Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Егіншілік практикумы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

Егіншіліктің аймақтық жүйелері

Тапсырма

  1. Қазіргі егіншілік жүйелерінің элементтерімен танысу.

  2. Топырақ қорғау егіншілік жүйесінде басым буындарын тауып бағалау.

3. Өсімдіктерді олардың өсіп-дамуының шектеулі факторларымен ету бойынша шаралар жүйесін жасау.

4. Топыраққа енгізгенде берілген мөлшердегі органикалық тыңайтқыштардың (кең, сабан, сидералды тыңайтқыштар ж.б.) жаңадан пайда болған мөлшерін санау.

5. Бұрын құрылған ауыспалы егісте қарашірік балансын санау және органикалық заттардың тапшылығын жою шараларын тандау (егіс алқабының құрылымын өзгерту, көң, сабан және басқа органикалық тыңайтқыштар енгізу.

І.Егіншіліктің аймақтық жүйелері және олардың негізгі буындары

Егіншілік жүйесі — ауылшаруашылығы жерлерін және топырақтың құнарлығын орнына келтіруге бағытталған агротехникалық, мелиоративтік және ұйымдастыру шаралар кешені. Егіншілік жүйесінің ғылыми негізі болып егіншілік зандары саналады.

Кез келген жүйесіне екі белгі тән; егін құрылымындағы ауылшаруашылықты жерлердің салыстырмасы-мен анықталатын жерді қолданатын әдіс жөне топырақ құнарлығын сақтау және көтеру, табиғи және антропогенді факгорлармен ескертілген. Қазіргі егіншілік жүйелерінде келесі негізгі буындар бар.

ІІІаруашылық және ауыспалы егістердің жер территориясының ұйымдастырылуы.

Жергілікті топырақты климатгы жағдайға байланысты әр түрлі жерлердің алқаптарының салыстырмалары бірдей болмайды. Бір жағдайда егістік, баска да табиғи жем-шөпті Жерлер, үшіншіде- орманды жерлер ж.б. басым болады. Сондықтан егістік алқаптардың құрылымы, ауыспалы егістер жеке басқа шаралар ксгізгі ауылшаруашылық жерлердің өзіндік салмағын ескере отыруға жасалынады.

Әр шаруашылықтың жер территориясының эрозияға қарсы бағытталған болуы қажет, қазіргі кезде жер мен басқа ерекшеліктерінен байланыссыз территорияңь? ұйымдасу сипаты тура жолды болады.

Жер территориясын ұйымдастырудың ең жақсы күту беткейлердің еңкістігін және бағытын, жер көлемің құнарлықтың шұбарлығын, эрозияға шаддығуын ескере отырып ауыспалы егістердің танаптарын кесумен жерге орналастыру болып саналады.

Топырақты өндеу жүйесі

Топырақты өндеуден топырақтың агрофизикалық агрохимиялық және биологиялық көрсеткіштері байланысты болады. Сондықтан топырақтың оңтайлы өңделуі ауылшаруашылық дақылдардың өсіп дамуына қолайлы жағдай туғызады, олардың өнімділігінің. артуына және топырақтың құнарлығын сақтауға алғы шарт туғызады.

Топырақ өңдеу жүйесі өсірілетін дақылдардың танабын, топырақ жамылғысының күйін, танаптың ластануын, агромелиоративті және басқа шараларды ескере отырып жасалынады. Ол рационалды (мүмкіндігінше минималды) топырақ қорғайтын және тиімді болу керек.

Тыңайтқыштар жүйесі.

Ол топырақ қүнарлығын (өсімдіктер ала алатын қоректік заттар мөлшері, жоспарланған өнімге қоректік элементтердегі өсімдіктердің қажеттілігін, ылғалмен қамтамасыз ету жағдайын ескере отырып жасалынады. Ең тиімді органикалық және минерадды тыңайтқыштарды оңтайлы мөлшерде қосымша енгізу болады.

Тыңайтқыш жүйесін құрғанда шаруашылықтың қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне негізделу керек. Ол агрохимиялық зерттеу мәліметтері бойынша картограмма оньщ негізінде баланс әдісін қолданып, органикалық минерадды тыңайтқыштардын қажеттіліті санапады. Онын МУ ФАР және ылғалмен қамтамасыз етілуінен саналаты жоспарланған өнім мен топырақтың негізгі қоректік заттарды шығуының акықталуында.

Тыңайтқыштардың енгізу мөлшерін санау үшін өнімді ескере отырып әнім бірлігінің қоректік шығарымынан басқа олардың топырақтағы өсімдіктерге қолданылуы оңай заттардың болуын, топырақтан және тыңайтқыштардан қоректік заттардың қолдану коэффициентін білу керек. Тыңайтқыштар мөлшерін санаған соң олардың ауыспалы егістегі қажеттілігін анықтайды. Сосын ауыспалы егісте тыңайтқыштардың қолдану жүйесін кезектестігін, мөлшерін, енгізу кезеңі мен әдісін көрсетіп жасайды. Ол органикалық заттар балансын санаумен аяқталады.

Солтүстік Қазақстан аймағы үшін В.Г.Черненок қоректік элементттерімен қамтамасыз етілу денгейіне байланысты азот және фосфор тыңайтқыштарының енгізу мөлшерін анықтау әдісін мына формула бойынша үсынды:

Д=(Nопт-Nфая) • К • ПК узл (67)

Мұнда Д — енгізетін тыңайтқыш мөлшері, 1 гектарға кг. ә.з.

NОпт - 0 - 40 немесе 0 — 100 см топырақ қабатында қорекгік заттардың оңтайлы мөлшері, мг/кг;

Nфакт - топырақтағы қоректік заттардың нақтылы мөлшері, мг/кг;

К - топырақтағы қоректік заттар мөлшерін 1 мг/кг топыраққа көтеру үшін енгізуге қажетті тыңайтқыштар мөлшері;

ПК - ылғалдану коэффициенті.

Оңтүстік карбонатты қара топырақтар үшін дәнді дақылдар үшін азоттың оңтайлы мөлшері 0-40 см қабатта 9 дан 18 мг/кг дейін, 0-100 см қабатта 7 ден 10 мг/кг ға дейін болады. Күңгірт қара қоңыр топырақтар үшін оңтайлы 12 мг/кг болады.

0-20 см қабатгағы фосфордың қолайлы мөлшерінің төменгі шегі кедімгі қара топырақтарда 25 мг/кг, оңтүстік қара топырақтарда — 30 мг/кг, күңгірт қара қоңыр топырақтарда - 35 • мг/кг топырақтарда болады (Мачиган әдісімен).

Мелиоративті шаралар.

Олар жерді жақсартуға, топырақты мәдениеттендіруте бағытталғак. Оларға жерді суару мек құрғату, қышкыл топырақты әктеу мен сілті топырақтарды гипстеу, бұзылған топырақтардың рекультивациясы, топырақты мелиоративті өндеу мәдени техкикалық жұмыстар (бұтақтарды жою, тас жикау, тегістеу ж.б.) жатады.

Мелиоративті шаралар өткізу егіншілік жүйесін алдында жасалынатын топырақты зерттеу нәтижесіне негізделеді.

Өсімдіктерді қорғау жүйесі.

Ол мәдени дақылдардың арамшөптерден, зиянкестердең және аурулардан интегралды қорғау жүйесін қолдануға негізделген. Оған ұйымдастыру, агротехникалық, химиялық биологиялық күресу шаралары жатады.

Ұйымдастыру шараларына танаптардың ластану картасын жасау, потенциалды зиянкестер мен ауруларды табу, олардың дамуын болжау, ауыспалы егістерді игеру, арамшөптермен алдын ала күресу шараларын сақтау, арамшөптерге, ауруларға және зиянкестерге тұрақты сұрыптарды оптимумы қолдану жатады.

Агротехникалы шараларға жоғары сапалы топырақ өндеуді уақытында жасау, оңтайлы себу мелшерін қолдану, себу кезеңін, түқым енгізу тереңдігін бақылау жатады. Қатты ластанған танаптарда топырақ өндеу арандату, жүдету, тұншықтыру, тарау және басқа принциптермен байланысты шаралар қолдану керек.

Өсімдік қорғаудың химиялық шаралары арамшөптерді жоюға гербицидтер мен тұқым уландыру үшін улы химикаттар қолдану, қоймаларды, дәрілеу уланған еліктіргіш қолдануға негізделген.

Биологиялық шаралар мәдени дақылдардың бөсекелестігін көтеруте бағытталған (топырақтың сулы-ауалы және қоректік режимдерін, дақылдар кезектесуін, себу және ору кезендерінің ерекшеліктерін, даму және өсу темпін, өсіру агротехникасын ж.б. жақсарту) арнайы фито және энтомофа көмегімен арамшөптерді қүрту.

Өсімдіктерді қорғайтын әдістер мен құралдарды қолдану, арамшөптер, зиянкестер жөне аурулар экономикалық зиян келтіру шегіне негізделеді.

Өсімдіктерді корғау жүйесін құрғанда шараларды көрсетумен бірге оларды өткізу кезеңі мен сапасын, шығу мөлшері мен пестицидтерде және биопрепараттарда қажеттілігін анықтайды, машина мен күралдар маркасын көрсетеді.

Топырақты су және жел эрозиясынан қорғау шаралар жүйесі.

Топырақ зрозкясымен күресу шараларк дақылдарды топырақты қорғайтын есіру технологиясының құрылымды бөліп

болу керек және танаптарды кешенді түрде мәдениеттендіру жұмыстар санына кіру керек.

Аймақтық топырақты қорғайтын егіншілік жұйесі берілген территорияда берілген ауылшаруашылықты жерлердің нашарлауына, топырақ құнарлылығының төмендеуіне, ауыл шаруашылық жерлердің алқабыныңғ азаюына, топырақ жамылғысының жойылуына әкелетін процестерден қорғау керек. Ол үшін қандай теріс процестер бар немесе пайда болуы мүмкін. Бағыттылығы әр түрлі топырақ қорғау шаралар бір-бірін өзара байланысты толықтыру керек.

Эрозияға қарсы шаралар жүйесінің міндетіне топырақты әр түрлі топырақ бұзатын процестерден қорғау ғана емес, сонымен қатар қүнарлылықты орнына келтіру мен деградацияға ұшыраған жерлерді ауылшаруашылықта қолдануға енгізу кіреді. Бұл мақсат үшін эрозияға қауіпті және эрозияға ұшыраған жерлерде топырақ қорғайтын ауыспалы егістерді игеру, топырақты жазықтіжііші өңдеу, агромелиоративті шаралар мен гидротехникалы құрылыстарды қолдануды алдын ала ескереді. Таулы аймақтарда селге қарсы құрылыстарды, ал суармалы жерлерде ирригациялы эрозияны және топырақтың екіншілікті сорлануын болдырмауды қолданады.

Агротехникалық эрозияға қарсы шараларды өр танашың, учаскенің ауыспалы егісі үшін құрады.

Машиналар жүйесі.

Ол жергілікті жағдайлар мен дақылдардың талабын ескере отырып барлық танаптық жұмыстардың мезгілінде және сапалы өткізілуін қамтамасыз етуі тиіс. Машиналар кешені нақтылы топырақ-климат жағдайында ауылшаруашылық дақылдарды өсіру технологиясымен сәйкес қалыптасады. Мадшналар жүйесі далалы жұмыстарды ұйымдастырудьщ прогрессивті түрлерін, топырақты тығыздалудан және шаңданудан, су және жел эрозиясынан сақтайтын (әмбебат) және қиыстырылған агрегаттарды қолдануды алдын ала ескереді.

Ауылшаруашылық техникасының саны мен тізімі дақылдардың құрамы мек себу алқабықақ, техкологиялық

картаның негізінде қолданатын агротехника мен оларды өсіру бойынша анықталады.

Машина мен құралдардың қажеттілігі ең кернеулі кезендерде саналады, олар оптималды агротехникалық кезеңдерде жұмыс өткізу үшін жеткілікті болу керек. Агрегаттарды қалыптастыру үшін ауылшаруашылық машинал жылдамдық ауытқуы мен қарсыластығы трактор'тартқыш күші және жүру жылдамдығымен сәйкес келу кері болған жағдайда агрегатгың өнімділігі төмендейді жанар-жағар май артық жұмсалады. Бұл жағдайда агрегаттануд аймақтық нормативті ұсыныстармен қолдану керек.

Тұқым шаруашылығы жүйесі.

Жақсылап жөнге келтірілген тұқым шаруашылығын себуге бағалы сұрып пен гибридтерді, жоғары сапалы түқымдарды қолданбай, дақылдар өнімділігі мен өсімдік шаруашылығының өндіріс өнімі артпайды.

Шаруашылықтың тұқым қажеттілігі мен сату көлеміне байланысты, тұқымдық егіс алқабын құрады. Тұқым үшін дақылдарды өсірудің агротехникасына негізгі талаптар мыналар: жақсы мәдениеттенген топырақта тұқым өсіретін ауыспалы егістерде дақылдарды орналастыру, топырақ құнарлылығын арттыратын шаралар кешенін қолдану, егістердің таза сұрыптылығын қамтамасыз ету, оларды ластану, зиянкестер мен аурулардан алдын ала сақтау. Барлық тұқымды егістер (сынаптаудан) өту керек.

Тұқымдық егістерді орудың ерекше маңызы бар. Өйткені оны өткізу әдісі мен кезеңінен тұқым өнімінің сапасымен байланысты болады.

Орғаннан кейін сақтағанда сорт араласуды боддырмау керек. Ол үшін тұқымдық дәнді басқа партиядан бөлек жерде орналастыру керек, сұрыптаптап және кептіру керек (қажет болса), тиеп сақтау керек.

Тұқым шаруашылығын жетілдіру үшін сұрып алмасу жүйесі мен репродукциялармен тұқымдардың жылжуының есебі алдын ала ескеріледі.

Табиғатты қорғау шаралары.

Олар сыртқы ортаны ластанудан сақтауға, пайдалы флора мен энтомофаунаны құруды сақтауға бағытталған. Тынайткыштарды пестицидтерді, улы химикаттарды және химиялы мелиоранттарды дұрыс сақтау мен қолдануды бақылауды ұйымдастыру жасалынады.