- •1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Рецензенттер:
- •Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
- •Ғылыми агробиологияның әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе түрлері
- •Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
- •Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Тәжірибелік сабақ
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3 Практикалық сабақтар Тақырып: «Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру»
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау
- •Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»
- •Бақылау сұрақтары:
- •23.Тәжірибе учаскесін бөлу
- •Бақылау сұрақтары:
- •24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •25. Өнімді есепке алу
- •Бақылау сұрақтары:
- •26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу
- •Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»
- •Үлкен іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып. Жиынтық және іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Айырмашылық бағасы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе Мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Тақырып: «Екіфакторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Бақылау сұрақтары:
- •Күнделік
- •20... Жылы
- •Тәжірибе нобайы (нақтылы қойылған)
- •Тыңайтқыштарды есептеу
- •Жаппай әдісі арқылы жиналған өнімін есептеу тіркесі
- •Топырақ ылғалдылығын анықтау тіркесі
- •Жұмыс пен бақылау күнделігі
- •Тәжірибе учаскесінің жоспары, оған түсірілген тәжірибе нобайы
- •Тәжірибенің бағдарламасы
- •Тәжірибе учаскесінің тарихы
- •Тәжірибе туралы жалпы мағлұмат
- •Тәжірибенің жоспарын танапта орналастыру
- •Тәжірибеге бөлінген учаскенің тарихы
- •Өндірістегі тексеру
- •Символдардың қысқаша көрсеткішттері
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
- •Әдебиеттер
- •4.Ч2 критериіңің мәні
Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
Ассиметриялық |
ауытқу қисығының оң немесе сол бөлігіндегі дұрыс жиіліктің көбейуінен ерекшеленетін таралуы |
Бақылау (стандарт) |
тәжірибе нұсқалары салыстырылатын бір немесе бірнеше варианттар |
Бөлшектенген есеп |
рекогноцировты егістің бірдей мөлдектеріндегі өнімді есепке алу |
Бөлшектенген мөлдектер әдісі |
бір тәжірибенің мөлдегі екіншісінің блогы ретінде қолданатын эксперимент. Бірінші қатармөлдектері екінші қарат мөлдектеріне бөлшектенеді, ал соңғысы одан да майда үшінші қатар мөлдектеріне бөлінеді. Нұсқаларды рендомизмді әдіспен орналастырған бөлшектенген мөлдек әдісі көпфакторлы тәжірибені қоюға пайдаланылады. |
Блок |
қайталау бөлігі, тәжірибе мөлдегінің бірнеше компакты тобы немесе толық емес қайталау |
Вариациялық (ауытқу) қатары |
ауытқу белгілерінің өсу немесе азаю тәжірибемен объект санына сәйкес көрсетілген мәліметтер қатары |
Вариация коэффициенті |
белгілердің өзгергіштігінің салыстырмалы көрсеткіштері, пайызбен есептелінетін стандартты ауытқудың S орташа арифметикалық мәнге қатынасы. V әрпімен белгіленеді |
Нұсқаларды рендомизмді (кездейсоқ) орналастыру |
танаптық тәжірибені орналастырғанда әр қайталаудағы нұсқалар реті жребий немесе кездейсоқ сандар кестесі арқылы анықталады |
Нұсқаларды жүйелі орналастыру |
әр қайталаудағы нұсқалар орналасу реті белгілі бір жүйеге бағынады (ретімен, шахматты ретпен) |
Нұсқаларды стандартты орналастыру |
танаптық тәжірибедегі бақылау нұсқалары (стандарт) 1-2 тәжірибе нұсқасы сайын орналасады |
Нұсқаларды шахматты орналастыру |
жүйелі орналастырудың түрі, тәжірибедегі қайталау бірнеше ярусқа орналасады және нұсқаларды тәжірибе алаңында біркелкі орналастыру үшін оларды әр яруста нұсқалар санын ярустар санына бөлгеннен шыққан сан мөлшеріне жылжытады |
Дактиль әдісі |
бақылау нұсқаны (стандарт) әр екі тәжірибеліктен кейін орналасатын нұсқаларды стандартты орналастыру әдісі |
Детерминация коэффициенті |
dyx мәлім шаманың зерттелетін факторға тәуелді өзгерісін пайызбен көрсетеді, r2 корреляция коэффициентінің квадратына тең болады |
Дисперсиялық талдау |
эксперимент нәтижесін яғни, нәтижелі белгінің жалпы өзгергіштігінің, мысалы өнімнің, бөліктерге – қайталаудың, нұсқаның, кездейсоқ реттің қателігіне және т.с.с. компоненттерге ыдырауын талдайтын әдіс |
Ең аз елеулі айырмашылық (ЕАЕА) |
Экспериментте мүмкін кездейсоқ ауытқудың шекарасын көрсететін шама; орташаның арасындағы өнімнің ең төмен айырмашылығы, ол тәжірибенің 5%-дық немесе 1%-дық мәнділік деңгейін құптайды. |
Еркіндік дәрежесінің мөлшері |
еркін құбылатын сандар мөлшері. әріппен белгіленеді және жәй жағдайда барлық бақылаулардан бірге кем сан (п-1) |
Есеп жүргізетін мөлдек |
соңындағы және бүйіріндегі қорғаныш алқабынсыз өнімді есепке алуға арналған тәжірибе мөлдегінің бөлігі |
Істен шығару |
тәжірибе жүргізу барысында кездейсоқ зақымдалудың немесе қателіктің әсерінен есептен шығарылған мөлдектің есепке алынатын бөлігі |
Іріктеу дисперсиясы |
зерттелетін белгінің өзгергіштігінің вариациясын көрсеткіші |
Қайталау |
- тәжірибе нобайындағы нұсқаларды түгел кіпгізетін тәжірибе учаскесінің бөлігі. |
Қайталану |
танаптық тәжірибедегі әр нұсқаның аттас мөлдектер саны |
Корректорлау факторы |
дисперсиялық талдау барысында еркіндік бастамадан ауытқу квадраттар жиынтығын есептеудегі түзету, С әрпімен белгіленеді |
Корреляциялық талдау |
белгілер арасындағы байланыстың тығыздығы мен пішінін анықтайтын статистикалық әдіс |
Корреляция |
бір белгінің орташа мөлшерінің мәні басқа белгінің өзгеруіне байланысты өзгеретін белгілердің арасындағы өзарабайланыс |
Корреляция коэффициенті |
тығыздықтың статистикалық көрсеткіші, r әрпімен белгіленеді |
Қорғаныш алқап |
мөлдектің шетіндегі (бүйіріндегі және соңындағы) бөлігі, онда есеп жүргізілмейді және көрші нұсқалардағы өсімдіктің әсерін болдырмау үшін, мөлдектің есепке алынатын бөлігін кездейсоқ зақымдалудан сақтау үшін машиналар мен құралдардың бұрылуы үшін қызмет |
Латын квадраты |
Танаптық тәжірибеде нұсқаларды рендомизмді (кездейсоқ) орналастыратын нобайы, онда мөлдектер қатарлар мен бағналарда (4х4, 5х5, 6х, және т.с.с.) орналасады. Әр қатар мен бағнада нобай нұсқалары түгел болуы керек, демек латын квадратында қайталау саны нұсқа санына тең болады, және мөлдектің жалпы саны нұсқаның квадрат санына тең. |
Латын тіктөртбұрышы |
Танаптық тәжірибеде нұсқаларды рендомизмді (кездейсоқ) орналастыратын нобайы. Негізінде тәжірибе қайталауын, қатар мен бағна санын анықтайтын латын квадраты алынған. Нұсқалар саны қайталауға еселі болуы керек (4 х 4 х 3), (қайталау n = 4, нұсқалар саны l = 4, 4 x 3 = 12). |
Мәнділік |
тәжірибе нәтижелерін бағалаудағы қате қорытынды жасау мүмкіндігінің объективті өлшемі. Танаптық тәжірибе нәтижелерін бағалауда 5% мәнділік деңгейіне сүйенуге болады, ондағы қате –жасау мүмкіндігін 5% құрайды. Өте қатаң бағаланғанда 1% мәнділік деңгейін қабылдайды. |
Мәнділік деңгейі |
қате қортынды жасау қаупі. Агрономиялық зерттеулерде 5% және 1% жіберіледі |
Мүмкінділік |
оқиғаның объективті мүмкіндігінің өлшемі, жайлы жағдайлардың барлық мүмкін жағдайларға қатынасы. Мүмкінділік Р әрпімен белгіленеді. |
Өзгергіштік |
өсімдік, танаптағы тәжірибедегі параллелді мөлдектер өнімділігі |
(ауытқу) |
және т.с.с. бірдей жағдайда бір-бірінен айырмашылығы болатын бірліктер қасиеті |
Өзгергіштік |
х белгілерінің дербес мәнінің х орташа мәнінің маңында ауытқиды. Өзгергіштіктің негізгі өлшемі S2 дисперсия мен S стандартты ауытқу болып есептеледі |
Өнімді жалпылай есепке алу |
өнімнің барлық товарлы бөлігін (дән, түйнек, талшық, пішен және т.с.с.) өлшейді және танаптық тәжірибе мөлдегініңесепке алатын барлық ауданына есептейді |
Өндірістік- ауылшаруашылық бәжірибесі |
шаруашылық немесе шаруашылық топтарымен тікелей өндірістік жағдайда жүргізілетін кешенді зерттеу |
Регрессия коэффициенті |
byx - тәуелді айнымалының y (нәтижелі белгі) тәуелсіз айнымалының Х өлшем бірлігінде қандай бағытта және қандай шамаға орташа есеппен өзгеретінін көрсететін сан |
Рекогноцировты (барлау) егісі |
танаптық тәжірибе қою алдында тәжірибе усаскесіндегі топырақ құнарлылығының ала-құлалылығының дәрежесін айқындау үшін (өнімді бөлшектеп есептеу арқылы) жалпылай егілетін бір дақыл егісі |
Рендомизмді (кездейсоқ) қайталау әдісі |
Нұсқалар мөлдектерде кездейсоқ, кездейсоқ сандар кестесін бойынша немесе жребий арқылы орналастырылатын эксперимент. Бұл әдіс кеңінен таларған. |
Танаптық тәжірибе әдістемесі |
оны құрайтын элементтер жиынтығы: нұсқа саны, мөлдек көлемі, олардың пішіні мен бағыты, қайталау, нұсқаларды орналастыру жүйесі, мөлдектерді территорияда қайталау, өнімді есепке алу әдісі, тәжірибені уақытта ұйымдастыру, және де мәліметтерді статистикалық талдау әдістері. |
Танаптық тәжірибе |
әр түрлі нұсқалардың өсімдік өнімі мен сапасына әсерін бағалау үшін танаптық жағдайда, арнайы бөлінген учаскеде іске асыратын зерттеу |
Тәжірибе нұсқасы |
зерттелетін өсімдік сорт, өсіру жағдайы, агротехникалық тәсіл немесе олардың жиынтығы |
Тәжірибе мөлдегі |
белгілі көлемі мен пішіні болатын және жеке нұсқаларды орналастыруға арналған танаптық тәжірибенің элементарлы бірлігі, тәжірибенің аудан бөлігі |
Тәжірибе нобайы |
жалпы біріккен пікірлерден тұратын бақылау және зерттеу нұсқаларының жиынтығы |
Тәжірибе қателігі, іріктеу |
іріктелген зерттеулер нәтижелері мен өлшенетін шаманың шын мәнінің арасындағы айырмашылық мәні. Танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау әдісімен өңдегенде орташаның қорытындысы анықталады, ол зерттелетін белгінің өлшем бірлігімен көрсетіледі. Сәйкес келетін орташаның пайызбен көрсетілген қателігі Sx, тәжірибенің немесе іріктеудің Sx% салыстырмалы қателігі деп аталады. Танаптық тәжірибеде Sx% шамасы өнімділік деңгейін есепке алмай танаптық тәжірибенің «дәлдігін» сипаттайтын көрсеткіш ретінде жиі қолданады. |
Тәжірибенің дәлділігі (салыстырмалы қателік |
Сәйкес орташадан пайызбен көрсетілетін орташаның қателігі |
Тегістеу егісі |
тәжірибе қоюға таңдалып алынған учаске топырағының құнарлылығын жоғарлату үшін бір дақылды жалпылай себу |
Тәжірибе сенімділігі |
дұрыс жоспарланған және іске асқан нобай және тәжірибе жүргізу әдісі, олардың зерттеуінің алдына қойған міндетіне сәйкес болуы, объектіні, тәжірибе жүргізу жағдайын және мәліметтерді статистикалық өңдеу әдісін дұрыс таңдау |
Типтілік (репрезентативтілік) |
тәжірибені сол аймақтың топырақ-климатына және ауылшаруашылық өндірісінің агротехникалық жағдайына сәйкестендіріле жүргізілуі |
Үлгі бау бойынша өнімді есепке алу |
өнімді өлшейді және әр есепке алынатын мөлдектен өнімнің жалпы массасын есепке алады, ал оның товарлы бөлігін есепке алатын баудың мәліметі бойынша есептейді |
Факториалды тәжірибе (ТФЭ) |
нобайында факторлардың әсер және өзара әсерлерін зерттейтін барлық мүмкін үйлесуін енгізетін, көп факторлы тәжірибе |
Ямб-әдісі |
Нұсқаларды стандартты орналастырады, онда зерттелетін нұсқа стандартпен кезектеседі |
