Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazhribe_isiKazGUbiom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

    1. Нұсқаларды рендомизмді қайталауда орналастырудың нобайына қандай элементтер қажет?

    2. Нұсқаларды ярустарда орналастыруды қалай түсінесің?

ІІ бөлім. ТАНАПТЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ЖОСПАРЛАУ

      1. Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары

Ғылыми-зерттеулер мен жете зерттеу танаптық эксперимент әдісімен іске асырылады. Ол негізгі үш кезеңнен тұрады: 1.Жоспарлау; 2. Танаптық тәжірибелерді, бақылау мен есептеулерді жүргізу; 3. Алынған мәліметтерді өңдеу және талдап қорытындылау.

Экспериментті жоспарлау дегеніміз, зерттеудің міндеттері мен нысана- ларын анықтау, эксперименттің нобайын жасау, жер учаскесін және оптимал- ды танаптық тәжірибе құрылымын таңдау.

Танаптық тәжірибені жоспарлағанда асығыстық жасаймай, шыдамды- лық көрсету қажет. Асығыс зерттелетін факторлардың басқыштаушылығы (градация) мен тәжірибе нұсқаларын қате таңдауға, жұмыс көлемін ақтал- майтындай өсіруге әкеп соғады. Өйткені тәжірибе жүргізудің техникалық жағы қиындайды, мәліметтердің шындығы төмендейді және өте қымбатқа түседі. Жоспарлау кезінде жіберген қателіктерді ешқандай тәжірибе жұмы- сын ұқыпты жүргізумен де, қымбат тұратын инструменталды зерттеумен және статистикалық өңдеумен де түзетуге болмайды.

1) тақырып талдау, зерттеу міндеті мен нысанасын анықтау; 2) сұрақтың қазіргі жағдайы; 3) жұмыс болжамын құру; 4) эксперименттің нобайы және әдістемесін құру. Осы бөлім ең қиын және жауапты. Зерттеудің әдістері мен тәсілдерін анықтау үшін зерттеудің мақсатын ашық айқындап, зерттейтін құбылыстың логикалық моделін құрастыру қажет.

Жоспарлаудың келесі кезеңіне таңдалған мәселе бойынша әдебиетті қарастыру, жұмысты болжау. Жұмыс болжамы нобай құрастырудың негізгі пункті. Бағдарламада тәжірибе нобайы, әдістеменің негізгі элементтері мен эксперимент техникасы, бақылаулар мен есептеулер көрсетіледі.

Тәжірибенің нобайы мен әдістемесін жинау, танаптық және зертханалық бақылаулар мен бағалау үшін есеп жүргізу және зерттелетін фактордың әсерін түсіндіру жоспарлаудың күрделі және жауапты кезеңі болып есеп- теледі.

Эксперимент нәтижесінің сенімділігі және олардың қойылған міндетке сәйкестілігі жоспарлаудың негізгі сұрағы тиімді жасалынған танаптық тәжірибе нобайына байланысты болады.

Жыл сайын жаңа жер учаскесіне орналастырылатын бірфакторлы тәжірибені жоспарлағанда екі сәтті ескеру қажет.

Біріншіден, бірфакторлы тәжірибе нұсқаларды сапалы болуы мүмкін: дақылдармен сорттарды салыстырмалы бағалайтын зерттеу тәжірибелері, топырақтың өңдеу мен себу әдісі, алғы дақылдар, әр түрлі тыңайтқыштар мен пестицидтердің түрлері және т.б.

Екіншіден, тәжірибе зерттелетін нұсқалардың сандық басқыштаушы- лығы болуы мүмкін: тыңайтқыш суару мөлшерімен, топырақ өңдеу терең- дігімен, тұқымды себу мөлшерімен және т.б.

Бірфакторлы, сапалы нұсқалармен тәжірибенің нобайын құрастырудағы сұрақтар оңай шешіледі. Егер экспериментатор дақылдың бес сортын немесе топырақтың бес өңдеу әдісін зерттеуді жоспарласа, онда тәжірибе нобайына бес нұсқа (А,В,С,Д,Е) кіргізеді.

Нұсқалары сапалы болатын бірфакторлы тәжірибе нобайын жоспарла- ғанда бірғана айырмашылық қағидасын сақтап, бақылау нұсқасын дұрыс таңдап және тәжірибеде болатын, зерттелмейтін эксперименттің оптималды агротехникалық жағдайын анықтау өте маңызды.

Сандық басқыштаушылық бірфакторлы танаптық тәжірибе нобайы үшін, жоғарыда айтылған талаптардан басқа, зерттелетін фактордың мөлшері үшін айырмашылық бірлігі мен басқыштаушылығын дұрыс анықтау қажет. Эксперименталды нүктелер негізінде – нұсқа тиімділігі ықыластылығының қисығын фактордың зерттелетін басқыштаушылығының өзгеруіне байланыс- ты болатын өнімді сипаттай алатындай етіп тәжірибе нобайын жасау керек.

Өнім мен бір фактордың өсетін мөлшерінің арасындағы байланыс сызықты емес. Сондықтан мөлшер саны кең диапозонды болса жеткілікті. Фактор басқыштаушылығының арасындағы тең интервалды жасауға тырысу керек.

Зерттелетін фактордың 5-8 деңгейі (басқыштаушылық) болса жеткілікті. Мұнда негізгі деңгейді жасауды, яғни орталық нүктернің сезімтал қисығына шеткі мәнге қарай қозғалысына қарай эксперимент осы қисықтың лимит- телген, стационарлы және ингибирленген облысын қамтуына қарай анықтау қажет.

Сонымен экспериментатордың алдына қойған міндеті зерттеу факторы- ның негізгі деңгей (эксперимент орталығы) мен ауытқудың бірлігін (адым) дұрыс таңдауға байланысты. Егер эксперимент орталығы дұрыс анықталмай және басқыштаушылығының болар-болмас айырмашылығы қабылданса, онда эксперименталды нүктелер тек лимиттелген немесе стационарлы облысын ғана қамтуы мүмкін, яғни осы информацияны негіздей отырып, тәжірибеде зерттейтін фактор үшін оптималды деңгейді анықтауға бол- майды.

Ауытқудың адымы өте үлкен таңдалса, онда максимум нүктесін өтіп кету қаупі пайда болады. Адым көлемі туралы дәл ұсыныс беру мүмкін емес, ол экспериментатордың біліктілігі мен сезімталдығына байланысты.

Ауытқу адымын таңдағанда, факторлар басқыштаушылығын осы ауыт- қудан болған лимиттеу аумағындағы нәтижелі белгінің өзгеруін, мысалы өнім ең аз мәнді айырмашылықтан аспайтындай етіп анықтау қажет.

Бірфакторлы тәжірибеде А факторының басқыштаушылығын зерттеуде былайша елестетуге болады: ао, а1, а2 ..., аn. Мұнда 0,1,2, ..., n индекстері А

факторының басқыштаушылығының белгілі бірлікте көрсетеді, О- төменгі, нөлдік басқыштаушылық.

Мысалы, Жетісу сортты күздік бидайдың бес деңгейлі қоректенуге сезімталдылығын мынадай нобаймен көрсетуге болады:

1.Тыңайтқышсыз (бақылау, ао) 2. N60P60K60 (а1)

3. N120P100K120 (а2)

4. N180P180K180 (а3)

5. N240P240K240 (а4)

Қайталауды жоспарлауға қатысы бар сапалы және сандық факторлы бірфакторлы тәжірибелердің арасында қағидалы айырмашылық бар екенін ескертеді. Бірінші жағдайда бақылаумен салыстырғандағы қосымша өнімді дәлірек анықтау маңызды, ол үшін 4-6 қайталау жеткілікті. Екінші жағдайда сезімталдылық қисықтың пішінін анықтау маңызды, ол үшін кең диапозонда жеткілікті басқыштаушылық саны болса, яғни қайталауды 3-4-тен асырмай нұсқаларды көбейтуге болады.

Көпфакторлы тәжірибенің ерекшелігі - зерттелетін факторлардың әсерін, сипатымен біріктіріп қолданғандағы олардың өзара әсерінің мөлшерін анық- тау мүмкіндігінде.

Көпфакторлы эксперимент мәліметтерін негізге ала отырып, оның нобайын жоспарлау және әсер мен өзара әсер тиімділігін есептеу үшін факториалдылық қағидасын сақтау қажет.

Факториалдылық қағидасының мәні, нобай зерттеуге белгіленген мүмкін барлық факторлар мен олардың басқыштаушылығын ескере білуінде.

Факториалды тәжірибеде факторлардың сандық мен сапалы әсерлері және өзараәсерлері мен олардың басқыштаушылығы зерттеледі.

Сандық факторлар үшін нөлдік басқыштаушылық, зерттелетін фактор- дың жоқтығын білдіреді, мысалы, тыңайтқышсыз, суарусыз, гербицидсіз және т.б. Сапалы факторлар үшін нөлдік басқыштаушылық бақылау нұсқа- сын белгілейді – стандартты сорт, стандартты өңдеу жүйесі және тағы басқалар.

Жай факториалды нобай ретінде әрқайсысы екі басқыштаушылығымен зерттелетін А және В факторлармен тәжірибені алуға болады. Мұндай факториалды тәжірибе 2 х 2 деп белгіленеді. Осы тәжірибе нобайындағы нұсқа саны 2 х 2 = 4 көбейтіндісімен белгіленеді, мұндағы көбейтілетін саны

– зерттелетін факторлар санын, ал әр көбейткіштер сол фактордың басқыш- таушылығын көрсетеді. Мысалы, тыңайтқыштың екі түрін (азот және фосфор), екі басқыштаушылығымен зерттегенде факториалды тәжірибенің нобайы мынандай болады: О, N, Р, NР. Бұл N, Р-ның тиімділігімен NР-ның өзараәсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Егер тәжірибе нобайына үшінші фактор калий тыңайтқышын екі бас- қыштаушылығымен қоссақ, онда мынандай 2х2х2 факториалды нобай аламыз. Бұл тәжірибеде сегіз нұсқа болады (2х2х2=8) : О, N, Р, К, NР, NР,

NК, РК, NРК. Бұл әйгілі толық факториалдық нобай, мұнда үш түрлі тыңайтқыштың мүмкін үйлесуі бар. Ол N, Р және К тиімділігін жеке-жеке, олардың қос әсерін NР, NР, РК және NРК өзара әсерлерінің тиімділігін анықтайды.

Толық көпфакторлы нобай эксперименттен барынша мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Нобайдан практикалық мәні жоқ нұсқаны шығарып тастау, мәліметтердің едәуір бөлігін жоғалтуға әкеп соқтырады, факторлар- дың өзара әсерін анықтауға жағдай жасалмайды, эксперимент бірфакторлы тәжірибе сияқты болады. Пайдалы және ауыстырылмайтын толық факто- риалды нобайды әсіресе әртүрлі факторлардың қос өзара әсерін анықтағанда қолданады, мысалы тыңайтқышпен суару, топырақ өңдеу мен суару және т.б.

Факторлардың оңтайлы өзара әсерлі жасауда, бағытталған зерттеулердің өте үлкен маңызы бар. Ол әртүрлі факторларды біріктіргенде байқалады, және керісінше бір бағытта әсер ететін факторлар бірлесуі кері әсеріне әкеледі, сондықтан осы факторлардың әсері жеке қолданғанда тиімді екенін көрсетеді. Бұның өзі көпфакторлы тәжірибені жоспарлағанда кешенге әраттас факторларды енгізудің дұрыстығын көрсетеді.

Толық факториалды нобайды жоспарлауда нұсқаларға арнайы белгілерді (код) қолдану жеңілдетеді.

Зерттелетін факторларды әдетте басты латын әріптерімен, ал басқыш- таушылығын цифрлармен белгілейді. Бұл барлық әр түрлі көпфакторлы тәжірибе нобайын стандартты кестеге біріктіреді, оны жоспарлаудың матрицасы деп атайды. Кестедегі бағаналар саны факторлар санына, ал қатарлар саны внұсқа санына сәйкес келеді. 2-3 факторлы эксперименттің, әр факторы үш басқыштаушылығымен болғанда, толық факториалды нобайды жоспарлаудың матрицасы (3х3 және 3х3х3) 1-кестеде көрсетілген. Толық факториалды тәжірибеде осындай қағида бойынша әр фактордың әр түрлі басқыштаушылығы зерттеуді жоспарланғанда жоспар құрылады. А факто- рында үш, В факторында 4 басқыштаушылығы бар тәжірибе жоспары 6- кестеде көрсетілген.

3 х 4 факториалды жоспардың тәжірибе нобайында топырақ өңдеудің үш жүйесі (0,1,2 – сапалы фактор А) қоректенудің төрт деңгейімен зерттеледі (0,1,2,3 – сапалы фактор В):

1.Жер жырту тыңайтқышсыз (а0 в0)

  1. Жер жырту 20 т көң + N60Р60К60 (а0 в1)

  2. Жер жырту 20 т көң + N120Р120К120 (а0 в2)

  3. Жер жырту 20 т көң + N180Р180К180 (а0 в3)

  4. Сыдыра жырту тыңайтқышсыз (а1 в0)

  5. Сыдыра жырту 20 т көң + N60Р60К60 (а1 в1)

  6. Сыдыра жырту 20 т көң + N120Р120К120 (а1 в2)

  7. Сыдыра жырту 20 т көң + N180Р180К180 (а1 в3)

  8. Фрезерлеу тыңайтқышсыз (а2 в0)

  9. Фрезерлеу 20 т көң + N60Р60К60 (а1 в1)

  10. Фрезерлеу 20 т көң + N120Р120К120 (а1 в2)

  11. Фрезерлеу 20 т көң + N180Р180К180 (а1 в3)

Көп факторлы тәжірибенің маңызы шешімі зерттелетін факторлардың негізгі деңгейін (эксперимент аралығын) және ауытқы бірлігін (адым) дұрыс таңдау.

Толық факториалды эксеперимент нобайы бірфакторлыға қарағанда бірқатар айрықшылығы бар:

1.Тәжірибе мәліметтері басқа фактордың өзгерісін жасайтын әр түрлі жағдайдағы әр фактордың әсерін көрсетеді.

  1. Әр түрлі факторлар үйлестігін зерттеу өзгеретін жағдайларда қажетті болатын практикалық ұсыныстар үшін сенімді негіз алуға мүмкіндік жасайды.

  2. Егер эксперимент түгел бірфакторды зерттеуге арналса, факторлар- дың тәуелсіз әсерін бір ғана көпфакторлы тәжірибе әрқайсысы туралы сонша мәліметтер берер еді, егер факторлар өзара әсер етсе, онда олардың өзара әсерінің мөлшері және сипаты туралы үлкен қосымша мәліметтер алуға болады.

Толық факториалды нобай. Көпфакторлы тәжірибенің нобайы толық, яғни онда факторлар мен олардың барлық мүмкін басқыштаушылықтары болуы керек. Толық факториалды эксперименттің (ТФЭ) нұсқалар санын матрица бойынша есептейді: 22, 32, 23, 33 және т.с.с. дәрежеленетін саны әр фактордың басқыштаушылығын, ал дәрежені көрсететін сан – зерттелетін факторлар саны. Сонымен 22 ТФЭ нобайында төрт нұсқа, әр қайсысы екі басқыштаушылықпен екі фактор екенін көрсетеді.

А факторының а0 және а1 басқыштаушылықтары болсын дейік. Ал В факторы үшін – b0 және b1 . Мұндакй жағдайджа ТФЭ матрицасы келесідей болады (1-кесте).

1-кесте. 22 ТФЭ матрицасы

Нұсқа

Фактор және оның басқыштаушылығы

Нұсқаны белгілеу

Код

А

В

1

0

1

а0 а0

00

2

1

0

а1 а0

10

3

0

1

а0 а1

01

4

1

1

а1 а1

11

Егер факторлар бойынша басқыштаушылар саны әртүрлі болса, онда нұсқалардың жалпы санын басқыштаушылықтардың көбейтіндісі ретінде есептейді. Мысалы, А факторы үшін үш, В вакторына екі және С факторы үшін төрт басқыштаушылық зертелетін болса, тәжірибеде 3А∙ 2В∙ 4С = 24 нұсқа болады. Барлық зерттелетін факторлар мен нұсқалар тәжірибе

тақырыбыны сәйкес болуы керек, қажеті болмаса нобайды күрделендіру керек емес.

Толық факториалды нобайдың мәнді кемшілігі үш және одан да көп факторды төрт, бес басқыштаушылығында зерттесе, онда көп нұсқалығымен және осыған байланысты тәжірибені практикада жүзеге асыру қиынға түседі. Үшфакторлы тәжірибеде, әр фактордың басқыштаушылығын 2 ден 5 ке дейін көбейтсе, нұсқалар санын 8 ден 125 (2х2х2 =8 және 5х5х5х=125) дейін көбейтеді.

2-кесте. 23 ТФЭ матрицасы

Нұсқалар

Фактор және оның басқыштаушылығы

Нұсқаны белгілеу

Код

А

В

С

1

0

1

1

a0b0c0

000

2

1

0

0

a1b0c0

100

3

0

1

0

a0b1c0

010

4

1

1

0

a1b1c0

110

5

0

0

1

a0b0c1

001

6

1

0

1

a1b0c1

101

7

0

1

1

a0b1c1

011

8

1

1

1

a1b1c1

111

Нұсқалар саны көп тәжірибені қою үлкен жер учаскесін қажет етеді, ол қателікті көбейтеді және экспериментті жүргізуді техникалық күрделіндіреді. Көпжылдық стационарлы тәжірибе. Көпжылдық тәжірибелер көбіне-

се ауыспалы егісті, топырақ өңдеу және тыңайтқыштар жүйесін бағалайтын зерттеулерде және жеміс ағаштары және басқа өсімдіктермен жүргізілетін экспериментте қолданылады.

Көпфакторлы эксперимент мәліметтері негізінде әсер эффектісін және оның нобайын жоспарлау барысында факторлардың өзара әсерлерін, факто- риалдылық қағидасын ұстау арқылы есептеуге болады. Факториалдылық қағидасының мәні, тәжірибе нобайында зерттеуге алған факторлар мен олардың басқыштаушыларының бүкіл мүмкін тіркестері болуы қарасты- рылуы керек

Көпжылдық тәжірибелерді екі кезеңмен жоспарлайды: бірінші кезеңде негізгі нобайды, екіншіде – экспериментті уақытта және территорияда орналастыруды жоспарлайды.

Көпжылдық экспериментті жоспарлаудың бірінші кезеңі қысқа мерзімді тәжірибе нобайынан айырмашылығы жоқ. Ұзақ мерзімді стационарлы тәжірибе нобайы факторлардың сапалы немесе сандық басқыштаушы- лығымен бірфакторлы немесе көпфакторы болуы мүмкін. Сапалы фактор үшін нөлдік басқыштаушылық (0) зерттелетін фактордың болмауын көрсетеді, мысалы тыңайтқышсыз, суарусыз, т.с.с.

Тәжірибенің минималды ұзақтығы – ауыспалы егістің айналымындай. Көпжылдық тәжірибені уақытта және территорияда жайып салу әдісі өте күрделі.

Мысалы алты танапты ауыспалы егістегі бес нұсқа ауыспалы егіс, бес тыңайтқыштар немесе топырақ өңдеу жүйесі болса, барлық ауыспалы егіс танабында тәжірибені қалай жайып салуға болады.

Тәжірибе жүйесінде көпжылдық тәжірибені территория мен уақытта орналастыруды 2-кестеден көруге болады.

2-кесте. Толық факториалды нобайдың арнайы айнымалысының кодталған жоспары 3 х 3 және 3 х 3 х 3

Нұсқалар

Факторлар мен нұсқалардың белгілірі

А

В

3 х 3 жоспарлы нұсқалар

С

3 х 3 х 3 жоспарлы нұсқалар

1

0

0

а0в0

0

а0в0с0

2

1

0

а1в0

0

а1в0с0

3

2

0

а2 в0

0

а2 в0с0

4

0

1

а0в1

0

а0в1с0

5

1

1

а1в1

0

а1в1с0

6

2

1

а2в1

0

а2в1с0

7

0

2

а0в2

0

а0в2с0

8

1

2

а1в2

0

а1в2с0

9

2

2

а2в2

0

а2в2с0

10

0

0

1

а0в0с1

11

1

0

1

а1в0с1

12

2

0

1

а2в0с1

13

0

1

1

а0в1с1

14

1

1

1

а1в1с1

15

2

1

1

а2в1с1

16

0

2

1

а0в2с1

17

1

2

1

а1в2с1

18

2

2

1

а2в2с1

19

0

0

2

а0в0с2

20

1

0

2

а1в0с2

21

2

0

2

а2в0с2

22

0

1

2

а0в1с2

23

1

1

2

а1в1с2

24

2

1

2

а2в1с2

25

0

2

2

а0в2с2

26

1

2

2

а1в2с2

27

2

2

2

а2в2с2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]