзілген серозды сұйықтық іріңдейді.

Классификациясы. Қабынудың дамуы, таралуы қолдың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты, сондықтан көптеген классификацияларда анатомиялық принциптер сақталған. Панариций келесі түрлерге бөлінеді: 1. тері; 2. теріасты; 3. сүйек; 4. буын; 5. сіңір (тендовагинит); 6. паронихия; 7. тырнақасты; 8. пандактилит (саусақтың барлық тіндерінің қабынуы).

Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы 47-суретте көрсетілген.

Саусақтар мен алақан және алақан сыртының анатомиялық құрылымы олардың атқаратын функцияларына сай, өте күрделі болып келеді: 1)әрбір саусақты 4 артерия қанмен қоректендіріп, 4 нерв иннервациялайды. 2) алақан сыртының терісі жұмсақ, созылмалы, жеңіл жиырылады. Теріасты майы жұқа, алақанмен тығыз байланысты лимфа тамырларына бай. Сол себептен алақан іріңдіктерінде қолдың, саусақтардың сыртында ісіну ауқымды болады. Бұл ерекшелікті білмеген дәрігер іріңді қолдың сыртынан іздейді; 3) алақан терісі тығыз, эпидермисі қалың, астындағы алақан апоневрозымен жабысқандықтан қимылы шектелген. Шаш фолликулалары және май бездері жоқ, тер бездері жақсы дамыған; 4) алақан терісін астындағы апоневрозбен, сүйектердің қабығымен, сіңір қынаптарымен байланыстыратын көптеген, жіп тәріздес дәнекер тіндердің бойымен инфекция тез арада тереңге тарайды.

Сурет 47. Панариций кезіндегі іріңдіктердің орналасуы.

1 – тырнақ астында; 2 – паронихия; 3,4 паронихияның тырнақ астына таралуы; 5 – тері панарицийі; 6 – теріасты панарицийі; 7 – қос тюйме тәріздес тері асты панарицийі; 8 – сіңір панарицийі; 9 – буын панарицийі ; 10 – сүйек панарицийі; 11 – тырнақ фалангасының сүйек панарицийі; 12 – пандактилит.

О сы аталған байламдар тері асты майын шектеп, ұяшықтарға бөліп, қабынудың жоғары не төмен жайылуын тежейді; 5) алақанның үшбұрышталып келетін беткейлі және терең орналасқан фасциялары оны үш құрылымға бөледі: Тенар деп аталатын латералды бөлігінде бірінші саусақтың бұлшықеттері, медиалды бөлігінде (гипотенарда) бесінші саусақтың бұлшықеттері орналасқан. Алақанның ортаңғы бөлігінде саусақтарды бүгетін сіңірлердің астында және бетінде майлы клетчакалар түзілген. Осы май қабаттарының ішінде беткейлі және терең артериалды доғалары мен саусақтардың нервтері жатады. Алақан ортасындағы іріңдіктер Пироговтың майлы кеңістігіне және алақанның 2 – 4 – саусақтарының сыртына таралуы мүмкін. 6) саусақтардың, қолдың әрбір сіңірлері, қан тамырлары, нерв талшықтары жеке-жеке синовиалды қынаптармен көмкерілген. Сіңірлердің синовиалды қынаптарында экссудат түзілсе, қан тамырлары қысылып, сіңірлердің некрозына әкеледі, тек қана дер кезінде қынапты тіліп ашып, сіңірледі сақтап қалуға болады. 7) екінші, үшінші, төртінші саусақтардың сіңір қынаптары жеке-жеке, аталған саусақтардың алақанмен қосылған тұсынан тұйық басталып, саусақ ұштарына дейін жалғасады. Білезік және шынтақ синовиалды қынаптарымен байланысы жоқ. Бірінші саусақ сіңірінің қынабы алақанның білезік қынабына, ал бесінші саусақтікі шынтақ қынабына қосылып, бұлар өрлей келе квадратты пронатор бұлшықетінің бетінде жатқан Пирогов - Парон майлы клетчаткалы кеңістігінде аяқталады, 48-суретте көрсетілгендей.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]