Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Егіншілік практикумы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

Топырақтың ылғалдылығын анықтау

Топырақтың ылғалдылығы деп топырақтағы ылғалдылықтың пайыздық құрамының абсолютті құрғақ топырақтың салмағына немесе көлем бірлігіне қатынасый айтады. ЬІғалдылықты акықтаудың барлык әдіетері екі топқа бөлінеді.

Бірінші әдіс бойынша танаптан топырақ үлгісін зертханада әр түрлі әдістермсн ылғалдылықты анықтайды.

Екіншісі жанамалы, табиғи жағдайда нақтылы топырақта қойьшған әрт түрлі аспаптар арқылы анықтайды. Оған тензиометриялы, рефлекто-метриялық және басқа әдістер. Талғалдылықты анықтаудың негізгі әдісі болып омостатты-салмақты әдіс саналады. Бұл әдіс бойынша анық терендік аралығында (көбінесе 10 см сайын) топырақ үлйсін алады.

Топырақ үлгісін алу үшін бірнеше арнайы бұрғылар бар: БП 50, АМ ~ 16, Измаильскийдің, Качинскийдің, Некрасовтың, Смяртиннің, Розановтың, мотобұрғы және басқалар.

Олар екі түрде шығарылады, трубкалы және тескішті. Хрубкалы бұрғылардың негізгі кемшілігі — жоғары тереңдікке оларды топыраққа кіргізу қиын, әсіресе ылғалдылық аз болғанда. Тескішті бұрғылардың кемшілігі - топырақты араластырып және бұрғыда үлгіні ұстауы қиын. Тескішті бұрғыларды құрғақшылық жағдайда кең қолданады. Трубкалы бұрғылардың жақсы қасиеті топырақтың табиғи құрылысын бұзбай, әр терендік үшін мәліметтердің жоғары анықтылығын қамтамасыз етеді. Тескіш бұрғылар топырақтың бірталай терендігіне салыстырмалы оңай кіруімен ерекшеленеді.

Ылғалды топырақтың үлгері дереу тығыз бекітіліп және тез салмағы өлшенуі қажет. Сол үшін бұрғы стақанының төменгі үштен бір бөлігінен топырақты алюминийлі стақанға салып қақпағымен жауьш қояды. Сосын оларды тезірек зертханаға апарып 0,01 г дәлдігімен өлшейді. Сынама алардың алдында стақанның нөмірі мен салмағын жазып алу керек.

Салмағын өлшегеннен кейін қақпағы ашық стақандарды термостатқа 105° температурада сынамаларды қойып тұрақты салмаққа дейін кептіреді. Бірінші өлшеуді 6 сағат құрғату өткеннен кейін жасайды. Қайталап екі сағаттан кейін бақылау Құрғатудан кейін. Бұл әдіс жоғары дәлдік береді, бірақ ол өте Ұзаққа созылады. Сондықтан топырақ ылғалдылықтарын көп анықтаған жағдайда тездетілген құрғату әдісін қолдануға оолады, ол 150°С 4 сағат аралықта, кейін бақылау құрғатуды 1 сағаттаң кейін жасайды [2].

Топырақ ылғалдылығы пайызбен мүлде құрғақ топырақтың салмағынан. максималды гигроскопиялық анықтау формуласы бойынша анықтайды

Топырақ ылғалдылығын пайызбен топырақ көлемінен санайды.

Р=W*d

Р-топырақтың ылғалдылығы пайызбен топырақ көлемінен

W топырақтың топырақтан

d— топырақтың көлемдік салмағы, г/см3:

Жауын-шашын мөлшері су бағанасынан миллиметрм саналғандықтан топырақтағы ылғал қорын да сол көрсеткен дұрыс. Санауды мына формуламен жүргізеді:

Мүнда, В - топырақтағы ылғалдың қоры, мм.

W — топырақ ылғалдылығы,%

d — топырақтың көлемдік салмағы, г/см3

һ — топырақтың белгілі қабат қалындығы, см.

Топырақтың зерттелген қабатындағы су қоры тәжірибеді кейде тоннамен немесе 1 га кубометрмен көрсетіледі. Ол үшін

миллиметрмен көрсетілген су қорын 10 коэффициентін көбейтеді, өйткені 1 гектарда 1 мм ылғал 10 тонна немесе 10 м| су болады.

Алдында айтқандай өсімдіктердің суды сіңіруі тамырлардын су ұстау күшіне және сору күшіне байланысты болады.

Мәдени дақылдардың өнімін құратын ылғал бөлігі өнімді ылғал болып саналады. Әр түрлі топырақтарда нақтылы ылғалдылық бірдей болса ылғалмен қамтамасыз етілуі әр түрлі болады, Сондықтан әр түрлі топырақтарда өсіп жатқан ауыл шаруашылық дақылдардың ылғалмен қамтамасыз етілуінін әділдік бағалауын өнімді ылғал қорынан жасауға болады. Оның анықтау үшін келесі формуланы қолданады:

Вөн= 0,1 dh(W- ТСЫ) (46)

Мұнда, Вөн - өнімді ылғал қоры, мм,

d — көлемдік салмақ, г/см3

һ — топырақтың зерттеуге алынған қалыңдығы, см

W — мүлде құрғақ топырақтың салмағынан пайызбен топырақ ылғалдылығы, %

ТСЫ - тұрақты солу ылғалдылығы,%

0,1 — су қабатының биіктігін сантиметрден миллимегрге өткізу коэффициенті