Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Егіншілік практикумы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

2. Ауыспалы егістерде қарашірік балансын санау әдісі

Әр егіншілік жүйесі қайтару заңын ескеру керек және сонымен сөйкес топырақтағы қоректік заттардың, әсіресе қарашіріктің дұрыс балансын қамтамасыз ету керек.

Қарашірік балансының шығын бөлігін өсімдіктердің вегетациялық кезеніндегі органикалық заттардың минерализациясы және әр түрлі процестер (эрозия, шайлу т.б.) әсерінен олардың жоғалуы құрады.

Кіріс бөлігі өсімдік қалдықтары мен тыңайтқыштардан, өлген жануарлар қалдықтарынан, сонымен қатар көк-жасыл балдырлармен байланысқан атмосфера көміртегінің органикалық заттарынан құрылады.

Нормалы жағдайларда тамыр өмір сүретін қабаттың сыртында қарашірік шайылмайды, минерализациямен

байланыссыз, топырақ балдырларының және тұқымды материалдар өнімдерінің келуі арқылы дерліктей толық қайтарылады.

А.М.ЛЫКОВ әдісі бойынша қарашірік балансының өлшемі болып далалық дақылдардың өнімімен азоттың шығымы саналады. Өсімдіктер бір бөлігін өсімдік қалдықтарының азоты мен тыңайтқыштар құрса, басқасын -минерализациядан кейінгі пайда болған қарашіріктегі азот құрады. Сондағы азот пен көміртегінің салыстырмасы 1:10.

Нормативті мәліметтерден өсімдік қалдықтарынан тыңайтқыштардан өсімдіктерге сіңірілген азотты санап, минерализациясы арқылы топырақтан оның сіңірілуін анықтауға болады. Азот тыңайтқыштарын жоғары мөлшерде енгізгеңде өніммен шығарылған азоттың жартысы топырақтан пайда болғаң деп саналады.

Өніммен азоттың шығуын оның өндіріс бірлігінің шығымын жоспарлы өнімге және түзету коэффициентіне көбейтумең анықтайды (қарашірік азоттың өсімдіктермен қолдану тиімділігі.

Азотты пайдаланудың түзету коэффициенттері топырақтьің механикалық құрамына және өсіріп жатқан дақылдардың ерекшеліктеріне байланысты болады, олар ауыр құмбалшық үшін - 0,8; орта құмбалшыққа - 1,0; жеңіл құмбалшыққа - 1,2; құмайтқа 1,4; қүмға 1,8; көпжылдық шөптер үшін — 1,0; жаппай егілетін дақылдар үшін — 1,2; отамалыларға —1,6 болады.

Өсімдіктерге азоттың сіңірілуін оның сіңіру коэффициентін ескере отырып жасайды; ол минералды тыңайтқыштар мен өсімдік қалдықтары үшін 50%, көң үшін 25%-ды құрады.

Топыраққа баратын өсімдік қалдықтарының санын анықтау үшін бағытты (линейная) регрессия тендеуін қолданады (47-кесте).

47. Дақылдар түрінен бағытты регрессия тевдеуі (б.А.Доспехов бойынша).

Дақыл

Өнімділік, т/га

Теңдеу

Күздік дақылдар

1,0-5,0

У=0,41х+1,99

Жаздық дақылдар

1,0-5,0

У=0,54х+1,01

Картоп

7,0-25,0

У=0,07х+0,35

Сүрлемге жүгері

12,0-36,0

У=0,1х+0,63

Пішендемеге сиыр жоңышқа-

сұлы қоспасы

1,5-6,5

У=0,25х+1,47

Бұршақ-астық қоспасы

2,0-10,0

У=0,23х+3,51

Жасыл шөпке

Бөрібұршақ

_______

У=0,06х+0,37

Сүрлемге күнбағыс

_____

У=0,33х+0,29

Азот тапшылығын 10 коэффициентіне кебейту арқылы вегетация кезеңінде ыдыраған қарашірік (көміртектен) мөлшерін анықтайды.

Қайтадан пайда болған қарашірік мөлшерін тыңайтқыш пен өсімдік қалдықтарында гумификация коэффициентінен, құрамындағы көміртегі құрамын ескере отырып, санайды.

Өсімдік қалдықтарындағы құрғақ заттағы кеміртегінің орташа мелшері 45% болады, көңде 50%.

Әр дақылдағы қарашірік балансын санаған соң, оның мәнін барлық ауыспалы егістен анықтайды. Егер баланс теріс болса, көздерін анықтау керек және қосымша органикалық заттар енгізу мөлшерін санау керек: көң, сидерат аралық дақылдар егу, егістік аландар құрылымын өзгерту.

Мынадай дақылдармен парлардың ауысуымен: пар – жаздық бидай - жаздық бвдай - жаздық арпа, төрт танапты арнайы дәнді-парлы ауыспалы егістің қарашірік балансын есептеу мысалы. Топырақ күңгірт қара-қоңыр, орта құмбалшықты.

! Тапсырманы орындаудын алдында жазу формасын құрады (49 I кесте).