Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции 30 по УИРС (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.1 Түсіндірме хаттың мазмұны:

- титул беті;

- кәсіпорынның төлқұжаты;

- мазмұны;

- кіріспе.

Мысалы:

1 Жұмыстың технико – экономикалық негіздемесі

2 Технологиялық бөлім

2.1 Жобаланып отырылған кәсіпорынның өндірістік бағдарлама сын құру.

2.2 Шикізаттың есебі

2.3 Қоймалардың есебі

2.4 Дайындау цехының есебі

2.5 Көкөніс цехының есебі

2.6 Ет – балық цехының есебі

2.7 Ұн цехының есебі

2.8 Ыстық цехтың есебі

2.9 Салқын цехтың есебі

2.10 Кондитерлік цехтың есебі

2.11 Бөлмелердің қосымша топтарының есебі

2.12 Бөлмелердің сауда топтарының есебі

2.13 Әкімшіліктік – тұрмыстық бөлмелердің есебі

3 Ұйымдастыру бөлімі

  1. Өндірістік цехтардың жұмыстарын ұйымдастыру

  2. Қосымша бөлме жұмыстарын ұйымдастыру

  3. Келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру

  4. Кәсіпорын жарнамасы

  5. Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру

  1. Ғылыми бөлім (үлгі қылар бағыттар)

  1. Кәсіпорынның жаңа өніміне нормативті және техникалық құжаттарды дайындау

  2. Жобаланып отырылған кәсіпорынның техникалық деңгейін бағалау.

  1. Инженерлік – техникалық бөлім

  1. Сәулеттік – құрылыс бөлімі

  2. Суықпен қамтамасыз ету және ТҮА

  1. Тоңазытқыш камераларын сипаттау

  2. Тоңазытқыш желдеткіші

  3. Есептеуші параметрлерді анықтау.

  4. Жылуды оқшауландырудың есебі және оны таңдау

  5. Жылу ағымының есебі

  6. Тоңазытқыш машинаны таңдау.

  7. Технологиялық процесстерді автоматтандыру

6 Еңбекті қорғау және ӨТҚ

  1. Кәсіпорындағы жұмыстың қауіпсіздігі

  2. Кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігі

7 Экономикалық бөлім

8 Қорытынды

Әдебиет

Қосымша

2.2 Графикалық материалдың тізімі

Бүкіл сызба материалдарды А1 форматтағы ватманда орындайды.

Ол келесі беттерден тұрады:

  1. ғимараттың бас жоспары, бас жоспардың экспликациясы (1бет);

  2. жабдық орналастырылған және жіктелген ғимарат жоспары М1:100, ( 1 бет);

  3. ғимарат қимасы, (1-2 бет);

  4. экономикалық көрсеткіштердің кестесі (1 бет);

  5. тағамның ТТК- сы, (1 бет);

  6. тағамның химиялық құрамы және энергетикалық құндылығы , (1 бет).

Дәріс21. Дипломдық жұмыстың ұсынылып отырылған құрылымының қысқаша сипаттамасы

Кәсіпорынның төлқұжаты, жобаланып отырылған кәсіпорын құрылысының тиімділігін және мақсатқа лайықтылығын бағалауға мүмкіндік береді және жұмыстың экономикалық есептері негізінде, кесте түрінде орындалады (кесте 1).

Кесте 1 – Кәсіпорынның төлқұжаты (түрі, аты)

Көрсеткіштердің аталуы

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштердің мағынасы

Көрсеткіштердің қайта құрудан кейінгі мағынасы

1

2

3

4

Залдағы орын саны

орын

Жер учаскесінің ауданы

м2

Құрылыстың ауданы

м2

Ғимараттың құрылысының ауданы

м2

Жалпы ауданы

м2

Жұмысшылар саны, барлығы

адам.

Соның ішінде:

өндіріс жұмысшылары

адам.

әкімшіліктік жұмысшылар

адам.

Кәсіпорын өндірістік қуаты (тағам, жартылай өңделген өнім, ұн және кондитерлік өнімдер саны)

дана.(кг)

Кәсіпорынның тауар

айналымы

мың. тенге.

Меншікті өндіріс өнімдері бойынша айналым

мың. тенге.

Меншікті өндіріс өнімдері бойынша айналымның

меншікті салмағы

%.

Кәсіпорындағы бір жұмысшының орташа өнімділігі

мың. тенге.

Кәсіпорындағы бір жұмысшының орташа өнімділігі

мың. тенге.

Бір орынның тауар айналымы, барлығы

тенге.

Соның ішінде:

Меншікті өндіріс өнімдері бойынша айналымы

тенге.

Бір орынға есептегендегі тамақ шығымы

дана

Өндіріс шығындары және айналымы

мың. тенге.

Өндіріс шығындарының және айналымының меншікті

салмағы

%

1 кестенің жалғасы

1

2

3

4

Кәсіпорынның орнын

толықтыру мерзімі

жыл

Пайда

мың. тенге.

Рентабельділік

%

Кіріспеде қоғамдық тамақтандыру желісінің болашақта дамуы, шешілетін мәселенің қазіргі заманғы жағдайын бағалау, жұмыс тақырыбының маңыздылығ және өзектілігі баяндалады.

ҚР министрлігі қаулысында берілген міндеттерде, ҚТК немесе мамандандырылған цехтардың қызметі жарықтандырылады. Жұмысты жазудың міндеті мен мақсатын көрсету қажет.

Кіріспе көлемі 1 -2 бет

Жұмыстың техника – экономикалық негіздемесінде мынадай сұрақтар қарастырылады:

  • жобаланып отырылған кәсіпорынның қызмет ету ауданының экономикалық – географиялық сипаттамасы;

  • желінің дамуының есептік нормативтеріне сәйкес, кәсіпорын құрылысының қажеттілігінің негізделуі;

  • құрылыс орнын таңдауды негіздеу; кәсіпорын құрылысының техникалық мүмкіндігінің инженерлік инженерлік қарастыру және негіздеу;

  • жобаланып немесе қайта құрылып отырылған кәсіпорын түрін және қуаттылығын негіздеу;

  • өңдеусіз сатылатын шикізатпен, жартылай фабрикаттармен және тауарлармен қамтамасыз ету көздерін анықтау.

Жұмыстың негізделуі немесе қайта құрылуы бойынша, дипломдық жұмыс туралы алғашқы көз қарас қалыптасады, сондықтанда ол ешбір мүлтіксіз болуы қажет.

Негіздеменің көлемі- 4-6 бет.

Технологиялық бөлімде сауда - технологиялық жабдықтың қажетті мөлшері, өндірістік жұмысшылардың саны және бөлмелердің барлық топтарының ауданы бойынша есептеулер орындалады. керекті мөлшері, өндіріс жұсысшыларының саны және барлық бөлме топтарының есептеулері анықталады. Бұл бөлім бөлмелердің үйлестірілуінің орындалуын және жабдықты орналастыруды жорамалдайды.

Технологиялық бөлімнің көлемі 40 бет.

Ұйымдастыру бөлімінде кәсіпорынның өндірісін және қызмет көрсетуін, олар шығаратын өнімнің сапасын бақылауды және жарнамалауды ұйымдастыру мәселелері, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қарастырылады.

Ұйымдастыру бөлімінің көлемі шамамен 10 бет.

Инженерлік – техникалық бөлімнің сәулеттік- құрылыс бөлімінде құрылыс учаскесіне сипаттама беріледі, ғимараттың қабаттары және сыртқы пішіні, бағандар қатары анықталады, терезелерінің және есіктерінің көлемдері, қабырғаларының қалыңдығы алынады және ғимараттың басқада құрылыстық құрылымдары таңдалады.

Сәулеттік - құрылыс бөлімінің көлемі 5 беттен аспауы керек.

«Суықпен қамтамасыз ету және ТҮА» бөлімінде тоңазытқыш камераларында сақтауға жататын және сақтау тәртібі қабылданған өнім санын және ассортиментін есепке ала отыра жабдықты және оқшауландырғыш материалды таңдайды және есебін жүргізеді.

«Суықпен қамтамасыз ету және ТҮА» бөлімінің көлемі 5-10 беттен аспауы керек.

«Еңбекті қорғау және ҚОҚ» бөлімінде өнімдерді сақтау шаралары, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы техника, еңбекті қорғау бойынша шаралар қарастырылады, өрттен эвакуациялаудың ықшамсызбасы келтірілген.

Кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігінде кәсіпорын өнімдерін және тұтынушыларды әр түрлі ластанулардан (биологиялық, химиялық, радиоактивті және т.б.) қорғау қарастырылады.

«Өміршеңділік қауіпсіздігі» бөлімінің көлемі 5-10 беттен аспауы керек.

Экономикалық бөлімінде жобаланып отырылған кәсіпорынның қызметін сипаттайтын экономикалық негізгі көрсеткіштердің есептері берілген. Оларға кәсіпорынның тауар айналымы,өндірістің шығыны және кәсіпорынның айналымы, аударымдары, рентабельділігі, орнын толықтыру мерзімдері жатады.

Бөлім көлемі 7 беттен аспауы керек.

Қорытындысында жұмыстың мәнін, жаңалығын, жұмыстың практикалық маңыздылығын және берілген кәсіпорынды ашуға және оның жұмысына қажетті негізгі құжаттамалар көрсетіледі. Көлемі 1-2 бет.

Дәріс22.Дипломдық жұмысты орындау мерзімі

Дипломдық жұмыстың жеке бөлімдерін орындау мерзімі, олардың көлеміне байланысты және күн бойынша есептелген ( кесте 2).

Кесте 2 – Дипломдық жұмысты орындау мерзімі

Бөлімнің аталуы

Орындау көлемі (күн)

Кіріспе, жұмысты технико – экономикалық негіздеу

2

Технологиялық бөлім

30

Ұйымдастыру бөлімі

2

Инженерлік - техникалық

6

Соның ішінде:

Сәулеттік – құрылыс бөлімі

3

Суықпен қамтамасыз ету және ТҮА

3

Өміршеңділік қауіпсіздігі

3

Экономикалық бөлім

5

Қорытынды

1

Жинағы

49

Дипломның графикалық бөлімін орындау

10

Қорғауға рұқсат босату және рецензиялау

5

Қорғау

Ескерту – Технологиялық, ұйымдастыру және ғылыми бөлімді орындауды қорытынды тексеру, инженерлік-техникалық бөлім алдында жүргізіледі.

Дәріс23. Дипломдық жұмыстың бөлімдері бойынша кеңес беру

Қажет болған жағдайда дипломдық жұмыс жетекшісінің ұсынысы бойынша, дипломдық жұмысқа жетекшілік етуге берілген уақыт лимиті есебінен, дипломдық жұмыстың жекелеген бөлімдері бойынша кафедраға кеңесшіні шақыру құқығы беріледі.

Кеңес беруші студент орындаған жұмыстың сәйкес бөлімін тексереді және оны визалайды:

1) Кіріспе, жұмыстың негізделуі, ұйымдастырушылық, ғылыми бөлімдер, қорытынды- дипломдық жұмыстың жетекшісі;

2) Технологиялық бөлімі - бөлім бойынша кеңесші;

3) Сәулеттік - құрылыс бөлімі - бөлім бойынша кеңесші;

4) Суықпен қамтамасыз ету және ТҮА - бөлім бойынша кеңесші;

5) Еңбекті және ҚОҚ қорғау бөлімі бойынша кеңесші;

6) Экономикалық бөлімі бойынша кеңесші.

Дәріс24.Дипломдық жұмысты негіздеу

Дипломдық жұмысты орындауды бастапқы маңызды кезеңі болып, жобаланып отырылған кәсіпорын құрылысының осы жерде салынуының мақсаттылығы және оның жұмысының тиімділігі.

Негіздеу 3 бөлімнен тұрады: жобаланып отырылған кәсіпорынның қызмет ету ауданының экономикалық-географиялық сипаттамасы және оның даму болашағы; кәсіпорын есебі және қуаттылығының негізі; түрінің негізделуі, бағандау орыны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]