Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции 30 по УИРС (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

7.13 Бөлмелердің көмекші топтарының есептеулері

Көмекші өндірістік бөлмелер негізгі өндірістік цехтардың айқын және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Берілген топтарға:

- шикізаттың тәуліктік қор қоймасы (өндірісті меңгерушінің бөлмесі);

- нан турайтын бөлме;

- асхана, асүй ыдысын, жартылай өңделетін өнімнің ыдысын және цех инвентарін жуатын бөлме;

- жұмыртқа дайындайтын бөлме;

- далап пен шәрбетті және т.б. дайындайтын бөлмелер жатады.

7.13.1 Тәуліктік қор қоймасы

Берілген бөлмеде өнімнің кейбір қоры сақталған. Бұл бөлме ыстық және кондитерлік цехтерде жобаланады және де ол егер өндірістік және қоймалық бөлмелер әртүрлі қабаттарда орналасса, онда көтермелі құрылғы орнатылады. Сонымен қатар өнімді қоймадан көтерілетін құрылғының жанында орналастырады. Жасанды жарықтың орнатылуына рұқсат етіледі. Берілген бөлме тоңазытқыш шкафтарымен, тауар салатын үстелмен, сөрелермен, кеңсе үстелімен жабдықталады.

Ыстық цехтағы шикізаттың тәуліктік қор қоймасының ауданы осы есептен алынады:

  • қуаттылығы 300 орынға дейін кәсіпорынға 8 м2;

  • қуаттылығы 300 орыннан аса кәсіпорынға 10 м2.

Кондитерлік цехтегі шикізаттың тәуліктік қор қоймасының ауданы, цехтің қуаттылығынан байланысты және ВНТП-04-86 бойынша қабылданады.

7.13.2 Нанды турауға арналған бөлме

Берілген бөлме нанды қысқа уақытқа (тәулік) сақтау үшін, оны кесіп және даяшыларға беру үшін (даяшылар қызмет көрсететін кәсіпорында) немесе нанды тарату үшін (өз-өзіне қызмет көрсететін кәсіпорында) арналған.

Қуаттылығы 100 орыннан аса кәсіпорында нанды кесетін бөлме өз еркімен беріледі. Қуаттылығы 100 орынға дейін өз-өзіне қызмет көрсететін немесе даяшылар қызмет көрсеткенде немесе буфеті бар кәсіпорында нанды турайтын бөлмені суық цехпен қосуға болады. Жасанды жарыққа рұқсат етіледі.

Нанды турайтын бөлменің есебі осы тәртіппен өтеді:

  • механикалық жабдықтың анықталуы және таңдалуы;

  • механикалық емес жабдықтың есебі және таңдалуы;

  • жалпы және пайдалы ауданның анықталуы.

Нан кесетін машина бұл бөлменің негізгі механикалық жабдығы болып табылады. Өнеркәсіп бір ғана нан кесетін машинаны шығарады, сондықтан бұл машинаның жұмыс ұзақтығын және оны пайдалану коэфициентін анықтап, дұрыс құрылуы жайлы қорытынды жасау қажет. Нан турайтын машинаның нақты өнімділігін осы формула арқылы анықтайды

(24)

мұндағы Q – машинаға салынатын нан үлесінің массасы, кг (Q=0,4-0,5 кг);

τ3 - нан үлесін машинаға орнатуға кететін уақыт, с (τ3 = 6-10с);

τy - нан қалдықтарын машинадан тазалауға кететін уақыт, с (τy=4...5с);

τp – нанды турауға кететін уақыт, с.

Нанды турауға кететін уақыт осы формула арқылы анықталады

(25)

мұндағы l – салынатын нан сыбағасының ұзындығы, см;

б – кесілген бөлшектердің ені, см;

n – 1 минуттағы пышақтың айналым саны, мин-1.

Үстелдер, нанды сақтау шкафтары осы бөлменің негізгі механикалық емес жабдықтары болып табылады.

Нан кесу үшін мына СХ-1 үстел қолданылады, (сыртқы өлшемдері 1470x840x860) немесе СП-1200 үстелі.

Шкафтардың есебі, бөлке саны мен оның салу әдісін ескере отырып есептеледі. Нанды сақтау үшін келесі шкафтар қолданылады:

  • ШХ-1 (сыртқы өлшемдері 1470x630x2000) – 800 кг қарабидай наны немесе 450 кг бидайды нан;

  • ШХ-2 (сыртқы өлшемдері 1050x630x2000) – 500 кг қарабидай наны немесе 300 кг бидайды нан.

Нанды кесетін бөлменің ауданын анықтау үшін, онда орнатылған жабдықтарды ескеру қажет. Ол жабдықтарға – нанды сақтау шкафтары, нан кесетін машина орнатылатын үстел, кесілген нанды тасыйтын арба немесе жылжымалы сөрелер және қол жуғыштар жатады.

Берілген бөлме ыстық цехпен бір қабатта орналасу керек. Егер осы бөлме екінші қабатта орналасса, онда қабаттар арасындағы байланыс көтермелі құрылғы арқылы болады. Қазіргі таңда, нанды турайтын бөлме егер екінші немесе үшінші қабатта орналасса, онда нанды қабылдау бөлмесі құрастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]