- •Егіншілік практикумы
- •I Тарау. Топырақтың агрофизикалық және су қасиеттерін зерттеу әдістері
- •1. Топырақ бетінің агрегаттық құрамы мен суға төзімділігі
- •2. Топырақтың жел эрозиясына қарсы тұрақтылығын анықтау
- •3. Топырақ тығыздығы және оны анықтау Тапсырма:
- •4. Топырақтың жыртылатын қабаттың құрылысын анықтау
- •8 Сурет. Топырақ үлгісін патронда капиллярлы қанықтыру.
- •Топырақтың жыртылатын қабатының құрылысын пикнометриялық әдіспен анықтау.
- •5. Топырақтың сулық қасиеттері және оларды анықтау әдісі
- •1. Негізгі дақылдардың тұқымдары өсіп шығу үшін қажетті мөлшері.
- •И.С.Кауричев бойынша топырақ ылғалдылығының және топырақты-гидрологиялық константалары.
- •15. Механикалық құрамы әр түрлі топырақтардын максималды " гигроскопияльны (с.И.Долгов бойынша) [7].
- •Өсімдіктердің тұрақты солу ылғалдылығы
- •Капиллярлық байланыстың үзілу ылғалдылығы (кбүы)
- •Ең төменгі су сыйымдылық (п.С.Коссович бойынша)
- •Шекті далалы су сыйымдылық.
- •Топырақтың ылғалдылығын анықтау
- •18. 1 М топырақ қабатындағы өнімді ылғал қорын анықтау шкаласы
- •Тапсырманы орындау.
- •Есептеу жолы
- •Өз бетімен дайындалу үшін сұрақтар.
- •II Тарау. Арамшөптер және олармен күресу шаралары
- •1. Арамшөптердің келтіретін зияны және олардың биологиялық ерекшеліктері
- •2. Арамшөптерді жіктеу және олардың ең кең тараған өнімдерінің сипаттамасы
- •19 Сурет. Қаңбақ.
- •20 Сурет Қыстайтын арамшөптер: 1-Егістік ярутка; 2- Көк кекіре; 3-Сарыбас қурай; 4- Кәдімгі жұмыршақ.
- •23Сурет 1-Жатағанбидайық; 2-Бұтақты бидайық; 3- Салалы қарашығыр ; 4- Құмай
- •Арамшөптердің гербарий және тұқымдар арқылы ажырату әдістері
- •Органикалық тыңайтқыштардың құрамындағы арамшөптердің тұқым қорын анықтау
- •Танаптардың ластануын өлшеудің сандық бақылау әдісі
- •Танаптардың арамшөптермен ластану картасын жасау әдістемесі
- •26 Сурет, Ауыспалы егісте —танатардың арамшөптермен ластану картасы
- •4. Арамшөптермен күресу шаралары
- •Арамшөптермен агротехникалық күресу шаралары.
- •Арамшөптермен химиялық күресу шаралары.
- •25.Гербицидтердің су ерітіңцісінің жұмсалатын мөлшері, л/га (а.М.Туликов бойынша).
- •26. Күресу шараларына сипаттау үшін арамшөптердің түрлері
- •Ұсынылған әдебиеттер.
- •III Ауыспалы егістер
- •Жалпы түсініктер және негізгі алғы даідылдардың
- •2. Ауыспалы егістердің тәсімін кұру принциптері және оларды жіктеу
- •30 Кесте Ауыспалы егістердің жіктелуі
- •1 Әр түрлі аудандарга ұсынылған ауыспалы егістер Солтүстік және Орталық Қазақстанның дәнді ауыспалы егістері,
- •Жеті танапты
- •Алты танапты
- •Бес танапты
- •Төрт танапты
- •Үш танапты
- •Мал азықтық ауыспалы егістер.
- •Республиканың онүстігінде суармалы егіншіліктегі ауыспалы егістер
- •Мақсатаның ауыспалы егістері
- •2 Құнарлығы төмен топырақтарда:
- •4. Ауыспалы егістердің төсімін құрастыру әдістемесі
- •32. Жаратылатын жерді пайдалану құрылымы
- •33 Дақылдарды топтарға бөлу және олардың ауыспалы егіс алаңындағы меншікті көлемі, %
- •34. Танаптарды құрастыру
- •37. Бес танапты ауыспалы егіске көшу жоспары.
- •I Ауыспалы егістерге көшу жоспарларын құрастыруға арналған кесте
- •5. Ауыспалы егістерді бағалау
- •IV. Топырақты өңдеу
- •1. Топырақты өңдеудің мақсаттары мен технологиялық операциялары.
- •2. Топырақты өңцеудің құүралдары мен шаралары.
- •3. Топырақты минималды өңдеу принциптері.
- •4. Топырақты күзде және себу алдында өндеуді жоспарлау.
- •41. Топырақты күзде және себу алдында өндеу бойынша тапсырмалардын шифрлері
- •42. Топырақты күзде және көктемде өндеу варианттары.
- •5. Сүрі жерді өңдеу технологиясын құру.
- •44 Сүрі танапты өңдеу технологиясын құру үшін мәліметтер шифрлері
- •Топырақ қорғау техникасы мен өндеудің сапасын бақылау.
- •7 Ауыспалы егісте топырақты өңдеу жүйесін құру.
- •45. Ықтырмалы сүр танапты өңдеу технологиясы
- •Егіншіліктің аймақтық жүйелері
- •2.Егіншілік жүйелерін құру әдістері.
- •1. Альтернативті егіншілік жүйелері.
- •2. Ауыспалы егістерде қарашірік балансын санау әдісі
- •47. Дақылдар түрінен бағытты регрессия тевдеуі (б.А.Доспехов бойынша).
- •48.Өсімдік қалдықтарының гумификация коэффициенттері
- •49.Ауыспалы егісте қарашірік балансының есептелуі
- •1. Сурі танаптан кейін себілген жаздық бидай үшін
- •Бгіншілік практикумы
3. Топырақты минималды өңдеу принциптері.
Топырақты минимадды өндеу қуаттық шығындарды төмендетуді қамтамасыз етеді. Минимализацияның қажеттілігі біріншіден, топырақты ендеуге кететін үлкен қуаттық және еңбекті шығындармен, екіншіден топырақ құнарлығын сақтау мен арттырудың қажеттілігімен түсіндіріледі (ауш шаруашылығында техниканың тығыздату әсерін кетіру, жел эрозиясын болдырмау, қарқынды механикалық өңдеулерде органикалық заттардың ыдырау екпінін төмеңцету, топырақтан қорекгік заттар мен ылғалдың жоғалуын азайту).
Оның негізі таналтың үстінен машина-тракторлы агрегаттардың өту санын ең төмен мүмкіншілікке дейін азайтумен түсіндіріледі. Топырақты минималды өндеуге мына жолмен жетеді:
Өңдеу санын азайту. Жоғары тиімді гербицидтерді қолданса сүдігермен отамалы дақылдарды өңдеп, арамшөптермен
күрескенде механикалық өндеу санын азайтуға болады.
Терең өндеулерді кең алқымды агрегаттармен жердің беткі қабатын және таяз өндеумен ауыстыру.
Бір агрегатта бірнеше технологиялық операцияны қиыстыру жөне оларды трактордың бір өткенінде орындалуы
(қиыстырылған агрегаттар).
Өңдеу алаңын азайту (тілу, дақылдарды кен қатарлы суыртпақтап егу әдісі жағдайында алқапты өндеу).
Механикалы өндеулерді өткізбеу (өнделмеген себу-нөлді өндеу).
Жазықтілгіші құралдарды қолдану.
Топырақты минималды өндеудің әдістері мен дәрежесі аймақты болып жергілікті топырақты-климатты юайланысты жасалынады. Топырақты минималды өңдеуді колдану барлық аймақтар үшін маңызды және бірдей тиімділік кағдайларына байланысты болады, олар жоғары деңгейдегі агротехника, анық технологиялық тәртіп пен техникалық •кабдықтандыруға әсер етеді.
Қазақстанның далалы аймақтарында ең көп тараған өндеу •өсімдері: тодырақты жазықтілгішпен өңдеу, қиыстырған себу агрегатгарды қолдану және өңдеу саны мен өнделетін •алқаптарды гербицид пен тілгіштер қолдану арқылы азайту.
4. Топырақты күзде және себу алдында өндеуді жоспарлау.
Топырақты күзде еңдеу үшін едіс пен құралдарды таңдауда үшін мына жағдайды ескеру қажет: аймақтың табиғи ерекшелігі, топырақ типі, оның механикалық құрамы мен тығыздалу дәрежесі, ылғалдану жағдайы, жер бедері, танаптағы басым арамшөптер мен ластану дәрежесі, алғы дақыддар мен себілетін •дақылдардың ерекшеліктері.
Бұл мәліметтерді студентгер оқытушы берген шифр бойынша
31 - кестеден көшіреді.
Мәліметтердің шифрлері төрт мәнді сан түрінде 41 кестеде көрсетілген.
41. Топырақты күзде және себу алдында өндеу бойынша тапсырмалардын шифрлері
Шифрдың бірінші саны топырақ аймағын, топырақ типін және механикалық құрамын көрсетеді; екінші сан- топырақтын тығыздығын, ылғалдылығын және жер бедерін; үшінші сан- танаптың ластану; төртінші саны- алғы дақыл мен себілетін дақылды көрсетеді.
Мысалы: 4316 шрифы бойынша мәліметтері былай анықталады: 40 кесте бойынша төртінші жолды табамыз, шифрдың бірінші саны-4 дала, оңтүстік қара топырақ.
Топырақты
күзде және көктемде себу алдында өнде
Күзгі өндеулердің саны орудан кейінгі уақыттың ұзақтығына және арамшөптердің өсіп-өну жағдайына байланысты болады. Біздің мақсатымыз топырақты өндеудің бірнеше варианттарынан берілген жай үшін ең қодайдысын таңдау, Сонымен қатар мына кезектілікті сақтау керек: табиғи жағдайға байланысты топырақ өндеу әдісін таңдау, аударып немесе аудармай өңдеу немесе олардың қабысуы. Эрозиялық процесстер пайда болу қауілтігі болмаған жағдайда және жаппай егілген дақылдарды орған соң суарса, аударьш жырту қажет. Далалық аймақтарда құрғақшылықтар жел эрозиясымен қабысып тұратын жағдайда жазықтілгішті аудармай өңдеуге басымдық береміз. Бірақ сол жағдайларда, егер қажетгілік туса, негізгі өндеу ретінде жыртуды қолдануға да болады. Мысалы, топыраққа органикалық тыңайтқыштарды енгізу үшін ауыр механикалық құрамды топырақтарда тығыз шымды, көп жыл өскен көпжылдық шөптердің қыртысын өңдегенде., жаңа жерлерді игергенде жыртуды тамырсабақтары терең орналасқан тамырсабақты арамшөптермен ластанған танаптарда және басқа құралдармен жойылмайтын жерлерде қажет.
Содан кейін алдын ала сыдыра жыртудың қажеттшгін анықтайды. Ол егін орғаннан кейікгі жылы күндер жағдайыныз - және тамырсабақты арамшөптермен ластанған танаптарда өткізілуі мүмкін. Егін ору кеш өтсе, жыртуды орған алдын ала сыдыра жыртаай-ақ өткізеді. Арамшөптермен астанбаған топырақтарда, өсіресе механикалық құрамы көңілдерде, отамалы дақылдардан кейін сыдыра жыртаай ақ оға болады.
Егін орғаннан кейінгі кезең ұзақ және жылы аймақтарда ерте ,құрылатын дақылдардан кейін күзгі өңдеуді жартылай парлы тип секілді өндеуге болады. Ол үшін негізгі өңдеу немесе одан кейін арамшөптер өнген сайын бірнеше рет топырақтың бетін өндеу касалады. Негізгі және беткі өндеулердің кезектестірілуі гопырақтың ластануы мен ылғалдылығына байланысты болады. Топырақ ылғалды болса және көпжылдық арамшөптермен дастанбаса оны алдын ала терең өндейді, кейін аз жылдық арамшөптерді құрту үшін таяз өндеулер жасалынады. Егер атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптер болса алдын-ала тарайтын вегетативтік мүшелерін ұсақтау үшін таяз өндеулер жасалынады.
Өндеу әдісін анықтаған соң оның терендігін анықтайды. Ол жыртылатын қабаттың қалындығына, тығыздығына,
механикалық құрамына (ауыр топырақтар қатты тығыздалады), өндегендегі топырақ ылғалдылығына, еріген сулардың сіңіруін
анықтайтын жер бедеріне, ластану типі мен дәрежесіне, өңдеу тереңдігіне, дақылдардың реакциясына байланысты болады. Қар еріген кездегі еріген суларды сіңіруін қамтамасыз ететін Солтүстік Қазақстан аймағындағы негізгі топырақ өвдеудің терендігін анықтау үшін келесі тендеуді қолдануға болады
(Чмиль А.И. 1991):
Мұнда, Н - топырақты негізгі өңдеу теревдігі, см,
Т - қар қалындыга, см,
d - қар тығыздығы, г/см3,
W0- топырақтың толық су сыйымдылығы,
W - өңдеу кезеңіндегі топырақ ылғалдылығы.
V - өңдслген топырақтын көлемдік салмағы. г/см .
Келтірілген тендеу механикалық құрамы ауыр топырақтарға жақсы келеді. Қарашірігі көп борпылдақ, аз тығыздалатын топырақтарға жәке женш құмбалшықтарға, құмдарға және құмайттарға тендеу мынадай болады:
(65)
Мұнда, - жыртылатын қабаттың сыртына еріген инфильхрациясын көрсететін коэффициент. Ол инфильтрация көлемінің қардағы жалпы су қорының санына салыстырмасьімен анықталады.
Өсімдіктерге топырақты негізгі өңдеу тереңціктері әр түрді әсер етеді. Тамыржемістілерге, түйнектілерге, жүгеріге, мақтаға жоңышқаға, бедеге, күнбағысқа, сиыржоңышқаға, атбас бұршақтарға және бақша дақылдарына терең өңдеулер жақсы әсер етеді. Күздік қара бидай мен бидайға, бұршаққа, арпаға, сұлыға, қызыл от арпабасқа орташа әсер етеді. Жаздық бидай мен зығырға сәл әсер етеді.
Көпжылдық арамшөптермен ластанған ылғалдылығы жеткілікті жағдайда (22% және одан жоғары) тығыз топырақтарды, әсіресе механикалық құрамы ауыр топырақтарды терең өңдеу керек — жыртылатын қабаттың толық тереңдігіне өнделеді. Еңкісті жерлерде таяз өндеуге қарағанда терең өңдеген дұрыс (жырту, терең қопсыту, тілу). Бұл жерлерде топырақты беткейге көлденең немесе нұсқасымен өндеу керек.
Басқа барлық жағдайларда егер ол өсімдіктер талабына қарсы келмесе, таяз өңцеумен шектеледі. Қара сұлы мен басқа азжыдцық арамшөптермен қатты ластанған танаптарда жазықтілгіш-терең қопсытқыштармен негізгі өңдегенге дейін немесе одан кейін олардың тұқымдарын арандату үшін топыраққа енгізіп тырмалаған дұрыс.
Көп жылдық Шөптер қыртысын өңдеу әдісі шымның қалындығы мен тығыздығына байланысты онда орналасатын дақылдардың ерекшелігіне және ауа-райының жағдайына байланысты қойылады. Шөптер орудың алдында тым қатты тығыздалған, топырақ құрғаған және сәл ластанған болады. Сондықтан эрозия қауіптігі жоқ жағдайда шым аударғышы бар соқамен мәдени жырту ең қолайлы болады. Ауаның еркін жетуі арқылы борпылдақ топыраққа терең енгізілген шым тез Жақсы уатылуы үшін тығыз шымды екі бағытта дискіл1 тырмамен жырту алдында өңдейді. әсіресе ауыр топырақтағы астық тұқымдасты шөптерден сон (еркекшөп) егер өңдеу жақсы сапалы болса, ертерек дүрыс. Бірақ қатты құрғап кеткек болса топы ылғалдандыратын жауын-шашын жауғанша күте тұру қажет.
Шым аударғышы бар соқамен жоңышқадан кейінгі танапты артқанда, оның келесі жылы қайтадан өсуі мүмкін. Сондай яаптарды алдын ала түренді сыдыра жыртқышпен өндеген орыс жәнс жоңышқаның тамыр мойны кепкеннен кейін негізгі терең жыртуды жасайды.
Ауа-райы құрғақ жағдайларда терең аударып жыртқаннан рйін шамадан тыс борпылдақ топырақтарды ылғал булануын йту үшін шығыршықты таптауыштармен тығыздау керек.
Жел эрозиясының болуы мүмкін Солтүстік Қазақстанның палалы аймақтарывда ауыр топырақтағы көпжылдық шөп кыртысын негізгі өңдеу үшін БДН-3 тырмамен 8-10 см тереңдікке дискілеу, кейін 25-27 см-ге терең қопсыту қажет. Осы жағдайда қыртысты ерте, қара немесе жартылай пар типімен өндеуге болады.
Жеңіл топырақтарда көпжылдық шөптердің шымдары тығыз болмайды. Бұл жағдайларда қыртысты дискілі тырманың
орнына ОПТ-3-5 машинасымен өндеген дұрыс, содан кейін герең өвдеу керек.
Кейін топырақты ерте көктемде және себу алдында өндеу коспарлданады. Топырақты ерте көктемде өндеудің мақсаты -ылғалды сақтау, топырақ бетін тегістеу және арамшөптерді арандату. Бұл мақсат үшін топырақтың физикалық пісіп жетілуінің алдында ерте көктемдегі тырмалауға кіріседі (ылғал тоқтатады). Аңызды жерлерде БИГ-3 немесе БМШ-15 тырмаларымен жасалынады, аударып жыртқан жерлерде Зиг-Заг тырмаларымен 3-4 см тереңдікке өндеу қажет. Танаптарда тоң кесектер болмаса, егер сол жер күзде тырмаланса, ерте көктемде тырмалаудың қажеті жоқ. Ауа-райы құрғақ болса борпылдақ топырақтарды ерте көктемде тырмалағаннан кейін 3-4 күннен соң, су буларының топырақта диффузиясын азайту үшін және арамшөп тұқымдарының топырақпен араласуы жақсы болу үшш шығыршықты таптауышпен тығыздаған дұрыс.
Топырақты себу алдывдағы өндеу дақылдардың себу кезеңімен, топырақ күйімен жене танаптың ластануымен
анықталады.
Себу алдындағы өндеулер арамшөптерді құртады, топыраққа тыңайтқыштар мен пестицидтерді енгізеді, берілген тереңдікке мәдени дақылдардың тұқымын біркелкі енгізуге жағдай туғызады.
Сәл ластанған танаптарда дәнді дақымдарды себумен себу алдындағы өндеуді қиыстырады, оған бір өткенде төрт операцияны орындайтын: кулътивация, себу, тыңайтқыштар енгізу және топырақты таптау, СЗС-6, СЗС-8, СЗС-12 және 14 құралдарын қолданады.
Танап қатты және орташа ластанса себу культиваторлармен немесе сьщыра жыртқыштармен себ алдындағы өндеуді өткізеді. Кеш себілетін дақылдарға (арпа, сұлы, тары, қарақұмық) ерте көктемде тырмалағаннан кейін арамшөптер өнген сайын культиваторлармен немесе дискілі сьпыра жыртқыштармен 8-10 см тереңдікке аралық өңдеуді өткізу қажет. Осы өндеуден кейін құрғақ, ыстық ауа-райыңда топырақты шығыршықты таптауыштармен таптау қажет.
Қатты тығыздалған, ауыр, кебірленген топырақтарда себу алдында соңынан тығыздаумен бірге, әсіресе тамыржемістілер және түйнектілер үшін топырақты жыртуға болады. Көктгем құрғақ болғанда, тәлімі жерде егер қыртысты аударудың қажеті болмаса, жазықтілгішті қолдану қажет.
Себу алдындағы өндеуді әдетте дақылдардың себу терендігіне жасайды. Бұл жағдайда тұқымдар тығыз жерге жатады. Себу алдында терең қопсыту қажет болса, ылғал жоғалуын тоқтату үшін және берілген терендікке тұқымдарды дұрыс енгізу үшін кепкеннен кейін шығыршықты таптауымен тығыздау қажет. Суару жағдайында дақылдарды себуді көктемгі жыртудан немесе терең қопсытудан кейін өткізуге болады. Бұл жағдайда топырақ өңдегеннен соң тырмалармен немесе шлейфтермен тегістеу қажет. Төменде берілген жағдайға қарай мүмкінді топырақты көктемде және күзде өндеулер беріледі.
