Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Егіншілік практикумы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

2. Топырақты өңцеудің құүралдары мен шаралары.

Топырақты өндеудің негізгі, беткі, таяз шараларын айырады.

Негізгі өндеу — бұл барлық жыртылатын қабатқа оңтайлы құрылыс пен ұсақ түйіршікті құрылым жасау үшін, 20 см және одан терең жасалатын топырақ өндеу. Топырақты өңдеудің Негізгі шараларына жырту мен терең қопсыту жатады.

Топыракты жырту әр түрлі түрлендіргіш соқалармен ды. Ең кеп тарағакы - аударатык жәнс түрді соқалар. негізгі жұмыс органдары — тіреу, түрен, лақтырғыш егіс тақтайшасы. Топырақтың аударылу және уатылу лақтырғыш пішінен байлапысты болады. Лақтырғыш болса, олар топырақты жақсы уатады, бірақ толық аудармайды, ал бұрандалы толық аударады, бірақ жақсы уатпайды. Мәдени лақтырғыш өзіңде цилиңдп және бұранда пішінді лақтырғыштарды үйлестіреді. Мәдени лақтырғыш бар соқамен жерді жыртқанда топырақ уатылып, аударылады. Мәдени және жартылай бұрандалы,1 лақтырғыштың арасындағы орынды алып жатқан қиыстырған лақтырғыштар да бар.

Топырақ жақсы уатылып аударылуы үшін соқалар түрі шағын корпусты шымкескішпен қамсызданады. Бұл өңдеу мәдени жырту деп аталады. Қыртыс 180° аударылса шьщдң аударудеп, егер 135°аударылса қыртысты аудару деп аталады.

Жыртқанда төрт технологиялық операция жасалынады: аудару, қопсыту, уату және арамшөптерді кесу. Жырту негізгі өндеу шарасы ретінде көбінесе жел эрозиясының пайда болу қаупі жоқ жерлерде және суармалы егіншілік жағдайында қолданады. Қазақстанның далалы аймақтарында ол ерекше жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін: тыңайтқыштарды топыраққа енгізу қажет жағдайда, тың және тыңайған жерлерді өндегенде, арамшөптердің вегетациялы таралу органдарын жер бетіне шығару үшін. Жырту үшін ПН-8-35М, ПН-4-35 және басқа соқаларды қодданады.

Негізгі өндеудің екінші шарасы - терең қопсыту. Жыртуға қарағанда терең өңдеу жасалғанда топырақ аударылмайды, соның әсерінен өсімдік қалдықтарының негізгі бөлігі (80% дейін) топырақ бетінде қалады да, оны эрозиядан сақтайды. Одан басқа өсімдіктердің қалдықтары танаптарда қысқы уақытта қардың тоқтатылуына өсер етеді. Терең қопсытқанда арамшөптер тамырынан кесіледі де, жер қопсытьшады. Терең қопсыту үішін терең қопсытатын жазықтілгіштер КПГ-250, ПГ-3-5 жөне басқа қолданылады.

Топырақтың бетін өндеу және таяз өңдеу. Топырақтың бетін өңдеу 10 см тереңдікте, таяз-10-20 см дейін өнделеді. Оларға қопсытатын және араластыратын, тығыздайтын және тегістейтін шаралар жатады. Бірінпгі топқа жататын шаралар — дискілеу, қопсыту және тырмалау.

Сыдыра жырту. Ол дискілі және түренді сыдыра жыртқыштармен жасалынады. Ең кеп тарағаны сфералық, және жалпақ дискілері бар, дискілі сыдыра жыртқыштар болады.

Сфералы дискілі сыдыра жыртқыштармен өңдегенде қопсыту, уату, аудару және арамшөптерді кесу жасалынади, жзлпақ дискілі сыдыра жыртқыштармен топырақты өңдегенде топырақ аударылмайды. Сыдыра жыртуды топырақты күзде өндегенде және себу алдында қолданады. Ылғал жеткілікті жағдайларда сьщыра жыртқыштарды сүрі танабын өндегенде де қолданады. Солтүстік Қазақстанда сыдыра жырту ылғал жылдары тиімді болуы мүмкін. Сыдыра жыртқыштармен құрғақ топырақты өндеу оның құрғауы мен қолдануына әкеледі. Сонымен қатар сыдыра жыртқыш топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарын құртады. Сыдыра жырту үшін РГ-10, ЛДГ-15 және ЛДГ-20 сыдыра жыртқыштарын қолданады.

Культивация. Бұл шара қопсытуды, аударуды және арамшөптерді астынан кесуді қамтамасыз етеді. Жағдаймен шешілетін міндетке байланысты пружиналы, пышақты, штангалы, инелі, қашау тәрізді, сыдыра жыртқышты, жебе тәрізді культиваторларды қолданады: КПЭ-3,8А, КТС-10-1, ОП-8, ОП-1•2 және басқалар.

Топырақ қорғау егіншілік жүйесінде топырақты 16 см дейін . өңдей алатын жазықтілгіш культиваторлер кең қолданылады. КШШ-5, КПШ-9, КШП-11.

Жер бетін өндеу үшін сымды, штангалы және инелі дискісі бар кулътиваторлер қолданылады.

Картопты күту үшін топырақты өсімдіктерге үйіл қоятын Итүптеуші культиваторлер қолданылады.

Тырмалау - топырақтың бетін қопсытуды, араластыруды және тегістеуді, сонымен қатар арамшөптердің өскіндерін •құртуды қамтамасыз етеді. Ол топырақтың бетін өндеу шараларына жатады және тісті, торлы, дисюлі және шлейф тырмалармен жасалынады: БЗТС, БСО-4, БДН-3, БДТ-7, ШБ-2,5.

Тісті тырмалар бір тіске 1,5 кг (1,47х105Па) қысымы бар •руыр, 1 кг дейін ((0,491-1,47)х104Па) болуы мүмкін. Ауыр тырмаларды қолданып өңдегендегі теренділік 5-8 см, орташанікі I 4-6 см және жеңілдердікі 2-3 см болады.

Торлы тырма БСО-4 бір тіске қысымы 1 кг (0,96) сепкеннен кейін топырақты өндеуге, өскін шыққанға дейін және өскін I шыққаннан кейін пайдалы.

Шымды кесу үшін және тоң кесекті топырақты өңдеу үшін жиі ауыр дискілі тегіс және кескінді дискілері бар тырмалар пайдалк.

Аңызды ортаны өндеуде тісті тырмалар өсімдік Қалдықтарымен тығылып, жаман істесе, дискілі тырмалар I топырақты қатты құрғататып жіберегік болса, мұндай жағдайда инелі тырмалар БИГ-3, мотыға-тырма БМШ-15 және БМШ-20 пайдалану ете тиімді. Инелі дискілері бар бұл құралдар топырақты 8 см дейін жақсы қопсытып уатады, өндегең топырақ бетінде 80% өсімдік қалдықтары сақталады. Оның олардың жұмыс органдарының орны белсенді (дискінің жағы) және пассивті (дискінің томпақ жағы) болуы мүмкің Инелі дискілердің белсенді күйінде аңыздар жақсы сақталады пассивті күйінде арамшөптер тұқымдарының оларды өсуге арандату үшін тиімді жерге енгізуге әсер етеді.

Топырақ бетін өндеу шараларының екінші тобына (тығыздайтын және тегістейтін) тығыздау, шлейфтеу және малалау жатады.

Тығыздау. Дақылдарды себер аддывда, егер сол кезеңге дейін топырақ оңтайлы тығыздыққа дейін отырып үлгермесе, артық үгілмелікті кетіру үшін қажет. Тығыздау мен топырақты артық құрғаудан сақтау үшін тшыздалған қабат құрылады. Сепкеннен кейінгі тығыздаудың негізгі мақсаты - себілген тұқым мен топырақ бөлшектерінің арасындағы байланысты жақсы қамтамасыз ету. Тығыздаудың күшімен үлкен кесектер уатылады, топырақ қабыршағы жойылады және топырақ беті тегістелінеді.

Тығыздаудың тиімділігі топырақтың механикалық құрамына, оның құрылымдық күйі мен ылғалдылығына, топырақ сіңіру кешеніндегі тұздар концентрациясына және топырақтағы органикалық заттардың мөлшеріне байланысты болады. Басқа бірдей жағдайларда о тепе-тендікті тығыздық оңтайльщан төмен болған топырақтарда жоғары болады.

4-8 см терендікте топырақты тығыздап отырып, оның бетін үгілмелі түрде қалдыратын ЗККІП-6, ККН-2,8 шығыршықты және шығыршықты тісті катоктарын қолданғанда жақсы өңцеу сапасына жетеміз. Егіншілік тәжірибесінде топырақтың тығыздалуы көбінесе басқа шаралармен қабысып жасалады: жырту, тырмалау, себу, қопсыту ж.б.

Артық ылғалды, кебірленген және құрғап кеткен топырақты тығыздаса теріс әсер етуі мүмкін.

Шлейфтеу. Топырақтың бетін өндеу мен таяз өңдеулерден кейін топырақ бетін тегістеу үшін және сепкеннен кейін шлейфтермен волокушалармен жасалынады. Құрылымды топырақтарда шлейфтеу тырмалаудың орньша жасалынуы

Малалау. Танапты суаруға дайындағанда топырақтың бетін тегістеуді және жоғарғы қабатын тығыздауды қамтамасыз ететія шара. Ол темірмен шындалған ағат берекемек жасалынады.

Топыракты арнайы өндеу шаралары. Оған фрезерлеу, үңги және қабаттап жырту, топырақты тілу, шұңқырлау, тышқаншылап қазу жатады.

Фрезерлеу. Топырақты қопсыту, уату және араластыруды жақсы қамтамасыз ететін шара. Фрезерлегенде аэрация жақсарып Микробиологаялық процесстер артады. Бірақ фреза топырақты вте қатты тозандатады және өнімділік төмен болады. Олар шымдалған топырақтарды, шымтезектерді өңдегенде кең колданылады. Фрезаны пішендік жер мен жайылымдықтарды түбегейлі жақсарту үшін кең қолданады. Өндірісте ФБН-1,5, БК-2, МТП-42А фрезалар және арнайы қопсытқыштар КФГ-В,6, КФ-5,4, КФГ-3,6-0,1 шығарылады.

Үңги жырту. Ол үңги соқамен топырақты 40 см (кейде 70 см) терендікке өндеу. Оны жүзімдер, бақшалы дақылдар мен орманды екпе ағаштар үшін жасайды. Қарашірікті қабат қарқынды уатылып, салдың астына түсіріліп, төмен құнарлы астыңғы жағы үстіне шығарылып одан сайын мәдениеттендіріледі. Мұндай өңдеу үшін ППН-50 және ППУ-5а соқаларды қолданады.

Қабаттап жырту. Топырақ қабаттарын ішінара немесе түгел араластырумен өндеуді атайды. Од екі немесе үш қабатты болуы мүмкін. Екі қабатты өндеуде топырақтың үстіңгі және астыңғы қабаттары орнын ауыстырады, үш қабатты жыртқанда топырақтың үш қабаты орнын ауыстырады. Екі қабатгы жырту үшін ПҮЯ-2-50, ПД-3-35 соқаларын қолданады.

үш қабатты соқа топырақты 60 см тереңдікке 50 см кеңдікке өндейді. Бұл жағдайда аударылған (жоғарғы) қабат

орнында қалады, астынғы (үшінші) екіншінің орнына келіп, екінші үшіншінің орнына келеді. Бұл ендеу кебірлерде қолдануға ұсынылады.

Тілу — су ағьш кетпеу үшін және оның топыраққа жақсы сіңуі үшін қолданылады. Бұл шараның артықшылығы өсімдіктерді жоймауда. Оны күзгі өңдеу жүйесінде көпжыддық шөптер мен күздік дақылдар егістерінде, суарудың алдында пішендік жерлер мен жайылымдарда қолданады. Өндеуді әр түрлі конструкциялы тілгіштермен жасайды. Саңылаулардың терендігі 0,4-1.2 м дейін жетеді. Саңылаулар арасы 0.7-ден бірнеше метрі-е дейін болады. тілгішті кең қолданады, ол 50 см тереңдікке, 3-5 см кеңдікте, саңылаулар арасы 1,4 м еңцейді.

Шұңқырлау - су эрозиясымен күресу үшін және еріген суларды жақсы ұстап қалу үшік танаптарда күзде арнайы шұңқыр жасағыш ЛОД-10 құралкмек шұңқыр жасалынады.

Оське экцентрикалы түрде дискілер орнатылады, олар топыраққа кіреді де 12-15 см терендікте сопақ түрлі жасалынады. 1 гектарға 250 м3 көлемімен 13 мың шұңқыр жасалынады. Көктемде олар тырмалармен немесе себу алдындағы өңдеулермен тегістеледі.

Тышқаншылап қазу. Артық суды кетіру үшін жәңе аэрацияны арттыру үшін артық ылғалданған топырақтарда қолданады. Шараның негізінде анық терендікке тышқандң қашыртқы түрлі бос жерлер жасау жатады. Бұл мақсат үшін РК-1,2 қопсытқыш —тышқаншылаушыны қолданады, олар диаметрі 9,5-20 см қашықтықты 1,3 м тереңдікке жасайды.