- •1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Рецензенттер:
- •Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
- •Ғылыми агробиологияның әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе түрлері
- •Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
- •Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Тәжірибелік сабақ
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3 Практикалық сабақтар Тақырып: «Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру»
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау
- •Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»
- •Бақылау сұрақтары:
- •23.Тәжірибе учаскесін бөлу
- •Бақылау сұрақтары:
- •24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •25. Өнімді есепке алу
- •Бақылау сұрақтары:
- •26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу
- •Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»
- •Үлкен іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып. Жиынтық және іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Айырмашылық бағасы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе Мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Тақырып: «Екіфакторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Бақылау сұрақтары:
- •Күнделік
- •20... Жылы
- •Тәжірибе нобайы (нақтылы қойылған)
- •Тыңайтқыштарды есептеу
- •Жаппай әдісі арқылы жиналған өнімін есептеу тіркесі
- •Топырақ ылғалдылығын анықтау тіркесі
- •Жұмыс пен бақылау күнделігі
- •Тәжірибе учаскесінің жоспары, оған түсірілген тәжірибе нобайы
- •Тәжірибенің бағдарламасы
- •Тәжірибе учаскесінің тарихы
- •Тәжірибе туралы жалпы мағлұмат
- •Тәжірибенің жоспарын танапта орналастыру
- •Тәжірибеге бөлінген учаскенің тарихы
- •Өндірістегі тексеру
- •Символдардың қысқаша көрсеткішттері
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
- •Әдебиеттер
- •4.Ч2 критериіңің мәні
Бақылау сұрақтары:
Арифметикалық орта деген не?
Дисперсияны қалай есептейді?
Еркіндік саны деп нені айтады, оны қалай белгілейді?
Стандарттық ауытқу нені көрсетеді?
Ерекшелену коэффициенті деген не, өлшем бірлігі қандай?
Іріктелеген ортаның қатесі немесе іріктеу қатесін қалай есептейді?
Үлестірім ілімінің түрлері.
Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
Ғылыми болжамды статистикалық тексеру туралы мәселе – ғылыми- зерттеулерге математикалық статистиканы қолдануда басты мәселелердің бірі. Ғылыми болжамдарды тексеру статистикалық әдістері мен белгілері зерттелетін құбылыстардың кездейсоқ ерекшеленулері туғызған кейбір беймәлім шешімдерге келерде сенімді негіз болып табылады. Олар барлық кезде – жиынтық үлестірімнің заңы туралы пікірге келу үшін іріктелген орталардың арасындағы айырманың маңыздылығы туралы мәселені шешу үшін, нұсқаның берілген жиынтыққа қатысы мен жиіліктердің нақты және ілімдік үлесімдері арасындағы сәйкестікті анықтау үшін іріктелген байқауды пайдалану қажет болғанда қолданылады.
Ғылыми болжамдарды тексеру тәжірибе жүзінде үлестірім Заңдарының параметрлерін бағалайтын статистикалық сипаттамаларды салыстыруға, яғни белгілі бір статистикалық ғылыми болжамдарды тексеруге әкеп соғады. Жалпы алғанда статистикалық ғылыми болжам деп іріктеу негізінде тексеруге болатын кездейсоқ шамаларға қатысты үлестірімнің қандай да болмасын статистикалық заңдары туралы ғылыми топшылауды атайды. Көп жағдайда мәселе нақтылы байқаулар мен ілім жүзінде қолданылатын байқаулар арасында айтарлықтай айырмашылық жоқтығы туралы ғылыми болжамды тексереді. Бұл ғылыми болжамды нөлдік ғылыми болжам деп атайды және Н0 символымен белгілейді.
Егер Н0-ды тексеру нәтижесінде нақты және болжамдық көрсеткіштер арасындағы айырмашылық нөлге жақын немесе мүмкін боларлық мағыналар шегінде жатса, онда нөлдік ғылыми болжам ескеріледі, ал егер айырма- шылық берілген статистикалық белгі үшін біздің ғылыми болжамымыздың
мүмкін болмайтыны, сол себепті онымен үйлеспейтін болса, Н0 ескерілмейді.
Нөлдік ғылыми болжамды қабылдау байқаулардың нәтижелері нақты және болжамдылық үлестерінің арасында немесе нақтылы үлестірімнің екі қатары арасында айырмашылықтар жоқ екендігі туралы топшылауға үйлесетінін білдіреді. Ғылми болжамды алып тастау – эмпирикалық нәтижелердің Н0 мен үйлеспейтінін, бірақ басқа, талғамды (альтернативтік) ғылыми болжамның дұрыстығын білдіреді. Нөлдік ғылыми болжамның әділдігі мәнділіктің белгілі бір деңгейі үшін алынған тексерістің статистикалық белгілерін есептеу арқылы тексеріледі.
Мәндік деңгейі зерттеудің нақтылы міндеттерімен анықталады. Ол ғылыми болжамды жоққа шығара отырып, біздің қандай дәрежеде қателесуге бел буғанымызды бейнелейді. Мәнділік деңгейі неғұрлым аз болған сайын, нөлдік ғылыми болжам Н0 ең дұрыс болғанда, жоққа шығару ықтималдығы соғұрлым аз болады, демек бір түрлі қате жасау азаяды, бірақ екі түрлі қате жасау ықтималдығы соғұрлым көбейеді, шындығында бұл соңғы қате түрі дұрыс та емес. Мәнділік деңгейі қате ғылыми болжам (ІІ түрлі қате) қабылдауға байланысты туатын тәуекел дәрежесін өлшемейді, ол тек І түрлі қатені байқайды.
Статистикалық ғылыми болжамды Н0 тексеру үшін белгінің екі түрі: параметрлі және параметрлі емес белгілер пайдаланылады.
Параметрлі белгі (критерий) деп жиынтықтағы белгінің үлестірімі белгілі бір заңға негізделіп, қалыпты үлестірім заңына бағынады дейтін топшалауға негізделген белгіні атайды. Мұндай белгілерге t және F белгілері жатады. Оларды қолдану үлестірім параметрлерінің бағалануын есептеп шығаруды талап етеді.
Параметрлі емес белгі деп пайдалануы үлестерінің белгісіз параме- трлерін бағалауды, типті белгінің үлестірім заңының жуықтаған мәнін алдын ала есептеп шығаруға талап етпейтін белгілерді атайды. Олар үлестірім қалыпты жағдайдан тым ауытқығанның өзінде де қолданыла алады. Екінші жағынан параметрлі емес белгілер параметрлі белгілерге біршама тиімсіз, сол себепті де оларды алдын ала зерттеулерде ғана пайдаланған жөн.
Бөлініс параметрлердің нүктелік және аралық (интервалдық) бағалары. Іріктелген жиынтықтың статистикалық сипаттамалары бас жиынтықтың белгісіз параметрлерінің жуық бағалары болып табылады. Баға бір санмен де, яғни нүкте арқылы (нүктелік баға), белгілі бір аралық пен де (интервалдық баға) беріледі. Соңғысында іздейтін параметр белгілі бір ықтималдықта болуы мүмкін. Мысалға, іріктелген орта x бас ортаның ө ығыстырылмайтын және неғұрлым тиімді нүктелік бағалы, ал іріктелген дисперсия s2 бас дисперсияның σ2 ығыстырылмайтын нүктелік бағасы болып табылады. Іріктелген ортаның қатесін sx, генералды орташаның нүктелік бағалауын xұ sx түрінде жазуға болады. Бұл бас ортаның ө қатесі sx -ке тең бағалануы х деген сөз.
Әрине, нүктелік статистикалық бағалар x және s2 бағаланатын пара- метрлердің ө және v2 не артып, не кемуіне бағытталынғандай жүйелі қатеге
бой ұрмауы керек. Мұндай шартты қанағаттандыратын бағаларды ығысты- рылмаған бағалар деп атайды.
Аралық баға деп бағаланатын параметрді қамтитын аралық (интер- валдық) ұштарымен сипатталатын бағаны айтады. Бағаланатын параметрді берілген ықтималдықпен қамтитын аралықты сенімді аралық деп атайды. Мұндай аралықтың кіндігі нүктенің іріктелген бағасы, ал аралықтың шектері немесе сенімді шекаралары бағаның орташа қатесімен және ықтималдық деңгейімен анықталады. Сөйтіп, аралық баға іріктеу көлемі шағын болған жағдайда тиімсіз нүктелік бағаның онан әрі ұлғаюы болып табылады.
Бас орта үшін сенімді аралық жалпы түрде былайша жазылады:
x t·sx
Мұндағы t · sx -еркіндік дәреженің берілген санындағы және мәнділіктің қабылданған деңгейіндегі іріктелген орталық шекті қатесі. Стьюдент белгінің t мәнділіктің әртүрлі деңгейі үшін мәнін және еркіндік дәрежесінің санын қосымшалардағы кестеден алуға болады.
1-мысал. Бидай дәніндегі белоктың мөлшерін анықтау кезінде мына мәндер табылады: х=14,80%; sx =0,20%; n =4. Бас орта үшін 95%-тік және 99%-тік сенімді аралықты ойластыру керек. Қосымшалардың бірінші кестесі бойынша еркіндік дәрежелерінің 4-1=3 саны үшін t05= 3,18 және t01= 5,84 яғни 95%-дық сенімді аралықтың ені – 3,18 және 99%-тік аралығын -5,83 - Sx 95% - x t·sx= 14,80 3,18·0,20 = 14,80 0,64 (14,16÷15,44); 99% - x t·sx=
14,80 5,84 · 0,20 = 14,80 1,17 (13,63÷15,97).
Біз мұнан бидай дәніндегі белоктың 95%-дық ықтималды мөлшерінің бас ортасы 14,16 дана 15,44%-ға дейінгі аралықты және 99%-дық ықтималды мөлшерінікі 13,63-тен 15,97%-ға дейінгі аралығы екенін білеміз. Бұл аралықтан тыс шығудың ықтималдығы, яғни қолайсыздыққа соғу бірінші жағдайда 5%, екіншісінде - 1% (мәнділік деңгейі) болады.
Аралықтың шеткі нүктелері – бастапқы х-t·Sх пен соңғы х+t·Sх сенімді шекаралар деп аталады.
Бөлініс параметрлері аралығының бағасын іріктелген ортақ шамаларды салыстыруда ғылыми болжамдарды статистикалық тексеру үшін пайдалануға болады.
Мәселен, n=10 болғанда мынадай іріктелген орта шамалар мен орта шамалардың қателері алынған екен делік:
x1+ sx1 = 22,0 0,5 x2+ sx2 = 20,4 0,8.
Осы іріктелеген орта шамалардың ықтималдық деңгейінің 95% =0,95 немесе мәнділік деңгейінің 5% =0,05 кезінде айтарлықтай айырмашылығы бар, жоғын анықтау қажет, яғни x1-x2=d=0 болғандағы нөлдік ғылыми болжалдарды тексеру керек. 10-1=9 еркіндік дәрежесі үшін t05= 2,26 және 95%-дық секілді аралық мынаған тең:
x t05 · sx= 22,0 2,26 · 0,5 = 22,0 1,1 (20,9÷23,1);
Бас орта шамалар үшін аралықтар бірін-бірі қамтиды және сол себепті іріктелген орталар арасындағы айырманы d=x1 –x2=1,6 бас орта шамаларға
ө1мен ө2 салуға болмайды, өйткені олардың арасындағы бас айырманың d= ө1- ө2 нөлге, немесе ө1>ө2 тең болуы мүмкін. Сондықтан Н0 : d = 0 қатынасын алып тастауға болмайды.
Іріктелген шамалардың арасында айтарлықтай айырмашылық жоқтығы туралы нөлдік ғылыми болжамды жиынтықтың бас параметрлерінің аралық бағаларының басқа әдісімен де тексеруге болады. sd = √sx12+ sx22формуласы бойынша орта шамалар айырмасының қатесін анықтауға, ал онан әрі жоғарыда айтылған тәсілмен орта шамалардың бас айырмасы «D» үшін сенімді аралықтан есептеп шығаруға болады. Егер сенімді аралықтар нөлдік мәнді қамтып, теріс шамаларда жататын болса, онда Н0 :d = 0 қатынасы алып тасталмайды, ал оң шамаларда жататын болса, онда Н0 алып тасталады да айырма айтарлықтай деп танылады.
І мысал үшін айырым d = x1-x2 = 22,0 - 20,4 = 1,6 болса, айырма қатесі sd=√sx +s2x=√ 0,52+0,8 = 0,9 формуласы бойынша орта шамалар айырмасының қатесін анықтауға, ал n + n – 2 = 10+10-2=18 еркіндік дәрежесі үшін t05 = 2,10 және t01 = 2,88.
Бас айырымды сенімді аралықтардан табамыз:
95% - d t05 · sd = 1,6 2,6 · 0,9 = 1,6 1,9 (-0,3÷3,5);
99% - d t01 · sd = 1,6 2,2,88 · 0,9 = 1,6 2,6 (-0,1÷4,2);
Нөлдік ғылыми болжам Н0:d = 0 алып тасталмайды, себебі сенімді аралықтар нөлді және теріс шамаларды тегіс қамтиды, яғни айырманың шектік кездейсоқ қатесінен кем (d<t· sd).
Шектік кездейсоқ ауытқудың шекарасын көрсететін шаманы ең аз елеулі
айырма деп атайды. Ол қысқартылып ЕАЕА деп жазылады және мына қатынаспен анықталады: ЕАЕА= t·sd.
Егер іріктелген орташа шамалар арасындағы нақты айырма d ≥ЕАЕА
болса, онда Н0 қабылданбайды, ал d <ЕАЕА болса – қабылданады. Ең аз елеулі айырмашылық орыс тіліндегі ғылыми әдебиетте НСР (наименьшая существенная разность), ағылшынша LSD, немісше LD болып белгіленеді.
Ең кіші елеулі айырма сенімді аралықтарды салуда және статистикалық ғылыми болжалдарды тексеруде кеңінен пайдаланылады. Бас орта шамалар- дың айырмасы үшін сенімді аралық мына қатынас бойынша анықталады. d - ЕАЕА≤D≤d+ ЕАЕА немесе d ЕАЕА.
Мұндағы, ЕАЕА = t · sd еркіндік дәрежесінің берілген санындағы v = n1 + n2 - 2 іріктелген орташа шамалар айырмасының шектік қатысы болып табылады.
Стандарттық ауытқудың s шамасы бойынша X-тің жеке мәні үшін және барлық жиынтық үшін аралық табылады: x - ts ≤ ө ≤ x + ts немесе мұны жинақтылау етіп былай жазады: x t·s 95% немесе 99% ықтималдық деңгейі осы аралықтың ішінде бас орта шаманың мәніне жеке ерекшеленген шаманың барлық жеке мәндері жататын болады. Мысал үшін s=0,40 кезіндегі жеке мәндер барлық жиынтықтың сенімді аралықтары мынаған тең болады:
95% - x t05·s = 14,80 3,18·0,40 = 14,80 1,27(13,53÷16,07);
99% - x t01·s = 14,80 5,84·0,40 = 14,80 2,34(12,46÷17,14).
Сонымен ықтималдық 95% болғанда бидай дәніндегі белоктың барлық жеке анықтамалары 13,53-16,07% дейінгі шектегі шамалары, ал ықтималдық 99% болғанда 12,46-дан 17,14%-ке дейінгі шектегі шамаларды береді. t·S шамасын жеке мәндердің шашырау аймағы деп атайды. Белоктағы 95% ықтималдық деңгейі үшін 1,27 және 99% 2,34% болады.
1-кесте.
Іріктелген бағалардың орташа қателерінің
формулалары
-
Іріктелген бағаның түрі
Іріктелген бағаның орташа қатесі
Іріктелген орташа шама
sx = s/√n = √s2/n
белгінің үлесі Р
sp= p *q / n
стандарттық ауытқу s
ss=s/√ 2n
ерекшелену коэффициенті V
sv= V/√2n
іріктелген орташа шамалар аралық айырма d=x1-x2
sd = √sx1- sx2
Іріктелген үлестер аралық айырма dp=р1 – р2
sdp=√s2p1-sp2
r аз болғандағы сызықтың корре- ляция коэффициенті
sr= √1-r2/n-1
Сызықтық репрессия коэффициенті
sr = sr√∑(Y-y)2/∑(X-x)2
Бас орта шама үшін іріктелген сенімді аралығын тағайындау үшін осы бағаның орташа қатесін білу керек. Сондықтан кез келген іріктеу бағасын есептеу үшін орташа қатесін анықтау қажет.
Дисперсиялар арасындағы айырмашылықты F белгі бойынша бағалау. Белгілер ерекшеленулерінің дәрежесіндегі айырмашылықтың елеу- лілігі F белгі арқылы бағаланады.
Егер F нақт. < Fтеор. болса, онда ілім салыстырылатын дисперсиялар арасында елеулі айырмашылық айтарлықтай емес және салыстырылатын дисперсиялардың теңдігі туралы нөлдік ғылыми болжам қабылданады. Алымы үшін әрқашан үлкен дисперсия алынатын болғандықтан F белгі бірге тең болады, не бірден көп болады. Зерттеулердегі мәнділіктің қабылданған деңгейі үшін F белгінің ілімдік мәнін қосымшалардағы бойынша салыс- тырылып отырған дисперсиялардың еркіндік дәрежесінің санын ескере отырып табады.
Дисперсияларды салыстыруға маңызды статистикалық әдіс құрылған. Дисперсиялық талдау деп аталатын бұл әдістің негіздері төменде қарас- тырылады. Өсімдіктер санын, бір масақтағы дәндер санын т.б. алуға болады. Екінші жағдайда нұсқаның мәндері көлем, ұзындық, салмақ, масса, т.б. өлшемдерімен өрнектеледі де, олардың арасында мүмкіндік болатын мәндері
шексіз кез келген ауысулар болады. Бұл жағдайда барлығы берілген сандық белгінің сипаттамасы үшін қабылданатын дәлдіктің дәрежесіне байланысты.
Сапалық немесе атрибутивтік құбылмалық деп нұсқалар арасындағы айырмашылық, сапалық, яғни кейбір нұсқаларда болатын, ал кейбіреулерінде болмайтын көрсеткіштермен өрнектелетін ерекшеленулері аталады (зертте- летін саяқтың тағы басқалардың түсі, дәмі, түрі). Егер атрибутивті құбылмалылықта белгінің бірін-бірі жоятын екі мәні (зақымдалған-сау, қылтанды-қылтансыз т.б.) ғана болса, ондай құбылмалықты альтернативті немесе қосмағыналы деп атайды.
Танаптық тәжірибе деректерін өңдеудің негізгі қағидалары. Егіс- тіктегі тәжірибелерді жүргізу кезінде барлық зерттелетін нысаналардың – егін шығымының, өсімдіктің бойы мен салмағының, топырақтағы қоректік заттар құрылымының, т.б. мейлінше құбылмалылығымен істес болуға тура келеді. Мұндай құбылмалылықтар олардың табиғатына тән екенін көрсетеді. Сол себепті де бірнеше орта шамалары алынған танаптағы тәжірибелердің деректері зерттелетін объектілердің шынайы сипатын дәл бейнелейді деуге болмайды.
Шынында да, қатар орналасқан алқаптардың 3-4 жылдық шығымы немесе тәжірибе учаскесінің топырағындағы құнарлы қабатының мөлшері зерттелетін құбылыстарда болуы мүмкін барлық өзгерістер туралы үзілді- кесілді мағұлымат бере қояр ма екен. Сонымен берген анықтамалардың шектеулі мөлшеріне сүйене отырып, зерттелетін жағдайлардағы берілген шаманың болуы мүмкін барлық өзгерістері туралы түсінікті салыстыра білу қажет. Ғылыми тәжірибе материалды талдаудың статистикалық тәсілдерін дұрыс түсіну үшін, тәжірибеден алынған деректерде осынау табиғи өзгеріс- тердің болатындығы туралы айқын түсінік болуы қажет және В.Н.Перегудов көрсететіндей, тәжірибенің параллель анықтамалардан бас тарту жолы сияқты жасанды «сыйқымсыз» нәтижелерін жасауға ұмтылмау керек.
Биологиялық нысаналардың елеулі табиғи құбылмалылығының болуы тәжірибе жүргізу процесінде жинақталған материалдардың да белгілі бір құбылмалылық қасиетке ие болуына әкеп соғады. Аса көп жәйттер (тұқымдық пиялық және басқадай шарттар) әрекет еткенде, оларды қатаң да дәлме-дәл есепке алу іс жүзінде мүмкін болмағандықтан, ғылыми зерттеу жүргізудің байқауға келмейтін шарттарының болмауы тәжірибенің нәтиже- леріне өз әсерін тигізеді. Нәтижелік белгілері құбылмалылығының осынау байқауға келмейтін себептерін кездейсоқ себептер мен кездейсоқ қателік- терге, ал солардан туындайтын түрлендірілуі азды-көпті мөлшерде ауыл шаруашылық тәжірибелерін жүргізу кезінде әрқашан байқалады. Зерттеу- шінің міндеті осы түрлендірудің шамасын анықтауда және тәжірибені жүргізудің әдістемесін жетілдіру жолымен оны белгілі аз мөлшерге (минимумға) жеткізу.
Сөйтіп, кез-келген тәжірибеде, кез-келген іріктеме байқауда кездей- соқтықтың кейбір бөлігі (элементі) болады, яғни алынатын деректердің
құбылмалылығы белгілі бір мөлшерде бізге белгісіз себептерден – кездейсоқ қателіктерден туындайды. Математикалық статистика кездейсоқ шамалар- дың, яғни жиынтығы қалыпты бөлініс заңы деген атпен белгілі қатаң математикалық заңдылыққа бағынатын кездейсоқ қателіктер шамаларының санды анықтау тәсілдерін береді. Кездейсоқ қателіктердің маңызды ерекше- ліктерінің бірі - олар ықтималдыға бірдей оң да, теріс те мәнге ие, мұның өзінде мәні кішілері мәні үлкендеріне қарағанда жиі ұшырасады. Параллель анықтамалар көп болғанда және орта көрсеткіштерді шығарғанда кездейсоқ қателіктердің өзара дербес өтемі (компенсациясы) пайда болады.
Алайда тәжірибелер мен байқаулар жүргізген кездерде кездейсоқ қателіктерден басқа белгілі бір бағытта және белгілі бір заңдар бойынша әсер ететін бір немесе бірнеше себептерден туындайтын жүйелі қателіктер деп аталатындармен де істес болуға тура келеді. Жүйелі қателіктердің негізгі ерекшелігі олардың бір бағыттылығында. Кездейсоқ қателіктерден мұндай қателіктердің айырмашылығы, бұларда, өзара атау қасиеті болмайды, сондықтан жекелеген байқаулардың да, жинақталған орта көрсеткіштердің де есебіне толығымен енеді. Егер эксперимент жүргізушіге жүйелі қателіктің бар екенін белгілі болып, оның шамасын анықтай алса, ондай жағдайда қателікті өлшеуге түзету ретінде қарастыруға болады.
Жүйелі қателіктердің жаппай және аракідік деп аталатын екі түрі болады. Тәжірибенің барлық нұсқаларын қамтитын жүйелі қателікті жаппай қателік деп атайды. Ондай қателіктің болуы тәжірибенің тікелей нәтиже- леріне әсер еткенімен, нұсқалар салыстырымдылығын бұзбайды. Аракідік қатесі тәжірибе нәтижелерінің кейбіреулерін ғана қамтиды да, олардың салыстырылмалылығын бұзады, сондықтан, мұндай жағдайда тәжірибе нәтижелерінің елеулі бөлігіне нұқсан келтіреді. Мысалы, тәжірибе алқап- тарының есепке алынатын ауданын өлшегенде аракідік жүйелі қате кететін болса, тәжірибенің дәйектілігі жойылады. Демек, эксперименттік аракідік жүйелі қателік кетсе, оның нәтижесі бағалылығын жояды, нәтиже жарамсыз болып қалады. Сондықтан нәтижелерде аракідік жүйелі қателіктерді болдырмауға тырысу керек.
Ақырында, кез-келген зерттеуде, тағы бір қателіктер тобына жол беру қаупі бар. Оларды өрескел қателіктер деп атайды. Олар зерттеу жұмыстарын жете білмей әрі салақ жүргізгеннен туындайды. Мысалы, тәжірибе жүргізуші салақтықтан бір алаңға тыңайтқышты екі рет сіңірсе, шығындылықты өлшеу кезінде алаңдарды ауыстырып алса, оның салмағын қате жазып қойса, т.б. жағдайларда өрескел қателіктер кетеді. Мұндай қателіктер ешқашан өтел- мейді, қандай да болмасын қателіктермен орын толмайды, мұндайда бүлінген алаңдарды, нұсқаларды немесе бүкіл тәжірибені шығынға шығарады. Өрескел қателіктерден ойластырылған және мұқият ұйымдастырылған эксперимент арқылы сақтануға немесе мейлінше азайтуға болады.
Қазіргі кезде математика статистика жиынтығындай тезисті (қағиданы) негіздейді, ол бойынша сыналатын материалды алуға тәуелсіз статистикалық
өңдеудің қандай да бір артық және икемді нобайы болмақ емес. Деректерді өңдеудің әдісі алқапта тәжірибе жүргізудің немесе байқаудың нобайы мен шарттарына сәйкес болуы тиіс. Атап айтқанда, статистикалық өңдеудің әдісін дұрыс таңдап алу үшін ғылыми-зерттеу деректердің қателіктерінің категориясын алдын-ала анықтау маңызды. Алқаптарда жүргізілетін тәжіри- белердің нәтижелерін статистикалық өңдеу кезінде біз кездейсоқ және үнемі қайталанатын жаппай қателіктерге жиі кездесеміз. Үнемі қайталанатын, яғни өзара байланысты қателіктер орын алатын тәжірибелердің нәтижелері кездейсоқ түрлендірілуде кездесетін деректерді өңдеген кезде пайдаланыл- атын тәсілдерден өзгеше әдістер қолдануды талап етеді.
Алқапта жүргізілетін тәжірибелердің нәтижелерін өңдеудің әдістерінен екі топты бөліп талдауға болады. Олардың біреуінің мәні х1-х2 орта шамалар айырмасының қаншалықты маңыздылығын бағалауға саяды. Бұған өңдеудің бөлшектеу және қорытылған әдістерін жатқызуға болады. Мұның өзі m1 және m2 орта қателіктерінің негізінде есептеп шығарылған md айырмасының орта қателігінен құрылған. Екінші топқа айырымдық тәсіл жатады. Түзе- тілген ауытқулар мен дисперсиялы талдау әдісі деп аталатын осынау айырымдық әдісті қамтитын бұл топ, байқаулардың параллель қатарлары арасындағы орта қателіктер айырмасын бағалауға емес, орта айырманың маңыздылығын (арифметикалық тұрғыдан бұл екеуі бір шама) бағалауға бағытталған.
Өңдеулер бөлшекті және қорытылған әдістерде жалпы шығымның ерекшеленуі бірінші нұсқадағы шығымның қайтымдылығына тәуелсіз екенін, екінші нұсқадағы шығымның ерекшеленуіне байланысты еместігін, тек қана кездейсоқ себептер мен кездейсоқ қателіктерден туындайтынын көрсетеді. Мұндай жағдайлар, мәселен, барлық нұсқалар бойынша бірдей және салыстырмалы шарттар жасауға барлық шарлар қолданатын және қайта- лаулар ішінде шығым ерекшеліктері кездейсоқ қателіктерге ғана тәуелді болатын вегетациялық тәжірибені мұқият жүргізгенде байқалады. Кездейсоқ қателіктер деп, біз бұл жерде тұқымдық материалдардың біркелкі алын- бауын, ыдыстарды толтырудағы, суарудағы, т.б. ерекшеленулерді алып отырмыз. Бұл алуан көріністі алқаптағы тәжірибе жағдайларында, телімдер (учаскелер) құнарлылығына қарай жақсы теңестірілгенде сирек кездеседі. Қатар орналасқан алқаптар шығыны ерекше, тым мардымсыздығы (тәжі- рибенің барлық нұсқаларының шығымдылық қосындысы іс жүзінде тепе- теңдігі) тәжірибе жүргізудің осындай шарттары болады деп кесіп айтуы- мызға мүмкіндік береді. Алқаптағы тәжірибе үшін мұндай жағдайлар туа бермейтін және әсіресе, күлгін аралас құрамды топырақты аудандарда тым сирек кездесетіні әркімге-ақ айқын.
Айырмалдық әдіс, түзетілген ауытқулар әдісі және дисперсиялық талдау тәжірибе жүргізудің шынайы жағдайларын, мысалға топырақтың құнар- лығын заңды, жүйелі өзгерулерін ескеруге мүмкіндік береді. Деректерді статистикалық өңдеу тәсілдерінің бұл тобы алқапта ғылыми-зерттеу
жүргізудің шынайы жағдайларына көбірек сәйкес келеді, ол байқаулар арасындағы тәуелділікпен байланысты. Ал бұл байланыс құнарлылықтың өзгеруінде байқала бермейтін заңдылықтан туындайды және бір-бірімен жақын орналасқан жанындағы мөлдектерді қос-қостан салыстыруды талап етеді. Мысалға, бір қайталауға лайықталған, жағдайлары да неғұрлым бірдей мөлдектер әртүрлі қайталауға арналған, бір-бірінен алшақтау мөлдектерге қарағанда салыстыруға қолайлы болады.
Ғылми-зерттеу деректердің статистикалық өңдеу әдістерін таңдау үстінде еске алуға қажет бір маңызды жағдайға назар аудару жөн. Оның мәні мынада: алқаптағы тәжірибенің қорытындыларын статистикалық өңдеудің осы заманғы теориясы олардың нәтижелерін бағалау үшін аздаған байқау- ларға (төрт, алты рет қайталайтын) сүйенетін әр нұсқаның жекелеген қателіктерін емес, әлденеше рет жүргізілген қайталаулардың жинақталған қателіктерін қолдануды ұсынады.
Осындай жалпы және орта қателікті қосарланбаған деректерге арналған өңдеудің жинақталған тәсілі, сондай-ақ қосарланған деректерге арналған, түзетілген ауытқулар мен дисперсиялық талдаудың әдісі деп есептеуге болады. Жинақталған әдісті екі-екіден алынған ыдыстар шығымы арасын- дағы параллелді болмайтын, дұрыс қойылған вегетациялық тәжірибе жағдайларында қолдану ұтымды, түзетілген ауытқулар, әсіресе диспер- сиялық талдау алқаптағы тәжірибе жағдайларына көбірек келеді, өйткені мұнда бір қайталауға кіретін алқаптар арасындағы белгілі корреляциялық өзара байланыс әрқашан болады.
Төменде негізінен бір жылдық танаптық тәжірибелер нәтижелерін математикалық өңдеудің негізгі әдістері қарастырылған және статистикалық көрсеткіштерді есептеудің тәртібі нақты мысалдармен көрсетілген. Бұл ретте біз статистикалық әдістерді қалай болса солай пайдалануға болатынын атап көрсетеміз. Олар тәжірибені жүргізудің жобасымен шарттарына сәйкес болуы тиіс. Математикалық өңдеуден ең жоғары нәтиже статистиканы қолдау арқылы нашар жоспарланған тәжірибені түзетуге және оған мате- матикалық шынайылық беруге әрекеттену арқылы емес, статистикалық талдау тәжірибені ұйымдастырумен бір уақытта жүргізілгенде ғана жаса- лынады.
Кез-келген тәжірибенің статистикалық талдауы жекелеген жылдық деректерді алдын-ала өңдеуден басталады. Статистикалық өңдеудің екінші кезеңі алаңдағы тәжірибенің дәлдігін бағалауды және орта шамалар айырмасының мәнділігін қамтиды.
Дисперсиялық талдау әдісі және оның міндеті. Алғаш рет диспер- сиялық талдаудың негізін салып, оны ауылшаруалылығындағы және биологиядағы зерттеу жұмыстарында пайдалануға енгізген ағылшын ғалымы Р.А. Фишер болды. Дисперсиялық талдау Р.А.Фишердің өзі ашқан орташа квадраттардың (дисперсиялардың) өзара қатынасының таралу заңдылығына негізделген.
Ғ=іріктелген орташа белгілердің орташа квадраты объектілердің орташа квадраты
Р.А.Фишердің осы еңбегі жарық көргенге дейін "зерттеу жұмыста- рындағы математиканың ролі тек тәжірибе нәтижелерін талдауда ғана" деп есептелінсе, қазіргі кезде дисперсиялық талдау, тәжірибені жоспарлауда, тәжірибе деректерін статистикалық тұрғыда өңдеуде кеңінен пайдаланылады. Атап айтқанда, тәжірибешінің алдына қойған мақсатына жетудің бірден-бір көзі - тәжірибені дисперсиялық талдаудың талаптарына, нәтижелерінің мате- матикалық итерпретациясына сәйкес жасалған статистикалық жоспарлауда. Сондай-ақ, тәжірибенің статистикалық тұрғыдан дәлелденген жоспарлы деректерін математикалық өңдейтін тәсілін де анықтайды. Сонымен, қазіргі кезде дисперсиялық талдаудың негіздерін білмей тұрып, тәжірибені дұрыс жоспарлау мүмкін емес.
Дисперсиялық талдау кезінде біртегей статистикалық кешенді құратын арнайы жұмыс кестесі күйінде дайындалған бірнеше іріктеулердің (нұсқа- лардың) деректері бір мезгілде өңделеді. Статистикалық кешеннің құрылымы және оны талдау тәжірибенің нобайы мен әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Ауытқу квадраттарының қосындысын және еркіндік дәрежесінің жалпы санын эксперименттің құрлысына сай компоненттерге мүшелеп, зерттелетін факторлардың әрекеті мен өзара байланысының мәнділігін Фишердің крите- рийі (Ғ-критерийі) арқылы бағалау дисперсиялық талдаудың мәні болып табылады.
Дисперсиялық талдаудың мәні ауытқу квадраттарының қосындысын және еркіндік дәрежелерінің жалпы санын эксперименттің құрылымына сай келетін компоненттерге ыдырауы және критерий бойынша зерттелетін факторлардың әсері мен өзара әсерінің мәнділігін бағалау болып табылады.
Егер бірнеше тәуелсіз іріктеуден тұратын, бірфакторлы статистикалық кешен өңделсе, мысалы вегетациялық тәжірибедегі l-нұсқа, онда нәтижелі белгілердің жалпы өзгергіштігі, жалпы квадраттар жиынтығымен өлшенетін СY екі сыңарға ыдырайды: іріктеу арасындағы ауытқу (нұсқалар) Cv және іріктеу ішіндегі ауытқу Сz. Өзгергіш белгісінің жалпы пішінін былай көрсетуге болады:
СY = Cv + Сz
Мұнда іріктеулер арасындағы (нұсқалар) жалпы дисперсияны зертте- летін факторымен байланыстыру, ал іріктеу ішіндегі дисперсия зерттелетін белгілердің кездейсоқ ауытқуын, яғни эксперимент қателігін сипаттайды.
Жалпы еркіндік дәрежесінің саны (N - 1) екі бөлікке ыдырайды – нұсқа үшін еркіндік дәрежесі (l - 1) және кездейсоқ ауытқу үшін (N - 1)
N – 1 = (l - 1) + (N - 1)
Егер бірфакторлыда кездесетін статистикалық кешен өңделсе, онда іріктеу жалпы бақыланатын жағдаймен байланысты, мысалы n ұйымдас- тырылған қайталаудың танаптық тәжірибеде болуы, жалпы ауытқу квадра- тының жиынтығы үш бөлікке ыдырайды: қайталау ауытқуы Ср, варианттар
ауытқуы Cv және кездейсоқ Сz. Мұндайда жалпы өзгергіштік және жалпы еркіндік дәрежесі былай көрсетуге болады:
Су = Ср + Cv + Сz;
(N - 1) = (n - 1) + (l - 1) + (n-1) (l - 1)
Тәжірибе мәліметтері бойынша квадарттар жиынтығының ауытқуы – статистикалық кешендегі l – нұсқасы және n – қайталауымен мынандай реті- мен табады. Алғашқы мәлімет кестесінде қайталаулар (Р), нұсқа және бақылаудың жалпы жиынтығын анықтайды. Одан кейін мыналарды есептейді:
бақылаудың жалпы санын N = l · n;
корректірлеу факторын (түзету) С = (∑х)2 : N;
квадраттардың жалпы жиынтығы Су = ∑х2 – l;
қайталау үшін квадраттар жиынтығы Ср = ∑р2 : l – С;
нұсқалар үшін квадраттар жиынтығы Сv = ∑v2 : n – С;
қалдық немесе қателік үшін квадраттар жиынтығы Сz=СY –Ср - Cv
Соңғы екі квадраттар жиынтығын Cv және Сz оларға, яғни салыстыр- малы түрге, ауытқудың сәйкес бір еркін дәрежесіне бөлінеді. Нәтижесінде екі
v
орташа квадраттар (дисперсия ) пайда болады: нұсқаның S2= Cv
/ l – 1 және
қателіктің S2z = Сz / (l - 1) (n-1)
Бұл орташа квадраттарды дисперсиялық талдауда зерттелетін факторлар әсерінің мәнділігін бағалау үшін де пайдаланады. Бағалау нұсқалар диспер-
z
сиясын s2v қате дисперсиясымен s2z критерийге F= s2v / s2қарап салыстыру
арқылы жүргізіледі. Сонымен, салыстыру бірлігі ретінде тәжірибенің
кездейсоқ қателігін анықтайтын кездейсоқ дисперсияның орташа квадратын алады. Бұл жерде тексерілетін нөлдік болжам үшін, барлық орташа іріктеулер бас орташаның бағасы болады, сондықтан олардың арасындағы айырмашылық елеулі емес.
z
Егерде Ғнақ. = s2v / s2< Ғтеор
болса, онда нөлдік болжам H0
: d = 0; жоққа
шығарылмайды, тәжірибедегі орташа іріктеудің арасында айтарлықтай
елеулі айырмашылықтың жоқ болғаны. Нұсқалардың арасындағы ауытқу қайталанудың немесе тәжірибені жүргізу кезінде кеткен қателіктердің маңында деп, есептеу тоқтатылады.
Егерде Ғнақты= S2v / S2z ≥ Ғтеор. болса, онда нөлдік болжам қабылданбайды, тәжірибедегі нұсқалар арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар деп есептеледі. Бұл жағдайда жеке айырмашылықтың мәнділігі ЕАЕА (ең аз
елеулі айырмашылық) арқылы қандай орта шамалардың арасында бар екендігі қосымша бағаланады.
Фишер Критерийінің теориялық мәні нұсқалардың және қалдықтың еркіндік дәрежесіне байланысты қосымша деректерден алынады. Бұл көр- сеткіш нұсқалардың арасында айырмашылықтардың бар немесе жоқ екендігін анықтау үшін қажет.
Фишер Критерийінің нақты мәні 5% мәнділік деңгейінде (ықти- малдылығы - 95%) және 1% мәнділік деңгейінде (ықтималдылығы - 99%) берілген. Анықтама кестесінен бөлімі бойынша қалдықтардың еркіндік дәрежесін тауып, осы екі көрсеткіштің қиылысындағы сан Фишер Крите- рийінің теориялық мәні болады.
Ортақ қағидалар болғанның өзінде дисперсиялық талдаудың әр түрлі модулдері немесе нақты нобайлары болуы мүмкін. Бұлар экспериментті жүргізудің шарттары мен әдістемесін белгілейді.
1-кесте. Бірфакторлы эксперимент бойынша дисперсиялық талдаудың жалпы нобайы
Эксперимент түрі |
Квадраттар қосындысы (алымында) және еркіндік дәрежелері (бөлігінде) |
||||
жалпы |
қайталаулар (қателіктер) |
бағана- лар |
нұсқа- лар |
қалдық (қателікер) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ұйымдастырылмаған қай- талаулар тәсілімен жүргіз- ілген вегетациялық және егістік тәжірибелері (толық рендомизмді) |
Cv / N-1 |
- |
- |
Cv / l-1 |
Cz / N-l |
Ұйымдастырылған қайта- лаулар (блоктар) тәсілімен жүргізілген егістік жер және вегетациялық тәжіри- белер |
Cv / N-1 |
Cp / n-1 |
- |
Cv / L-1 |
Cz / (n-1) *(L-1) |
Латин квадраты |
Cv / N-1 |
Cp / n-1 |
Cc / n-1 |
Cv / n-1 |
Cz / (n-1) ·(L- 1) |
Латин тік бұрышы |
Cv / N-1 |
Cp / n-1 |
Cc / n-1 |
Cv / L-1 |
Cz / (n-1) ·(L- 1) |
Дарафакторлы дисперсиялық талдаудың жалпы нобайы беріліп отыр. Мұндағы N – бақылаулардың жалпы саны, n – қайталаулардың, қатарлардың және бағаналардың саны, 1 – нұсқалар саны. Нұсқалар Сv және қате Cz квад- раттарының қосындысын еркіндік дәрежелерінің сәйкес санына бөлу арқылы
v
F критерийін есептеуге қажетті орташа квадраттар S 2мен S2
алынады.
Мұнда квадраттардың барлық қосындысы оң сандар болатынын атап көрсету қажет. Қосынды теріс мәнді болса, қате кеткенін, демек, оны тауып жөндеу керек екенін көрсетеді.
Тәжірибенің әр түрі үшін белгілі бір математикалық модуль немесе дисперсиялық талдаудың нобайы болады. Егістік жердегі бірен-саран танаптық немесе вегетативтік тәжірибе ыдысының шығымдылығы, егер олар ұйымдастырылмаған қайталаулар тәсілмен жүргізілсе, екі компоненттен:
нұсқамен және қатемен байланысты кездейсоқ компоненттен тұрады деп қарастырылуы мүмкін. Блоктар тәсілімен жүргізілген егістік жердегі тәжірибеде шығымдылық ерекшеленуінің компоненттері үшеу: қайталау, нұсқа және қате. Латын квадратында және латын тікбұрышында төртеу: қатар, бағана, нұсқа және қателік (қалдық).
Дисперсиялық талдаудың математикалық модулі туралы айқын түсінік- тің болуы қажетті есептеу опрацияларын түсінуді жеңілдетеді. Бұл қарапайым, дарафакторлы тәжірибелерге қарағанда ерекшелену негіздері молырақ көпфакторлы тәжірибелердің нәтижелерін өңдеуде өте қажет. Мысалы, әдеттегі қайталаулар блоктар тәсілімен жүргізілген екі факторлы тәжірибеде «С» нұсқалары үшін квадраттардың қосындысы үшке, ал үш факторлыда жеті компонентке мүшеленеді. Бұл тәжірибелер үшін квадрат- тардың жалпы қосындысы мына өрнектер түрінде беріледі (жақша ішінде зерттелетін А, В, С факторлары үшін квадраттардың қосындысы және олардың өзара әрекеті көрсетілген).
CY= (CA + CB + CAB) + CP + CZ;
CY= (CA + CB + CС + C АB + CAC + CBC + CABC) + CP + CZ
Көрсетілген компоненттерге сәйкес нәтижелі белгінің ерекшеленулерін және еркіндік дәрежелерінің жалпы санын ыдыратады.
Көпфакторлы тәжірибелерді көбінесе күрделі немесе бөлек-бөлек танаптар тәсілімен жүргізеді. Бұл жағдайда дәлдіктің бірыңғай дәрежесіне барлық салыстыруларды келтіру міндетті емес. Бөлек-бөлек танаптағы нұсқалардың орналасуынан туатын әр түрлі салыстырулардың нақпа-нақ болмауы тәжірибеде кеткен қатені оны құрайтын компоненттерге: бірінші дәрежелі танапқа Cz, орналасқан нұсқалар қатесіне, екінші дәрежелі танап- тағы Cz1 нұсқалар қатесіне жіктеуді талап етеді. Соңынан бұл қателерді факторлардың әсері мен өзара әсерін бағалау үшін пайдаланады. Мысалы, екі және үш факторлы танаптық тәжірибелері үшін егер олар танаптарды екі және үш рет бөлшектеуге сәйкес жүргізілген болса, квадраттардың қосындысы мынаған тең болады:
Cy= (CA + CB + CAB) + CP + CZ1+CZII;
Cy= (CA + CB + CС + CAB + CAC + CBC + CABC) + CP + CZ + CZ1+CZII + CZIII
Сонымен, бөлшектенген танаптардағы тәжірибелерде айырмашылықтар елеулілігін бағалау бұрынғы мысалдардағы сияқты бір ғана квадраттардың қалдық қосындысына сүйенбейді, қайта бірінші, екінші және үшінші дәре- желі танаптарға шақталған қосындысына сүйенеді.
Квадраттар қосындысын есептеуді жеңілдету үшін, әсіресе есептеу машинасы жоқ кезінде бастапқы даталарды, әдетте, шартты бастаудың «А» өлшемдерінің нәтижесінен тәжірибедегі орташа шығымдылыққа «х» жақын- дайтын бүтін санды шегеріп тастау жолымен түрлендіреді. Есептеудің бастапқы жағын өзгерту квадраттар қосындысына әсер етпейді және шағын орынды цифрлармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Дисперсиялық талдау белгінің бірлікке немесе 100 пайызға балап алған ортақ дисперсиясындағы қандай да болмасын фактордың әсерінің дәрежесі немесе үлесі туралы ұғым алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда:
v v y
ŋ 2= C / C нұсқалар әсері; ŋp2=Cp / Cy - қайталаулар әсері;
y z y
ŋ 2=C / C - кездейсоқ факторлар әсері;2 2 2
ŋy= ŋv
+ ŋp + ŋz
=1,0 (немесе 100%) – барлық фактордың әсері.
Нұсқалар, қайталаулар және қалдық квадраттары қосындысының жалпы
2 2 2
ерекшеленуге қатынасы, олар мұнда тиісінше ŋv
, ŋp , ŋz
белгіленген белгінің
жалпы құбылмалылығындағы жекелеген факторлардың қатысу үлесін
х
көрсетеді. Мұндағы ŋх=√ ŋ 2= √ Cх2/Cy нәтижелі белгінің факториялдық
2
белгімен тығыз байланысын сипаттауын коррелияциялық қатынас, ал ŋv -
зерттелетін факторлардың әсерімен ерекшелену мөлшерін көрсететін детер-
минация индексі.
Дисперсиялық талдау эксперименттік мәліметтерді өңдеуді Стьюдент t – критерийінің жұптап салыстыру тәсіліне қарағандағы мынадай негізгі артықшылықтарына байланысы қолданылады:
әрбір нұсқадағы орташа жекелеген қателердің орнына дисперсиялық талдауда орта шамалардың бақылаулар санына негізделген жалпылай қатесі пайдаланылады, демек, ол – бағалаулар үшін сенімді база болып табылады;
дисперсиялық талдау тәсілімен қарапайым және күрделі, бір және бірнеше жылдық, дара және көпфакторлы тәжірибелердің мағлұматтарын өңдеуге болады;
дисперсиялық талдау тәжірибеде нұсқалардың аса көп санын есеп- теуден құтқарады және статистикалық өңдеу қорытындысын елеулі айыр- малар түрінде жинақы көрсетуге мүмкіндік береді.
Экспериментті жоспарлаудың осы заманғы теориясы мен статистикалық талдау рендомизмдік қағидаларына негізделген. Теория барлық бақылаулар- дың тәуелсіз болуын талап етеді. Бұл жағдайда дисперсиялық талдау эксперимент қатесінің шатыстырылмаған дұрыс бағасын береді. Демек, егер тәжірибе рендомизацияланбаған болса, онда экспериментші тәжірибенің шатыстырылған қатесін алуы мүмкін және дисперсиялық талдауда қолда- нылатын мәнділік критерийі заңды күшін жоғалтады да нұсқалар тиімді- лігінің дәлме-дәл статистикалық дәлелдемесінің аргументі болу сапасын жоғалтады.
