Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazhribe_isiKazGUbiom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

    1. Танаптық тәжірибе түрлері.

    2. Жәй немесе бірфакторлы тәжірибе ерекшеліктері.

    3. Толық факториалды эксперименттің нобайы.

    4. Көпжылдық және ұзақмерзімді тәжірибелер нені зерттейді?

    5. Өндірістік ауылшаруашылық тәжірибесінің ерекшелігі.

    1. Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері

Ауылшаруашылық танаптық тәжірибені жүргізу жағдайына сәйкес ерекшелігі қатты құбылмалылық, экспериментте бақылауға келмейтін сыртқы орта факторларының біркелкі еместігі. Мәліметтерді танаптық эксперимент әдістерімен алудағы баяулығы, жүргізілген жылдардағы метеро- логиялық жағдайлардың қатты құбылмалылығы, учаскелердегі топырақ құнарлылығының ала құлалығы - оның мерзімділігінде. Сол себепті тәжі- рибе зерттеу нысаналарының өте күрделі бірлестігінде сенімді және жақсы өңделетін нәтижелер алуда қиындықтар туады. Осындай күрделі, тұрақты емес табиғи жағдайларда жүргізілетін танаптық тәжірибенің зертханалық, инженерлік, химиялық-технологияылық және басқа эксперименттерден айырмашылығы бар.

Танаптық тәжірибе зерттеу, танаптық жағдайда арнайы бөлінген учаскеде жүргізіледі. Танаптық тәжірибенің негізгі міндеті тәжірибе нұсқа- лары арасындағы айырмашылықты анықтап, тіршілік факторларының әсеріне жағдайлар мен өсіру әдістерінің өсімдік өнімі мен оның сапасына әсеріне сандық баға беру.

Ауылшаруашылық танаптық тәжірибе жүргізудің ерекшелігі экспери- ментке бақыланбайтын өсімдіктің өсіп және дамуына әсер ететін сыртқы факторлардың өте күшті құбылмалылығы болып табылады.

Мезгілдік, осыған орай танаптық эксперименттен мәліметтер алудың созылыңқы болуы, әр жылдағы метеорологиялық жағдайлардың қатты құбылмалылығына және жер уческесіндегі топырақ құнарлылығының ала- құлалылығына байланысты жақсы, сенімді нәтижелер алу қиындайды.

Вегетациялық кезеңдегі климат жағдайына байланысты сол массивте біркелкі агротехникада ауылшаруашылығы дақылдары, сол сорттың өнімі және танаптық тәжірибеде зерттелетін фактор жылына құбылады.

Көпжылдық танаптық тәжірибе мәліметтеріне қарағанда жоспарланған өнімнен ауытқулары мынандай болады: астық дақылында ұ6-7 ц/га; картоп дақылында ұ60-70 ц/га. Сондықтан, алынған өнім мен нұсқалардың тиімділігі метеорологиялық факторға тәуелді болғандықтан экспериментаторға макси- малды абай болуын және танаптық экспериенттің бір жылдық мәліметіне объективті болуын талап етеді. Онда бақыланбайтын табиғи фактордың құбылмалылығы танаптық эксперименттен тәжірибені уақытта, яғни әр түрлі ауа-климат жағдайында қайталауды қажет етеді. Көптеген жағдайларда бір

жылдық нәтижелермен белгілі бір мақсатқа сәйкес қорытынды жасауға болмайды. Әсіресе зерттелетін нұсқаның азынаулақ тиімділігін дәлелдейтін, қажетті сенімді нәтижелер алу үшін, тәжірибедегі өнім есебінің кем дегенде үш жылдық мәліметтері қажет.

Экспериментатор танаптық тәжірибені практикада іс жүзіне асырудағы белгілі жағдайдың күрделілігін және топырақ құнарлылығының террито- рияда өзгеруінің негізгі заңдылығын анық білу керек, себебі тәжірибені орналастыру әдісінің негізі осында жатыр.

Тәжірибені қою үшін экспериментатор тегіс танапты, яғни барлық жағынан біркелкі жер учаскесін таңдап алуға мүмкіндігі жоқ.

Біржақты себілген егісті бір мөлдектен екінші мөлдекке ауысқандағы бөлшекпен есептеуде топырақ құнарлылығының және өнімділіктің біркелкі еместігі жиі байқалады. Танаптық тәжірибенің практика жүзінде іске асырылуы жағдайының күрделілігін ескере отырып, топырақ құнарлылығы өзгергіштігінің территориялды заңдылығын жақсы білу керек, себебі солар тәжірибені орналастырудың қазіргі әдісінің негізі болып отыр.

Топырақ құнарлылығының территориалды өзгергіштігінің жалпы ерек- шелігі, практикада әрқашанда бөлшектеп есептеуде, кездейсоқ пен қатар немесе азырақ байқалатын жүйелі, мөлдектердегі өнімділіктің заңды ауытқуы байқалатын учаскелер бар. Учаскедегі құнарлылықтың ауытқуының кездейсоқ және заңды элементтерін шектейтін әділ критерийді математи- калық статистика береді.

Кездойсоқ және заңды құбылмалылықтың мәнділігін түсіну үшін өнімді немесе басқа нәтижелі белгілерді бөлшектеп есептеуде, учаскенің барлық көлемінің орнына, мөлдектер қатары көлденең, яғни бір сызықта орналас- қанда зерттеуге болады. Кездейсоқ құбылмалылықтың мәні біркелкі бөлшектенген есептеуден алынған мөлдек өнімділігі орташа мәннің маңында ауытқиды және де бір мөлдектен басқа мөлдекке өткенде бұл құбылудың сипаты мәнді өзгермейді және бөлшектеп есептеудің жекелеген учаскелерін сипттайтын іріктеу орташасының арасындағы айырмашалық статистикалық мәнді болмайды.

Заңды құбылмалылықтың мәні кейбір орташа іріктеудің айырмашылығы статистикалық мәнділігінде. Егер заңды құбылмалылық болса, онда өнімнің кездейсоқ ауытқуына қарамастан жердің жекелеген учаскелері жоғарғы (20-

  1. немесе төменгі (1-20) құнарлылықты көрсетеді.

Вегетациялық кезеңде ауа-райы жағдайына байланысты бірдей жерде бірдей агротехникада ауылшаруашылығының бір сорттарынан өнім мен танаптық тәжірибеде зерттелетін факторлар жылдарда өте ауытқиды.

Метеорологиялық жағдай күрт ауытқығанда нақты өнім орташа көпжылдықтан әжептәуір жоғары болуы мүмкін. Бұл өнімнің ауытқуының мүмкін шегі.

Өнімнің және нұсқалардың тиімділігінің метеорологиялық факторға байланыстылығы экспериментатордан барынша абай болуы мен бір жылдық

танаптық тәжірибе мәліметін түсіндіруде объективті болуды қажет етеді. Қажетті сенімді және өңделетіндей нәтижелерді алу үшін, әсіресе зерттеу нұсқаларындағы болар болмас тиімділіктерді дәлелдеуде, тәжірибедегі есеп- ке алу кем дегенде үш жылдық өнім мәліметін қажет етеді.

Сонымен, бақыланбайтын қатты ауытқитын табиғи факторлар танаптық тәжірибені уақытында, әр түрлі табиғи-климаттық жағдайда қайталап жүргі- зуді міндетті түрде талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]