- •Калдыбекова Жанат Байжановна
- •«Қоғамдық тамақтандыру технологиясы бойынша студенттердің оқу зерттеу жұмысы»
- •Дәріс жиынтығы
- •5В072700- «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша күндізгі, сыртқы және кешкі оқу бөлімдерінің студенттеріне арналған.
- •«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы
- •5В072700- «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша күндізгі, сыртқы және кешкі оқу бөлімдерінің студенттеріне арналған.
- •Тұтынушыларға қызмет көрсетуге дайындық.
- •Ғылыми-зерттеу жұмысты ұйымдастыру.
- •2.1 Түсіндірме хаттың мазмұны:
- •6.1 Кәсіпорынның қызмет ету ауданының экономикалық – географиялық сипаттамасы
- •6.2 Кәсіпорын қуаттылығын есептеу және негіздеу
- •6.3 Кәсіпорын жұмысының байлау орындарын негіздеу
- •7.1 Жобаланып отырылған немесе қайта құрылатын кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын құру
- •7.2 Шикізаттың есебі
- •7.3 Қоймалық бөлмелердің есебі
- •7.4 Көкөніс цехының есебі
- •7.5 Балық цехының есебі
- •7.6 Ет цехының есебі
- •7.7 Жартылай өңделген өнім мен көк өндеу есебі
- •Кесте 38 – Дайындау цехының өндірістік бағдарламасы
- •7.8 Ыстық цехтың есебі
- •7.9 Қоғамдық тамақтандыру дайындау кәсіпорнындағы кулинарлық цехтың есебі
- •7.10 Суық цехтың есебі
- •7.11 Кондитерлік цехтың есебі
- •7.12 Экспедицияның есебі
- •7.13 Бөлмелердің көмекші топтарының есептеулері
- •7.13.1 Тәуліктік қор қоймасы
- •7.13.2 Нанды турауға арналған бөлме
- •7.13.3 Асхана ыдыстарын жуу бөлмесі
- •7.13.4 Ас үй ыдыстарын жуу бөлмесі
- •7.13.5 Жартылай дайын өнімдердің ыдыстарын жуу бөлмесі
- •7.13.6 Цех инвентарын жуу бөлмесі
- •7.13.7 Жұмыртқа дайындау бөлмесі
- •7.13.8 Буфет
- •7.13.9 Үйлестіру бөлімі
- •Келушілерге арналған бөлмелердің есебі
- •7.14.1 Тамақтанушыларға арналған бөлменің кіру тобы
- •7.14.2 Кулинарлы дүкендер
- •7.15 Әкімшілік-тұрмыстық бөлмелердің есептелуі
- •7.15.1 Әкімшілік бөлмелер
- •7.15.2 Тұрмыстық бөлмелер
- •7.16 Техникалық бөлмелердің есебі
- •7.17 Бөлменің құрастырылуына қойылатын талаптар
- •8.1 Тоңазытқыш камераларының сипаттамасы
- •8.2 Тоңазытқыштың желдеткіші
- •8.3 Есептеуіш параметрлерді анықтау
- •8.4 Оқшауландырғыштың есебі
- •8.5 Тоңазытқыш камерасындағы жылу ағынының есебі
- •8.5.1 Қоршаулар арқылы өтетін жылу ағыны
- •8.5.2 Өнімдер мен ыдыстардан түсетін жылу ағымы
- •8.5.3. Бөлмелерді желдету кезіндегі жылу ағымдары
- •8.5.4 Эксплуатациялық жылу ағымдары
- •8.5.5 Тоңазытқыш машинасын таңдау
- •9.1 Өндірістік цехтардағы жұмыстарды ұйымдастыру
- •9.2 Қосымша бөлмелердің жұмыстарын ұйымдастыру
- •9.3 Келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру
- •9.4 Кәсіпорын жарнамасы
- •9.5 Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында дайын өнімдер және шикізаттар сапасын бақылауды ұйымдастыру
- •9.5.1 Бірінші тағамдардың сапасын бақылау
- •9.5.2 Екінші тағамның сапасын бақылау
- •Суық тәтті тағамдар сапасын бақылау
- •Сусындардың сапасын бақылау
- •Ұнды кондитерлік және нан - тоқаш өнімдерінің сапасын бақылау
- •9.5.6 Технологиялық процесстердің дұрыс өткізілуін бақылау
- •10.1 Кәсіпорын стандартын жасау (стп)
- •10.2 Тағамдар мен кулинарлық өнімдерге арналған техника-технологиялық карта жасау (ттк)
- •11.1 Капиталдық салымдардың есебі:
- •Кесте 79 – Инвестициялардың есебі
- •11.2 Жобалық кәсіпорнының өнім құнының есебі:
- •11.3 Кәсіпорын шығаратын өнімінің бағасын есептеу
- •11.4 Жобаның негізгі техникалық - экономикалық көрсеткіштерін есептеу:
- •Әдебиеттер
- •А қосымшасы
- •Қосымша б
- •В қосымшасы
- •Г қосымшасы
- •Д қосымшасы
- •Кесте д.1 – Бір жұмыс орнына арналған үстел ұзындығының мөлшері
- •Е қосымшасы
- •Кесте е.1 – Жуу ваннасын есептеуге берілгендер
- •Ж қосымшасы
- •Кесте ж.1 – Бір тамақтың меншікті аудан мөлшері (өнімнің)
- •И қосымшасы
- •Кесте и.1 – Өнімнің көлемдік тығыздығы
- •К қосымшасы
- •Л қосымшасы
- •М қосымшасы
- •Н қосымшасы
- •П қосымшасы
- •Р қосымшасы
- •С қосымшасы
- •Т қосымшасы
- •У қосымшасы
- •Ф қосымшасы
- •Х қосымшасы
- •Ц қосымшасы
- •Ш қосымшасы
- •Щ қосымшасы
- •Э қосымшасы
- •Ю қосымшасы
- •Я қосымшасы
- •D қосымшасы
- •F қосымшасы
- •G қосымшасы
- •J қосымшасы
- •L қосымшасы
- •N қосымшасы
- •Q қосымшасы
- •R қосымшасы
6.1 Кәсіпорынның қызмет ету ауданының экономикалық – географиялық сипаттамасы
Кәсіпорынның қызмет ету ауданының сипаттамасы, ауыл шаруашылығының мамандандырылуының негізгі бағыттарын, ал қала үшін - өнеркәсіптің мамандандырылу бағытын және сонымен байланысты негізгі контингентті, қоғамдық тамақтандырудың, сауданың даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл бөлімде мынадай материалдар болу керек:
жобаланып отырылған кәсіпорын құрылысы ойластырылып отырылған ауданның, қаланың экономикалық сипаттамасы.
ауданның климаттық және географиялық мәліметтері;
қоғамдық тамақтандыру, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының болуы;
жобаланып отырылған кәсіпорында тамақтанатындардың саны мен болжамды контингенті;
мекеменің, оқу орындарының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс кестесі. Ауысым ұзақтылығы және саны;
ауысым бойынша жұмыс істеушілердің саны, оның ішінде максималды ауысымда және т.б.
Осыдан басқа, аудан тұрғындарының болашақтағы саның оның табиғи өсуі және көшіп-қонуын есепке ала отыра есептеу қажет. Болашақтағы санын мына формула бойынша есептейді
|
(1) |
мұндағы, Nбол. - табиғи өсуін және көшіп-қонуын есепке ала отыра алғандағы болашақтағы саны, адам;
Nф- нақты саны, адам;
Y – тұрғындардың жыл сайынғы орташа қозғалысы ( - кетуі, + келуі) , %;
X- тұрғындардың жыл сайынғы табиғи өсуі, %;
t- есептік мерзімі, жылдар.
Тұрғындардың әлеуметтік құрамын кәсіби құрылымы бойынша және жас ерекшелігіне байланысты аудандар, шағын қалалар, жұмысшылар ауылы және ауылдық жерлер үшін жеке анықтайды.
Тұрғындардың құрамы бойынша мәліметтерді 3 кестеге енгізіледі.
Тұрғындардың әлеуметтік құрамын есептеуге жоспарлаушы жергілікті органдардың статистикалық мәліметтері және материалдары негіз болуы қажет.
Кесте 3 – Жобаланып отырылған кәсіпорынның қызмет ету ауданының тұрғындарының әлеуметтік құрамы
Әлеуметтік топтар |
Саны, мың. адам. |
үлесі, % |
Жұмысшылар және қызметкерлер. Қолхозшылар, совхоздардың және ауылшаруашылық кәсіпорындарының жұмысшылары Жалпы білім беру мектептерінің және мектеп- интернаттардың оқушылары ЖОО, техникумдадың, механизация мектептерінің, училищелердің оқушылары Мектеп жасына дейінгі балалар Зейнеткерлер Жұмыс істемейтін тұрғындар Фермерлер Жеке кәсіпкерлер |
|
|
Қорытынды |
|
100 |
Осы берілгендер негізінде кәсіпорын түрін, жұмыс тәртібін, шығарылатын өнім ассортиментін, тамақ санын және т.б. анықтауға болады.
Жобаланып отырылған кәсіпорынның тағайындалуына қысқаша бейнелейді. Егер қажет болса, онда тамақтандырудың арнайы түрлерін, бекітілген филиал, буфет санын көрсету қажет.
6.2 Кәсіпорын қуаттылығын есептеу және негіздеу
Жобаланып отырылған кәсіпорын қуатын, кәсіпорын залындағы орын санына, шығарылатын өнім көлеміне және қызмет көрсетілетін келушілер санына байланысты анықтайды
Түскі ас залына қажетті орын санын, орын нормативі бойынша 1000 адамға есептеледі. Есеп жүргізудің бұл әдісі әмбебаб болып табылады және барлық дайындау, шикізат үшін жұмыс істейтін кәсіпорындардың түскі ас залына қажетті орын санын анықтау үшін қолданылады. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі
|
(2) |
мұнда Р – қажетті орын саны;
N – елді мекен, колхоз, совхоз, кәсіпорын, ұйымдардың немесе мекемелердің тұрғындарының саны, адам;
Рн – 1000 адамға арналған орын нормативі (4, 5 кестелер). Кәсіпорын түрін таңдау және де оның қуаттылығын негіздеу кезінде, тағайындалуы жергілікті және қалалық маңыздағы қоғамдық кәсіпорындар болып бөлінетіндігін есепке алу қажет.
Жергілікті маңызды тамақтандыру кәсіпорындарын кісі тұратын аймақта, қоғамдық көліктер аялдамасына 5-7 мин жерде орналастыруды ескеру қажет (400-500 м). Мұндай кәсіпорындарға асханалар, кешкі уақытта жұмыс істейтін кафелер мен мейрамханалар, ем-демдік асханалар, тапсырыс бөлімі бар кулинария дүкендері, түскі асты үйге жеткізетін кәсіпорындар, сонымен қатар мамандандырылған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жатады.
Қалалық маңызды кәсіпорындарды қаланың орталығына, көлік ағымымен байланысқан халық көп шоғырланған жерлерде, ірі сауда орталықтары, кулинариялық кәсіпорындары бар жерлерде орналастырады. Оларға мейрамханалар, жылдам қызмет көрсететін кәсіпорындар, мамандандырылған кәсіпорындар, тапсырыс бөлімдері бар (сонымен қатар фирмалық) кулинариялық ірі дүкендер жатады.
Есеп жүргізу мерзімінде және бірінші кезекте құрылыс кезіңде қаланың қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына деген қажеттілікті (жергілікті және қалалық маңызды) 1000 тұрғынға арналған қоғамдық тамақтандыру орындарының даму нормативтеріне сәйкес анықтайды. Нормативтің орташа мәліметтері 4 кестеде берілген.
Қалалық маңыздағы тамақтандыру кәсіпорындарына деген қажеттіліктерді қала үшін есептелінген жалпы қажеттілік арасындағы және жергілікті маңыздағы кәсіпорындардағы орындар санындағы айырмашылық ретінде анықтайды
Кесте 4 – Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындар желісінің дамуының нормативтері (100 адамға арналған)
Уақыт кезеңі |
ҚТК желісі |
Орын саны |
Есептік мерзімге |
Жалпы (толығымен қалаға арналған) Жергілікті маңыздағы |
40 13 |
Бірінші кезекте |
Жалпы (толығымен қалаға арналған) Жергілікті мағына |
28 10 |
Кесте 5 – Тұрғындардың есептік санының 1000 адамға арналған орындардың нормативі
Аталуы |
Орын нормативі |
1 |
2 |
1 Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы және мекемелердегі, құрылыстық ұйымдардағы асханалар: |
250 |
Соның ішінде ем-демдік тамақтану, % |
20 |
2 Көліктік ұйымдардағы асханалар |
125 |
Соның ішінде ем-демдік тамақтану, % |
20 |
3 Мекемелердегі асханалар |
200 |
Соның ішінде ем-демдік тамақтану, % |
20 |
4 ЖОО асханалар, барлығы |
200 |
Соның ішінде ем-демдік тамақтану, % |
10 |
Студенттерге арналған |
130 |
Оқытушыларға арналған |
20 |
Буфеттер |
30 |
5 Жалпы білім беретін мектептердегі асханалар |
350 |
6 Мектеп – интернаттағы асханалар |
500 |
7 КТУ-гі асханалар: |
333 |
8 Колхоз, совхоз асханалары: |
|
Орталық үй – жай жанында |
100 |
Даладағы қонақтайтын жер |
220 |
9 Қонақ үйдегі тамақтандыру кәсіпорны |
1000+10% |
10 Теміржол вокзалындағы кәсіпорын |
|
200 адамға дейін – буфет |
20% |
700 адамға дейін – кафетерий |
10% |
1500 адамға дейін – мейрамхана |
8% |
1500 адамнан аса - мейрамхана |
7% |
11 Әуе жайлардағы кәсіпорын |
|
бір сағатта 200 адамға дейін - кафе |
35% |
бір сағатта 600 адамға дейін - кафе |
26% |
1 сағатта 2000 адам -кафе |
27% |
12 Көпшілікке қолды желінің 1000 тұрғынға арналған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары: |
|
5 кестесінің жалғасы |
|
1 |
2 |
а) ауылдық жерлерде : |
|
бірінші кезекте |
28 |
есептік мерзімде |
40 |
Қалаларға және қала түріндегі кенттерге арналған: |
|
бірінші кезекте |
28 |
есептік мерзімде |
40 |
Кулинария дүкендері |
|
3000 тұрғынға арналған |
1 жұм. орын |
Есептік санын былайша анықтайды:
Келу коэффициенті 0,9 деп есептеп, өнеркәсіптік құрылыстарда, көліктік кәсіпорындарда және ұйымдарда ауысымда неғұрлым көп жұмыс істейтіндер саны түрінде;
мектептерде бір ауысымда оқитындар саны ретінде;
- келушілер коэффициенті 0,9 деп есепке ала отыра КТУ, мектеп - интернаттарда күндізгі оқу бөліміндегі студенттердің жалпы саны оған қоса сырттай оқу бөлімінің студенттерінің 10% (ауыл шаруашылық ЖОО және техникумдары үшін сырттай оқу бөлімінің студенттері - 20% ).
1000 адамға арналған нормативтер біріңғай болып енеді, сондықтан республикадағы, облыстағы (аймақтағы) және аудандағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының желісінің даму деңгейіне байланысты оларды түзетіп отыру қажет. 1000 адамға арналған орташа орын нормативтері аудандағы елді мекендер тобына байланысты сараланған болуы қажет. Сараланған коэффициенттер:
аудан орталықтары үшін - 1,3;
жергілікті (топтастырылған) орталықтар үшін - 0,9;
қатардағы ауылдар үшін - 0,8.
Курортты аймақтарда дипломдық жұмысты жазуда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қол жетімді желісін 1000 тұрғынға 40 орын және жолдамасыз 1000 дем алушыға 150 орын есебінде жоспарлайды.
Қол жетімді желідегі қажетті орын санының есебі 6 кестеге енгізуге болады.
Кесте 6 – Қол жетімді желідегі қажетті орын санының есебі
Елді мекен түрі |
Адам саны, мың. адам. |
Халықтың жыл ішіндегі өсуі, % |
Өсуді есепке ала отыра алғандағыадам саны, мың. адам. |
1000 адамға арналған орын нормативі. |
Норматив бойынша керекті орын саны |
Нақты орын саны |
Ауытқу, +, - |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 кестенің мәліметтері бойынша қол жетімді желідегі орыннмен қамтамасыз етілу деңгейін мына формула бойынша анықтайды
|
(3) |
мұнда Рф — қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қол жетімді желідегі нақты орын саны;
Рн –қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қол жетімді желідегі норматив бойынша қажетті орын саны.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының ұсынылатын құрылысы және кәсіпорын түрі, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынының жеке түрлерінің ара қатынасы негізінде 7 кесте бойынша анықталады.
Кесте 7 – Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы әр түрлері арасындағы орындардың проценттік қатынасы
Кәсіпорын түрі |
Түр арасындағы қатынастар, % |
|||
бірінші кезекте |
Есептік кезеңде |
|||
қала |
ауыл |
қала |
ауыл |
|
Асханалар Емдәм асханалары |
20-24 (5-6) |
25-30 (5) |
12-16 (6-7) |
20-22 (6) |
Мейрамханалар |
25-30 |
18-20 |
30-35 |
20-22 |
Кафе |
20-25 |
18-22 |
20-25 |
22-25 |
Дәмханалар |
20-25 |
18-22 |
20-25 |
22-25 |
Барлар |
2-3 |
3-4 |
4-5 |
4-5 |
Соның ішінде арнайы ҚТК |
30 |
20 |
35 |
25 |
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының номенклатурасын МЕСТ негізінде анықтайды, қоғамдық тамақтандырудың арнайы кәсіпорындарының проценттік таратылуы типтері бойынша есептеледі [1, б. 29].
Талданатын елді мекендегі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын жеке типтерінің құрылысының мақсаттылығын анықтау үшін, қол жетімді желінің құрылымына талдау жасайды (кесте 8).
Кесте 8 – Қол жетімді желінің құрылымының талдауы
Кәсіпорын түрі |
Орын саны |
||
Желіде әрекет етуші ҚТК |
Норматив бойынша |
құрылысқа ұсынылатын (+,-) |
|
Асханалар |
|
|
|
Емдәм асханалары |
|
|
|
Мейрамханалар |
|
|
|
Арнайы мейрамханалар |
|
|
|
Кафе |
|
|
|
Арнайы кафелер |
|
|
|
Дәмханалар |
|
|
|
Арнайы дәмханалар |
|
|
|
Барлар |
|
|
|
8 кесте мәліметтері бойынша қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын құрылысынының қажеттілігіне негіздеме жасайды.
Қоғамдық тамақтандырудың дайындау кәсіпорындарының өндірістік қуаттылығы шикізаттың меншікті шығыны бойынша және кондитерлік өнімдер, аспаздық, жартылай дайын өнімдерді орталықтандырып дайындау нормалары бойынша есептелінуі мүмкін [1, б. 47].
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қайта құрастыру жұмысының негіздемесінің жобаланып отырылған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан өзгеше бір айырмашылығы жоқ. Аталған бөлімдерге осы кәсіпорында қайта құрудың дұрыстығын қосымша негіздейді.
Кәсіпорынды қайта құру мынадай мақсатпен жүргізілуі мүмкін:
өндірісті кеңейту; қулинарлық өнімдерді шығаруды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау; озық технологияларды және жаңа жабдықтарды, отынның жаңа түрін енгізу; тұтынушыларға қызмет көрсетудің озық әдістерін енгізу; сәулеттік-жоспарламалық шешімдерді және т.б. жақсарту. Қабылданған әрбір бағыт мұқият түрде негізделген болуы қажет. Қайта құрылып отырылған кәсіпорынның техникалық-экономикалық негізделуінің қалған барлық есептері жаңадан салынып жатқан кәсіпорындардың есептеріне ұқсас.
